Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Суицид " ашық тәрбие сағаты 9 класс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Суицид – рухани дерт
Бүгінгі күнде өздеріңізге белгілі, қоғамда шешімін таппай келе жатқан проблемалар өте көп. СПИД ауруы, нашақорлық, ішімдік, шылым шегу- қоғамымыздың айықпас дертіне айналды, оны барлығымыз жақсы білеміз. Енді соңғы 4-5 жыл көлемінде тағы бір проблема туындады, қоғамға айықпас дерт болып жабысып, күн өткен сайын шешімі қиындап келеді. Ғылыми атауы “Суицид” адамның– өзіне-өзі қол жұмсауы.
Біздің Конституциямыз «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі» деп басталады. Ендеше сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай етіп қорғау әрбір азаматтың алдындағы, сондай-ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе. Біздің қазақ көз ашқалы адам шығынын көріп келе жатқан халық. Арғы тарихты айтпағанда, соңғы бір ғасырдың ішінде ғана шұбырып жатқан қалың алаштан ұлтарақтай ұл аман шықты. Бестен үш бөлігін аштыққа берсек, қалғанын болашағымыз үшін деп жүріп құрбандыққа шалдық. Аумалы төкпелі заманның өзі солай етуге мәжбүр етті. Ал енді елге тыныштық орнаған мына бейбіт заманда біздің Қазақстан адам шығыны жағынан әлем бойынша алдыңғы қатарда тұр. Оны біреулер денсаулық сақтау саласының нашарлығымен де байланыстырып жатады. Алайда бір таң қаларлығы- біздің еліміз суицид бойынша да, яғни азаматтардың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша да «көшбасшы» елдердің бірі екенбіз. Ендеше, «неліктен?» – деген заңды сауал туындайды. Клуб қонақтарына қояйын деген сұрағым – «Неліктен біздің азаматтарымыз осындай бейбіт заман тұғанда өз өзіне қол жұмсауға, асыл өміріне балта шабуға тым әуес?
Расында да бұл мәселенің маңыздылығы өте үлкен. Мәселен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылы халыққа жолдауында қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту үшін қолдан келген шараның барлығын жасау қажет екендігін айтты. Ал статистикаға үңілетін болсақ, қазақстандықтардың орташа өмір жасын келте етіп көрсетіп отырған негізінен осы суицид оқиғалары екеніне көз жеткіземіз. Әйтпесе, Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзге елдермен салыстырғанда тым нашар деуге келмейді ғой. Жыл сайын нешеме заманауи аппаратуралар сатып алынып жатыр.
Суицид деген термин 17 ғасырда пайда болған. Бірақ 18 ғасырдың ортасына дейін бұл ұғым қоғамда кеңінен пайдаланылған емес. Тек 20 ғасырдың басында адамдардың өз-өзіне қол жұмсауының етек алуына байланысты ғылымда «суицидология» атты дербес зерттеу саласы қалыптасты.
Ғалымдардың айтуынша суицидтің үш түрі бар.
Біріншісі – шынайы суицид.Оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді. Нақтырақ айтқанда өмірдің мәнін жоғалтады.
Екінші түрі – жариялық суицид. Өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді. (Мысалы біреумен ренжіссе, қолына суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, «өлем» деуі.)
Үшінші түрі – жасырын суицид. Бұл түрінде адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін түсінеді. Бірақ қиындықтан шығар шара, жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас тігеді. (Мысалы: нашақорлық, алкоголизм т.б).
Берік: Сіз білесіз бе? Қазақстанда кісі өлтіруден өзін-өзі өлтірушілер көп.
Әлем бойынша әрбір 20 секунд сайын бір адам өз өміріне қол жұмсайды. Ал, жыл сайын 1 миллион адам өзін ажалға қияды, сондай-ақ, шамамен 20 миллиондай жан өз өміріне балта шабуға әрекет жасайды. Олардың 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады. Бір атап өтерлігі – елімізде адам өлтіргендерге қарағанда өз-өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен. Халықаралық анықтама қызметінің айтуынша, заман өткен сайын, әсіресе, соңғы елу жылдың ішінде суицид дерті өршіп барады. Мәселен, 1950 жылдан бері әлемдегі суицид оқиғасы 60 пайызға өскен екен.
Ғабит: Әрине, бұл барлық елдерде орын алып жатқан өзекті мәселе ғой. Дегенмен солардың арасында Қазақстанды ерекше айтып өтуге тура келеді. Мысалы мен сізге бірнеше мысалдар келтіріп өтейін: айта кету керек, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің әрбір үшіншісі – қалыпты құбылыс, нақтырақ айтсақ, олар өлгісі келмейді, тек осы әрекеттерімен өздеріне назар аудартқысы келеді. Мамандар мұның өте қауіпті құбылыс екендігін айтады. Өйткені, өз-өзін өлтіруге талпынып аман қалған жасөспірімдердің келесі талпынысы міндетті түрде өлімге алып келуі мүмкін.
(Елде 2005-2007 жылдары кәмелетке толмағандар арасында 1364 өз-өзіне қол салу фактісі анықталып, оның – 887-і қазамен аяқталған. 2005 жылы – 261, 2006 – 274, ал 2007 – 352 суицид тіркелген.)
Думан: Енді бұл көрсеткішке назар аударар болсаңыз, Қазақстан Дүниежүзі бойынша суицидтен 4-ші орында тұр. Жыл сайын 1 миллион адам өзін ажалға қиса солардың 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады. Бір атап өтерлігі-елімізде адам өлтіргендерге қарағанда өз-өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен. Ендеше бұл тақырып өзгелерден көрі біздің еліміз үшін ерекше маңызды. Расында да, неліктен біздің елімізде суицид оқиғасы тым көп орын алады? Кімде қандай жорамал бар?
Нұржігіт: Суцидпен көз жұмғандардың 44% өзіннің өліміне мына адам кіналі деп хат жазып қалдырады. Олардың кіналі деп тапқаны мыналар:
- «барлығы» -20%
- Жақын адамым – 12%
- Бастық – 8%
- Ешкім емес – 4%
Яғни бұл-эгоизм. Артында қалғанды ойламайды, «сол керек!»-деп кек қайтарған болады.
Руслан: Менің бұл мәселеге қатысты жеке көзқарасым суицид оқиғасы ең алдымен әлеуметтік жағдайы нашар, инфрақұрылымы дамымай қалған, экономикасы мен әлеуеті артта қалған елдерде көп орын алады.
Ғабит: Әрине. Бұл пікірге мен де келісем. Мысалы суицид оқиғаларының қандай жағдайларда орын алатындығын ескерейікші. Біріншіден, азаматтардың материалдық жағдайына байланысты. Өмір сүруге барынша қолайлылық болмаған соң адам түңіле бастайды. Бұл да ерлі-зайыптылардың ажырасуы сияқты мәселе болып тұр ғой. Өмір бойы тепеңдеп жұмыс істейді, сондағы тапқаны өмір сүруге деген қажеттіліктерді қамтуға жетпейді. Сосын адам да өмірден түңіле бастайды. Әрине бұл проблема өндірісі дамыған қалаларда жиі кездесетіні осыдан.
Екіншіден, денсаулық сақтау саласы нашар болған жағдайда суицид көп орын алу мүмкін. Себебі адамдар аурушаң болып жүргеннен көрі бұл өмірмен бір жола қоштасқанды қалайды. Тағы бір себеп – ата-ана мен балалардың арасындағы түсініспеушілік…
Нұржігіт: Кешіріңіз, бірақ мен сіз айтып отырған пікірмен жүз пайыз келісе алмаймын. Әсіресе, «Суицид оқиғасының жиі орын алуына еліміздің әлеуметтік жағдайының нашарлығы болғаны себеп болып отыр» деген пікір өте қате түсінік.
Ғабит: Жоқ, сіз сәл кідіре тұрыңыз, мен қазір өз пікірімді дәлелдеп берейін. Сіз еліміздегі орын алып жатқан өзіне қол жұмсау оқиғаларының «делоларды» қарап шықтыңыз ба?. Ал мен біраз көз жүгіртіп шықтым. Солардың біршамасы банктен несие алып, сонысын қайтара алмай шарасыздықтың күйін кешкен соң осындай әрекетке барған екен. Жағдайы нашар болған соң қарызға ақша алады. Алайда жұмыссыздықтың кесірінен соны төлей алмай осы күйге душар болып жатады.
Нұржігіт: Жарайды, солай-ақ болсын делік. Ендеше неліктен Қазақстандағы суицидтің көрсеткіші бізден де кедей болып есептелетін Орталық Азиядағы көршілес елдерден анағұрлым жоғары тұр. Сіз жаңағы Берік көрсеткен кестеге назар аударыңызшы. Әрең күнелтіп жүрген Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан елдері тым болмаса екінші топқа да «іліге алмапты». Ал біз болсақ, осынша оқшауланып «өзіне қол жұмсаушы» елдердің алғашқы бестігіне еніппіз. Бұл ненің көрінісі? Өзбекстан мен Тәжікстанның, Қырғызстанның әлеуметтік жағдайы бізден жақсы болғаны ма? Қырғызстан экономикасының 40 пайызға жуық қаржысы Қазақстаннан барады. Біздің жұмыс күшіміз негізінен өзбекстандықтар екенін өзіңіз де білесіз.
Думан: Расында біздің тақырыбымыз шиеленісе бастаған сияқты. Нұржігіттің айтқан сөздерінің жаны бар. Біз көбіне барлығын әлеуметтік жағдайдың нашарлығына сілтей саламыз. Егер әлеуметтік жағдай себеп бола алмаса басқа қандай уәждеріңіз бар?
Сейілбек: Теолог ғалымдар соңғы кездері жол апатына ұшырап мезгілсіз қаза болған, жазылмайтын дертке шалдығып ажал құшқан, өз-өзін өлтіруі сияқы неше түрлі жолдармен ажалыннан бес күн бұрын қайтыс болған адамдардың көбейіп кетуін – үлкендерге құрметсіздік көрсетіп, сыйламау, ұстаздарға әдепсіздік жасау сияқты рухани құлдыраудың себебінен болады деп түсіндіреді.
Адамның жаны – Алла Тағаланың бір бөлшегі. Өйткені, ет пен теріден жасалған тәндегі рухты Тәңіріміз өзінен алып үрлепті деседі. Ендеше, осындай ізгі құрметпен берілген асылды бағаламау – қымбаттың берген сыйлықты иесіне лақтырып қайтарумен тең. Әрине, өмірді «қиын» етіп көрсететін факторлар жетіп жатыр. Ондай сәттерде Шығыс пәлсапасында айтылатын жұмыр жердің бетіндегі қайғы-қасіреттің өткінші болатындығын еске алған жөн шығар.
Думан: Сіз айтып жатырсыз рухани тоқырауға түскеннен кейін адам осындай жағдайға барады деп неге адам рухани тоқырауға ұшырайды?
Сейілбек: Рухани тоқырауға осы өмірдегі бүкіл жағдайлар рухани дерттер әсер етеді деп ойлаймын себебі дені сау емес адам ғана өз-өзіне қол жұмсайды деп ойлап келген бірақ, қоғамға беделді танымал адамдардан да бұндай жағдай туып отыр түсініксіздеу өте терең рухани міселе оған жауап бере алмаймын.
Нұржігіт: Дұрыс шығар, өзімшілдік рухани құлдырауды білдіреді.
Найла: Жалпы мемлекетте психо-профилактикалық және психо-гигиеналық орталықтар бар. Олардың ауруханасында адамдарда қозу процесі жүреді өзінің еркінен тыс қимылдар жасайды. Сол кезде дәрігерлер оған күштеп дәрілерін салады соны біраз солай ұстап тәуірленді деп шығарып жібереді. Ал, ғылым бойынша бірде бір психикалық ауру дәрімен жазылмайды. Дәрімен басуды психотрия дейді ал, психотерапевт дегенде ол сөзбен емдейді. Мысалы Россия мен Қазақстанды салыстырсақ сөзбен емдейтіндердің саны 12 екен де, дәрімен емдейтіндер саны біреу екен. Қазақстанда дәрімен емдейтіндер екеу да сөзбен емдейтіндер біреу. Екінші сұрақ бойынша ауыруын жасырған арам өледі.
Берік: Ендеше мен сіздерді тағы бір ресми дерекпен жарақтап берейін. Дәл осы тақырыпқа қатысты. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мамандары адамдардың өз өміріне қол жұмсауына себеп болатын мынадай факторларды көрсетеді:
1. 1.2 % -Денсаулығының нашарлығынан
2. 3 % -Қаражат қиындығынан .
3. Өмір сүрудің ауырлығынан- 1.4 %
4. Құмарлықтан- 6%
5. Отбасы келіспеушілігінен- 18 %
6. Рухани дерттен -18 %
7. 19 %- Жазасын өтеуден жалтару мақсатында осындай қатерлі қадамға барады екен.
Ал өзін-өзі өлтіру фактілерінің 41 % -і неден болатыны белгісіз күйде қалып отыр. Бұл мәселедегі ең күйзелтетіні, суицидтің жасөспірімдер мен жастар арасында көптеп кездесуі.
Сейілбек: Меніңше әлеуметтік фактор – негізгі себеп бола алмайды. Мысалы қазіргі қоғамдағы «суицидке себеп болып жатыр» деп есептелінетін факторларды тізіп шығайықшы: кедейлік, жұмыссыздық, жақынынан айырылу, отбасындағы түсініспеушіліктер, қаржылай қиындықтар көру, қарызын, я болмаса, банктегі несиесін төлей алмау, өзін туған-туыстарына және жалпы қоршаған ортаға әбден қажетсіз сезінуі т б. Қысқасы, тізе берсек өлімге жетелейтін ғалымдар есептегендей 800 түрін мысалға келтіруге болады. Алайда, бұлардың барлығын негізгі себеп деуден көрі – сылтау деп атағанымыз дұрыс шығар. Ал сылтау әрқашанда көп болады. Адамның өмірден түңіліп, өзіне қол салуының негізгі себебі-психикасының бұзылуынан деп жатады. Осыдан жарты ғасыр ғана бұрын «бәленшекең өзіне қол жұмсапты» десе естіген жұр өре түрегелетін. Бұл қауесет бір ауылдан екінші ауылға одан ел арасына тарап естіген жұрт жағасын ұстайтын. Мәселен, Ислам мемлекеттерінде суицид оқиғасының пайыздық көрсеткіші нөлге жақын. 100 мың адамға 0.1 оқиға ғана тіркеледі. Ал, Христиан дінін ұстанатын мемлекеттерде бұл көрсеткіш 11,2-ге дейін жоғарылайды. Будданы тәуәп етушілердің қоғамында бұл көрсеткіш 17,6-ға дейін жоғарылайды. Ал қайбір діннен қалыс қалған атеист елдерде оның көрсеткіші тіпті жоғарылап кетеді екен.
Думан: Сіздің ойыңызды түсіндік. Мәселенің мәні адамдардың сенімінде жатыр деп отырсыз ғой.
Нұржігіт: Меніңше негізгі себеп –эгоизм. Жалпы қазақ қоғамы «өзге үшін өмір сүретін» халық қой. Әйелдері еріне қызмет еткен, ерлері еліне қызмет еткен халықпыз ғой. Жаңағы сенім мәселесі қозғалған соң айтып отырмын. Батыс идивидуалистік, яғни өзімшіл қоғам. Өзім ішсем, өзім жесем екен дейді. Ал Шығыс, оның ішінде қазақ қоғамы коллективистік санамен өмір сүрген. «Еткен еңбегім елім үшін» деген кредоны жан тәнімен сезіне білген. Ал осы ұғымды терең психологияға салсақ мұндай ұғымның иесі атанған халық (жеке тұлға ретінде алып қарасақ та, жалпы қоғам деңгейінде салыстырсақ та) еш уақытта өзінің өмірін балталауға бармайды.
Сейілбек: Қазақта «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген бір ауыз сөз бар ғой.
Нұржігіт: Осы тақырыпта Сократтың айтқан бір сөзі бар еді: «Адамдардың өз өміріне балта шабуына апаратын жалғаз нәрсе бар: ол – адам өмірінің мәні деген сұраққа келіп тірелу» дейді. Яғни не үшін өмір сүріп жүргенін түсінбеуден туындайды. Ал тағдырдың қалауы да сол, адам баласына бұл берілген өмірдің мәнін іздеп, соны түсіну үшін.
Келдім қайдан?
Нетсем пайдам?
Өлгеннен соң не болам?
Болмаса:
Келіп қайдан,
Барам қайда?
Не қылғаным болар пайда?
Мола боп қалам ба сайда?- демейтін бе еді Шәкәрім Құдайбердіұлы?
Берік: Бұл сұрақты данышпан атаулы өзіне өзі қойып, соның жауабын іздеп өткен. Сонау Сократ, Аристотель, Платон, Әл-Фараби, Толстой, Шәкәрім тағы басқа данышпандар осы сұрақтардың жауабын тауып, өмірдің мәніне жеткен.
Сейілбек: Осы орайда ата дініміз – исламда өзіне өзі қол салушыларға қатысты не айтылатыны да маңызды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде өзіне-өзі қол салу ауыр күнә ретінде сипатталады. Мысал үшін Алланың Елшісінен сахабасы Хурайра жеткізген бір хадисте: «Бір адам өзін таудан тастап, өлтірсе, ол адам жаһаннамда (тозақта) болады. Сөйтіп өзін мәңгі тозаққа тастайтын болады. Ал бір адам у ішіп өзін-өзі өлтірсе, сол удан тозақта мәңгі ішетін болады. Сондай-ақ бір адам өзін пышақпен немесе қылышпен өлтірсе, сосын сол пышағымен немесе қылышымен өзін-өзі тозақта да өлтіретін болады.» – делінген. Ата дінімізде осылайша, өзін-өзі өлтіру орны толмас ауыр күнә есебіне жатқызылады.
«Ынсап» қоғамдық қорының сарапшысы- Шылғаубаев Мерхат: Жақсы әңгімелер қозғалды, суицид- рухани дерт деп жатыр. Ата-бабамызда болған шығар бірақ мұндай көп болмаған. Мына Тәуке ханның жеті жарғысында бар өзіне-өзі қол салған адамды жеке жерлеген және де жаназасы шықпаған. Дерт қайдан шығады адам екі денеден тұрады: материялық және рухани. Материялық денеміз көзімізге көрінетін мына денеміз, ол ауырады емі дәрісі бар жазылады. Енді рухани дене, яғни жанымыз, мұның да ауыруы бар. Мұның емін, шипасын бабаларымыз білген, алдын алған. Жаңа айтып кеттіңіздер, ғалымдар бұл аурудың кіммен байланысы барына көп мән беріп жатыр деп. Әр нәрсенің зерттеуші ғылымы бар, жан дүниені зерттеуші ғылым- руханият немесе дін. Мұхаммад Ихбал Лахори деген данышпан әулие айтады: Егер сенің ұстанып отырған дінің бола ма сенің жан дүниеңді айна қатесіз алдыңа көрсетіп бермесе, танытпаса онда сен өлісің тірі емессің. Мысалы аталарымыз айтады «Өзін-өзі басқарған ел бақытты, өзін-өзі таныған ер бақытты»-дейді. Жаңағы айтқанымыздай рухани дертті де қоздыратын микроптар болады. Оны дін тілінде руханиятта шайтан дейді. Ол микроп бұл жағдайға қалай келтіреді? Мысалы медицинада клиптомания, қазақта сұғанақ дейді. Мысалы бір затты еркінен тыс алып қалтасына салып кете береді. Былай шыққан соң ғана біледі. Өзінің қолы өзінен еркінен тысқары жұмыс қылады. Осыны сенің еркіңнен тыс жұмыс істетіп тұрған не күш бар? Ол күш, микроп- шайтан. Осындай жағдайға қалай алып келді ол адамда ес болмайды. Оны басқарып отырған басқа күш бар. Біздің аталарымызда айтады: адам руханияты таза болған жағдайда ол періштенің кілт салып оталдыратын орны болады деп. Періште адамды жақсылыққа басқарады. Ол хақтан тайғанда руханиятын жойғанда шайтанның басқаратын ролі болады дейді. Сол нәрсеге қалай алып барады, адам бірден бір күнде өзіне қол жұмсамайды. Оны дайындайды дайындықтан өткізеді. Адамның он екі мүшесін әбден өзіне бағындыру керек. Пайғамбарымыздың хадисінде айтады: шайтанның адам баласындағы орны ол қанның айналысымен бірге болады дейді. Оны Ұзақпай деген атамыз өз ана тілімізде жеткереді:
Жаның қонақ денеңе,
Құрметтеп қалай бағасың.
Тілін алсаң нәжістің,
Қас бәлеге қаласың.
Нәжес деген аламан,
Тамырды қуып тараған.
Оған жолдас шайтан бар,
Мекен етіп жай алған,
Етпен тері арадан-дейді.
Шайтан қанымызда еркін айналу үшін жол салады. Мысалы аталарымыз -айтады «ауру астан» деп. Мысалы малды бауыздар алдында дәретін алып бісмілләсін айтып бауыздаған. Неге олай бауыздады? өйткені таза жере құдайдың атымен аталған жере микроп жоламайды. Енді оны алады да, тамақ жасаушы адам тазалықсыз, бісмілләсіз тамақ жасап жібереді, екінші рет микроп араласты. Енді үшінші жағдайда оны алдымызға келген уақытта бісмілләсіз жейміз. Одан әрі асқазанға түскен соң жүректегі отырған шайтан араласады бүкіл денеге тарайды қан арқылы, онан соң мына қол, аяқ саған бағынбайды еркіңнен кетеді. Мысалы көшеде келе жатқан адам өзінен өзі сөйлеп өзі оны сезбейді. Осылай өзінің басқаруын басқа күш билейді. Осыдан өзіне қол жұмсау шығады. Неге оған ол сайтан итермелейді Құдайдың қаһары қайда түсетінін біледі, Құдай тағаланың жек көретін ісі. Аталарымызда аманатқа қиянат, арсыз ісі, жан кеудеміздегі аманат. Оны уақытынан ерте шығару қиындыққа қалдырады. Бұл проблемалардың емі-аталарымыздың рухани ілімін меңгеру! Бұл таза психологиялық проблема. Л.Н. Толстой атамыз айтады тәннің ауруын емдеуші дәрі бар ал, жанның ауруын емдеуші ол тән ауруын емдейтіндей дәрі емес дейді. Бұл нәрсе бүкіл әлемді тығырыққа тіреп отыр. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының болжамында 2020 жылы екі есеге көбеймекші