Шығыс шынары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығыс шынары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келісемін»

Оқу ісінің меңгерушісі:

_______ Ж.Ашимова

«____»_____ 2017 ж


Пәннің аты:

Әдебиеттік оқу

Уақыты:

14.04.2017 жыл

Мұғалім:

Бейсенбаева Салтанат Серикхановна

Сабақтың атауы:

«Шығыс шынары». Әзиза Нұрмаханова.

Мақсаты:


Оқушының мәтіндегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау, мәтінді түсініп оқуға үйрет, уөз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге, өзіндік пікір айта білуге, адамгершілік қасиеттерге баули отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Өз беттерімен кез келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады. Бір-біріне көмектеседі. Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.

Сабақтың

әдіс – тәсілдері:

Сыни тұрғыдан ойлау, Диалогтік оқыту, Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау, АКТ, жас ерекшеліктер модулі.


Сабақтың ресурстары:

Ә. Нұрмаханова, Қ. Жұмағалиев, Ә.Молдағұлова портреттері, слайдтар, бағалау парағы, жұлдызшалар.

Сабақ бөлімдері:

Мұғалімнің іс – әрекеті:

Оқушылардың

іс – әрекеттері:

Кіріспе.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

2 мин

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Жылы шыраймен амандасамын. Гүлдерді таңдау (камелия, фикус, циперус) арқылы үш топқа бөлу. Көшбасшы сайлау, топ ережесін еске түсіру. Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру.

Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады. Топ басшысын сайлайды.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Мен соғысты жек көрем».

Қ. Жұмағалиев.

5 мин

Санамаққа саналу арқылы үй тапсырмасын тексеру.

І топқа – сұраққа жауап беру: - Қайрат Жұмағалиев деген кім ?».

ІІ топқа – өлеңді мәнерлеп оқу.

ІІІ топқа – сұраққа жауап беру: - Ақын шығармасында қандай өлең жолдары қайталанған және ақын неліктен соғысты жек көрген ?

Ең соңғы оқушы сұрақтарға жауап береді. Топ басшысы жауап берген оқушыны жұлдызша арқылы бағалайды.

Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту.

5 мин


Бейнеролик көрсету, топта талдау. Сұрақтарға жауап беру.

І топ – «Соғыста жүрген жауынгерлердің көрген қиындықтарын әңгімелеу».

ІІ топ – «Елдің сол мезгілдегі жағдайын әңгімелеу».

ІІІ топ – «Ерен ерлік пен ержүректілік танытқан батырларды атаңдар».

Оқушылар бейнероликті көреді, топта талдайды, сұрақтарға жауап береді. Топ басшысы жұлдызша арқылы бағалайды.

Мағынаны тану.

Ой қозғау.

5 мин






А) Өлең жолдарын оқу.

«Шаттансаң қыз тудым деп, қазақ, шаттан,

Әли Отанына болған мақтан.

Бежаница маңында тұлғасы тұр.

Дегендей: ерлікке аттан, еңбекке аттан!

Бұл жерден сонау заман Пушкин өткен,

Желдіртіп қоңыраулы атты жеккен.

Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,

Қазақтың Әлия қызы қанын төккен!»

(ақырын Р.Рымбаеваның «Әлия» әні қосылады).

Сұрақ қою: - Бұл өлең жолдары кімге арналған деп ойлайсыңдар ?

Ә) Әлия Молдағұлованың өмірбаянына тоқталу.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады. Әлия Молдағұлова өмірбаяны туралы айту.






Оқулықпен жұмыс

5 мин

А) Автор туралы әңгімелесу (слайдтан көрсету).

Ә) «Қос шеңбер» әдісі.

Мәтінді оқыту. Оқушыларды 1,2-ге саналу. Сыртқы, ішкі шеңберге тұрғызу.

Б) Сөздік жұмыс.

Герань – көпжылдық шөптесін өсімдік

Камелия – мәңгі жасыл орманды өсімдік

Циперус – мәңгі жасыл өсімдік

Олеандр – ежелгі сәндік өсімдік

Артек – балалардың демалыс орны

Вожатый - тәлімгер

Мәтін мазмұнын оқып болған соң,ішкі шеңбердегі оқушылар сыртқы шеңбердегі оқушыларға мазмұнын айтады. Содан кейін сыртқы шеңбердегі оқушылар сағаттың тілімен 2 қадам аттап, ішкі шеңбердегі жұптарына түсінгенін айтады. Бірін – бірі жұлдызшалар арқылы бағалайды. Терминдермен танысады.

Сергіту сәті.

2 мин

«Орнымыздан тұрайық,

Батырларға ұқсайық» .

Садақ ату, найза лақтыру, қылыштасуды қимылмен көрсетеді.

Топтық жұмыс.


8 мин

Тапсырмалар орындау.

І топқа – «Мұғалімдердің Әлия туралы пікірлері қандай ?».

ІІ топқа – «Әңгіме неліктен «Шығыс шынары» деп аталған ?».

ІІІ топқа – Кестені толтыр. «Әлия қандай қыз?»

Ой-өрісі


Қолы


Төсегі


Жүрегі


Бөлмесі


Кітап-қағаздары


Шашы


Үстіндегі киімі


Дене мүсіні


Нені жақсы көреді ?






Әр топ тапсырманы талдайды, ортақ келісімге келеді, қорытындысын айтады. Топ басшысы бағалайды.

Ой толғаныс.

5 мин


«РАФТ» әдісі. (Р – роль, А–аудитория,

Ф – форма, Т – тақырып).

Әлия Молдағұлова туралы өлең шығару.

Топ мүшелері бірлесіп, Әлия туралы өлең құрастырады, бір – біріне оқиды. Топ басшылары бағалайды.

Үйге тапсырма

2 мин

Мәтінді оқу, мазмұнын айту.

Күнделіктеріне жазады.

Кері байланыс

5 мин

«Бес саусақ» әдісі.



Бас бармақ – «Мен не білдім ?»

Сұқ саусақ – «Мен не сезіндім ?»

Ортан терек – «Мен не туралы ойландым ?»

Шылдыр шүмек – «Мен не шештім ?»

Кішкентай бөбек – «Мен келісемін...»


Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтады.

Бағалау

3 мин

Топ басшысының бағалауын санау, оқушылардың бағасын журналға қою.

Топ басшысы әр топ мүшесінің бағасын санайды, мұғалімге айтады.























«Васильковка негізгі мектебі» КММ










Тақырыбы: «Шығыс шынары». Ә.Нұрмаханова.

Әдебиеттік оқу, 4 – сынып.







Өткізген: Бейсенбаева С.С.,

бастауыш сынып мұғалімі











14 сәуір 2017 жыл

«Васильковка негізгі мектебі» КММ










Тақырыбы: «Тиімді оқыту бағдарламасының идеяларын оқытуда жүзеге асыру»







Өткізгендер: Бейсенбаева С.С.,

Искакова М.Б.











14 сәуір 2017 жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.06.2018
719
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі