Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шығармашылық жұмыс: : Жаңартылған білім беру аясында пәнаралық оқытуды тиімді жоспарлау
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығармашылық жұмыс
Тақырыбы: Жаңартылған білім беру аясында пәнаралық оқытуды тиімді жоспарлау
Математика пән мұғалімі: Қайрат Г.Қ
Қараспан елді мекені
2017-2018 оқу жылы
Жоспар
Кіріспе
Жаһандық дамудағы рухы мықты жаңартылған бағдарлама
Негізгі бөлім
Жаңартылған білім беру аясында пәнаралық оқытуды тиімді жоспарлау
Қорытынды
Кіріспе
Білім жүйеісн жаңартуда оқу бағдарламаларында қандай өзгерістер бар? Бұл сұрақ қазіргі уақытта тек білім жүйесіндегі мамандарды емес, барлық қауымды ойландырған, түрлі әлеуметтік жүйеде қызу талқыланып жатқан мәселе. Жаңа бағдарламадан мұғалім мен оқушы не күтеді? Оқушыға қандай мүмкіндіктер береді?
Қоғам бар жерде даму бар. Ал сол қоғам дамудың жоғары сатысы жаһандану ахуалында заман талабына құрылуы - өмір заңдылығы. Уақыт бір орнында тұрмайды. Қоғам да уақытпен бірге даму үстінде. Бір орнында тұрып қалу - тоқтау, тоқтау – бұл артқа кету, яғни бұл тоқырауға әкеліп соқтырады. Біздің тоқтауға да, артқа кетуге болмайды. Өйткені бідің алдымызда анық мақсат бар, ол дамыған 30 елдің қатарына ену. Еліміздің көркейіп дамуы келешек жас ұрпақтың қолында екені баршамызға мәлім. Олай болса келешек саналы әрі білімді ұрпақ тәрбиелеу, мына біздерге, ұстаздарға жүктелген міндет деп білемін. Кез келген дамыған елдің даму жолына үңіліп қарасақ, ең алдымен білім беру жүйесіне жаңа реформа енгізгенін көре аламыз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне жаңа реформаенгізу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, білім саласына енгізіліп жатқан жағартылған бағдарлама – бұл заман талабы. «Мұғалім – адам жанының инженері» деп ғұламалар айтып кеткендей, қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан алған тәлімнен басталады.
Жаңартылған білім беру аясында пәнаралық оқытуды тиімді жоспарлау
Қоғамның жаһандануы, ақпараттық мәдениет пен ғылымның дамуы әлемдік саясатты шиеленістіріп, экологияның дағдарысына, экономика мен әлеуметтік күйзелістерге ұшыратуда.Дүниежүзілік сауда орталығында әрбір дамыған мемлекет өзінің меншікті мүддесін сақтауға жоғары білікті мамандар даярлап, сол адами капитал арқылы сапалы өнімдерді басқа мемлекеттерге сату аясында бәсекелестіктің артуы да шиеленісіп келеді. Осы қоғамдық қиындықтар мен еңбек нарығындағы бәсекелестікке байланысты дүниежүзілік білім беру кеңістігінде, әсіресе, Батыс Европа және Шығыс елдерінің кейбір мемлекеттері қоғамдық жаһандануы үдерісіндегі қайшылықтарды шешуге және бәсекелестікті қамтамасыз ететін мамандарды даярлауға дәстүрлі білім берудің мазмұны мен оны білім алушы тқлғасы бойына меңгертуге бағытталған жаңа тұлғалық құндылықтарды қалыптастырудың тұжырымдамалары түзілуде. Солардың бірі, бәсекелестікке қабілетті, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, икемді, проблемаларды шеше алатын, сын тұрғысынан ойлауы мен қарым-қатынас қабілеттері жоғары, еңбек үдерісін ұйымдастыру мен жоспарлауды жауапкершілікпен қарайтын, ақпараттық-коомуникациялық техникаларды жетік қолдана алатын дағдылары сияқты.
Осының негізінде «білімге» бағытталған білім беру парагдимасы, «құзыреттілікке» бағытталған білім беру парагдимасына алмасуы, дидактикалық дәстүрлі «нені оқыту» мен «қалай оқыту» қағидалардың да «нені үйрену» мен «неліктен үйрену» қағидаларына ауысуына ықпал етті.
Дүниежүзілік (халықаралық) білім беру кеңістігіндегі білім беру мазмұны мен оқыту құралдарының өзгерістері негізінде Қазақстанның білімберу үдерісінде педагогикалық процестің түбегейлі өзгеруіне алып келді. Бұл өзгерістер білім беру мазмұны, оқытудың әдістері және оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың жаңа жүйесін түзуге ықпал етті.
Жаңартылған білім беру үдерісінде білім беру мазмұны, енді, нәтижеге бағытталуымен сипатталатын болады. Оқыту мақсатының құрылуы мен жүйеленуі АҚШ танымал психолгы Б.Блумның таксономиясына (білім, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) негізделген. Білім беру бағдарламасының оқыту мақсаттары білім беру бағдарламасында үш бөлім арқылы анықталған: идеяларды зерттеу және дамыту; жасау және дамыту; таныстырылым, талдау және бағалау. Ал, мектептің барлық оқу пәндерінің білім беру бағдарламалары, соның ішінде «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасы немесе оқу бағдарламасының мазмұны Джером Брунердің спиралды тәсілі бойынша құрылған. Білім беру мазмұны бастауыш және жалпы орта мектептің кез келген оқу пәні дәстүрлі оқу бағдарламасындағы оқу материалдарының орнына жаңартылған білім беру үдерісінде оқыту мақсатымен ғана шектеледі. Оқу пәнінің оқыту мақсаты жаңартылған білім беру бағдарламасының оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру үш жоспар түрінен құралған: ұзақ мерзімді, орта мрзімді және қысқа мерзімді. Осы ұзақ мерзімді жоспарда оқыту сабақтарының мақсаты ғана көзделсе, орта мерзімді жоспар мұғалімнің әрбір сабаққа дайындалуына сәйкес әдістемелік ұсыныстар анықталған. Ал, қысқа мерзімді жоспар, біздің дәстүрлі сабақ жоспары ретінде болғанымен, оның құрылымдық элементтері толығымен жаңа сипатта құрылған.
Әр сабақта бұрынғы сабақта үйретілген нәрсе қайталанады, әр сыныпта бқрынғы сыныпта үйретілген нәрселер қайтадан еске түсіріледі, ал нәтижесінде баланың ойымен сөзі дамып қана қоймайды, сол секілді нақтылы мәліметтердің молшылығы пайда болады. Пән аралық байланытың философиялық негізіне дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған білімдерде болатынын өмір көрсетіп отыр. Негізіне оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен олар бір-бірінен өз алдына оңашаланып, бөлектенбейді. Пәнаралық байланыс кезінде материалдың өзара байланысын, бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік экономикалық рухани ортақ белгілерін бір-бірімен сабақтастыру, ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс. Балалардың меңгерген білімдері сайып келгенде әрбір жеке тұлғаның көзқарасына, сеніміне, өмірлік бағдарына, мінез-құлқының қағидасына айналуы керек. Сондықтан да мектепке дейінгі балалардың шығармашылық тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыруда философияда, педагогика, психология және жеке пән әдістемелерінің де бір бірімен байланысы бар. Балаларға тиянақты білім берудегі сол бұрынғы білімнің бір-бірімен байланыстылығын философтарда ерекше атап көрсетті. Мұғалімнің көздейтін мақсаты – оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтап отыру. Пәнаралық байланыс кезінде балалардың ойының тиянақталуына, қиялдауына ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады.
Пәнаралық байланыстың маңызын мыналар жатады:
-
Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын, кешенді жүзеге асыруға ықпал жасайды;
-
Пәнаралық байланыс педагогикалық әрекеттің ғылыми негізде тиімді ұйымдастыруларына көмектеседі;
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі бағыттарын: пән бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын жазу кезінде; оқу жоспарларын және бағдарламаларды даярлауда; жеке әдістемелерді және ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізуде бқларды басты назарда ұстаған жөн. Сондай –ақ педагогика ғылымында белгіленген пәнаралық байланыстарды оқу материалдарының уақыт критерийі; жекелеген пәндердегі оқу материалдарының фактілік, ұғымдық, теориялық ақпараттық мәні; оқу пәндеріндегі білімдер мен іс-әрекет түрлері; мазмұндық-ақпараттық, операциялық іс-әрекеттік ұйымдастыру. Әдістемелік сипатына тән талдап қорытындыланған түрі бойынша жүзеге асырғанымыз абзал.
Оқушыларды пәнаралық байланыстар негізінде оқытудың алғашқы кезеңдерінде мазмұндағы материалды түсіндіре отырып, білім алушылардың жұмыс түрлерін жүргізе білу жұмыс істеу білігі қалыптасады. Осыдан кейін барып, репродуктивті және ішінара іздену әдістерін қолданып және шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту мүмкіндігі туады.
Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығымен қатар мазмұндық, іс-әрекеттік, ұйымдастырушылық – әдістемелік, практикалық өндірістік және т.б қызметтерде жан-жақты белсенділік көрсетуі күшейеді. Пәнаралық байланыс ең алдымен оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырудың себебіне айналды. Оқушылардың іс-әрекетке танымдық, кәсіптік дербестігін пәнаралық байланыстар негізінде дамыту жеке тұлғаның дүниетанымдық, құндылық бағдарын қалыптастырумен өзара тығыз байланыста өтеді.
Қазіргі таңда білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жекебас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру, мәселелерін шешу мақсатын көздеп отыр. Пәнаралық байланыста экологиялық білім беруді ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара ұжымдасуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді.
Жоғары сыныптарда оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін өз көзқарастарын дұрыс қалыптастырып дәлелдей алатын сабақ түрлерін көбірек өткізу тиімді. Олар конференция, семинар, реферат жазып қорғау, дебат, т.б. Мысалы, «Су тіршілік көзі», «Биосфера және адам», «Темекі соты», т.б. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, сабақта алған теориялық білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында төменгі, орта буындарда іскерлік ойындар өткізудің, ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, бір тақырып бірнеше пәнде кездесуі пәнаралық байланыстың дамуына және оқушының тәжірибелік іскерлігін қалыптастырып дамытуға мүмкіндік береді.
Қорытынды
Қорытындылай келгенде, пәнаралық байланыс алған білімге сын көзбен қарау, іздену оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Пәнаралық байланыстың тиімділігі оқушының құзыреттілігін арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар:
-
Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.
-
Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнауы.
-
Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.
-
Білімді сапалы түрде алу.
-
Оқушыны ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді.
-
Бірін-бірі сыйлауға баулуы.
-
Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.
-
Оқушының шығармашылық белсенділігінің артуы.
Қазіргі таңда білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, оқушылрды шығармашылық іс-әркетке үйртеу, жекебас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру мәселелерін шешу мақсатын көздеп отыр. Пәнаралық байланыста экологиялық білім беруді ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара жымдасуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді.