Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шығармашылық жұмыс
Әліппе сабағы бойынша «А дыбысы мен әрпі» тақырыбында «Алма теру» ойынын қолдандым.
Алғашта өсіп тұрған алмаларды оқушылар А
дыбысына қатысты сөздерді мысал келтіре отырып,оларды буынға бөледі.Ойыншылар ойынға қатысуға таласып, шапшаң ойлауға тырысатынын байқадым.
(жеміс жидектердің пайдасын біліп өсуге тәрбиелейді)
Т дыбысы мен әрпін меңгертуде «Тиінге көмек» ойынын қолдандым.Ойын оқушылардың тиінге жаңғақ жинап беру мақсатында жүргізіледі.Оқушылар жарыса отырып Т дыбысына қатысты сөздерді тауып, буынға бөліп, қатыстырып сөйлем ойлайды.Ойын кезінде оқушылардың ой өрісінің дамып, сөздік қорының молаятынын байқадым.Сонымен қатар, оқушы бойында сезімталдық бір-біріне көмек қолын созуға бейімделетінін, адамгершілікке тәрбиелеуге болатынын байқадым.
П дыбысы мен әрпін меңгерту кезінде «буындар адасты» ойынын қолдандым. П дыбысына қатысты сөздерді оқушылар құрастырды а-па, ап-та, ат-па.Сөздерді құрастыра отырып, әр сөзге қатыстырып сөйлем ойлайды.Бөлек-бөлек тұрған буындарды шапшаң оқи отырып, сөз мағынасын түсінуге, дұрыс құрастыруға,есте сақтауын дамыту. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелейміз.
«Аққала құрастыру» ойыны
Ойынның мазмұны: Аққала жеті элементтен тұрады.Оқушылар әрбір элементтің екінші бетіндегі берілген тапсырмаларды орындай отырып, білім деңгейін көтеру, ой-өрісін қиялын дамыту, еңбекқорлыққа, сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу.
«Аққулы көлде...»
Ойынның мазмұны: Күз мезгілі көлде бір аққу ұшып,қонып жүр.Бейне бір сол көлді қимай жүргендей.Айтқандай жаға жаққа жақын жерде бір аққу жүзіп жүр екен.Бұл аққу жаралы екен.Екінші аққу сол аққуды тастап кете алмай жүр екен. Балалараққу бізден көмек сұрайды. Көмектесеміз бе? Олай болса біз бірнеше тапсырманы орындасақ аққудың жарасы жазылады екен.Тапсырманы орындап болған соң аққулар көлден ұшып кетеді.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың тапсырманы орындауға деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру.Оқушылардың ой-өрісін,сөздік қорын дамыту. Аққуларға көмектесе отырып, кішіпейілділікке,бір-бірін көмекке қолын соза білуге, жақсылық жасауды әдетке айналдыруға тәрбиелеу.
«Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның мазмұны: Гүлдің суреті берілген.Гүлдің әрбір күлтесінде сан қойылған.Ортасындағы гүл шоғырына санды қосып өрнектің мәнін шапшаң табу керек.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың 10-ға дейінгі сандарды қосып, азайтуын меңгерту.Есте сақтауын, ой-өрісін дамыту.Шыдамдылыққа, шапшаңдыққа сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу.
«Балық аулау»
Ойынның мазмұны: Көл бейнеленген жағада балық аулап отырған баланың суреті. Оқушылар тапсырмаларды орындай отырып,балықты аулап ыдысқа салады.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, ой-өрісін есте сақтауын дамыту.Еңбекпен тапқан нан тәтті дегенді ұғындыра отырып,еңбеккқорлыққа тәрбиелеу.
«Көбелек құрастыру» ойыны ойынның мазмұны:Көбелектің элементтерін тапсырмаларды орындай отырып, құрастыру.
Ойынның мақсаты:Оқушылардың білімін тереңдете отырып, сөздік қорын, ой-өрісін, қиялын дамыту.Жәндіктер туралы біліп, олардың табиғаттағы алатын орындарын біліп өсуге тәрбиелеу.
«Кішкентайларға көмектесейік» ойыны
Ойынның мазмұны: Қыс мезгілі.Қалың қар басқан.Биік төмпешік,балалар шанамен сырғанақ тебуге келіпті.Бірақ төмпешік биік.Кішкене балалар төмпешікке шаналарымен шыға алмай жатыр.Олар биікке шығу үшін тапсырмаларды орындау арқылы көмектеседі.
Ойынның мақсаты:Оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ой-өрісін, есте сақтауын дамыту, кішіге қамқор, үлкенге ізет көрсете білетін еліміздің адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
«Төлдер адасты көмектесейік» ойыны
Ойынның мазмұны: Жайлау сиыр бұзауынан, түйе ботасынан, жылқы құлынынан, қой қозысынан, ешкі лағынан адасыпты.Енді оларға көмектесу үшін берілген тапсырмаларды орындап,енесі мен төлдердің атын атай отырып, бір-біріне табыстыру.
Ойынның мақсаты:Оқушылардың білім деңгейін көтеру Төрт түлік жөнінде, олардың төлдерін қалай атайтынынымызды,олардың пайдасын біліп өсуге тәрбиелеу сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.
« Кім шапшаң?» ойынын қолдандым.Ойынының мақсаты буындарды шапшаң оқуға баулу.Оқушыларға буындарды көрсете отырып әріптемей бірден оқуын талап ете отырып, жүргізген кезде оқушылардың буынды шапшаң оқитынын байқадым.Буындарды тез оқи алған бала ұзақ буынды сөздерді шапшаң оқитын белгілі. Ойын арқылы шапшаңдыққа, жауапкершілікті сезініп, намысқа тырысуға тәрбиеленеді.Мейірімділік, адамгершілік, бір-біріне көмектесу сияқты жақсы қасиеттерге тәрбиеленеді.
У дыбысы мен әрпін меңгертуде кезінде «Балық аулау» ойынын қолдандым.У дыбысына қатысты сөздерге мысал келтіре отырып,балық аулап, шелекке салады. Удыбысы сөздің қай жерінде, қай буында орналасқанын айтады.Ойынға қатысу үшін оқушылар шапшаң ойлап, сабаққа белсенді қатысуға машықтанатынын байқадым.Балық аулау еңбектің түрі болғандықтан еңбекқорлыққа тәрбиеленеді.
С дыбысы мен әрпін меңгертуде « сағат тілі» ойынын қолдандым.Сағат сөзі с дыбысынан басталады. Оқушылардан сағат туралы сұрай отырып, ойын шартын түсіндірдім. Бір минутта 60 секунт бар екен.Олай болса 1минут ішінде сдыбысына қатысты сөздерді айтып шығуымыз керек.Ойын жарыс түрінде ойнатылды.Үш қатарға үш қалташа дайындалды.Әр қатардан жауап берген оқушы өз тобына дөңгелек жинау арқылы ұпай әкелді.Ойын шартында бір айтылған сөз қайталанбайтыны ескертілді.Осылайша оқушылардың ұшқыр шапшаң ойлауы, жеңіске деген құлшынысы артатыны сөзсіз.Уақытты қадірлей білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.