Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шығармашыл ұстаз
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Дарынды оқушыларға- талантты ұстаз
Ұстаз болу- кез келген адамның қолынан келе бермейтін аса жауапты да құрметті іс. Бұл мамандықты тек жан-тәнімен беріліп, көп ізденген, баланың мінез-құлқын, ынта-зейінін терең сезініп түсінген адам ғана меңгере алады. Бұл өмірде жүрегінен жылылығы сезіліп, көзінен шуақ, жүрегінен мейірім төгіліп тұратын ұстаздарға тең келер жан жоқ. «Мектеп- білім тірегі, ұстаз-оның жүрегі»,- демекші, ол- мақсаты мен ойын, арманы мен тілегін, білімі мен білігін бала жүрегіне жол табуға арнаған жан және шәкірт жүрегінде мәңгі жатталып қалатын бейне.Өйткені, мұғалім — жас жеткіншектердің ұшқыр қиялын, ойын дәл ұғып, шығармашылығын дамытатын тұлға «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», — дей отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуды ғана емес, тарихи танымдық, саяси экономикалық білімділік, педагогикалық-психологиялық және ақпараттық сауаттылықты талап етеді.
Дарынды және талантты балаларды ерте анықтау, оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудің басты мәселелерінің бірін құрайды. Дарынды балалар үлкендердің көмегін, ерекше назарын және жетекшілікті қажет етпейтіндей көрінеді. Соған қарамастан, мұндай балалар тұлғалық ерекшеліктеріне қарай өздерінің қызметтерін, мінез-құлқын және ойлауын бағалауда сезімтал, олар сыртқы әсерді тез қабылдағыш және қарым қатынас пен байланысты жақсы түсінеді.
Бала қаншалықты дарынды болса да,оны оқыту қажеттігін есте сақтау керек. Баланы шыдамдылыққа, еңбек етуге, өздігінше шешім қабылдауға үйрету қажет. Дарынды балалар қысым көрсеткенге, жәбірлегенге, жекіріп ұрысқанға шыдамайды және бұл проблемаға айналуы мүмкін. Мұндай баланы шыдамдылыққа тәрбиелеу қиын.
Шығармашыл мұғалімдер білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн балаларға қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты міндеттер – білім саласында ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпы мектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетеді.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттар орындалу тиіс:
Шығармашылық қабілетін
дамытуды ерте бастан қолға алу;
Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне
жету;
Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады
Қабілетті, дарынды балалар көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білімді меңгеретін, оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болып келеді. Түсінігі өте жоғары, сезімтал, жоспарлаған ойын, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, түйсігі ерте дамып, моральдық қасиеттерге бай, қиялы ұшқыр, батыл әрекеті басым болып келеді.
Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дер кезінде айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылады.
Негізгі міндеттерді көздеу үшін бағдарламалар мен ережелер әзірленген:
- қабілеттілікті ерте айқындауды қамтамасыз ету;
- оқушының шығармашылық мүмкіндігін көрсететін диагностика жүргізу;
- қабілетті балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған педагогика-психологиялық кепілдемелер әзірлеу;
- дарынды балаларға практикалық көмек көрсету.
Дарынды және қабілетті оқушыларды айқындаудың жолдары:
-
Даралап оқыту;
-
Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту;
-
Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау;
-
Оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту;
-
Пәндерді таңдауын, практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу.
Оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру барысындағы дайындығын қалыптастыру — дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты. Бұл үдеріс оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу -ұстаз парызы болса, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Бастапқы негізді білу кез — келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісі деңгейін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйрде айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген . Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.
Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау мәселесінің шеңберінде жұмыс жүргізгенде бұл ұғымның мазмұндық жағына көңіл бөлуі қажет. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы ғажап емес. Дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы да мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.
Оқушылардың қабілетіне, ерекшеліктереріне қарай үшке бөлуге болады:
-
Шығармашылық дарындық;
-
Интеллектуалды, табиғи дарындылық;
-
Лидерлік дарындылық.
Демек, педагог баланың қай жағынан дарынды екенін анықтауды ерте жасынан қолға алуымыз керек. Кейбір балалар өздерінің дарынды екендігін көрсетуге қабілетті болса, кейбіреулері өз талантын көрсетуге асықпайды немесе өздері де байқамайды. Осындай кезде біз ата-ана, психологтармен, керек кезде сол оқушылардың құрбыларымен, сыныптастарымен бірігіп жұмыс атқаруымыз қажет. Арнайы зерттеулер жүргізуіміздің нәтижесінде дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жоспарлаймыз.
Педагогикалық шеберлік орталығының мұғалімдерге арнап порталда өткізіліп жатқан форумдарда талантты және дарынды балаларды оқытуда бір қатар қиындықтардың кездесіп отырғандығы белгілі болды. Оқушылардың дарындылығы мен таланттылығын тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады, олар төменде көрсетілген :
есте сақтауы және білімі: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
өз білімін жетілдіруі: олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.
ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді;
мәселені шешуі: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;
икемділігі: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
күрделілікке деген сүйіспеншілігі: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;
шоғырлануы: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар;
ерте символдық белсенділігі: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды .
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. А.Байтұрсынов: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ», — деп білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстазға сипаттама береді. Еліміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде десек, сол жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы, білімді игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру ұстаз шеберлігіне байланысты.
Мұғалімнің қызықты сабақтар ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың жүрегінен орын алады.Шығармашыл ұстазды төмендегідей сатыларға бөлуге болады:
-
Шығармашыл мұғалім – зиялы тұлға. Оның сыртқы келбеті ұқыптылық пен жарасымдылықпен сипатталады, педагогикалық әдебі жоғары, басқаны түсіне біледі. Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін құрметтей біледі, ұстамды. Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз жұмысына рефлексия жасауға қабілетті. Эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретінде өз бойына адамзат мәдениетіндегі ең жақсы үлгілерді жинақтайды.
-
Шығармашыл мұғалім – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы алдымен балаға деген махаббатында, жоғары адамгершілігінде және арлылығы мен ұяттылығында байқалады. Өмірдің мәнін және мақсатын түсінуге, өзінің кәсіби орынын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрінеді. Ол әлемдегі және адами қарым–қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезінгендіктен онда эмпатия және талдай алушылық жоғары дамыған. Өсіп келе жатқан баланың ішкі жан-дүниесінің байлығын түсінуге үнемі тырысатындығы оның өзінде планетарлық ойлауды дамытуына негіз болады.
-
Шығармашыл мұғалім – жаңашыл тұлға. Ол бірсарындылық пен біртүрлілікті қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны құмар. Шығармашылыққа деген мотивтері жоғары болғандықтан ойлап табу, тудыру, жасап көру – оның күнделікті кәсіби жағдайы.
-
Шығармашыл мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай алады, педагогикалық, пендешілік догмалардан еркін. Ол өз ісіне өте жауапты, кейде тіпті тәуекелді талап ететін шешімдерді өз мойнына алады. Өзінің өмірлік позициясы, ұстанымы бар.
Өз тәжірибемде оқушылардың шығармашылық қабілетін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамыту үшін сын тұрғысынан ойлау модулінің көптеген әдіс-тәсілін қолданамын. Бұл оқушының өзіндік ізденуіне жол ашады және ойлануға үйретеді.Оқушы ойын шыңдауға мүмкіндік туады. Заман талабына сай «Жаңаша оқыту» жағдайында жүйелі білім беру табысқа жетудің бірден-бір көзі болып саналады. Бағдарламалық материалмен ғана шектелмей, оқушының ой-өрісін дамытуға жан-жақты ізденімпаздықпен жұмыс атқару әр мұғалімнің шеберлік шыңынан көрінуді талап етеді. Мұғалімнің міндеті әр оқушының бойында жасырынып жатқан өнерін аша білу. Шығармашылық қабілетін ашудың және дамытудың көп әдіс-тәсілі бар. «Т кестесі», «Аквариум», «Жуан және жіңішке сұрақтар», «Эссе», «Ыстық орындық», «Семантикалық карта», т.б . Оларды әр түрлі шығармашылыққа қызықтыру, бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар мен шешуін таба алатын міндеттер жүктеу арқылы орындалады. Берілген тапсырмалардың шешу жолдарын өздері тауып, ойлау қабілеттері өз бетімен болса, шығармашылықтың дамуына түрткі болады. Осы қолданылатын әдіс-тәсілдер көптеген нәтижелерге қол жеткізуге септігін тигізеді деп ойлаймын. Қазіргі таңда оқушылардың ойларын сыни тұрғыдан дамытудың түрлі жолдарын, жаңа әдістерін іздестіріп, меңгеріп, өз тәжірибемде қолданудамын. Оқушыларым аудандық, облыстық, республикалық түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Ж обалау іс-әрекеті нәтижесінде:
Ата-ана
Мұғалім
Көмекші
Бағыт-беруші, бақылаушы, кеңесші
Ізденіс, зерттеу, жинақтау, салыстыру, талдау,таңдау, модельдеу, жобаға салу, жобаны қорғау
Қорыта айтқанда, дұрыс құрылған жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл тұлға жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін-өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне — өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эстетикалық талғамы бар білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін — өзі үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер қалыптастырудамыз.Өзімді осы бағдарламаны меңгеріп, күнделікті сабағымда тиімді қолданып жүргенім үшін шексіз бақытты сезінемін.Әр баланың жүрегінен орын тауып, жұдырықтай жүрегінде жаттала білуге не жетсін! Шығармашыл ұстаз — шәкірт жүрегінде жатталатын бейне екенін әрбір ұстаз жадынан шығармағаны жөн деп есептеймін.