Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
Бастауыш сынып мұғалімі
Сматаева Жұлдыз Тұрсымбекқызының
шығармашылық есебі
«Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» тақырыбы бойынша бастауыш сынып мұғалімі
Сматаева Жұлдыз Тұрсымбекқызының шығармашылық есебі
Бүгін Қазақстан халықаралық білімдік кеңістігіне шығуға бағытталған. Бұл педагогты көп нәрсеге міндеттейді. Ол уақытпен бірге жүру керек, қоғамның әлеуметтік тапсырысын қанағаттандыру керек. Ал қоғамға өзіндік ой-өрісі дамыған, шығармашылығы мол тұлға қажет. Мұғалім оқушы не үшін оқу керек екенін, өзінің білімін іс жүзінде пайдалана білетіндей қылып, өз жұмысын құру керек. «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес» - деген екен. Шындығында ұстаз деген бойындағы күш-қайратын ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, сол жолда еңбек етіп талмай ізденетін ұлағатты жандар деп білемін. Сондықтан мұғалім ретінде өз тәжірибеме үнемі сыни көзбен қарайтынмын. Осы ретте бағдарлама негізінде қамтылған модульдер менің педагогикалық көзқарсыма әсер етті.
Мен жоғары білімді, бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілім 23 жыл. «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» мәселесі бойынша жұмыс атқарудамын.
Өткізген сабақтарымда оқушылардың бейімділігін анықтап, қалыптастыру мақсатында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманға сай педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді зерттеп, кәсіби әрекетінде қолдандым. Сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту аясында, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау, сабақтарымда құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құрастырып, енгізе бастауым сабақта барлық сыныппен және де жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сабақтарда жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы белсенді тәсілдер қолданылады. Жеке жұмыс әр баланың дамуына максимальды мүмкіндік береді. Әр оқушы үшін табыс критериилерін негіздеу, мадақтау, қолдау арқылы қателерін тауып, түзете отырып мұғалім оқушыға сабақтардың қажеттілігін түсіндіре алады.
Сабақ өткізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытып, логикалық ойлау қабілеттірін, өз көзқарасын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлемін. Мен өзімнің теориялық білімімді, әдістемелік қабілетімді арттырып отырамын. Сабақта тіл байлығын дамыту үшін-ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың элементтерін, интерактивті оқыту, деңгейлеп оқыту, проблемалық оқыту технологиясын қолданамын. Әр түрлі технологияларды қолдану нәтижесінде оқушылардың білім сапасын арттыра біледі.
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, менің оқушыларым аудандық конкурстың және пәндік олимпиадалардың қатысушылары болып табылады.
2014ж Халықаралық «Пони» сайысында Жангазина Ақерке, Кыйлажова Диляра, Танатарова Меруерт, Абишева Таслима, Аутен Арайлым,Мукан Дильназ дипломмен марапатталды, 2015 жылы Республикалық «Үркер» зияткерлік марафонның жүлдегері Сансызбаева Амилия, 2015 жылы Халықаралық қашықтық олимпиадасында Жеңіс Нұрсұлтан- І орын, Оңдасын Олжас – ІІ орын, Жакенова Карина- ІІ орын дипломдармен марапатталды, 2015 жылы «Танысуға рұқсат етіңіздер-МЕН» облыстық ғылыми зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында- Байдуллаева Айгуль ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, 2015 жылы Халықаралық «Пони» сайысында Сансызбаева Амилия дипломмен марапатталды, 2015 жылы аудандық «Зерде» сайысында ІІ орын жеңімпазы- Сергазиева Назерке, 2016 ж «Сауат ашу» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиададан Болат Саян, Ғабит Мадияр І дәрежелі Диплом, 2017ж Қазақ тілі пәніне 1-4 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада Еслямбекова Дильназ, Клім Мақсат - І орын, 2017ж Математика пәні бойынша жалпықазақстандық олимпиада Ғабит Мадияр - І дәрежелі Диплом, 2017ж Ғылыми жобалар байқауынан «Көзімді қарашығымдай сақтаймын» тақырыбы бойынша Байдуллаева Алтынай аудан кезеңде 2-орын, облыстық кезеңде 3-орын марапатталды.

Өз жұмыс тәжірибемен мектептегі әріптестеріммен бөлісіп отырамын, мектеп ішінде, аудандық семинарларда бірнеше ашық сабақтар өткізіп копилка, ustas.kz, ашық сабақтар сайтына жарияланды. 2014 жылы аудандық бастауыш мұғалімдерінің семинарында «Жаңашыл ұстаз –жаңалықтың жаршысы» атты баяндама оқыдым. Әрбір ұстаз күн сайын оқушысына жаңалық ашып отыруы – ұстаздың кемелдігін байқатады. Оқушының құзыреттілік сипатын ашуда бұл бағыт аса маңызды. Ол үшін ұстаздың өзі заман ағымынан, өмірдің көшінен қалмай жаңашыл өмірдің жаңалықтарын оқушыларына өзі алдымен жеткізгені ләзім. Бұл мәселе мұғалімнің үздіксіз өз білімін арттырып, тынымсыз ізденістің нәтижесінде шешілітіні анық. Әр сабақтарымда өзі басшылыққа алатын «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру» мәселесін шешу үшін жаңа технологиялардың ең үздіктерін пайдаланамын, соның ішінде жеті модульді сабақтарыма кіріктіремін. Диалогтік оқытуды қолдана отыра, оқушылардың сөздік қорын молайтады. Сабақ өткізу кезінде оқушылардың ой өрісін дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға айрықша көңіл бөлемін. Ұстаз өзінің теориялық білімін, әдістемелік қабілетін арттырып отырса, сабағы өте қызықты да тартымды өтеді.
Сабақтарымда оқушыларға ойын дамытатын тапсырмалар беріп, олардың ойлау деңгейлерін арттырып, сөйлеу дағдыларын қалыптастырамын. Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне сұрақ қойғаны дұрыс деп есептеймін. Себебі балалар сыныптастарының қойған сұрақтарына қызығушылықпен жауап береді. Сабақта қолданылған диалогтік әдіс-тәсілдер оқушылардың пікір алмасуына, басқаны тыңдай білуіне үлкен көмегін тигізеді.
Оқушыларымның сабақтағы іс- әрекеттерін, қалай жұмыс жасайтындарын, сабақ барысында өздерін қалай ұстайтындарын, сыныптастарымен қандай қарым-қатынаста екендерін сабағымның барысында бақылап отырамын.

Мен мектептің қоғамдық жұмыстарына, шығармашылық өміріне де белсене қатысамын. Өз тәжірибеммен әріптестерімен әдістемелік семинарларда, конференцияда, дөңгелек үстелдерде, республикалық журналдарда, аудандық газеттерде мақалалар арқылы және сайттар арқылы бөлісіп отырамын. Қазақстан білім және ғылым әлемі «Республикалық ғылыми әдістемелік педагогикалық журналында» мақаламды жарияладым.
Ұстаз – келер күннің ұстасы, балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарастарының иесі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қалай қалыптаспағы – біздің бүгінгі арқалар жүгіміз болмақ. Өзіме осындай міндеттерді қоя тұра, өзім қызмет етіп жатқан, бүгінде Смирнов №3 орта мектебінде білім беру үрдісін оңтайландыруға бағытталған істерге белсене араласуды дағдыға айналдырғанды жөн көремін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шығармашылық есеп

шағым қалдыра аласыз