Материалдар / Шығармашылық эссе Ұстазым

Шығармашылық эссе Ұстазым

Материал туралы қысқаша түсінік
Божбанбай Нұрай Арманқызы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
405
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де, баланың.
Қиналғанда қасына
Бірінші боп барамын.


Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Бөбектерді оқытар,

Мен мұғалім боламын.

Өмірде мамандықтың түрі көп.Әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктері,қиын тұстары мен қуанышты сәттері бар.Ал мұғалім деген кім?Ол қандай мамандық?Бұрынғы кездері мұғалім мамандығы жайында теріс пікір қалыптастырушы еді.Мұғалім кім десе мектепте оқушыларға бақырып-шақырып шашы ағарып,айлығына көңілі толмайтын,қағаздан бас көтермейтін бір адамды елестететін.Жас түлектерде «Қойшы мен мұғалім болмаймын,жүйке жүйемді құртып,жұрттың бала-шағасына қарап жүретін уақытым жок» деген ойда,ал кейбіреуі ата-анасының қыстауымен түссе,ендігі біреулері грант көп бөлінеді деп түсетін еді.Ал 2018 жылдың бесінші қазанында елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»жыл сайынғы жолдауында қарапайым Қазақстандық мұғалімдердің көкейінде жүрген түйткілді мәселе мұғалім мәртебесі жайындағы тақырыпты тілге тие кетті.Яғни,мұғалім мәртебесі жайында заң қабылдау,қағазбастылықтан айыру,жалақы мәселесін көтеру өзектіліктері қозғалды.Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылы «Педагогтар мәртебесі» туралы арнайы заң қабылдады.Шынымен де қоғамды алға бағыттап тәрбиелейтін-мықты ұстаздар. Білім жүйесі дегеніміз, бұл тек қана білім беріп қана қомай, белгілі бір мөлшерде балаға ақпарат беру жүйесі емес— бұл шындап келсек, әлеуметтендіру институты.Білім жүйесі өткен ұрпақтың келер ұрпаққа деген мұрасы. Сол мұраны жеткізетін ерекше әлеуметтік байланыстар. Сондықтан біз ұстаздың мәртебесін қоғамда нақтыламай, білім жүйесінде үлкен жетістіктерге жетуге өте қиын болады.Жалпы елдің тұрақтылығы, бірлігі болып жатқан өзгерістер кезінде, экономикалық тұрақсыздық кезінде өте жақсы қоғамға, әсіресе, ұстаздарға, балаға деген ерекше мән беріп, ерекше мейірімділікпен сол проблемаларға қарау, меніңше, біздің қоғамның келесі дамыған сатысында екенін көрсетеді. Сондықтан барлық қазақстандықтар бүгінгі Елбасының Жолдауын ести отыра жаңа үмітке, белестерге жаңа жоспарларын құра бастайды.Осы жолдауда аталған маңызды бағыттардың барлығы жаңа заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар.

Менің мамандығым мұғалім!Мен бұл мамандықты грант үшін емес,атам анамның қыстауымен емес өз жүрегіммен таңдадым.Себебі менің алға қойған мақсатым еліме жеріме отаныма ұлтыма қызмет жасау,жағдайларын түбегейлі өзгертпесемде жалпы жақсы жағдай жасап беру болатын.Өзім болашақ ұстаз болғандықтан дәл осы ақ парақтың бетіне ақ ниетіммен өз ойымды жазғым келеді.Кішкентайымнан ұстаздардың ортасында өстім.Қызметтік жолдрын көріп өстім.Мен нағашы апамның(мені дүниеге алып келген сүт анашымды туған мені тәрбилеуші анам)қолында өстім.Мен әлі мектеп табалдырығын аттамаған шақтан ақ апам мені өзімен бірге білімнің шаңырағы мектепке жетектеп алып барып,соңғы қатарға отырғызып қоятын.Содан бастап апамның оқушылармен ара-қатынасы, беріп жатқан тәрбиесі мен білімін бойыма сіңіріп өстім.Ұстаздар қауымының ортасында мұғалімдік жиналыстарда,мерекелік шараларда ұстаздармен бірге жүріп өстім.Кейін мектеп табалдырығын апам жұмыс істейтін мектепте 2010 жылы аттадым.Сынып жетекшім өте жас,білімді,өте мейірімді мұғалім болды.Есімі:Исмаилова Гүлмира.Даярлық сыныбына барып тез бейімделдім.Барлығы мені Гүлбала апайдың қызы өзіне тартқан пысық,ақылды екен деп айтатын.Мектебімнің аты әйгілі қазақтың батыр қызы батыл қызы Мәншүк Мәметова апамыздың атындағы жалпы орта мектеп еді.Мен барған балабақшаның да аты Ұлы Отан соғысының батыры Алия Молдағұлова апамыздың атымен аталған еді.Барған мекемелердің атының әсері болу керек менде батыл болып өстім,ешкімнен тартынбадым,қымсынбадым алдыма берілген тапсырмаларды ойдағыдай орындаған екенмін.1-сыныпта мектеп алдындағы Мәншүк апамыздың ескерткішінің алдына гүл қойып,білім кілтін қолыма алдым.Мектептегі қызықтар:Сыныпта топ басшы деген боладығой,апайым маған сол лауазымды берді.Менде мемлекеттік лауазымға тағайындалғандай сезім болған еді сол кездері.Сүйтіп апайым мені мектептің барлық қоғамдық жұмысына араластыра бастады.Күнделікті жоспарға қол қойдыру үшін меңгерушіге мені қолыма жоспарын ұстатып жіберетін.Есен ағайда әр барған сайын ен болашақта ең керемет мұғалім боласың,шын сөзім деп айтып отыратын.Сонда ойлайтынмын мүмкін мен басқа мамандық таңдайтын шығармын,неге олай айта береді екен деп ішімнен күбірлеп жүретінмін.Ал енді осы ойымды жаза отырып,Есен ағайымның мені менен артық тани алғанын түсіндім.Кәзірде ағайыммен апайыммен араласып тұрамын.Қоңырау шалып хал жағдайларын біліп отырамын.Мен ұстаздық жолды таңдадым дегенімде қатты қуанды.Ол кісілер әр қоңырау шалғанымда маған өздерінің жеке кеңестерін айтып отырады.Содан соң орта буын болған шағымда ата-анам мені өз қолдарына алды да басқа мектепке ауыстырды.Ол Ататүрік атындағы мектеп гимназиясы.Бесінші сыныпта математика бағыты тереңдетіліп оқытылатын сыныпқа түстім.Сол кезде математика мұғалімі болатыным белгілі болдығой деймін(әзіл).Сонда апам ойлаған ғой:Бұл қызым басқа мектепке барып,әлсіреп калмаса екен,апайдың қызы деп бағаларын көтермелеп қоятын ба еді,бөтен ортаға барып,білімі құлдырап кетпесе екен деп уайымдаған екен.Бірақ ол мектепке барып әр білімді тексеру тесттерінен ең жоғары баллдарды алып,жылдыққа үздк шықтым,айтпақшы ол мектепке бара салып та топ басшы болып сайланғанмын.Сынып жетекшімнің ұлты татар ұлтынан болатын.Бізге орыс тілімен орыс әдебиетінен сабақ беретін.Есімі Темирова Мадина.Қатал апай еді.Әр ісіңді соңына апаруға үйрететін,сөзді дәлелмен сөйлеуді талап ететін,бағаны әділ қоятын,сыныпта бір бірімізге адал болуды талап етіп соған баулыды.Бізге қатал болып көрінгенімен іштей бізді қатты жақсы көретін,сыртқы жау(басқа сыныптар ғой,апайымыздың сүйікті сөзі)дан қорғап жүретін.Бірақ ол мектептен де 7-сыныпта ауысып кеттім,себебі мен қаланың бір шетінде мектеп қаланың екінші шетінде орналасқан еді.Жоғары сыныпқа өткен сайын пәндер көбейіп сабақ уақыты ұзарды,кейде мектептен кеш шығып автобуска үлгерми қалып жүрдік.Сүйтіп үйге жақын мектепке ауысуға тура келді.Мадина апайым жібергісі келмей сол кезде біраз қызық болған.Үшінші мектебім социолистік еңбек ері Майшай Әбенова апамыздың атындағы жалпы орта мектеп болды.Мектепке әкеммен бірге кіріп оқу меңгерушісінің кабинетіне кірдік.Жетістіктерім туралы сөздер әкеммен Ерлан ағайдың арасында диалог құрылды да ол кісі маған қарап тұрып,қызыңыз ең керемет мұғалім болады деді.Ол уақыттада әлі мамандық туралы ойланбаған кезім ғой.Мұғалім боласың деген сайын мұғалімдіктен каша бастадым.Сүйтіп сынып жетекшім келді.Есімі:Ахметова Анел,қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.Кәзір маған колледждегі достарым маған сенің сөздік қорың күштіғой,көп кітап оқисың,қазақ тіліңде судай деп айтады.Бұның барлығы Анел апайымның арқасы,маған оқуға көп әдеби кітаптар ұсынатын,қазақ тілі олимпиадаларына жиі алып баратын,әдебиеттік оқуларға қатыстыратын.Осындай еңбектің арқасында жеткен нәтижелерім шығар,бірақ бұл мен үшін әлі аз.Мектепте мектеп президенті болдым,барлық қоғамдық жұмыстарды,документтерді жасадым.Күнделік кз деген жаңа платформа шыға бастады соны жүргіздім.Әр ай сайын мұғалімдердің алдына шығып мектептің жағдайын баяндап оқушылардың тәрбиесін саралап,әр сыныптың рейтингтің көрсеткіштерін шығарып,оқушыларды жинап есеп бере бастадым.Өзім қатты қызыққандықтанба бұл нәрсе маған қатты ұнады.Сүйтіп жүріп тоғызыншы сыныбым көз алдымнан өте шықты.Енді колледге кету кетпеу мәселесі үйде қозғала бастады.Біздің қаламызда мектеп кездерінде колледж статусы өте төмен қылып көрсететін еді.ОЛ жаққа ұбтны ақтай алмайтындар кетеді,колледжге кеткендер ерте есейеді деп айта беретін.Бірақ Қазақстанда №1 колледж бар екенін білмедім.Ол туралы тек әкем мен анам ғана білетін.Сол жаққа құжаттарды тапсырып тестке бір аптадай уақыт қалды,тапсырам тапсырмайм деп жүрген кезім,тестті өтірік белгілеп шығам оқымайм колледжде деп жүрдім.Сүйтіп Таразға бардық тест күні таңертең анам тұрып көреміз енді мектепте алған біліміңді ақтайсыңба жоқ ақтамайсыңба адам деген алға қарай ұмтылудың орнына кері шегінген несі деп ұрысты.Менің анам даҰСТАЗ!Сол сөзді естіп намыстанып тестке кірдім де барлығына шын жауап беріп колледжге ағылшын тіл білімі бар математика мамандығына грантқа түстім.Негізі айти таңдаймын деп келіп құжатта мұғалім болуды сол кезде ойланып таңдадым.Бірден математиканы белгіледім,математикаға түспесем оқымаймын дедім.Сүйтіп математикаға түсіп колледжге оқуға түстім.Алғашқы семестр адаптациям өте ауыр өтті.Жыладым, кетем шығам дедім,бірақ папа алып кетпеді.Осылайша колледжде қалып қойдым.Кәзір өте қуаныштымын!Себебі ортам тамаша,достарым адал,бәріміз мұғалімбіз,әр сәтке мұғалімдік көз қараспен қараймыз.Әділдікті іздеп,балаларға жаңаша үлгіде сабақ беруді ойластырамыз.Кураторым Сәрсенбаев Алдияр ағай.Өте ұйымшыл,ақылды,білімді бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы бір сырлы.Әр студентпен жеке жұмыс жасай алады.Керек кезде ақылын атып,керек кезде бізбен көңіл көтереді.Қырсықтығы да бар.Бірақ өте жақсы ағай.Колледждегі мұғалімдерді көріп,мамандықты жаңылмай таңдағаныма қуандым,жүрегіммен таңдаған мамандығым деп мақтанамын!

Менің өмір жолымдағы ұстаз келбетін қалыптастырған ұстаздарымды көріп біздің мына болашақ жастардың қалай өзгеріп жатқандығын байқай беріңіз. «Ұстазы мықтынын, ұстанымы мықты» естуіңіз барма?Міне осы сөздің мағынасын мен өз өмірлік жолымда қалыптастырдым.Мен қандай болсам менің айналамдағы достарым,ұстаздарым тура мен сияқты,яғни менің қоғамдықты ортамды,менің мінезімді қалыптастырған ұстаздарым,достарымды таныдыңыздар.

Мен үшін ұстаз тек балаларға білім беретін адам ғана емес,олардың өмірлік жолын қалыптастыратын ұлы тұлға. Ұстаз– ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жазылар жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау – адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек қашанда. Қазіргі заман мұғалімі — қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беретін, жаңалыққа жаны сергек, педагогикалық құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын маман.

Ахмет Байтұрсыновтың “Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі — білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім ” деген сөздері бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.

Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, ақыл-ой және шығармашылық әлеуеті қалыптасқан, рухани адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл мұғалім қажет Сапалы білім беру үздіксіз ізденумен тығыз байланысты. Үздіксіз іздену — бүгінгі таңда мұғалімге қо- йылып отырған басты талаптардың бірі. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі күнделікті педагогикалық қызметте әртүрлі танылады және әртүрлі іске асады. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі деп өзара байланысты үш бөліктен тұратын тұлғаның қасиеттерін түсінеміз: педагогикалық қызметте жүзеге асатын кәсіби білім, кәсіби біліктілік, мұғалімнің кәсіби құнды қасиеттері.

Қазіргі кезде мұғалімге шығармашылықтың теориясы мен практикасы жайлы білім беріп қою жеткіліксіз. Біліктілікті арттыру жұмысы шеңберінде олар шығармашылықтың жаңа түрі: адамның өзін-өзі өзгертуі, қайта түлетуі арқылы кәсіби шеберліктің шыңына жетуі тиіс.

Сөзімді Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді.

«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білім деңгейімен айқындалады.Кәзіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше.егемен еліміздің болашағы,оның әлемдік өркениеттегі өз орны,ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы-ұстаз қолында.»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ