Материалдар / Шығыс Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығыс Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студентерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2021
569
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО. Семей қаласы

Ғылыми жұмыс

Тақырыбы :Шығыс Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы.

«Семей» медициналық колледжі.

Ғылыми жұмысты орындаушы ; 2 мс С 2 курс студенті Кеңесқали Тоқжан

Ғылыми жұмыс бойынша жетекшісі ; Жұмабек Алпысбаевич







Семей қаласы 2020

Шығыс Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы

Зерттеу өзектілігі;өзге елдердің әдемі жасанды жерлеріне барып тамашалағанның орнына,Қазақстанның құдыретті қасиетті,ата бабамыздан келе жатқан жерлерді көпшілікке жаңа деңгейде таныту,жәнеде тазарту жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу болжамы; Тарихи тамырдың терең тамырына үңілуге ,ата бабаның ерлік һәм елдік істерін мақтаныш етуге ,жер су ,елді мекенге қатысты аңыз әпсаналарды ел жадына қайта оралтуға жаңа серпін беру.

Мақсаты;Ерекше қастерленетін табиғи , мәдени мұра және діни сәулеттің айрықша ескерткіштері ,кесенелер, сондай –ақ Қазақстан халқының жадында қшпесіз қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындарды өзіміздің жерімізді , тарихымызды , рухани – мәдени мұрамызды бойымызға сіңіру ,жаңа деңгейде танып білу.

Киелі жерлер – бірлік пен жаңғыру нышаны

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы біздің қоғамға қозғау салып, санамызға тың серпін берді. Халқымыздың материалдық және рухани әлемі – атамекен, жер-су, әдебиет, өнер мен мәдениет саласын жандандыруда шамшырақ тәрізді қалың жұрт­шылықтың қызығушылығын, ерекше ықыласын тудырды.

Осыған байланысты Елбасы тапсырмасы негізінде, Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен халқымыздың тарихынан елеулі орын алатын Қазақстанның қасиетті орындарын анықтап, оның тізімін жасау қолға алынды. Ғылыми сараптамалық кеңес ашылып, бұл іске бұрыннан бері осы сала бойынша жұмыс істеп, зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар тарихшылар, өлкетанушылар, этнографтар тартылып, ғылыми жүйе құрылды. Зерттеушілер басшылыққа алатын нұсқаулықтар жасалып, ол барлық өңірлерге жолданды. Мұндағы мақсат – еліміздегі қасиетті тарихи орындарды анықтап, оларды ұлттық ұстаным деңгейіне көтеру.



Қазақ халқының ұлттық сана­сының ерекшелігі – туып өскен жері, өнген ортасын кие тұтып, оның қадір-қасиетін бағалауымен құнды. Аталарымыз «Туған жер – тұғырың, туған ел – қадірің» деп бекер айтпаған. Туған жер мен елдің халық санасына сіңген рухани құндылығының ұлт­тың қалыптасуында, дамуында айрықша рөлі бар. Елбасы тапсырған дүниелер бұған дейін қасиетті нысан ретінде ғылыми сарап­талып, жүйеленбеген-тін. Біз осы шаруаны реттеп, жалпы­халықтық құндылық ретінде қарастыруды қолға алып жатырмыз. Бұл жұмыстың рухани маңызына тоқталар болсақ, біріншіден, киелі, қасиетті нысандар біздің ұлтты рухани жұтаңдықтан сақтайтын символдық қалқанымыз және ұлттық мақ­танышымыздың қайнар бұлағы деп түсінген дұрыс. «Қазақстанның қасиетті орындары» ретінде ерекше қастерленетін табиғи-мәдени мұра, зайырлы және діни сәулет ескерткіштері, кесенелер, сон­дай-ақ Қазақстан халқы­ның жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұғынылады. Сонымен қатар Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірінде ма­ңызды орын алатын, ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретінде көрінетін нысандар кірді.Сараптамалық кеңестің шешімімен қасиетті орындар жалпыұлттық деңгейлі және жергілікті маңызы бар нысандар болып бөлінді. Еліміздегі барлық қасиетті нысандар бес топқа жіктелді:



1. Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері. Ел аузында киелі аталып кеткен, кейбіреуі қазірдің өзінде мемлекет қарауында тұрған табиғат құбылыстарының нәтижесінде пайда болған орындар.Олар;Қоңыр әулие үңгірі, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары,Абай Шәкәрім мемориалдық кешені Азия кіндігі,Берел қорымы,Алаш арыстары үйі.





2. Діни және ғибадат орындары болып табылатын орындар. Мұндай қасиетті орындарды әулие феноменімен байла­ныс­тыруға болады. Түркі кезеңіне дейінгі дәуірдегі аттары аңызға ай­налған, көне түркі дәуірі және орта­ғасырлардағы, соны­мен бірге XIX аяғы – XX ғасыр­дың басына дейінгі тарихи тұлға­ларды қамтиды.



3. Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар. Қазақстан тарихында елеулі орын алатын, бүкіл өмірін қазақ елінің бос­тандығы мен егемендігіне арнап, үш жүздің батыр-билерін жиып, елдік маңызды мәселелерді шешкен хандар, қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен батырлар, ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері, қолбасшылар, ғылым мен білімге, мәдениетке үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар, ғалымдар, ағартушылар туралы мәні зор орындар алынып отыр.



5. Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар. Қазақ даласында қазақ халқының бірлігі үшін болған шайқастарды, ерлікті, батырлықты, қайсарлықты насихаттайтын, елдің бірлігін білдіретін ескерткіштер мен ел жадында өшпес із қалдырған қасіретті орындар мен қоғамның, мемлекеттің тарихында ерекше орны бар мемлекетіміздің жаңа нышандары еніп отыр.



Осылайша қасиетті жерлер мен нысандарды анықтап, өңір­лерде жүргізіліп жатқан ғылыми-сараптамалық жұмыстардың бағыт бағдарын, дәйектемесін жасау жұмыстары алға қойылды. Территориялық жағынан әлемдегі ондыққа енген жас мемлекет болған соң бағзы бабалар­дан мұраға қалған ел мен жерді көздің қарашығындай мұқият сақтау – ұрпақтық асыл парызымыз. Бүгінгі жаңа заман ұрпағы, туған жер, елін сүйер жас буынды ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу, туған өлке тарихын, табиғатын танытуды мұнаралы мұратымыз деп санадық.



Ұлттық байырғы құндылықтарымызды осы киелі нысандар арқылы қайта түлету, нақтырақ айтқанда рухты жаңғыртып, халықты рухтандыратын жоба бұл. Мысалы, қазақ батырларын алайық, бұлардың ерлік істері ұлт рухын жаңғыртудың бірден-бір тетігі. Өйткені біздің бүгінгі таңда жоғалтып отырғанымыздың өзі – осы батырлық. Оның орнына қауымда көнбістік, жалтақтық, бодандық сана-сезім дендеп барады. Осыған қарсы шипа – батырлық рух.



Бұл жобаның қоғамға ел­шілдік, мемлекетшілдік көз­қарасты қалыптастыратын дүние – қазақ тарихындағы хандар мен билердің рөлі болса, жастарды азаттық үшін күрес жолына тәрбиелейтін дүние – ұлт-азаттық күрескерлердің әрекеті. Қазіргі таңда қазақ қоғамына біздің дәстүрімізді жоққа шығаратын түсініктер еніп кетіп жатыр. Әсіресе ислам атын жамылып халық арасын іріту үрдісі белең алуда. Екіншіден, қазіргі жастар өзінің тарихын тек әлеуметтік желіде таратылған жеңіл-желпі ақпар арқылы танып-білуде. Бұдан нені аңғарамыз? Күн өткен сайын жастардың тарихи санасына тұсау салатын қауіп күшейіп келеді. Осыған қалқан болатын дүние – жоғарыдағы жоба болуы тиіс. Яғни болашақ ұрпақ жалпыұлттық қасиетті нысандарды тану арқылы ұлттық бірегейлікті ұғынып, қазақ халқының сонау тас дәуірінен бері бір ел, бір халық ретінде қалыптасқан ел екенін санасына сіңіре алады. Осы арқылы тұтас тарихи сана қалыптасады.



«Қасиетті Қазақстан» жобасы 2017-2021 жылдарды қамтып отыр. Осы аралықта әр жыл сайын бір-бір томнан барлығы бес томдық үлкен еңбек «Қазақстанның қасиетті жерлерінің энциклопедиясы» жасалуы тиіс. Аталмыш жобаның тағы бір тиімді тұсы – ішкі рухани туризмді дамытуға зор үлес қосады деп күтілуде. Яғни, бұл туризмнің ерекшелігі – адамдар табиғатты тамашалап, ел-жер көріп, көңіл көтеру емес, тәлімдік тәрбиелік мәні, әрі туған жер тарихымен танысуы­на бағытталуымен құнды болмақ. Сонымен қатар орта мектеп оқу­шы­ларына арналған оқулықтар, фильмдер, роликтер, туризм және интерактивті карта жасау жоспарда бар.



Тізімге алынған қасиетті нысандардың мәртебесі жайлы айтар болсақ, Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан «Мә­дени және тарихи ескерткіштерді қорғау туралы» заңға өзгерістер енгізу жайы қарас­тырылуда. Яғни мемлекеттік тұрғы­дан қорғалуға тиіс нысандар қатарына «Қасиетті нысандар» дей­тін бап енгізілу қажеттігі туындап отыр. Заң қабылданған соң ондағы талап бойын­ша іріктелген нысандарды мемлекеттік тіркеуге қойып, қорғауға алу жайы нақтыланады. Яғни қа­сиет­ті саналып, заңмен қорғалған нысандардың әрбіріне паспорт жасалады. Ол үшін ны­сан­ның тарихы, аңызы, әфсанасы, уақыты, ғасыры, әлеуметтік сипаты, тағы басқасы жан-жақты зерттеледі.

Қорытынды; өзге елдердің әдемі жасанды жерлеріне барып тамашалағанның орнына,Қазақстанның құдыретті қасиетті,ата бабамыздан келе жатқан жерлерді көпшілікке жаңа деңгейде таныту,жәнеде тазарту жұмыстарын жүргізу.Тарихи тамырдың терең тамырына үңілуге ,ата бабаның ерлік һәм елдік істерін мақтаныш етуге ,жер су ,елді мекенге қатысты аңыз әпсаналарды ел жадына қайта оралтуға жаңа серпін беру.Ерекше қастерленетін табиғи , мәдени мұра және діни сәулеттің айрықша ескерткіштері ,кесенелер, сондай –ақ Қазақстан халқының жадында қшпесіз қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындарды өзіміздің жерімізді , тарихымызды , рухани – мәдени мұрамызды бойымызға сіңіру ,жаңа деңгейде танып білу.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!