Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Шығармашылық жұмыс: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу жолдарын үйрету
Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: «Көркем шығармаларды,поэзияны оқыту арқылы оқушылардың рухани мәдениетін жоғарылатып, болашақта көкірегі ояу, адамгершілігі мол тұлға етіп тәрбиелеу»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
11516
50 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты
№93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу жолдарын үйрету
қазақ тілі пәнінің
МҰҒАЛІМІ: Қожамбердиева Гуляим
Ақсукент - 2017ж
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқу
жолдарын үйрету
Мақсаты: Көркем шығармаларды,поэзияны оқыту арқылы оқушылардың рухани мәдениетін жоғарылатып, болашақта көкірегі ояу, адамгершілігі мол тұлға етіп тәрбиелеу
Қай ұстаз болмасын өз шәкіртінің дүрыс сөйлеп, ойын шебер жеткізе білгенін қалайды. Бұл орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің рөлі ерекше деп ойлаймын. Баланың сөз мағынасын, сөйлем мәнін ұғынуында мәнерлеп оқудың да маңызы зор.
Жалпы мәнерлеп оқу дегенде тек поэзияны ғана мәнерлеп оқи білу деп түсінбеуіміз керек. Мен өзімнің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білу, әрбір кейіпкер сөзін сол кейіпкер бейнесінде толғай білу, әрбір мақалдың негізгі ойын дұрыс айтып жеткізе білу, әрбір өлең жолдарын мәнімен, ұйқас, ырғақтарын ұғып тұрып жеткізу жолдарын үйретуге тырысамын. Ол үшін бала ең алдымен оқиын деп тұрған сөйлемнің, мақалдың немесе өлең жолдарының мағынасын, айтпақшы ойын анық түсіне білуі керек.
Екіншіден, әрбір тыныс белгісінің мәнін ұғып, соны дұрыс пайдалана білуі тиіс.
Үшіншіден, өлең сөздің ұйқас ырғақтарын, бунақ тармақтарын ажырата білуі керек. Демек, бұдан келіп шығатын қорытынды нағыз мәнерлеп оқи білетін бала қазақ тілі мен әдебиеті теориясынан толық білімді болып шығады екен. Бұлай дейтін себебіміз, егер оқушы қазақ тіліндегі тыныс белгілерін (пунктуация) не үшін қойылатынын, әдебиет теориясында теңеу, эпитет, метонимия, метафора, т.б. сияқты ұғымдардың қандай жерлерде не мақсатпен жазылатынын білмесе, онда оқушының мәтін мазмұнын дәл ұғып, түсінуі қиындау болар еді.
Мысал келтірсек:7-сынып, Қазақ тілі.
-Ия, алдымен айта кетейін: Отан, ата-мекен, ата-баба, ұрпақ, қазан-ошақ, ағайын-туыс деген қасиетті сөздер сол шақта да нақ осы күнгі сияқты мән-мағынада болған. Осы сөйлемді тыныс белгілерін алып тастап оқысақ, сөйлем өзінің жеткізейін деп тұрған қасиетті ұғымынан мүлде алыстап, түсініксіз былдыр болып шығар еді. Немесе, Бидайдың кеудесін көтергені – дақылының жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы- деген мақалдағы сызықша мен үтірді алып тастасақ та, жоғарыдағыдай жағдайға душар болар едік.
Бірінші сөйлемді оқығанда бала түсінігінде Отан, туған жер, туыс, ата-баба сияқты сөздердің қасиетін ұғатындай ұғым болуы керек десек, мақалды оқығанда бала дарақылық, мақтаншақтық сияқты жаман қылықтардан жиренетіндей дәрежеде болуы керек. Сонда ғана мақал өз дәрежесіне сай жеріне жеткізіле айтылады. Сәкеннің Сыр сандық өлеңінен үзінді келтірейік:
Сыр сандықты// ашып қара,
Ашып қара // сырласым.
Сым пернені// басып қара;
Басып қара// жырласын!
Сұлу сымда// перне әуені
Перне әуені// жыр айтар
Көңіл ашар// тербеу әні,
Тербеу әні //сыр айтар.
Міне, бұл жолдарды оқығанда оқушы сыр сандықтың адамның жан дүниесі (метофора), сым перненің көңіл – күйі ( метафора) және әр шумақтың бунақ, тармақтан тұратынын ажырата білуі керек, сонда ғана ол ақын жанын түсініп, сезіміне еніп, тыңдаушы жүрегіне сол сұлу сазды, сырлы назды жеткізе алады.
М. Әуезовтың Көксерегінде Құрмаштың әжесінің мына бір сөзіне назар аударайықшы:
Түу, мына кәпірдің екі көзі жап – жасыл боп кетіпті – ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара; Қой, балам, енді мұны өлтіріп, терісін алайық,- деп еді.
Бұл сөйлемді оқығанда оқушы ең алдымен көпті көрген көне көздің байқағыштық қасиетін көре білуі тиіс, екіншіден, бұл сөйлемнің иесі жас адам емес, қарт әже екенін ұмытпауы керек, үшіншіден, қасқыр тұқымының жыртқыштық қасиетін жан – дүниесімен сезінуі қажет. Сонда ғана қарт әженің аузынан шыққан бір ауыз құдіретті сөз тыңдаушысына өз мәнінде жетеді.
Енді осы қасиеттерді балаға қалай меңгертуге болады( Ол үшін төмендегі сызбаны (1 сызба) негізге ала отырып, мынадай жұмыстар жүргіздім:
( мәтінді жанрына қарай өзім оқып, таныстырамын; - тыныс белгілерінің қойылу ерекшеліктерін сұрап, білгенін өзім түсіндіріп өтемін:
( оқушыға іштей оқытып, сөйлем немесе шумақ мазмұнын ұғып алуына мүмкіндік беремін.
( жеке- жеке оқушыға даралап оқыттырамын;
(балаларға кезекпен немесе барлық сынып оқушыларына бірден дауыстап оқытамын ( бұл, әсіресе, төменгі сыныпқа қолайлы);
( егер кейіпкер сөзі не диалог болса баланың сол бейнеге енуіне жағдай жасаймын;
( теледидардан берілетін кештер мен айтыстарды үнемі көріп отыруын тапсырып, қадағалаймын;
( тек оқулық көлемімен шектелмей, өздерінің ұнатқан шығармаларын жаттап, сынып алдында айтуына мүмкіндік беремін ( бұл баланың ізденуіне мүмкіндік);
( мәнерлеп оқуды өте жақсы меңгерген оқушыларды сынып алдында жеке оқытамын, әр түрлі шараларға қатыстырып отырамын;
( баланың бет – қимылын қозғалысын қалыптастыруға бағыт беремін ( бұл баланың алға ұмтылуына, талпынуына жағдай жасайды).
Бұл талаптарды жаңа сабақтарда, блок сабақтарында, үй тапсырмаларын сұраған кезде жүзеге асырып отырамын.
Енді Еңбегіне қарай өнбегі демекші, осы жұмыстар негізінде қол жеткізген нәтижеме тоқталсам:
( Өзім сабақ беретін сынып оқушыларының жартысынан көбі жақсы, бесеуі өте жақсы дәрежеде мәнерлеп оқу жолдарын меңгерген;
Қорыта келгенде, Сөйлеудің екі түрі болады: бірі – жалаң, екіншісі - көрнекі. Көрнекі сөйлеуді жырлау – толғау дейміз. Жырлау – толғауда айтылатын әсерлі сөзді дарынды сөз деп айту қолайлы. Сөздің асыл болуы – адамға ұнауымен. Сөз мағына жағынан күштілігімен, көркемділігімен, ұнайды, - деп, А. Байтұрсынов айтқандай, мәнерлеп оқу жолдарын толық меңгерген оқушы сөз асылын табатын, сөз мағынасын ұғатын, дарынды сөзді тани білетін тұлға болып қалыптасады.
Мәнерлеп оқу үйірмесінің жоспары
Үйірменің негізгі мақсаты:
оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
оқырмандық талғамды қалыптастыру
ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Міндеті:
әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.
Мәнерлеп оқу үйірмесінің жоспары:
№
Мазмұны
сағат саны
Пайдаланылатын
әдебиеттер
Уақыты
1
а) сөз сырына үңілсем (сөз мағынасы)
ә) Абай Өлең - сөзің патшасы, сөз сарасы (өлең құрылысы)
4
2
Қазақ тілі оқулығы, лексика бөлімі
2.
а) Пунктуация ережесі – дұрыс сөйлеу негізгі (ереже)
б) мақал – сөз мәйегі
4
2
Пунктуациялық сөздік
3.
а) Көркем тәсіл – сөз бояуы
ә) С. Сейфуллин Сыр сандақ т.б.
4
4
З. Қабдолов. Әдебиет теориясы
4.
а) Дұрыс оқылған сөйлем – көркем сөйлеудің алғышарты
ә) Т. Айбергенов Ана, т.б.
4
3
Орфоэпиялық сөздік (прозалық шығарма)
5.
Поэзия! Сен менімен егіз бе едің( (теория ) ( практика)
4
3
6.
а) Сахна мәдениеті – көрермен назарында
б) кейіпкер бейнесіне ену, жан – дүниесін түсіну жолдары
в) мәнерлеп оқу сайсытарына қатысуға дайындық
4
3
3
С. Дүкенбаев. Драмалық шығармаларды оқыту
7.
а) Теледидар кеші – шеберлікті ұштау көзі
б) Әдеби кештерге талдау жасап, оқылған өлеңдерді сараптай білу
2
2
Теледидардан әдеби кештерді көру
8.
а) Менің сүйікті шығармам (өлең)
б) драма
в)проза
2
2
2
Көркем шығармалармен жұмыс
9.
Жаттығу сағаттары
4
10.
Қайталау
2
11.
Қорытындылау (Мәнерлеп оқу сайысы)
2
А) мәтінді таныстыру
Б) сөздікпен жұмыс
Пунктуация ережелерін үнемі қайталау
А)теледидардан айтыс, поэзия, драмалық қойылымдарды көріп талқылау.
Б) ерікті жаттығулар
Орфоэпия ережесін сақтай отырып, жеке оқушыларды салыстыра оқыту.
1. оқушының актерлік шеберлігін арттыру.
2. шешендікке баулу
әдебиет теориясын жан-жақты меңгерту
Мәнерлеп оқу

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)