Шығармашылық сабақ: Бала Шоқан 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық сабақ: Бала Шоқан 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға сабақ барысында әдістемелік көмекші бола алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:        Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» 6 сынып

Сабақтың мақсаты Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір тарихын, өзінің қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулерімен таныстыру.
1.Білімділік.Шоқан Уәлиханов туралы толық мәлімет беру, ұлы ғалымның ғылыми мұрасымен оқушыларды таныстыру.
Сапарғали Бегалиннің шығармашылығы туралы мағлұматтарын кеңейту.Шоқан туралы шығарма арқылы ұлы ғалымның бейнесін тану

2.Дамытушылық. Оқушылардың тарихи ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіру, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру; Ойлау, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін, ой өрісін одан әрі арттыруға сын тұрғысынан тұжырымдауға дағдыландыру.
Жазушының жанр шеберлігіне жеткен биіктігін тану, ұжымдық,топтық, жұптық, жекеленген жұмыстар жүргізу.

3.Тәрбиелік. Оқушылар бойында өз жеріне,өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Достыққа адал болуға, уәдеге берік болуға баулу, адамгершілікке,бауырмалдыққа баулу.

Сабақтың түрі: Сахна сабақ

Сабақтың типі:  ақпараттық,жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың өту әдісі: сұрақ – жауап, талдау, жинақтау, шығармашылық.

Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, кітаптар көрмесі, жазушы жайлы пікірлер

Сабақтың өту барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу,сыныптағы оқушыларды түгендеу


ІІ. Қызығушылықты ояту.

Қазақ әдебиетіндегі ақындарымыз бен жазушыларымыздың алар орны ерекше. ХХ ғасырдың басындағы, ортасындағы, соңындағы яғни, 20-30ж, 50-60 ж, 80-90 жылдардағы қазақ әдебиетінде алатын орны бар ұлы жазушыларымыз бар екен. Өзіндік шығармасымен әлемді мойындатқан, Ұлы Абайды танытқан М.Әуезов, аналар тақырыбымен, сыршылдығымен танылған Ғ.Мүсірепов, Шоқандай жарық жұлдызды өз шығармасына арқау еткен жазушыларымыз С. Мұқанов және С. Бегалин. Олай болса біз бүгін Шоқанның балалық кезінен сыр шерткен әңгімесімен таныс С.Бегалинге тоқталамыз.

С.Бегалин өмірбаяны, шығармалары туралы оқушылар мәлімет беріп өтеді.(қазақ, орыс тілдерінде презентация қорғайды)

Қазақ халқының кемеңгер әрі сүйікті жазушысы Сапарғали Бегалиннің есімі елімізде кеңінен танымал. Сапарғали Бегалин артына мол әдеби мұра қалдырды.
Ол-халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме-аңыздарын, айтыс-өлеңдерін, шешендік толғауларды жатқа білетін ескінің көзі, оның үстіне этнограф, әрі тарихшы, қазақ халық ауыз әдебиетінің білгірі және жинақтаушысы. Ол көптеген халық әндерін, аңыз-ертегілерін, айтыскер ақындардың айтыстарының мәтінін жазған. Сапарғали Бегалин-әдебиетіміздің поэзия, проза жанрларында тартымды, толымды шығармалар берген көрнекті суреткер. Оның шығармашылық сапарында суреткер қаламынан жиырманың үстінде поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, бір роман, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар туды.Ол-сазды лирик, сыршыл ақын. Оның өлеңдеріндегі басты тақырып-туған жерге деген махаббат, өмірге, тіршілікке деген құштарлық.Талантты аудармашы. Ол Пушкин, Лермонтов және басқа да көптеген орыс классиктерінің шығармаларын қазақшаға аударған.Сапарғали Бегалин драматург ретінде де көпшілікке танымал. Ол оншақты пьесаның авторы. Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбылдың шығармашылық өміріне арнаған шығармасы, С.Бегалиннің ғалымдық еңбегінің үлкен жемісі. Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған. Тәттімбет, Әміре, Естай, Майра, Қажымұқан тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол еңбек сіңірген де Сапарғали Бегалин. Халық ақындарының шығармаларын сұрыптап «Халық ақындары», «Өмір жыры», өнер саңлақтары жөнінде «Сахара сандуғаштары» атты жинақтар шығарды. Сапарғали Бегалин 50-ден аса әндерге өлең жазған ақын.

С. Бегалин- жазушы, ақын, аудармашы, тарихшы, этногроф,фольклоршы, драматург

ІІІ. Мағынаны тану

Жаңа сабақ С.Бегалин «Бала Шоқан»

1.Бала Шоқан» әңгімесін оқушыларға оқыту

Әңгімеде не суреттеледі,кімдер туралы айтылады?Оқиға барысы қалай дамиды?

2.Сөздікпен жұмыс

Олай болса, Әңгіме желісі бойынша көрініске кезек берейік.

3.Көрініс

Шоқан- Алмат

Мысық- Рамазан

Шыңғыс әкесі – Абдусалих

Анасы Зейнеп – Сая

Кәмила – Перизат

Автор - Әйгерім


1. Сапарғали Бегалиннің  өмірі туралы  қандай деректер білеміз?

2. Авторы туралы не айта аласыз? Ш.Уәлиханов туралы не себептен жазды?

3. Шығарма  ішіндегі кейіпкерлерді санамалап  беріңізші.

4. Шоқанның қайырымдылығын, уәдеге беріктігін қандай істерден білуге болады?

5. Шоқанның апасының Мысыққа деген көзқарасы неге өзгерді?

6.Шоқан. Мысық образдарына  мінездеме беріңіздер.

 4. Кейіпкерге мінездеме

Кейіпкер

Мінездеме

Шығармада

1

Шоқан

Қайырымды,


әділ,


уәдеге берік, өнерді

құрметтеу

Мысықты үйіне әкеліп тамақ береді. Киім береді.

Інісінің әділетсіз әрекетіне тоқтам салады.

Әкесінен сұраныпМысыққа жолығады.Мысықтың жасаған мүсінін әкесіне көрсетіп, қызығушылық танытады.

2

Мысық

өнерлі

зерек

Мүсін жасайды.

Көргенін пайымдай алады.





5.Семантикалық карта.   

 

Кейіпкерлер

Шығармадан үзінді.

Шыңғыс

Шоқан

Жақып

Мысық

Анасы

Теңеу

Эпитет

1.Сен істей ғой, шебер боласың!


+






2.Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы

+







3.Кездемеден көйлектік шыт жыртып берші





+



4.Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?




+




5.Жолбарыстай, балалардай






+


6. Кесек денелі







+

6. Шоқан – кім?

а)  Шоқан – тарихшы, саяхатшы

ә) Шоқан – әдебиет зерттеушісі

б) Шоқан – суретші

в) Шоқан және музыка

г) Шоқан – этнограф

Шоқан шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып,оның пікірлерінің құндылығына,өміршеңдігіне көз жеткізу. Балалар ,сіздерге «Шоқан  кім?» деген сұраққа жауап іздеу үшін Шоқан әлеміне саяхат жасайық дегім келіп тұр.Көмекке  ортаға ізденуші жас зерттеушілерді шақырамын.

1.Шоқан өмірі туралы деректер 

  Академик Әлкей Марғұлан еңбегіндегі деректерге сүйене отырсақ  Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Көкшетау округінің Сырымбет елді мекенінде қалың қарағай басқантау етегінде туған делінген.

Шоқанның өз атасы Уәли Ресей мен Қытай таныған Орта жүздің соңғы ханы. Шоқанның анасы Зейнеп те текті жердің қызы. Уәлихановтардың тамыры ғасырлар қойнауына кеткелі – әз Жәнібек ханға барып тіреледі.

      

  Жәнібек сұлтан

  Ер есім - хан

  Жәңгір хан

  Салқам Уәли - хан 

  Шыңғыс сұлтан

  Шоқан


Әлемдік ғылыми ортада бір ауыздан мойындалатын ғалымдар көп емес. Санаулы ғана, сол санаулылар ортасында бірегей тұлғаның бірі қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов деп білемін.

                                                             Қоңыр Мандоки

Өзінің бізден артық білетіндігін, не біздерден білім жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде – ақ оның білімінің бізден артықтығы  танылып қалатын.

                                                                      Григорий Потанин

Шоқан тұлғасы таусылмайтын сырға бай ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып, ой кешіп отырғанда Шоқан өмірде рас болды дегенге сеніңкіремейтінім рас. Келте ғұмырында соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші?

                                                                        Шыңғыс Айтматов.

 

Қазақ жері талай ғұламаларды дүниеге әкелді.Өздерінің барлық ізгі тілектері жас жеткіншектердің ұлттық дүниетанымының қалыптасуына, дамуына арнаған ағартушыларымыз – Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. Халықтың дүниетанымы өзен болса,ал үшеуі сол өзенге құйған үш саласындай.  Мұхтар Әуезов.

Шоқан  Уәлиханов Шығыс әлеміне құйрықты жұлдыздай жалт етіп шыға келгенде, орыстың  Шығысты зерттеуші ғалымдары оны бір ауыздан ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы одан маңызы зор ұлы жаңалықтарды ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті...                                     Н.И.Веселовский

Орта жүзден шыққан қазақ, қазақтың соңғы ханы Уәлидің немересі және Шыңғыс ханның ұрпағы атақты Абылай ханның шөбересі, керемет дарын иесі – Шоқан  Уәлиханов!

                                                    Григорий Потанин.

Шоқан туралы презентация қорғау (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)

Мұғалім сөзі.

1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болғанды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады.
   Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді.

1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа созылмады, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетеді.
1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды. Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көші-қоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады. Оның «Абылай», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл күнделіктері», «Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы», т.б. еңбектері өте құнды саналады. Шоқанның қазақтардың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының өмірінен салған 150-ден астам суреттері сақталған. Ол қазақтардың алғашқы кәсіби суретшілерінің бірі
.Суреттеріне назар салайық.
Шоқан Уәлиханов шет елдерде өзінің көзі тірісінде-ақ белгілі болды. 1862 жылы Адольф Эрман мен А. Петерманның “Мұрағатында” Шоқанның “Орыс Географиялық қоғамының жазбаларында” басылған “Жоңғария очерктері” мен “Алтышардың сипаттамасы” деген еңбектері неміс тілінде жарық көрді (Аrchіv Ermans. Berlіn, 1862. Bd. XXІ ). А. Петерман, қазақ ғалымы қайтыс болғаннан кейін, неміс баспасөзінде қазанама жариялайды.

7. Сәйкестендіру тест

Шоқанның әкесінің аты кім? (Шыңғыс)

Шоқанның білім алған қаласы? (Омбы)

Шоқанның туған өлкесі? (Құсмұрын)

Шоқанның арғы атасы? (Абылай)

Қазақтың тұңғыш ғалымы? (Шоқан)

Шоқанның атасы? (Уәли)

Шоқанның әжесі? (Айғаным)

1858-59 жылғы сапары? (Қашқария)

Шоқанның қайтыс болған жері? (Алтын Емел)

1857 жылғы сапары? (Ыстықкөл)

Ыстықкөл сапарында зерттеген поэмасы? (Манас)

8. «Математикалық ойын»
1. Шоқан қанша жасынан бастап хат таныған?
(50 : 5) - (20 : 4) = 5
1. Шоқан кадет корпусын қанша жасында бітірді?
(57 - 50) + (7 + 4) =18
1. Шоқан неше жасында дүниеден өтті?
(250 - 200) – 20 =30
1. Ә.Марғұлан Шоқанның еңбектерін қанша жылдық тойына арнап құрастырды?

(100 * 3) - (10 * 15) =150
9. Сабақты бекіту. Кейіпкерге хат. (ой толғаныс)

10. Рефлексия

Ал, балалар, көңіл – күйлерің қалай? Сонымен бүгінгі сабақта кім туралы айттық? Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз?
Бағдаршам. Олай болса бағдаршам реті бойынша жасыл түс- маған сабақ қатты ұнады, сары түс – жақсы түсіндім, қызыл түс – нашар түсіндім


11.Бағалау. Бақылаушы бағалау парағына оқушыларды бағалап отырады.

12. Үй тапсырмасы «Бала Шоқан» мазмұндау. «Ғалым Шоқан ...» тақырыбына эссе жазу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2021
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі