«Астана-мәңгілік елдің Елордасы» ( шығармашылық эссе)
Менің ойымша, Астана-әлемге үлгі қала. Қаланың әсемдігі, сұлулығы бір басқа, көшелерінің кеңдігі бір өзгеше.Шын мәнінде, көше бойымен қаланы аралап келе жатқан жанның көңілі тасып, аспанмен таласқан биік ғимараттарды көріп, кәдімгідей керемет көңіл күйде болады.Ғимараттар елу-алпыс қабатты үйлердің шынылы,күннің сәулесі түсіп, жалт-жұлт етіп жарығы түсіп,құлпыра түседі.Безендірілген «супер», «мини» орталық-дүкендер, көп кісілік мейрамханалар, керемет салынған үй жобалары өзіңді қызықтыра түседі. «Шіркін, менің де осындай коттежд үйім болса» деп армандап қоясың. Бірінен бірі өткен керемет үйлерді көріп, Астана қаласының сұлулығына тоймайсың. Көліктер ағыза-зырлай, оқтай зулай жөнеледі. Бұрын көрмеген таныс емес көліктерді де, қымбат көліктерді де осынан кездестіресің. Халық та, жүргінші де көп. Адамдардан кейде көлік көп пе деп қаласың. Есіл көпірінен өткенде,маған бір Америка шаһарының бірінде жүргендей әсер алдым.Астананың өзгерістері мені қатты таңқалдырды.
Себебі, Астана қаласы Елбасымыз айтқандай: «Астана бүгінде-Қазақстан жетістігі мен жеңістерінің символы» демекші, қаланың гүлденіп, қарыштап өсіп кеткенінің куәсі болдым. Бүгінде гүлденген Астананы көріп,бойыңды қуаныш сезімі билейді.Расында да, 20 жыл ішінде Астана айтарлықтай өзгерген.Тәуелсіздігіміздің аясында еркін тыныстап, өз алдымызға ел болып, Көк Туымызды желбіретіп, елдігімізді әлемге әйгілеп отырғанымызға да енді ғана ширек уақыт болды. Осы уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қол жеткіздік. Астана қаласы салынып, сәні мен мәні кіріп,ел іргесі бекіді. Елбасымыздың бастамасы Сарыарқа төсінде бой көтерген, бүгінде Астананың аты айдай әлемге танылды.
Пікірімді білдірсем,Астанада салынған көптеген жобалар әлем елдерінің бірінде де кездеспейді.Астанамыз:дың символы»Бәйтерек» монументі - талай ғасырдың шежіресі мен тарихымыздың куәсі болатын дүниелер.»Ханшатыр» сауда орталығы, «Пирамида»- Бейбітшілік пен келісім сарайы, ЭКСПО «Қазақстан» павильоны-теңдесі жоқ жақұт-ғимараттар.
Астана-еліміздің тірегі. Елорданың айшықты келбетін, азаттық жолында арпалысып өткен ата-бабалар күресімен келген Тәуелсіздіктің жемісі: ол-Астана қаласы. Бас қаламыз Астана-Мәңгілік елдігімізге бастайтын шамшырағымыз,сара жолымыз.Елордамызға қарап бет түзеп, еліміздің болашағын айқындайтын-Темірқазығымыз. Еліміздің шамшырағы –Астана.
Ойымды қорытындылай келе, Астана қаламыз Мәңгілік елдің ордасына айналып, әлі талай ғасырлар бойы оған талай ән мен жыр айтылып, қазақтың рухының биік әрі асқақ боларына сенемін.
Турсынбаева Мейрамкуль Тургынбаевна
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Түркістан облысы Жетісай ауданы
Жетісай қаласы «№7» «Тұран» мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шығармашылық эссе: «Астана-мәңгілік елдің Елордасы»
«Астана-мәңгілік елдің Елордасы» ( шығармашылық эссе)
Менің ойымша, Астана-әлемге үлгі қала. Қаланың әсемдігі, сұлулығы бір басқа, көшелерінің кеңдігі бір өзгеше.Шын мәнінде, көше бойымен қаланы аралап келе жатқан жанның көңілі тасып, аспанмен таласқан биік ғимараттарды көріп, кәдімгідей керемет көңіл күйде болады.Ғимараттар елу-алпыс қабатты үйлердің шынылы,күннің сәулесі түсіп, жалт-жұлт етіп жарығы түсіп,құлпыра түседі.Безендірілген «супер», «мини» орталық-дүкендер, көп кісілік мейрамханалар, керемет салынған үй жобалары өзіңді қызықтыра түседі. «Шіркін, менің де осындай коттежд үйім болса» деп армандап қоясың. Бірінен бірі өткен керемет үйлерді көріп, Астана қаласының сұлулығына тоймайсың. Көліктер ағыза-зырлай, оқтай зулай жөнеледі. Бұрын көрмеген таныс емес көліктерді де, қымбат көліктерді де осынан кездестіресің. Халық та, жүргінші де көп. Адамдардан кейде көлік көп пе деп қаласың. Есіл көпірінен өткенде,маған бір Америка шаһарының бірінде жүргендей әсер алдым.Астананың өзгерістері мені қатты таңқалдырды.
Себебі, Астана қаласы Елбасымыз айтқандай: «Астана бүгінде-Қазақстан жетістігі мен жеңістерінің символы» демекші, қаланың гүлденіп, қарыштап өсіп кеткенінің куәсі болдым. Бүгінде гүлденген Астананы көріп,бойыңды қуаныш сезімі билейді.Расында да, 20 жыл ішінде Астана айтарлықтай өзгерген.Тәуелсіздігіміздің аясында еркін тыныстап, өз алдымызға ел болып, Көк Туымызды желбіретіп, елдігімізді әлемге әйгілеп отырғанымызға да енді ғана ширек уақыт болды. Осы уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қол жеткіздік. Астана қаласы салынып, сәні мен мәні кіріп,ел іргесі бекіді. Елбасымыздың бастамасы Сарыарқа төсінде бой көтерген, бүгінде Астананың аты айдай әлемге танылды.
Пікірімді білдірсем,Астанада салынған көптеген жобалар әлем елдерінің бірінде де кездеспейді.Астанамыз:дың символы»Бәйтерек» монументі - талай ғасырдың шежіресі мен тарихымыздың куәсі болатын дүниелер.»Ханшатыр» сауда орталығы, «Пирамида»- Бейбітшілік пен келісім сарайы, ЭКСПО «Қазақстан» павильоны-теңдесі жоқ жақұт-ғимараттар.
Астана-еліміздің тірегі. Елорданың айшықты келбетін, азаттық жолында арпалысып өткен ата-бабалар күресімен келген Тәуелсіздіктің жемісі: ол-Астана қаласы. Бас қаламыз Астана-Мәңгілік елдігімізге бастайтын шамшырағымыз,сара жолымыз.Елордамызға қарап бет түзеп, еліміздің болашағын айқындайтын-Темірқазығымыз. Еліміздің шамшырағы –Астана.
Ойымды қорытындылай келе, Астана қаламыз Мәңгілік елдің ордасына айналып, әлі талай ғасырлар бойы оған талай ән мен жыр айтылып, қазақтың рухының биік әрі асқақ боларына сенемін.
Турсынбаева Мейрамкуль Тургынбаевна
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Түркістан облысы Жетісай ауданы
Жетісай қаласы «№7» «Тұран» мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
шағым қалдыра аласыз


