«Қазақстан – кеше, бүгін,
ертең»
Қазақстан - өте керемет
мемлекет. Қазақстанның тарихы өте маңызды. Өз елінің тарихын
білетін адам менің ойымша патриот, өз елін мақтан тұтатын адам.
Қазақстанның кешегі күні, бүгінгі күні және ертеңгі болашағы
қандай? Қазақстанның дамуы өте қиын жолмен келген. Ата- бабаларымыз
тәуелсіздік алу үшін жанын қиып, елі үшін,жері үшін барлығына дайын
болған. Тарихты қарасақ көптеген заттарды, дүниелерді ежелдегі
қазақтар ойлап тапқан. 1) Жылқыны қолға үйрету.Жылқының сүйектері
ең алғаш рет Ботай қонысынан табыла бастаған. Атты қолға
үйреткеннен кейін осы атта отыруға ыңғайлы киім іздеген. Ал сауыт-
сайманды соғыстарда жаудан қорғану үшін ойлап тапқан. Арнайы шалбар
жасаған. Сонда, бұрынғы шалбар мен қазіргі шалбардың еш
айырмашылығы жоқ. 2) Металлургияның дамуы.
Металлургияның қарапайым
салалары адамзатқа өте ерте заманнан-ақ белгілі болған. Кіші Азияны
мекендеген халықтар б.з.б. 6-7 мыңыншы жылдардың өзінде мыс
өндірген. Сол кезден адамзат таза алтын, күміс және метеориттік
темірмен айналысқан. Қазақ елінің кешесі осындай болған.Ал
қазақтардың бүгіні жақсы дамып келе жатыр. Мысалы, EXPO - 2017.
Қазақстанның қазіргі кезіндегі ең танымал жобасы болды. Көрме 2017
жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек арасында өтті. Ұйымдастырушылармен
таңдалған тақырып «Future Energy» -«Болашақ қуаты» болып табылды.
EXPO-2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты.
Көрмені тамашалауға-3 миллион адам келді. Ал қазақстанның ертеңі,
болашағы туралы айтсақ «Қазақстан- 2050» стратегиясы. Қазақстан
-2050 стратегиясы- 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел
халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты- мықты
мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің
негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30
елдің қатарында болу. Қазақстанның бас қаласы- Астана. Астана-
арман қала. Аз уақыттың ішінде көркейіп, гүлденіп, дамып келе
жатыр.Астанаға келген адамдардың барлығы қызыға, қызғана қарап
тамашалап кетеді.Тамашалаған адамдар қайтқысы келмей, тамсанып
қайтады. Астана білім мен өнердің ордасы. Әр адам өз еліндегі бас
қаласымен мақтанады. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы.
Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала- жас
қаламыз- өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуыда.
Астана- басқа мемлекеттердің бас қалаларына қарағанда жас қала.
Қанша жас болғанымен өз сәнін, келбетін жоғалтпай сақтап, алға
қарай ұмтылып, дамып келе жатыр. Осы жасалып келе жатқан іс-
шаралардың барлығы Қазақстан «Мәңгілік ел» жобасы үшін және де
жастардың және қазақ халқының болашағы үшін жасалып келе жатыр. Мен
қазақ елінде туғаныма қуанамын және
мақтанамын!