400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

шығармашылық жинақ,таратпа үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
таратпа
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1


1
1
М. Әбенова атындағы жалпы орта мектеп








Шығармашылық тақырыбы:

«Тарих пәнінде жаңа технология элементтерін,
ақпараттық-коммуникативті технологияларды
пайдалана отырып, оқушылардың жеке
шығармашылық қабілеттерін дамыту»







Тарих пәні мұғалімі: Самуратова Ақжан Усеновна



Page 2


2
2

Мҧғалім жайлы мағлҧмат

Мҧғалім аты
жӛні:
Самуратова Акжан Усеновна
Туған жылы 10. 03. 1985 ж.
Білімі жоғары
Бітірген оқу
орны
2002 – 2006 жж.Қ. А. Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университеті
Мамандығы тарих және география пәндерінің
мұғалімі ( ЖБ ЖБ 0734917 )
Мекеме атауы: Майшай Әбенова атындағы жалпы
орта мектеп
Санаты: екінші санатты педагог-сарапшы
Еңбек ӛтілі: жалпы 9 жыл, педагогикалық ӛтілі
- 4 жыл
Сыныбы: 6-7 сыныптар
Жетістіктері облыстық, қалалық мадақтамалар










Page 3


3
3
ПІКІР

Самуратова Ақжан Үсенқызы тарих география пән мұғалімі.
Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, ӛздік
танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды
ұйымдастыру.
Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі тӛмен
оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап,
даралап оқытуда. Ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.
Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға
кӛмектесіп отырады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші
орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз.
Оқу материялының жүйелі түрде бӛлінуіне, ойлау тілін жетілдіруге кӛңіл
бӛледі. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тарих пәнінен білімін
кӛтерді. Оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту арқылы шығармашылық
қабілетін арттыру мақсатында ӛз білімдеріне сүйенетін, тез шешім
қабылдайтын, сыни тұрғыда ойлайтын жас ұрпақ тәрбиесінде ӛз үлесін қосып
жүрген ұстаз. Компьютерде жұмыс істеу дағдысын игеріп , сабақта
қолданылатын таратпаларды дайындауда кеңінен қолданып отырады .
Түркістан қалалық семинарында қала мұғалімдеріне 5 «Ә» сыныбына
Түркістан қаласының ӛткені мен бүгіні тақырыбында сыныптан тыс сабақ
ӛтті. Оқушыларға Түркістан тарихының ӛткені мен бүгіні туралы ұғым беру,
тұлғаның ақпаратпен ӛздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін дамыту,
берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, оны ӛз практикасында қолдана
білуге үйреттті. Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» технологиясы
арқылы сабақ ӛтті. Сабақ ӛз деңгейінде ӛттті. Білім беру мен сабақ үдерісінде
оқушыларды мәселелерге сыни кӛзбен қарауға, проблема бойынша ӛз
кӛзқарасына рефлексия жасауға, «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы
меңгерді. Оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту арқылы шығармашылық
қабілетін арттыру мақсатында ӛз білімдеріне сүйенетін, тез шешім
қабылдайтын, сыни тұрғыда ойлайтын жас ұрпақ тәрбиесінде ӛз үлесін қосып
жүрген ұстаз. 6«А» сыныбына жаңартылған білім беру мазмұны аясында
«Ақ Орда» тақырыбында ашық сабақ ӛтті, оқушылардың жеке қабілетін
дамыту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында ӛз
білімдеріне сүйеніп, тез шешім қабылдап, шығармашылық ойлауға үйрету
мақсатында ӛрмекші торы әдісін, тест жұмыстары, жеке, жұптық, картамен
жұмыстарды қолдана білген. Еңбек еткен 9 жылда талай жетістіктерге жетіп,
мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып жүрген ізденімпаз ұстаз,
облыстық «Педагогикалық дебют-2017» байқауына қатысып «Білікті ұстаз»
номинациясына ие болды.
Мектеп директоры: Т. Меңдібаева

Директордың оқу ісі жӛніндегі орынбасары: У.Таубаева

Бірлестік жетекшісі: А.Самуратова


Page 4


4
4
Тарих сабақтарында жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы,
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

«Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры-ұстаздың қолында» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқан болатын.
Елімізде болып жатқан іргелі ӛзгерістер мен қайта жаңғырулар оның білім
мен тәрбие беру жүйесіне де түбірлі ӛзгерістер мен мақсаттар әкелді.
Әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдістемелірі
арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең
тараған (Hattie, 2009). Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең
түсінуі қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген
жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Ол оқушының
шығармашылық ойлауына, ізденісіне, іс-әрекетіне түрткі жасайды, оны
дәстүрлі оқытудағы ӛнімсіз еңбектен босатады. Оны зерттеуші, ізденуші
биігіне кӛтереді. Оқытудың бұл түрінде сұрақтар, тапсырмалар жүйесі де
басқа сипатта болады, яғни ӛз беттерімен орындалатын шығармашылық
тапсырмаларға ерекше назар аударылады.
Менің алға қойған мақсатым: оқу процесін ұйымдастырғанда әрбір оқушы іс-
әрекетінен бақылап пәнге қызығушылығын арттырып шығармашылық,
ізденіс қабілеттерін арттыру. Оқу – оқушы үшін жетістік әкелетіндей етіп
құру.
Пәнді оқытудағы негізгі мақсаттарым:
1. Оқушыларды тарихи оқиғаларды, үрдістерді терең түсінуге, салыстыра
білуге, ең мәнді ұғымдарды саралап алуына, тарихи оқиғалардың тарихтағы
орнын бағалай білуге дағдыландыру.
2. Ойлау дағдыларының қалыптасуын ең ұтымды жауапты іздестіре білуге
баули отырып, ӛркениетті елдің білікті де білімді жас ұрпағын қалыптастыру.
Бҧл мақсаттарды жҥзеге асыруда мынадай міндеттерді алға қойдым:
- Технологияның әдіс-тәсілдерін меңгерте отырып, ӛз бетімен деректерді
іздеуге дағдыландыру, ғылыми жұмыстарға шығармашылық қабілеттерін
жетілдіру;
- Оқушылардың жаңа материалды меңгеруі бойынша деңгейленген
тапсырмалар беру;
- Жеке тұлғаны және оның қасиеттерін, ойлау қабілетін дамыту.
-тақырыпты терең түсініп, салыстыра білуге, тарихи оқиғалардың тарихтағы
орнын бағалай білуге;
- Оқулықпен ӛздік жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Материалды жеткізе
білуге, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға үйрету
- Суреттеп-сипаттауға, әңгімелеуге, деректер мен ӛзіндік жұмыстар


Page 5


5
5
ұйымдастыруға, пікір айтуға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға, ең ұтымды
жауап іздеуге, тарихи терминмен сӛйлеуге жаттықтыру
- Тарихи фактілер мен құбылыстарды салыстыру, ұқсастықтарын анықтауға
оқушыларды қатыстыра отырып, ойлау қабілетін дамытыға. Осыдан мынадай
нәтижеге жетемін деп ойлаймын: «ӛркениетті елдің білікті де, білімді жас
ұрпағын қалыптастыру».
Тарих сабақтарында оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру
мақсатында ӛз іс-тәжірбиемде қолданып жүрген жаңа технология әдістері
мен элементтері, олар:
-Ойын арқылы оқыту
-Ұжымдық оқыту-оқушылардың арасындағы қарым қатынасты нығайтады,
бірлесіп жұмыс істейді, бір-бірінің ойын толықтырып отырады. Сӛз қорын
молайтады.
-Тірек сигналдар арқылы оқыту-оқушының тақырыпты жүйелеуге, ең
маңыздыларды теріп алуға дағдылайды.
-Ақпараттық оқыту технологиясы-оқушылардың бұқаралық ақпарат
кӛздерімен жұмыс істеуге дағдылайды.
-Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
Тарих-сӛз сабағы, кӛбінесе сӛздік әдістер арқылы білім беретін пән. Жаңа
технологияның тиімділігі берілетін кӛлемді түсініктерді, ұғымдарды
тұжырымды түрде, кӛрнекті түрде ғана жып-жинақы етіп бере білуінде. Бұл
мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда, тарих сабақтарында
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ӛз әс-
тәжірибемде қолданылып жүрген жаңа технология әдістері мен элементтерін
атайтын болсам, олар
- Әр оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, белсенділігі оянды.
Мен мұғаліммін... Осы бір ауыз сӛзде талай сыр, талай мағына жатыр
десенізші. Ӛзін мұғалім деп санайтын адам қандай болу тиіс? Әрине, ол –
сананы да, сапалы білім беретін жеке тұлға. Әріптестерім, оқушыларым
менің бойымнан әрқашан да білімді, жан-жақты алға қойған мақсатына жете
алатын адамды кӛру керек. Жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай,
үнемі алға ұмтылу және ӛз ісіне талдау жасай білу, ізінді басып келе
жатқандардың қателеспей, жақсы нәтиже кӛрсету үшін болашаққа зор
үмітпен қарау- мұғалімнің басты міндеті.
Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, сызбалар, кестелер жасау,
термин сӛздерді жазу сабақ жүргізудің мазмұнын кеңейтіп, оқушылардың
түсінігін тереңдете түседі. Кейбір сабақтарда видеофильмдер кӛрсетіп
отырамын. Сабақты қорыту кезеңінде сынақхаттар, сӛзжұмбақтар, ойталқы
сұрақтар ды алып отырамын. Оқу процесі кезінде компьютерді тиімді


Page 6


6
6
пайдалану және қолдану оң тәжірибе беріп отыр. Оқушылардың ӛз бетімен
ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын
дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға дербес жұмыстарын
ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр
1. Диагностика сәті – «Миға шабуыл» – жаңа сабақты ӛтілген тақырыптармен
байланыстыру үшін бірнеше сұрақ беру арқылы мұғалім соқушылардың
білгендерін ортаға салдыртады.
2. Ізденіс тенденциясы сәті – Мұнда оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс
істей отырып «миға шабуыл» әдісі арқылы жинақтаған түсініктерін кеңейтіп
ӛз беттерінше оқулықпен немесе басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс
жасайды. Топтық жұмыстың технологиялық үдерісі бірнеше кезеңнен
тұрады, олар: тапсырманы орындауға даярлық, топтық жұмыс және
қорытынды бӛлім. Тапсырманы орындауға даярлық танымдық тапсырманы
(проблемалық жағдаятты) қою, жұмыс реті жайлы нұсқаулық, топтарға
дидактикалық материалдарды таратудан тұрады . Топтық
жұмысқа материалмен танысу, топтағы жұмысты жоспарлау, топ ішіндегі
міндеттерді бӛлісу, тапсырманы жеке орындау , жеке жұмыс
қорытындыларын талқылау, топтың жалпы тапсырмасын талқылау
(ескертпелер, толықтырулар, нақтылау, жинақтау) және топтық жұмыстың
нәтижелерін шығару жатады. Тұсау кесер – әрбір топ белгілі бір сұрақтар
бойынша ӛз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып мұғалім әлі де
жетіспей жатқан жағдайлардан ақпарат береді.
3. Сабақты қорыту – пікірсайыс, рольдік ойын, сӛзжұмбақ шешу, тест алу
әдістері арқылы бекітіледі. Қазақстан тарихынан 6«А»сыныбында «Ақ Орда»
тақырыбының қорытынды кезеңінде Ақиқат , жалған тапсырмасын
қолдандым. Бұл тапсырма оқушылардың білімін тексеріп қоймай ,
материалды жан – жақты меңгеруге, деректермен дәйектерді салыстыру,
жүйелеу, талдау дағдыларын дамытуға негіз болды . Әр сабақта
тапсырмаларды алдын ала беру арқылы оқушыларға қосымша
материалдарды, деректер мен мағлұматтарды табудың жолын кӛрсетіп
отырамын. Жаңа сабақ барысында оқушылардың әкелген, оқыған, меңгерген
материалдары негізінде оқушылар ақпараттық құзыреттілігі дамиды, пәнге
деген қызығушылықтары артады, ақпаратпен жұмыс істеуді меңгереді.







Page 7


7
7
Қазақстан тарихынан:

2019-2020 оқу жылы: білім сапасы, Ҥлгерімі: 100%
5 «Ә» 6 «А» 6 «В» 6 «Г» 7 «А» 7 «Ә»
1 тоқсан 64 72 64 57 70 54
2 тоқсан 66 70 64 51 62 57
3 тоқсан 67 77 72 65 66 73
4 тоқсан 70 79 74 68 69 76
Жылдық
қорытынды
70 79 75 70 70 78
Қорыта айтқанда, жаңа технология элементтерін, тарих сабағында қолдану
келесі нәтижелерге жеткізеді:
-Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
-Сабақтың нақты мәнін терең ашуға кӛмектеседі;
-Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
-Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, ӛзіне деген
кәсіби сенімін қалыптастыруға кӛмектеседі;
-Тіл байлығын дамытады;
-Ӛз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
-Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге
тәрбиелейді.
-Ӛз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген,
білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда
оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ
ӛмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ
тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы
құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.


Page 8


8
8
Сабақтың тақырыбы: «Сақ патшайымы – Томирис»
Оқу мақсаттары: 5. 3. 2. 1. Қазақстан территориясындағы ерте
кӛшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын
анықтау.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Сақ патшайымы Томиристың
ерлігі туралы түсінік қалыптасады;
Оқушылардың басым бӛлігі: Томирис батыл,
ержүрек, мерген екені, шабандоз екенін дәлелдейді.
Кейбір оқушылар: Томирис Сақ жерін жаудан
қорғаушы екенін біледі.
Бағалау кретерийі: Томирис ел басқарушы тұлға, Отанын шексіз сүйетін
патриот екенін біледі.
Қазақстан территориясындағы ерте кӛшпелілердің
халықаралық сахнадағы орнын анықтайды..

Тілдік мақсат:
Томирстың батылдығын біледі;
Мысалдар келтіреді.
Талқылауға арналған тармақтар.
Томирис - ел басқарушы тұлға
Сіз неліктен..... екенін айта аласыз ба?
Томирис не үшін шайқасты?
Қҧндылықтарға баулу: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының 6-құндылығы
«Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы»,
Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу құндылығын
қалыптастыру
Ойлау қағидалары: Білу және түсіну, қолдану
Пәнаралық байланыс: География, дүние жүзі тарихы
Тақырып бойынша
алдыңғы білім:
Тасмола археологиялық мәдениеті

Сабақ барысы:
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу тҥрлері

Ресурстар
І кезең:
сабақың басы
10 мин.
3 мин


І. Ҧйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Балалардың кӛңіл-күйін анықтау
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату
ІІ. Топтарға біріктіру.
Алғашқы Сақ тайпаларының түрлеріне қарай,





Page 9


9
9





7 – мин

топқа біріктіру
1 - топ: «Парадарайа»
2 - топ: «Тиграхауда»
3 - топ: «Хаомаварга»
4- топ «Массагеттер»
ІІІ. Үй тапсырмасы бойынша « Интерьвю алу
әдісін » пайдалану: сұрақ – жауап арқылы
тексеру.

ІІ кезең.
Сабақтың
ортасы
20 минут


15 -мин













5 мин
Жаңа тақырыпты ерлік сӛзін қалай
түсінетіндігін, ерлік жасайтын адамның
бойында қандай қасиет болатындығын, тарихта
ерлік жасаған қандай тұлғаларды білетіндігін
сұрай отырып, жауаптарын қорытындылап әрі
қарай Томирис ерлігін сипаттауға бағыттайтын
«Томирис» бейне фильмін кӛрсету - тыңдалым
дағдысын дамыту мақсатында.
топтық жҧмыс. SWOT талдауға салу арқылы
Томирис ханшайымға сиппатама беру, берілген
қосымша мәліметтер арқылы, оқулық арқылы
мәтінмен жұмыс жасай отырып –оқылым
дағдысын қалыптастыру.
S – кҥшті
Томирис ержүрек
патшайым болды,
Кир парсы
патшасының әскерін
жеңді. Томирис
кӛреген, келешекті
болжағыш, зерделі
адам. Жаудың
жоспарын алдын ала
болжап білді, Елдің
тәуелсіздігін бірінші
орынға қоя білді.
2008 жылы Астан
қаласында «Жер -
ана» монументі
ашылғаны белгілі.
Оның сақ
W – әлсіз
жалғыз ұлының
Кирдің қулығынан
қолға түсіп ӛзін
ӛлтіруі. Томирис
патшайым жас ұлын
жорыққа жіберуі.
Массагеттер аздаған
жеңісіне мақтанып,
той-тойлап жаудың
тұзағына түсуі.

Электронды
оқулық
акт құралы

Мәтін тексті
таратпа
материал
















Page 10


10
10
ханшайымы
Томиристің алып
бұқаның үстінде
тұрған сәті
кескінделген.
O-мҥмкіндік
сақ тайпаларының
басын біріктергенде
үлкен патшалық
құрған болар еді.
Парсылар үшін кӛрші
ел сақтар - қауіпті
жау болатын едік.

T- қауіпті
Сақ патшайымы
ұлының ӛліміне
қайғырып қарсы
жорық
ұйымдастырмағанда,
парсылар біздің
елімізді басып алар
еді, немесе. Оның
ұсынысын қабылдап,
Кирге тұрмысқа
шыққанда біздің сақ
тайпаларын парсылар
басып алып билігін
жүргізіп бұндай ел
болмас едік.

Сергіту сәті
2 мин
"Басқатырғы" ойыны
«Парадарайа» тобына - НЫАНҰҚРЛЗЙА
«Тиграхауда» тобына - РПГАСПАСИ
«Исседондар » тобына – МОИСТИР
«Массагеттер» тобына - Геродот

Кеспе
қағаздар


5 мин


тест тапсырмасы
Бірін - бірі тексереді. (парақшаларға жазылған
сұрақтар таратылады)
І нҧсқа:
1. Кир бастаған парсы әскерлері қай жылы сақ
жеріне басып кірді? А. б. з. б 529 Б. б. з. б 530 С.
б. з. б 550
2. « Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан
қорыққан жоқ» - деп жазған рим тарихшысы кім?
А. Геродот Б. Помпей Трог С.. І Дарий
3. Парсылармен соғыста қаза болған Томиристің
ұлы?
А. Шырақ Б. Спаргапис С. Скунха



Файлдың толық нұсқасын материалды жүктеу арқылы көруге болады
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
47
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі