Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Шығармашылық жұмыс "Барлығы майдан үшін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмысымның мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде аға - апаларымыздың елін, жерін ерлікпен қорғап бізге аманат етіп жеткізгендіктерін әжемізбен сұхбаттасу арқылы келешек артымнан ерген іні-қарындастарыма менде аманат етемін.1941-1945 жылғы қанды ұрыстарда Отан үшін от кешіп, ел тыныштығы үшін жанын салған батырларымыздың ерліктері кейінгі ұрпақты үлы істерге жетелеп келеді. Жеңісті жақындатуда еңбегімен өлшеусіз үлес қосқан тыл еңбеккерлері де бұл қүрметке әбден лайық. Ұлы Отан соғысы жылдары тылда қалған қыз-келіншектер мен балалардың тартқан азабы, жеңісті жақындатуға қосқан үлестері аз емес. Ауылымздың тұрғыны тыл еңбек ардагері Габдушева Хатыш әжеміз - солардың бірі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін» -

Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдағы еңбек ерлері туралы

шығармашылық жұмыс


Ғұбайдуллин Асқар Сағынғалиұлы

Жаңажол ауылының Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен

Габдушева Хатыш әжеміздің өмір жолын зерттедім. Бүгінде

Габдушева Хатыш әжеміз мамыр айында 90 жасын тойлағалы отыр, әжемізге ұзақ ғұмыр тілей отырып, әжемізбен тілдескен сұхбатымды ақ парақ бетіне түсіріп сіздерге ұсынып отырмын.


Жұмысымның мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде аға - апаларымыздың елін, жерін ерлікпен қорғап бізге аманат етіп жеткізгендіктерін әжемізбен сұхбаттасу арқылы келешек артымнан ерген іні-қарындастарыма менде аманат етемін.

Picture 1

1941-1945 жылғы қанды ұрыстарда Отан үшін от кешіп, ел тыныштығы үшін жанын салған батырларымыздың ерліктері кейінгі ұрпақты үлы істерге жетелеп келеді. Жеңісті жақындатуда еңбегімен өлшеусіз үлес қосқан тыл еңбеккерлері де бұл қүрметке әбден лайық.

Ұлы Отан соғысы жылдары тылда қалған қыз-келіншектер мен балалардың тартқан азабы, жеңісті жақындатуға қосқан үлестері аз емес. Ауылымздың тұрғыны тыл еңбек ардагері Габдушева Хатыш әжеміз - солардың бірі.

Жасы 90 келген еңбек ардагері Габдушева Хатыш әжеміз әлі тың, қимылы ширақ. Жастайынан еңбекке араласқан тыл еңбеккері қырқыншы жылдарды ауыр күрсініп еске алады. Сұрапыл соғыс қаншама адамдардың тағдырын азап пен қасіретке толтырды дейді ол.



Хатыш әже, еңбек және тыл ардагері:

- Мен 1927 жылы Айдархан аулының Сәуенке деген жерінде туғанмын. Өстік, өңдік, оқыдық. Қазіргі кездегідей қалам жоқ. Бірнеше оқушыға бір бөтелке сия, тон кітап береді соған қалам салғыш деген болатын соған шүберекті ағашқа түйіп сияға малып жазып оқып шықтық. Дәптерлер жеткіліксіз, оқимайтын кітаптарға дәптеріміз бітіп қалса соларға жазып жүрдік, солай жетінші сыныпты бітіріп шықтық.


Хатыш әже – алтын құрсақты ана. Аяулы ана, асыл жар бүгінде шаңырағының түтінін түтетіп отырған әже. Сұрапыл соғыс ерте есейтті дейді көзіне жас алған әжеміз.



Хатыш әже, еңбек және тыл ардагері:

- содан, 1-2 жылдан кейін соғыс басталып біздер жастайымыздан жұмысқа араласа бастадық, мен соғыс уақытында яғни 14-15 жасымда тырма айдадым, жазғытұрым уақытында егін шыға бастаған уақытында тырма айдадым, күзгі уақытта түйе гравиласын айдап пішен жинайтынмын. Соғыс кезінде иық-биалай тоқыдық, онда қазіргі кездегідей жарық жоқ, шамның жарығымен сығырайып отырып тоқып тапсыратынмын.


Әжеміз сол сұрапыл соғыс жылдарында отбасын құрып, қазіргі уақытқа дейін балаларының аман есен жеткендігінде шүкіршілік етеді.


Хатыш әже, еңбек және тыл ардагері:

- содан бері қарай тұрмыс құрып балалы-шағалы болдым. Содан жолдасым малға шығайық деп малға шықтық. 500-ге тарта төлдейтін саулық қойымыз болды. Жаз айларында сахманшылар, анау Өтегенова Бақыт, Темірбеков мәлік деген сахманшылар келіп біздерге жаөсы жұмыс жасап жақсы жетістіктер алып берді.


Сол кездегі ауылдың жағдайы, тұрмыс-тіршілігін Хатыш әжеміз мылай деп сипаттап берді. Ол кезде тамақтың өзін өлшеп, адам санына ғана беретінін, кейде тіпті қарындары ашқаннан қазіргі малдың азығы ешіманды қурып жеп, болмаса дәкеге түйіп жанқалталарына салып мектепке жіберетінің айтып, анасын еске алып алды. Ол болмаса көлдің жағасында өсетін атжоңқайды қурып илеп, кебегін жеп өскендерінде есінде екенің айтып берді.


Сол зұлым жылдарда білім нәрін сусындатқан, алғаш хат танытқан ұстаздарының да есімдерін жатқа білетін білетін әжеміз болашақ жастарға ұстаздарынды аялай біліндер деп ескертті. Хатыш әжеміздің алғашқы ұстазы Қ. Қабдығалиева болса, Б. Арыстанбеков, А.Білтизанов секілді ұстаздардан білім нәрін сусындаған.


1945 жыл мамыр айы немістердің жеңіліп Р.Қошқарбаев атамыздың Рейхстагқа ту тіккен уақыты «Біз жеңдік» деген жеңістің көз жасын, қуанышты сәтті Хатыш әжеміз былай деп жеткізді.


Хатыш әже, еңбек және тыл ардагері:

- Жеңіс мен үшін өмірімдегі ең қуанышты сәт. Ол кезде мынадай етіп өлеңдететінбіз

«Германия қас дұшпан,

Адам жеп қан құсқан,

Июнь айының 22-інде

Соғыс ашты батыстан.

Түнеп жүріп түртініп,

Соғыс ашты Гитлер

Өмір жоқ жер тепсенде

Отқа басын үйтілер, – деп.


Қазіргі таңда 12 құрсақты аяулы ана, аман-есен жүрген 6 баласынан 16 немере, 22 шөбере көріп отырған асыл әже. 25 шақты жиен-жиеншарларыменде мақтанады.


Келешек жас ұрпаққа жарқын болашақ, ашық аспан, бейбіт өмір, шынайы күлкі, амандық, ең баста байлық денсаулық тілеген Хатыш әжемізге менде тоқсанның еселігіне келіп, шөберелерінің шөбересін көруді нәсіп етсің деп бала тілегімді айтып, сұхбатымды аяқтадым.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
464
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12