Сыйластыққа үйренеміз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыйластыққа үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сыйластыққа үйренеміз

Сабақтың мақсаты:

  • Сыйластықтың адамға жағымды әсерін түсіндіру.

  • Бір - бірімен және үй ішінде сыйластықта болуға әдеттендіру.

Сабақтың көрнекілігі: эмоциялар көрсетілген суреттер


Сабақтың барысы

Психолог: Бәріміз жайғасып отырайық. Орындықта арқаны түзу ұстап отыру керек. Дұрыс отырып үйренген бала әдемі, сымбатты болып өседі. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сыйластыққа үйренеміз».

  • Айтыңдаршы, сендер сыйластық, сыйлау туралы не білесіңдер?

  • Кімдерді сыйлау керек? Аналарыңды, әжелеріңді сыйлайсыңдар ма? Достарыңды ше?


Сендерге ата-аналарың әр түрлі жақсы, жылы сөздер айтады екен. Осындай «айналайын, жаным, ақылдым, күнім, алтыным» деген жылы сөздер естіген сендерге ұнайды, көңілденіп қаласыңдар.

Ендеше біз де бір-бірімізге жылы сөздер айтып үйренейік. Мен бастаймын, сендер жаныңда отырған көршіңе айтып жалғастырасыңдар. Ол рахмет айтуы керек.

Психолог: Аяулым, сен әдемісің!

Аяулым: рахмет. Фарида, сенің бантигің тамаша екен!

Фарида: рахмет. Нұрәлі, сен күштісің!

Бұл жаттығу балалардың жас ерекшелігіне байланысты психолог көмегімен орындалады.

Психолог: Сендер өте ақылды бала екенсіңдер. Көп жылы сөздер білесіңдер. Жарайсыңдар. Жаңа айтқан жылы сөздерді үнемі қайталап бір-біріңе айтып жүріңдер. Үйде де айтыңдар. Қазір өздеріңді ақылды Ханзада, сұлу Ханшайым деп елестетіңдер. Елестеттіңдер ме? Онда «Ханзада орманда келе жатты» жаттығуын орындаймыз.

«Ханзада орманда келе жатты» ойын жаттығуы

Мақсаты: қимыл-қозғалыс және сөйлеу белсенділігін, дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын дамыту.

Барысы: Психолог балаларға ойын жаттығуын орындауды ұсынады, мұнда сөздерді қимыл-қозғалыспен үйлестіру керек. Кәне, бәріміз тіке тұрамыз. Менімен бірге қайталаңдар.

Ханзада орманда келе жатты (орнында аяқтың ұшымен 6 рет қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - жұдырық түйеді, оң аяқпен адымдағанда – жұдырықты жазады).

Хан қызын жолықтырды, жолықтырды (орнында аяқ ұшымен 6 рет қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа шапалақ ұрады, оң аяқпен қадам жасағанда – оң жаққа алақанмен шапалақ ұрады).

Кел, екеуміз секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; алдыңғы жаққа шапалақ ұрады).

Тағы бір секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; артқы жаққа шапалақ ұрады).

Қолымызбен шапалақ ұрайық, шапалақ ұрайық (орнында тұрып алдымен сол жаққа шапалақ ұрады, одан соң оң жаққа алақанмен шапалақ ұрады).

Қолымызды көтерейік (орнында 6 қадам жасап, әрбір қадамға қолды ашып, жұмады).

Психолог: жарайсыңдар. Бәрің де ақылды Ханзада мен сұлу Ханшайым бола білдіңдер. Олай болса, қандай жылы сөздер үйрендік, ұмытпас үшін кезекпен қайталап алайық.

Жылы сөздерді қайталап болған соң, қол шапалақтап, сабақты аяқтау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.10.2018
365
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі