Материалдар / Шығармашылық жұмыстар топтамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық жұмыстар топтамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2019
1611
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығармашылық жұмыс

Тақырыбы: «Балаларды табиғатпен таныстыру»

Мақсаты:

Табиғатқа, оның сұлулығына қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру. Жануарларға қамқорлық етуге , өсімдіктерге қарауға үйрету. Танымдық, моральдық және эстетикалық мәселелерді біріктіре шешу. Балаларды ересектердің еңбегімен, табиғат қиындықтарымен таныстыру және олардың қызметінің нәтижелерін көрсету. Балаларға табиғат құбылыстары арасындағы ең қарапайым байланыстарды үйрету.


Балаларды табиғатпен таныстыру әдістері:

1. Көрнекілік әдісі

2. Практикалық әдіс

3. Элементарлы тәжіибелер

4. Сөздік әдіс


Балаларды табиғатпен таныстыру тәсілдері:

1. Ойын-сабақтар.

2. Топ серуендері және ондағы бақылаулар.

3. Күнделікті еңбек /бөлмеде және аулада/.


Балаларды табиғатпен таныстыру шарттары:

1. Балабақшада балаларды табиғатпен таныстыру жұмысының басты шарты – табиғат мүйісінің болуы. Әр топта бөлек немесе барлығына ортақ. /Тірі жәндіктер болмағанда суреттері мен макеттерін қолдану/.

2. Топ учаскесінде еңбек етуге жасалынған жағдайлар. /гүлзарлар, жемсалғыштар,т.б./.


Балаларды табиғатпен таныстыру талаптары:

1. Аймақтық компоненттерді, яғни жергілікті жер материалдарын қолдану.

2. Күтімге қарапайым, балалардың шамасына сай болуы.

3. Көз тартарлық әдемілігі.

4. Экспонаттар қауіпсіз, балалардың денсаулығына зиянсыз болуы.

5. Балалар еркін жақындап, қызыға қарауына мүмкіндік болуы.

Қарапайым мысал - бөлме өсімдіктерін күтіп баптау.

Мысалы, герань немесе кактус.

Олар күн көзін сүйеді. Сондықтан күн жақсы түсетін жерге қойып, жиі суғару қажет.

6. Табиғат бұрышының бөліктерін «уақытша» және « үздіксіз» деп топтау.

Үздіксіз ұстауға ыңғайлы / бөлме өсімдіктері мен аквариум/, уақытшалық деп маусымдық ерекшелігі барларын атаймыз /мысалы, бәйшешектер тек көктемде біраз күнге шыдайды. Көбелектерді көктем мен жаз басында көрсетіп, қайта ұшыру/.

7. Құстарды ұстау әдемі, сонымен қатар күтімі қиын және оларды ұстаудың бала денсаулығына әсерін ұмытпау абзал.

8. Бауырымен жорғалаушылардан тек тасбақа түрлерін ұстау тиімді.

9. Сүтқоректілерден күтімінің қарапайымдығы мен бала денсаулығына қауіпсіздігі жағынан кеміргіштерді ұстау тиімді /мысалы, үй қояны, тиін,кірпі, т.б./.


Ортаңғы топ балаларына арналған табиғат бұрышы

Ортаңғы топ балаларының санасында заттар мен олардың бөліктерінің қасиеттері мен сапалары арасындағы байланыстарды көру қалыптаса бастайды. /Формалардың, түстердің, көлемдердің, денелердің қасиеттерінің сан алуандығы/. Балалар заттарды терең салыстыруға, олардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын табуға, жалпылама қорытындылар жасауға үйренеді. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы білімдері қиындайды. 4 жастан 5 жасқа қараған бала жануарлар әлемімен танысқанда олардың түр ерекшеліктерін, құрылысын, қозғалысын, қоректену әдістерін түсіне бастайды. Мысалы, өсімдіктерді /тәрбиешімен бірге/ күту кезінде қарапайым еңбекке үйренеді – гүлді қалай суғару, сарғайған жапырақтардан арылту. Олардың қалай өсіп келе жатқанын көреді. Сондықтан, бөлме өсімдіктерінің пішіндері, жапырақтарының формалары әртүрлі болуы керек. Ұсақ жапырақтарды шашыратқышпен суғару, үлкен жапырақтарды дымқыл шүберекпен сүртүді үйренеді. Ұсынылатын гүлдер атауы: герань, мәңгі гүлдейтін бегония, алоэ, агава, барлығы 6-8 гүл.

Аквариум туралы айтсақ,онда сырт пішіні мен қылық-әрекетіне орай 2 түрлі балық ұстау керек: біреуі – баяу қозғалатын, екіншісі шапшаң болуы шарт. Ұсынылатын балықтар «алтын балық», карась, телескоп.

Сүтқоректілерді ұстауға мүмкіндік болмаған жағдайда көрнекілік әдісті көптеп қолдануға тура келеді, сонымен қатар ауылдық жер балабақшасының тәрбиеленушілерінің үй жануарлары, үй құстары туралы бастапқы білімі бар екенін ұмытпайық. Ортаңғы топ балаларын үй жануарларымен таныстыруда жыл мезгілдеріне сай, әкеліп көрсетуге болатынын ескеру керек. Мысалы: күшік, марғауды, т.б.ұсақ жәндіктерді көрсете отырып бақылау жүргізу, ал ірі қараны бақылау үшін жайылымға топсеруен кезінде алыстан бақылау жүргізуге болады.


ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ БАҚЫЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

І. К Ү З.

Балаларды күзгі табиғат өзгерістерін бақылауға үйрету /күннің суытуы, жаңбыр, жел/, жапырақтардың түсуі; күзде гүлдейтін гүлдерді /георгин, «алтын шар», календула немесе тырнақгүл /,күзде пісетін жеміс жидектерді, түсіп жатқан жапырақтар қандай ағаштікі екенін танытып, дұрыс атауға үйрету. Күзгі табиғатқа деген қызығушылықтарын оятып, оны аялауға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

а/ Ауа райын бақылау.

Күнделікті серуен кезінде ауа райы жағдайына балалардың назарын аудару: суық па, жылы ма? Жел ме, тынық па? Аспанның түсі қандай? Жауын-шашын болса оның түріне тоқталу. Желдің бағытын бақылау үшін зырылдауық алып шығу. Табиғаттағы кейбір байланыстарды түсіндіру, мысалы: жер неге су? Себебі – жаңбыр, ал күн шықса жер кебеді..

ә/ Ағаштарды бақылау.

Күзде ағаштардың әдемілігіне назар аудару, жазда бұл ағаштың жапырақтары қандай еді? Қазір қандай? Жапырақ жауған кезде олардың қайдан? Қайда? Құлап жатқанын сұрау /жоғарыдан төмен/. Тәрбиеші әдемі жапырақ тауып алуды ұсынады, бәрінің жапырақтарын салыстыру,не нәрсеге ұқсайды? Ең әдемісін топ бөлмесіне алып кіру. Түскен жапырақтар қалың болған жағдайда тәрбиеші балалармен бірге жүріп, аяқ астындағы жапырақтардың сыбдырын тыңдатып, себебін бірге іздейді. Топта сурет сабағында сол жапырақтарды салғызуға болады.

б/. Гүлзарларды бақылау.

Тәрбиеші гүлдердің атауларын айтқызып, кейбір гүлдерді ұқыпты үзіп, құрылысына, түсіне, не нәрсеге ұқсайтынына назар аударады, балаларға иіскетеді. Кішігірім гүлдесте жасауға болады

в/. Дидактикалық ойындар.

Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін нақтылау үшін және сөздік қорларын байыту үшін күз соңында балалармен әртүрлі дидактикалық ойындар жүргізуге болады. Кіші топта олар тек қана атап үйренсе, ортаңғы топта сипаттап немесе сипаттама бойынша тауып үйренеді. Мысалы: «Қолымда не бар екенін таны», «Дорбада не бар екен?», «Ұзын, сары, тәтті» атты д/о жүргізу.

г/ Еңбек тәрбиесі

Еңбек тәрбиесін жүргізу мақсатында тәрбиеші күнделікті тапсырмалар орындатады. Мысалы: Қай гүлді суғару керек , қанша су керек? Серуен кезінде жапырақтар жинату, т.б.

Серуенге шыққанда күзгі ауа райына сай киіну.


ІІ. Қ Ы С.

Балаларды қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру: Қардың жаууы, аяз, қар мен мұздың қасиеттерімен таныстыру. Қыс кезіндегі ағаштардың бейнесіне назар аударту. Қысқы пейзаж туралы түсінік беру. Ауылымызда қыстайтын құстарды танытып, дұрыс атауға үйрету. Қысқы ауа райы мен адамдардың еңбегінің байланысын түсіндіру.

а/ Өлі табиғат құбылыстарымен таныстыру.

Күнделікті серуен кезінде балалар табиғатты бақылауды жалғастыра береді; ауа райына сай киінудің қажеттілігін түсінеді.

ә/ Бақылау жүргізу

«Қардың жаууы» :қар қалай жауып тұр?баяу ма немесе тез бе?қар қайда түседі?

Тәрбиеші қардың қарлы бұлттардан жауатынын түсіндіріп, әркез серуенде қар басқан бұталар мен ағаштардың сұлулығына назарларын аударуы керек, қар туралы тақпақ немесе қысқа әңгіме айтуға болады.

б/ Қарапайым тәжірибе

Серуенге шыққанда бір ыдысқа су құйып алып шығып, қалдыру. Күннің екінші бөлігінде мұз боп қатқан суды бөлмеге кіргізіп, балаларға ұстатып , оның суық қатты. Тайғақ екенін сезіндіп, білімдерін бекіту.

в/ Ағаштарды бақылау

Ортаңғы топ балаларының санасында қысқы ағаштар бейнесі туралы салыстырмалы түсінік қалыптастыру үшін бір серуен кезінде жалаңаш ағашты, келесі серуен кезінде түгелдей қар басқан ағаштарды бақылату тиімді. Сұрақтар: ағаштың діңі қандай? Жоғарғы жағы мен төмен жағын салытыру; жапырақтары қайда кеткен? Қане, көктемде бұл ағашымызға көп жапырақ шығу үшін қардан көрпе жабайық, тоңбасын, - деп топтық жұмысқа бейімдеу.

г/ Құстармен таныстыру.

Балалардың бойында құстарға деген қамқорлық, аяушылық сезімдерін оятып, тәрбиелеу үшін үнемі жемсалғыштарға жем салып, серуенге шыққан кезде қонған құстарды бақылату. Қонған торғай, қарға, сауысқандарды сырттай көлемі, сырт пішіні және дыбыстауы бойынша салыстыруға үйрету.

Мысалы: қарғаның түсі қандай? Қара екен; сауысқанның құйрығы ұзын ба? Қысқа ма?

Бекіту мақсатында ойын жүргізуге болады «Қарғалар мен торғайлар».

Тәрбиеші балаларды екі топқа бөледі де, құстардың әрекеттерін көрсетуге тапсырма береді, көмектеседі. Торғайлар секіріп, «чик-чирик» деп дыбыстайды, ал қарғалар тобы шайқала жүріп, бастарын шұлғып, «қар-қар» деп қарқылдайды. Тәрбиеші немесе бір бала мысық боп, құстардың бірін ұстауға тырысады.ұсталған бала мысық болады.ойын барысында топтар атауларымен алмасады.

д/ Еңбек тәрбиесі

Серуенге шығарда және кірерде өз-өздеріне қызмет етуге, киімдерін және аяқ киімдерін тазалауға дағдыландыру.


ІІІ. К Ө К Т Е М.

Табиғаттағы көктемгі құбылыстармен балаларды таныстыру, көктемгі табиғат өзгерістері туралы білімдерін нақтылау және тереңдету. Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді өзара байланыстыру /күн қатты қыздыра бастады, қар еріді/.

Астрономдардың пікірінше, көктем 21-нен 22-не қараған наурыз айының күн мен түн теңелуі көктемнің басталуы боп, ал соңы болып жылдың ең ұзақ күндері 21-22 маусым саналады. Натуралистер үшін көктем 19 наурызда – ұзақтар ұшып келген күні басталады.

а/ Өлі табиғаттағы өзгерістер

Наурыз айының ортасынан былай күн ұзарып, түн қысқарады.Талтүсте күн неғұрлым биікке көтеріліп, сәулесі жерді қыздыра бастайды. Қар еруін бастайды. Сәуір айында еріген қарлар суға айналып, мұздар ери бастайды. Мамыр айының басында алғашқы рет күн күркірейді. Тәрбиеші серуен кезінде «Қар қайда кеткен?» деген сұраққа балалармен бірге жауап іздейді.

ә/ Ағаштардың оянуы

Сәуір айында қар құрсауынан босаған ағаштар бүр жарып, жапырақ жая бастайды. Қайың мен мойылды бақылауға болады.

Мамыр айында үйеңкі, акация, емен мен жөке ағаштары бүр жарады. Нағыз көктем - мамырдың соңында жидектер гүлдеуі.

б/тірі табиғаттың оянуы:

- /Жәндіктердің пайда болуы.

Алғашқы көбелектер ұшып, қоңыздар тіріледі.

- / Жыл құстарының ұшып келуі.

Жәндіктердің пайда болуынан соң ұзақ, қараторғай, бозторғай ұшып келе бастайды.қыстап қалған қарға, сауысқан, торғайлар да олармен бірге ұя салуға әрекеттенеді.

- / Қысқы ұйқыға жатқан аю, суыр оянып, қояндар мен тиіндер, қасқырлар балалайды Аңдар түлейді

в/ Еңбек тәрбиесі

Гүлзарларға гүл отырғызу. Тәрбиеші гүл тұқымын сеуіп, одан қандай гүл өсіп шығатынын суретпен көрсетеді. Бір балаға суқұйғышты ұстауды көрсетіп, үйретеді. Жұмысты қорытындылайды: «Міне, балалар, біз бүгін тұқым септік. Енді осы гүлзарды үнемі суарып, күтіп, қандай өсімдік өсетінін бақылайық».


ІV. Ж А З.

Балаларды жаз маусымының ерекшеліктерін бақылауға және олардың өзара байланыстарын орната білуге үйрету/ күн шақырайып тұр – сондықтан ауа ысып кетті, жаңбырдан соң шөп тез өседі/; қарапайым қорытындылар жасауға үйрету /алма, алмұрт – жеміс, сәбіз, қияр – көкөніс/; жан-жануарлардың тіршілігіне жылу, жарық, ылғалдың қажеттілігін түсінуге жетелеу. Табиғат сұлулығын көре білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

а/ Өлі табиғат құбылыстарымен таныстыру.

Серуен кезінде тәрбиеші балаларға табиғатты бақылатуды, күн, жел, жауын-шашынға назар аударуын жалғастырады. Ыстық кезде қалай киіну керектігіне назар аударады.

ә/ Тірі табиғаттағы өзгерістермен таныстыру.

- жаздың басында гүлдер көп өсетін алаңқайларға бірнеше топсеруен ұйымдастыру, биік шөп арасынан әдемі гүлдерге назарларын аудару. Тәрбиеші 1-2 гүл үзіп алып, олардың құрылысына, түсіне назарларын аударып, қысқа көлемді өлең оқуына болады. Бақбақ гүліне назар аудару: «Балалар, қараңдаршы өткен жолы келгенде аппақ үлпілдеген шар нді, енді міне әдемі сары гүлге айналыпты», - деп қызықтыру

- гүлден гүлге онып жүрген көбелектердің әрекеттерін түсіндіру/ұшқан кезде қанаттарын жайып, қонғанда жинайды екен/.

- «Жылдың төрт мезгілі» топтамасынан бір суретті таңдап, сол бойынша әңгіме жүргізу.

б/ көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін тереңдету мақсатында әңгіме жүргізу, «Сипап сезіп, таны»сияқты дидактикалық ойындар жүргізу.

в/ Еңбек тәрбиесі

Күнделікті бөлме өсімдіктерін, гүлзарларды күтеді. Мүмкіндігі бар топтар табиғат бұрышындағы жұмыстарын орындауды жалғастыра береді.


Т О П С Е Р У Е Н Д Е Р Ө Т К І З У Д І Ң Б І Р Н Е Ш Е Ү Л Г І С І:

1. «Топ үлескісіне күзгі топсеруен»

Мақсаты:

1. Балалардың назарын күздің алғашқы белгілеріне аудару/жапырақтар түс өзгерді/.

2. Ағаш атауларын/2-3/, қабығы мен жапырақтарының түсі бойынша бұталарды /1-2/ ажырата білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту.

3. Бақылауларға деген қызығушылықтарын оятып, эстетикалық қабылдауға тәрбиелеу.

Мұндай мақсаттағы топсеруендеркүз белгілері анық біліне бастағанда жүргізіледі.

Қ. Шаңғытбаев «Күзгі жапырақтар»:

Алтын сары, қызыл, көк…

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күн шуақта маужырап

Ағаштардан жамырап

Түсті енді жапырақ.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап.

«Жазда тұрып жоғары, күзде жерге құлады» /жапырақ/


2. «ҚЫС КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫ СЕРУЕНГЕ ДАЙЫНДАУ, КИІНУГЕ ҮЙРЕТУ».

Мақсаттары:

Серуенге шығуға дайындау, дұрыс киіну ретін үйрету. Баланы өзінің назары ауған заттарды сөзбен айтуға үйрету, тілдерін дамыту. Өз-өздеріне қызмет ете білуге тәрбиелеу.

Барысы:

Тәрбиеші мен оның көмекшісі балаларды серуенге дайындауда.Бұл әрекеттер әлі өздігінен киініп-шешінуі нашар балалармен жасалынады /3 жастан асқан бала жалпы киіне білуге тиіс/.

- Кәне, Жәңгір, алдымен не киеміз? Қолына кофта алады.

- Кофтаны, - дейді бала.

- Д ұрыс, кофтаны. Ал, енді не киеміз? – деп, тәрбиеші қалың шалбарды алады.

Аяқ киім, сырт киім, бас киім, шарф рет-ретімен киіліп жатады. Дұрыс айтпаған сөздер болса ақырын ғана тәрбиеші дұрыс қайталатуы керек.

- Малақай қайда? Малақай қайда кеткен? - деп көз алдында жатса да, қам жеген болвп іздейді.бала оны тез «тауып алады»

- Міне, мақай/малақай/!

- Ә, мұнда екен ғой, Қане, құлағыңды аяз тістеп алмауы үшін бауын байлайық.Енді не киеміз?

- Қолғап.

- Дұрыс, енді біз серуенге дайынбыз.Аяз бізге: «Бала жылы киінген екен.Онымен ойнауға болады!», - дейтін болады, кеттік.


3. «АЮ ЖӘНЕ ТЫШҚАН» /Жылдың барлық мезгілінде/

Дидактикалық ойынның мақсаттары:

Балаларды табиғат әлемімен таныстыруды, оның ішінде жануарларлар әрекеттерімен т-ды жалғастыру. Ойын барысында дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Топпен әрекет етуге, бір бірін сыйлап, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Уақыты, орны:

Серуен кезі, беседкада жүргізіледі.

Барысы:

Балаларды екі топқа бөліп, отырғызу :

- «Мына жерге тышқандар отырады , олар менің барлық сұрақтарыма И-И-И деп жауап береді

- «Мына жерге аюлар отырады, олар менің барлық сұрақтарыма Ы-Ы-Ы деп, жауап беретін болады». Ал енді , балалар, менің сұрақтарымды тыңдаңдар.

- Тышқандар-ау, тышқандар, сендер қалай күлесіңдер?

Тышқандар /қуанышты дауыспен/: И- И-И

- Аюлар-ау, аюлар, сендер қалай күлесіңдер?

Аюлар /қуанышты дауыспен/ Ы-Ы-Ы

Келесіде тапсырманы ауыстыру, аюлар мен тышқандар қалай жылайды екен? Тәрбиеші көрсетеді, балалар қайталайды.Жарты минуттан соң рөлдер ауысады.Кейбір балалардың тапсырманы дұрыс орындамағанын байқаған тәрбиеші олармен жеке жұмыс жүргізу үшін белгілі бір сылтаумен шақырып алады. Мысалы,

- Ал, бір аю /тышқан/ жалғыз қалып қойыпты, Алихан, кәне, ол қалай жылап келе жатыр екен, көрсетіп жіберші?

- Ал, бір тышқан /аю/ гүл теріп, көбелек қуып, күліп, бөлек кетіп бара жатыр. Кәне, Жансая, сен сол тышқан болшы.

Балалар, біз бүгін ойнаған ойын сендерге ұнады ма? Тышқандар мен аюлардың күлуі мен жылауын ұмытпаңдар, жарай ма?


4. «ҚҰСТАРҒА, АҢДАРҒА, ЖӘНДІКТЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ» /қимылды әрі дидактикалық ойын/

Мақсаттары:

Серуенді көңілді өткізу. Жұптасу әрекеттерін дамыту, жан-жануарлардың дыбыстау әрекеттеріне қызығушылықтарын ояту, білімдерін бекіту.Бір-бірін, қыз баоаны сыйлауға тәрбиелеу.

Өткізу уақыты, орны:

Табиғат аясындағы серуен. Саябақ немесе өз б/б ауласы

Тәрбиеші өзін үй иесі деп таныстырып, балаларды бір ұл-бір қыздан жұптастырады.

- Құстарға, аңдарға, жәндіктерге арналған мерекеміз басталады! Мерекеге дыбыстарды дұрыс айтқан балалар жіберіледі. Қазір мен қай жұпқа қарап амандассам,сол жұп жауап береді.Қол ұстасып тұрасыңдар, келістік пе?

- Амансыңдар ма, қоңыр қаздар!

- Га-га-га, - деп қаңқылдайды қаздар.

- Амансыңдар ма, бал аралары?

- З-З-З,- деп ызылдайды аралар.

- Амансыңдар ма, жасыл көлбақалар?

Ит, әтеш, есек, арыстан, т.с.с. Үй иесі барлығымен амандасып болған соң, балалар да бір-бірімен амандасады: алдымен бәрімізқаздар сияқты амандасайық /қаңқылдап қанаттарын қағады/, Ал енді жылан болайық /балалар Ш-Ш-Ш деп ирелеңдейді, бүкіл денелерін қозғайды/

Қорытындылау: Балалар, барлықтарың ойынға жақсы қатыстыңдар.

Мереке ұнады ма, келесіде тағы ойнаймыз ба? Рахмет.


5. «КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ ГҮЛДЕРІ» /Саябақта, орманда/

Мақсаттары:

Көктем белгілеріне назарларын аудару.Бақыланатын заттардың белгісі мен сапасын сөзбен айтуға үйрету.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Барысы:

Далада серуендеу кезінде балалар бір гүлдң көріп, оның айналасына жинала қалады.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!