Материалдар / Шығарма "Шырайлы елімнің - қасиетті жерімде" 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығарма "Шырайлы елімнің - қасиетті жерімде" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Елін құрметтеу, сүю.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
581
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылжар ауданыКММ «Подгорное ненізгі мектебі»























Шығарма8 сынып оқушысы Колобылин Кирилл14 жасЖетекші мұғалім: Назгүл Асқарқызы Миселева.





























































Шырайлы елімнің – қасиетті жерімде. Атам қазақтың сөз жасау жүйесінде барлық ру мен тайпалардың, кез- келген ұғымдардың шыққан тегі сөздің түбірінде тұрады. Осы түбір арқылы барлық ұғымдардың тегін таба аласың. Жер-су аттарының шығу тарихы мен мағынасын білу қызық. Әсіресе өз туған елді- мекендеріміздің атауларының шығу тарихын зерделеу, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, туған өлкеге деген ыстық ынта, отаншыл сезімді күшейтпес. Қазақстан топонимдері халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен халықтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өрісі хақында, сезім сұлулығы туралыой түюге мүмкіндік береді. Мен Солтүстік Қазақстан облысында тұрамын. Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 13 аудан бар. Біздің облыстың табиғаты әсем, ормандар мен көлдерге бай. Біздің өлкені «аққайындар өлкесі» деп атайды. Солтүстік Қазақстан облысы –атақты халық мақтанышы болған адамдардың туған жері. Көрнекті ақын жазушылар Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Иван Шухов, ғарышкер Александр Викторенко осы өлкеде туған.Біздің өлке жылдан жылға гүлденіп, дамып келеді. Мен өз жерімді мақтан етемін. Осы шығармада Есіл өзені туралыбілген мәліметтерімді жазбақпын. Есіл өзені – облыстың басты су арнасы. Кеңес дәуірінде «Есіл» атауы «Ешім» болып бұрмаланып келді. Есіл өзені Сарыарқа жері Қарағанды облысындағы Нияз тауынан басталып, Омбы облысындағы Усть- Ишим селосы тұсында Ертіс өзеніне құяды. Жалпы ұзындығы 2450 шақырым, Қазақстандағы ұзындығы 1719 шақырым. Ресейдің Түмен, Омбы облыстарынан өтеді. 1950 жылдардың ортасында Есілде кеме жүзген. Есіл бойында Астана, Есіл, Қызылжар қалалары орналасқан. Есіл өзені бас қаланы қақ бөліп ағып жатыр.Есіл өзенінің атауының шығу тарихына көптеген жорамал бар.Негізінде «Ишим» өзенінің атауын «ишем» деген татар сөзімен байланыстырады. Ол «жүзу, есу» дегенді білдіреді. Башқұр тілінде де «иш», «ишэм» деген сөздер бар. Олар «жолдас, дос» дегенді білдіреді. Орысша Есіл өзенінің атауы Ишим болып табылады. Осыған орай бұл өзеннің атауы Ишим дегенге байланысты. Халықтың атауы бойынша, бұл өзен өз атауын суға батып кеткен Татар ханының ұлы Кучума Ишимакудың атына қатысты. «Ишимак» сөзі татар тілінен аударғанда, «қиратушы» деген мағынаны береді. Өзен жағасында салынған шаруалардың үлкен-кішілі үйлері қиратылып қалатын делінеді. Есіл өзенінің атауының шығу тарихына  көптеген жорамалар бар. Негізінде «Ишим» өзенінің атауын «ишэм» деген татар сөзімен байланыстырады. Ол «жүзу, есу» дегенді білдіреді. Башқұр тілінде де «иш» , «ишэм» деген сөздер бар. Олар «жолдас, дос» дегенді білдіреді. Орысша Есіл өзенінің атауы Ишим болып табылады. Осыған  орай бұл өзеннің атауы Ишим дегенге байланысты. Халықтың айтуы бойынша, бұл өзен өз атауын суға батып кеткен Татар ханының ұлы Кучума Ишимакудың атына қатысты.  «Ишимак» сөзі татар тілінен аударғанда, «қиратушы» деген мағына береді.  Өзен  жағасында салынған шаруалардың үлкен-кішілі үйлері  қиратылып қалатын  делінеді.    Есіл өзенінің атауының шағуына байланысты тағы бір мынадай аңыз бар. Онда екі егіз ұлы болған бір әйел туралы айтылады. Олар таулар арасында қорқынышты және қалың орманда кішкентай көл жағасында өмір сүрген. Екі ұлы ержетіп,  өмірді көруге, өздеріне қалыңдық іздеуге жолға шығады. Ол екеуі бір-бірінен айырылмастан, көп жер жүріпті.      Ағайындар әр түрлі болыпты. Біреуі өте мықты, әрқашан тек алды жүретін және ойланбастан өз күшіне және мықтылығына сенетін болыпты. Ал екіншісі сабырлы және әлсірек болатын. Біріншісі  бірден қылышына сүйенсе, екіншісі ойын жинап алатын. Екеуі жердің өзгергендігін, құстар ұшып келмегендігін, алдарынан жануар кездеспегенін байқап, не болғанын және соған орай халыққа көмектескілері келді. Әйтеуір, жердің басқа қиырына жетеді. Ол жақта таулар аспанмен ұштасып, жердің орталығына апаратын үңгір болады. Біркөзді шайтандар осы үңгірге өту жолын қорғайды екен, аңдардан ерте шығып, жердің  бүкіл аудандарына жайылады. Осы жерден бірнеше құстардың ойнағы ұшып шығып, бүкіл жерге тарайды екен. Бірақ жолды Джиль-бурган деген зұлым карликтің біркөзді құлдары жауып тастайды. Ол жел мен қардың, аяз бен жаңбырдың билеушісі болыпты.     Бұл кәрі шалдың жас, әдемі қызға көзі түседі. Бірақ жас қыз оның үйінің иесі болудан бас тартады. Ол кәрі шалды мазақ етіп күледі, бүкіл ағайын-жұрт, бүкіл халық мазақ етіп күледі. Зұлым карлик ашуға булығып, бәрін жазаламақшы болады. Жануарлардың, құстардың жерге қайдан келетінін біліп алады да, өзінің біркөзді құлдарын сол жолға қойып, бүкіл жолды жауып тастайды. Алғашқы ағасы қорқынышты карликпен күреседі, екіншісі ойын жинақтап алмақшы болады. Ағасы біркөзділерді жеңіп, өзі де құрдымға кетіп, өзенге айналып кетеді. Ал екіншісі қасіреттің кінәлісі карликті қуып жетіп, өлтіреді де, бүкіл жан-жануарларды, құстарды бостандыққа шығарады. Құстар жан-жаққа,  әр елге ұшып кетеді.      Күллі халық мәз-мейрам болып, қуанып, ағайындарға алғыстарын білдіріп жатады, бірақ жігіт  қуанбайды. Ол қайтыс болған ағасының қайғысына қайғырады. Жалғыз болып ұзақ жүреді. Ішпей, жемей, ақырында күші бітеді, отырады да жылайды.  Көзден аққан жасы ағасының жаны жатқан өзенге бағытталып ағады. Жергілікті халық  жай, тыныш ағысына қарап, осы өзенді Ишим деп атапты.    Сабит Мұқановтың «Есіл бойында »  әңгімесінде Есілдің тамылжыған тамаша табиғатты суреттелген, үйірер жеміс-жидегі,шалғыны, сағымы да көз алдымызға елестеп,көңілді жадыратады.Ал Есіл өзені тасуға бейім екені әңгіме ішіндегі ән сөздерінде айтылған : Есіл тасып барады жардан асып,Қар жауды жаңбырмен араласып,Ауылымның тұсында ақша шатыр,Ашуланып кетті де біздің батыр.   Атақты  Асан қайғы бабамыз желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге сындар айтқан  екен . Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», - депті. Ал Есіл өзенін көргенде: «Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен», - депті.      Тіпті осы өңірді жаз жайлауына, қыс қыстауына айналдырған, әділдігімен үш жүзге аты жайылған Жабайұлы Тоқсан би : «Есілдің арғы бетіндегі Қарауыл төбеге жерлеңдер. Түбінде осы жер тоғыз жолдың торабына айналады. Сонда ұрпағым еске алар» деп, ұрпақтарына өсиет қалдырған екен.        Жер-су атаулары – халық қазынасы, өткен өмір  айнасы. Әсем табиғат аясында ағып жатқан Есіл өзенімді  жақсы көремін.  «Сыр басым сыңғыр сыңғыр етеді,Сулулар таққан сырғадай.Төгілген суды тыным етеді,Ұйқымды қайсып ұрламай ... » - деген Есіл ағымын жырлайтын ән сөздерімен шығарманы аяқтаймын.



























































Қызылжар ауданыКММ «Подгорное ненізгі мектебі»





























Шығарма9 сынып оқушысы Азизова Динара 15 жасЖетекші мұғалім: Назгүл Асқарқызы Миселева.















































Шырайлы елімнің – қасиетті жерімде. Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті. Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен - ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал - мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ауыл» деген сөзді естігенде менің өн бойымды қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан май, ірімшік, сүт, сүзбе, айран, шұбат, құрт мол. Отбасым мен ауылда тұрамын. Онда тұратын адамдар мал шаруашылығымен айналысады. Көктемде төрт түлік мал төлдейді. Қозы, лақ маңырап, құлын-тай тебісіп, балалар оны қуалап, шуылдап жатады. Ауылда қаладағы сияқты сәулет өнері жақсы дамымаса да, ауылдың қаладан көркемділігі ерекше. Ол өзінің төрт түлік малдарымен, ауасының тазалығымен, көк майса шөбімен, табиғатының әсемдігімен ерекшілінеді. Және жазық жерлер көп. Мен нағыз байлықтың бәрі ауылдан шығады деп ойлаймын. Сол үшін де біз ауылдың қадірін түсінуіміз керек. Мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Подгорное ауылы - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебім, үйім, бәрі-бәрі осында. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Менің ауылым өте бай, табиғатында көркем, Есіл өзенімен бай.Тәуелсіз ел болдық. Біз тәуелсіз елдің балаларымыз. Алдағы жылдарда еліміз ең мықты елу елдің қатарына қосылмақ. Ол кезде біз де ержетіп, үлкейеміз. Сонда біздер де ағалар мен аталардың жақсы істерін жалғастырамыз. Әрине, менің шығармамды оқыған жандардың бәрінің көңілдерінен шығады, бәрі-бәрін қамтыдым деген асығыс ойдан аулақпын. Өйткені өңіріміздің өткені мен бүгінін түгел қамту мүмкін емес. Қай-қайсымыздың да білгенімізден білмейтініміз аз емес. Ауыл табиғаттынын жазы қандай,Айналама көк кілем жазылғандай.Сымбатыңнан айналдым, туған жерім,Сылдырлаған бұлағы, суы балдай, - деп шығармамды аяқтаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!