ЖОБАЛЫҚ ЖҰМЫС
Жоба тақырыбы: Шығыс
Қазақстан аумағындағы электр жүйелеріне цифрлық трансформациялауды
енгізу
Жоба
жетекшісі:
Арнайы пәндер оқытушысы
Шынарбек Шыңғыс Әбілұлы
-
-
-
-
-
-
-
-
Студент:
Нұрбеков Жарас Нұрбекұлы
|
|
Семей,
2021 жыл
Кіріспе
Жобамыздың
мақсаты Шығыс Қазақстан
аумағындағы электр желілер кешеніне, энергетикалық нысандарға
цифрлық трансформациялауды жүргізу.
Жобаның
өзектілігі заманауи цифрлы
технологияға негізделген цифрлық трансформациялауға басымдық беру.
Жүйе электр энергиясымен қамту сапасын арттыруға айтарлықтай әсер
етеді. Бұл технологияларды жүзеге асыру электр торабының
негізінде Шығыс Қазақстан Облысының интеллектуалды энергожүйесіне
сай келетін платформаны құруға мүмкіндік
береді.
Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі
құралы. Бәсекеге қабілетті болу,
өсімді өнім өндіруді арттыру, міне, осы
мақсат.
Цифрландырудың маңызын
осылай түсіндірді. Ендеше, қоғамның барлық саласын цифрландыру
маңызды міндет. Осы тұста, электр энергия саласын цифрландыруға
басымдық беріле бастады.
Экологиялық негіздемесі
Экологиялық жағынан
қоршаған ортаға көп зиян келтірмейді. Айта кететін жағдай ПВХ
материалынан жасалған QR кодты жарамдылық мерзімі аяқталғаннан
кейін арнайы белгіленген жерге өткізу керек. Себебі
пластиктің екі жүз жылға
жуық уақытта ыдырайтындығы белгілі. ПВХ материалы жерге түскенде
ұсақ бөлшектерге ажырайды да, өзінен қоршаған ортаға химиялық
заттарды бөле бастайды. QR
кодтың жарамдылық мерзімі 5 жыл.
Экономикалық
негіздемесі
Жобамызды іске асыруда қанша
қаражат жұмсалатыны есептелінді. Есептеу жұмыстарын жүргізу үшін
«Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-на қарасты Пригород
аудандық электр желісі (АЭЖ) таңдалынып
алынды.
1-кесте. Пригород АЭЖ-нің
жалпы деректері
№
|
Электр қондырғылары, электр
желілері
|
Саны,
дана
|
Ұзындығы,
км
|
1
|
Қосалқы станция
саны
|
13
|
|
2
|
Жиынтықты трансформаторлық
қосалқы станция (КТП), трансформаторлық қосалқы станция
(ТП)
|
163
|
|
3
|
ӘЖ – 10
кВ
|
8771
|
656,079
|
4
|
ӘЖ – 6
кВ
|
207
|
11,727
|
5
|
ӘЖ – 0,4
кВ
|
6201
|
251,214
|
|
Барлығы:
|
15
355
|
919,02
|
Анықталғандай Пригород АЭЖ-не
жалпы 15 355 дана QR-код жасаймыз.
QR-кодтың мөлшері 5х5 см –
ауданы 25 см2
ПВХ өлшемі 60х90 см – ауданы 5400 см2
ПВХ 60х90 см өлшемінен шығатын
QR-код саны: 5400 : 25 = 216
дана
ПВХ 60х90 см өлшемінде басып
шығаратын ПВХ саны: 15355 : 216 =
71
2-кесте. Негізгі құралдар
QR-кодты жасауға 425 500 теңге
қаражат жұмсалады.
Негізгі бөлім
Электр желілік кешенін цифрлық трансформациялау
бағдарламасы шеңберінде энергия объектілері, электр қоңдырғылары,
электр желілері туралы ақпаратты QR-кодтау бойынша жоба
ұсынылады.
QR «Quick Response - Шұғыл жауап» - бұл
мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат
беретін, екі өлшемді (бар код) штрих-код [1]. QR-кодтың көмегімен
энергетика саласындағы ақпаратты кодтауға болады, мысалы: мәтін,
кестелер, суреттер, сызбалар, сайттың сілтемелерін немесе
кәсіпорынның визиттық карточкасын.
Пайдаланылуы:
камерасы бар ұялы телефонды аласыз, кодты
сканерлеу үшін бағдарламаны іске қосасыз, камераны кодқа әкелесіз
де, ақпаратты аласыз.
Қолданылуы:
QR-кодтарды қолдану ретінде мыналарды атауға
болады: интернетке электр желілері және электр қондырғылары туралы
мағлұматтарды, сызбаларды, кестелерді орналастыру және
түсіру.
Орналасуы: орналастыру орнына да мән берген жөн.
Код адам көзінің мөлшерінде орналасқаны
дұрыс. QR-кодпен жұмыс істеу
барысында бірнеше техникалық ережелерді естен шығармау керек. Кодты
басып шығарған кезде оның мөлшері тым кішкентай болмауы қажет.
Себебі камера оны көрмей қалады.
Жобамыздағы QR-кодтың мөлшері 5х5 см етіп
алынды.
Бағдарламаны
смартфонға жүктеп алуға қолайлы. Яғни, қалта
телефонындағы App Store, Play Маркеттен
«QR-код»
қосымшасын жүктеп алып қолдануға мүмкіндік бар
(1-сурет).
|
|
|
|
1-сурет.
App Store, Play Маркет
қосымшалары
|
Электр қондырғыларының,
электр желілерінің техникалық сипаттамалары, паспорты, қосылу
схемалары, өндірістік нұсқаулықтар және өзге де нормативтік
құжаттары туралы ақпараттарды бағдарламаға
енгіземіз.
Осы
жобада қолданылған негізі бағдарлама STOR деп
аталады.
Бұл бағдарлама өте күрделі
функцияларымен жабдықталған. Жобада динамикалық кодтау түрі
қолданылды (2-сурет).
2-сурет. STOR
бағдарламасы
Бағдарламаның артықшылығы
жабыстырылған QR-кодты ауыстырмай-ақ, STOR бағдарламасына кіріп, енгізілген
мәліметтерге түзету жасауға болады (3-сурет).
3-сурет. Паспорт
ВЛ-0,4кВ Л-1 от КТП-1
Электр желілеріне,
қондырғыларына жасалатын тексеру жұмыстарын енгізіп отыруға өте
тиімді (4-сурет).
4-сурет. STOR
бағдарламасына тексеру жұмыстарын енгізу
Ұсынылып отырған жоба кәсіпорын үшін
жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Жоба арқылы келесі мәселелерді шешуге
болады:
- Қарапайым механизм
(QR-кодтау) арқылы қызметкерлердің уақытын үнемдеу және жұмыстарын
жеңілдету;
-
Кәсіпорынның жоспарлы - сақтық жұмыстарын жасау кезінде
қаражат шығыны айтарлықтай
азайады (электр желелілерін және электр қондырғыларын нөмірлеу,
атауын жазу жұмыстары жасалмайды);
- Тексеріс жұмыстары
кезінде STOR бағдарламасы арқылы оң байланыс орнатуға мүмкіндік
беру;
- QR-кодтың көмегімен
электр объектілері жайлы ақпаратты және жүктеуге арналған сілтемені
де енгізуге мүмкіндік бар;
- Кәсіпорынды таныстырудың
жақсы әдісі болып табылады.
Жобамыз бойынша күтілетін
нәтиже мен пайдасы бірқатар артықшылықтарға ие:
Біріншіден, ол кез-келген электр жүйелерін оңай,
тез және дәл анықтауға мүмкіндік береді;
Екіншіден, орналастырудың қарапайымдылығымен
сипатталады – негізгі деректер әрқашан қолында, кез-келген мобильді
құрылғылармен оқылады;
Үшіншіден, электр жүйелеріне тексеру жұмыстарын
жүргізу барысында QR-кодтау өте
тиімді.
Себебі ұялы байланыс
телефонына ақпараттарды сақтауға және STOR бағдарламасы арқылы
түзету енгізуге болады.
Жобамызды «Біріккен
ЭнергоСервистік компаниясы» АҚ-ның оқу -жаттығу полигонында зерттеу
тәжірибесінен өткіздік (6-сурет).
QR-коды бар тақтайшалар электр
желілеріне, қосалқы станцияларға, трансформаторлық қосалқы
станцияға, қоңдырғыларға орналастырылды.
Әуе желісінің 1-опорына QR-коды бар
тақтайшаны жабыстырамыз (7-сурет).
Мобильді құрылғымен
сканерлеп, сілтемеге өтеміз (8-сурет).
6-сурет. Жобаны тәжірибеден өткізу
сәті
7-сурет. Әуе желісі 10
кВ
|
|
8-сурет. Сканерлеу
барысы
QR-кодқа әуе желісінің паспорты,
принципиалдық сызбасы енгізілген (9-сурет).
Күрделі және ағымдағы жөндеу туралы
мәліметтер, әуе желісі ақаулары, зақымдануы және авариялары туралы
мәліметтерді, мерзімін, жауапты тұлғаны енгізетін арнайы кесте STOR
бағдарламасында жасалған. Осы бағдарлама арқылы соңғы мәліметтерді
енгізіп отырамыз.
|
|
|
|
|
9-сурет. Әуе желісін
QR-кодтау
Келесі QR-коды бар
тақтайшаны жиынтықты трансформаторлық станцияға
жабыстырамыз
(10-сурет).
10-сурет. Жиынтықты трансформаторлық қосалқы
станция (КТП)
Мобильді құрылғымен
сканерлеу кезінде кіргізілген мәліметтерді арнайы web-порталға
сілтеме бойынша өтіп көреміз. Бұл жерден техникалық сипаттамалары,
паспорты, бірсызықты сызба туралы ақпараттарды
аламыз. Айта
кететін жағдай, трансформаторды сыртқы тексеру нәтижелерін,
ағымдағы жөндеулер және профилактикалық сынақтар туралы
мәліметтерді бағдарламада арнайы сызылған кестеге жазып отырамыз
(11-сурет).
Біз жобамызды энергетика
саласында жұмыс жасайтын компанияларға, кәсіпорындарға ұсындық.
Қазіргі уақытта жоба «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы»
АҚ-мен бірге қолға алынып, жұмыстар жасалуда.
11-сурет. Тексеру
жұмыстарын енгізу үшін арналған кесте
«Біріккен ЭнергоСервистік
Компаниясы» АҚ-мы электр энергиясын 0,4–110 кВ тарату
желілері арқылы беруді және жаңа тұтынушыларды қосуды қамтамасыз
етеді. Шығыс Қазақстан Облысының электр желілік кешенінде қатысу
үлесі 90%-дан асады [2].
Бұл дегеніміз
тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасының
қалыпты деңгейін қамтамасыз ететін тиімді цифрлық
трансформациялауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Қорытынды
«Біріккен ЭнергоСервистік
Компаниясы» АҚ-мен бірігіп Шығыс Қазақстан аумағындағы
электр жүйелеріне цифрлық трансформациялауды енгізу жұмыстары
бірігіп атқарылуда. Зерттеу жұмыстары өз нәтижесін
беруде.
Цифрландыру кәсіпорындар
үшін маңызды нәрсе екенін айтқымыз келеді. Бұл уақыт өте келе
энергетика мен өнеркәсіптің көп бөлігін қамтитын маңызды
процесс.
Қолданылған
әдебиет
-
Интернет ресурсы:
https://ru.wikipedia.org/wiki/QR-%D0%BA%D0%BE%D0%B4.
2. Интернет
ресурсы: http://ekrec.kz/ru/about/2015-05-19-09-32-57.