Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шығармашылық есеп
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мен, Кабдымананова Рымгул Тлеуовна №13 «Кораблик» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі. Академик А.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 2008 жылы бітірдім. Білімім жоғары. Педагогикалық өтілім 11 жыл, мамандық бойынша 9жыл. Осы білім беру ұйымындағы жұмыс өтілім: 10 жыл.Жалпы еңбек өтілім 20жыл.\Ұстанымым: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»
Біліктілігімді көтеру туралы мәлеметтер :
2016ж. БАҰО «Өрлеу» АҚ Қарағанды облысының филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында.
«Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілін оқыту бойынша білім процесін жобалау» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын өттім. Сертификаттым бар
2016ж. «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ұйымдастырған «Көптілді оқытуды ұйымдастырудың басты ұстанымдары» . Куәлігім бар. Күәлігінің №:0142767, №005469
Мектеп дейінгі мекемеде менің жеке жетістіктерім:
2014ж. IV Облыстық зияткерлік «Зерек бала» сайысына дарынды балаларды дайындағаны үшін. «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-әдістемелік орталығынаң Алғыс хат.
2014ж Білім беру саласында Қарағанда облысы әкімінің сыйлығына тағайындау конкурсына қатысқаны үшін Сертификат берілді.
2014ж. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тіл болашағы – балабақщада» атты қалалық байқауында 2 орынға иеленген үшін Диплом. Теміртау қалаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
2014ж. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қалалық «Біз Отанымыздың болашағымыз» атты мәнерлеп оқу байқауына жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хат.
2014ж. КМҚК №13 «Кораблик» б/б-наң мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбие жұмысында жемісті шығармашылық еңбегіме мадақтама берілді
2014ж Мектепке дейінгі мекемелер арасында өткен «Қазақ тілі мұғалімі» байқауының қалалық кезеңінде III орынға ие болғаны үшін Мадақтама.
2015жТеміртау қаласы білім беру бөлімі ММ-нен білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін «Мұғалімдер күні» мерекесі қарсаңында Мадақтамамен марапатталдым.
2016ж. БА ҰО «Өрлеу» АҚ Қарағанды облысының филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан.Біліктілікті арттыру курсында белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат.
2017ж Карағанды облысының білім басқармасынан. Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегін жоғары бағалап және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаным үшін Алғыс хат.
Басылымдар:
2014ж. Педагогтарға арналған облыстық «Ізденіс» газеттінде «Балабақшадағы кіші мұражай» тақырыбында мақалам жарияланды.Тәжірибемен алмасу мақсатында «Инфоурок» сайттында сабақтарым үнемі жарияланып отырады.
2017ж «Инфоурок», «Знанио» сайттарында методикалық жұмыстар: «Ұлттық киімдер» ашық сабақ, «Санамақ» презентациясы және «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу» атты баяндама туралы куәліктерім және резенцияларым бар
Санатым: біліктілігі жоғары деңгейдегі І-ші санатты қазақ тілі мұғалімі және өткен мерзімім, 2013ж. 8сәуір. №3
Оқу–тәрбие жұмыстарында жаңа технологияларды пайдаланамын, конференция, семинар, сайыстарға қатысамын.
2017 жылыҚарағанды облыстық әкімдігі ұйымдастырған «Барлық меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану және насихаттау» аттыҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығы күніне арналған семинарға қатысқаны үшін сертификат берілді.2015ж «Мәңгілік ел ұланымын» тақырыбында өткен қалалық әскери-патриоттық әндер фестиваліне белсене қатыстым.2014ж Балабақшамызда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткізілген семинарға қатысып, өз үлесімді қостым. 2014 жылы біздің балабақша қалалық «Ең үздік қазақ тілі кабинеті» байқауына қатысып 1 орынға ие болды. Ұйымдастырылған оқу іс-қызметін жүргізу үшін дидактикалық материалдармен толықты, жұмыста жаңа технологиялар мнемотехника,Триз , АКТ, ойын технологиясын пайдаланамын. Балалармен педагогтарға арналған «Қазақшан қалай, балақай», «Қазақшан қалай?электрондық зияткерлық ойын дайындадым.. 2018 жылдан бастап ҰОҚ-де «Бал-бала» қуыршақтарын пайдаланамын.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін адамгершілік нормаларын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесінің негізі болып табылады. 2017-2018 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада балаларды мемлекеттік тілге үйрету – маңызды және күрделі іс болып табылады. Бұл уақыт талабына сай, «Тіл туралы» заңды жүзеге асырудың бір жолы. Бала ертерек тілді меңгере бастаса, ертеңгі күні сол тілді ұғыну оңай болады. Біздің қазіргі сәбилеріміз-ертеңгі біздің еліміздің иегерлері. Сондықтан да қазіргі таңнан бастап міндетті түрде біздің республикамыздың кішкентай азаматтарымыздың тәрбиесіне аса көңіл бөлуіміз қажет. Тәрбие басы - тіл, сондықтан балабақшада қазақ тілін үйрету оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қамтиды. Сонымен бірге орыс балалар бақшасында қазақ тілін оқытып үйрету, білім берудің ұлттық-этнопсихологиялық мәселелері де ескерілуде. Қазақ тілі сабағы – ұлттық тәрбие құралы.
«Шынында біз балаға білім бермес бұрын, балаларға жан-жақты тәрбие беруіміз керек. Сондықтан да біздің «Кораблик» балабақшасының жұмыстары халық педагогикасына сәйкес ұйымдастырылған .
Балабақшамыздың приоритетік бағыты да «Рухани-адамгершілік тәрбие беру» болып табылады. Жылдық жоспар құрылғанда, ондағы тақырыптар қазақ халқының салт-дәстүріне, тұрмысына байланысты етіп алынады.
Эссе. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы»-деп аталады. Осы тақырып бойынша өз көзқарасымды білдірдім.
-
Менің тақырыбым:«Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілі пәнін оқытуда халық педагогикасы негіздерін қолдану»
МАҚСАТЫ: Балаларды халық педагогикасымен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, рухани дүниелерін байытып, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу және қазақ тілінде тілдік құзыреттілігін қалыптастыру.
Мақсатыма жету жолында алдыма мынадай міндеттер жүктедім: 1.Балаларды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру
2. Балаларды жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу
3.Ұлттық тұлға ретінде қалыптасуын нығайту
4. Халқымыздың мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде тәрбиелеу
5. Әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылығын дамыту
6.Балалардың сөздік қорын белсенді етіп, байыту, сөздік минимумын қалыптастыру
7. Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
8. Ауыз әдебиеті үлгілерін қолдана отырып, өз елінің мәдениетімен тарихына деген ықыласын ояту.
9. Еліміздің тарихын жақсы білуге қызығушылықтарын ояту, ой-өрісін кеңейту
10. Тілді үйренуге сүйіспеншілігін арттыру.
Күтілетін нәтиже: Балалар қазақтың салт-дәстүрімен танысады, жалпы адамзаттық құндылығы мен ұлттық тұлғасы қалыптасады, халқымыздың мәдени-тарихи негізінде тәрбиеленеді, интелектуалдық қабілеттері мен шығармашылығы дамиды, ақыл-ой қызметін игереді, халық педагогикасын білуге қызығушылығы оянады, ой-өрісі кеңейеді, тілді үйренуге сүйіспеншіліктері артады, сөздік қоры молаяды.
Іске асыру үшін өз тәжірибемде халық педагогикасына сүйене отырып, балабақшаның әр тобында өткізген сабақтарымда «Ұлттық ойындар», «Ұлттық фольклорлық қойылымдар», жұмбақтар, санамақтар,ертегілерді пайдаланамын. Балаларды қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстурінің ерекшелелігі қызықтырады. Ұлттық мейрамдардың өту кезінде ән салып, жыр тындайды, ұлттық ойындар ойнап ләззат алады. Ауыз әдебиеті үлгілеріндегі «Бесік жыры», «Тәй-тәй» сияқты өлендерін жаттату, ұлттық ойындар ойнатуда басқа ұлт балаларының тіл үйренуге ынталарын арттыра түседі. Төрт түлік малдың қазақ халқының өмірінде ерекше орын алғандығын, олар туралы халық жырларының жеңіл түрімен, санамақтармен, жұмбақ – мақалдармен таныстыру арқылы жеткізуге болады.
Сонымен қатар еліміздің көк байрағындай, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеу сабақта, балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстырып, әнұранын жататып, Ата заң туралы түсініктерін кеңейтеді. Балалар сабақтың тақырыбына сай мақал-мәтелдер, өлең тақпақтар жаттайды. «Тілдер күні», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні», «Наурыз күні»- бұл мейрамдарға ата-аналар міндетті түрде қатысып, балалардың қазақша ән, тақпақ айтып, ертегіні сахналағанына куә болады.
Өз жұмысыма халықтық педагогиканың жанрларының барлық түрін қолдану жұмысымды жүйелендіре түсті. Мысалы төмендегілер:
Бүлдіршіндердің алған білімдерін мына сұрақтар арқылы анықтап отырдым.Балалардың қазақ тілін білу деңгейі жыл сайын мониторинг арқылы анықталады. Үш оқу жылдардың салыстырмалы түрде байқасақ қазақ тілі білу сапалары жоғарлағанын көруге болады.
Соңғы үш жылдағы пән бойынша білім сапасы төмендегідей:
2014-2015 оқу жылында, сапа көрсеткіші 52%.
2015-2016 оқу жылында, сапа көрсеткіші 58%.
2016-2017 оқу жылында сапа көрсеткіші 61%
Балалардың жіберген қателерін байқай отырып мынадай жұмыс ;сабаққа деген ынталарын, зейіндерін арттыру,әр баламен жеке жұмыс түрлерін жүйелі түрде жүргіздім.2016 жылы 5 жастан 6 жасқа дейін балаларға арналған «Сөйле, балдырған» вариативтік компонент бағдарламасын құрастырдым.Вариативтік бөлім – ұйымдастырылған іс-қызметтен тыс мектепке дейінгі ұйымдардың тақырыптық бағыты бойынша жұмыс, педагогтардың шығармашылық жұмысы, дарынды балалармен жұмыс. Жабдықталған қазақ тілі кабинетінде өткізіледі.
Оның нәтижесіноблыстық «Зерек бала -2014» олимпиадаға қатысып 2-3 дәрежелі дипломен, 2014ж қалалық«Тіл болашағы-балабақшада», 2016жылы республикалық «Тәуелсіздік тұғыры биікте» , 2017ж « Қазақстан –менің Отаным» атты байқауларға қатысып 1, 2 және 3дәрежелі дипломен марапатталғанын көруге болады.
Ата-аналармен жүргізілетін бірнеше жұмыс формалары бар:Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді. Ата-аналар жиналысында баяндама оқимын, консультация беремін,ата-аналарға сауалнамалар мен буклеттер таратамын. Ашық есік күні ата-аналарға балабақша дәстүрлерімен, ережелерімен таныстыруға және сабаққа қатысуға мүмкіндік береді.Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземін . «Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін жазып, кеңестермен танысады.
Педагогтар арасында педкеңестерде, бірлестіктерде және педагогикалық сағаттарда баяндамалар оқып, кепілдемелер беріп, дөңгелек үстелдер өткізіп , байқауларға дайындаймын. «Рухани жаңғыру» жобасының аясында Тұнғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты байқауына Шумаева С.П, Грехова Е.А қатысып II дәрежелі диплом және мемлекеттік тілді білген үшін Алғыс хат берілді.
Қорыта келгенде қазақ тілі
сабағын оқыта отырып, балалардың санасына туған халқына деген
құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық рухты
сіңіру.
Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының білім беру бөлімінің
«№13 «Кораблик» балабақшасы» МКҚК
Шығармашылық есеп.
Дайындаған: қазақ тілі мұғалімі
Кабдымананова Р. Т.
2018ж