«Айгөлек» бөбекжай-
балабақшасы
сЫЙЛЫҒЫ МОЛ АЛТЫН
КҮЗ
Өткізген:Жиналыс
Р
Мақсаты: Балалардың қоршаған ортаға
деген көзқарастарын қалыптастырып, табиғатты сүюге, қамқор болуға
үйрету, таным белсенділіктерін арттыру. Күз мезгілінің атауларын,
олардың ерекшеліктерін ұғындыру. Балалардың ой-өрісін, тілін,
сөйлеу мәнерін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге,
сезінуге тәрбиелеу.
Мерекеге қатысатын
кейіпкерлер: Аю, Тиін, Кірпі
.Қоян.
Ойындар: Саусақ ойыны
«Жаңбыр»
Орындалатын
әндер: «Күз жомарт», «Алтын күз»,
«Дождик».
Орындалатын
билер: «Қыздар биі», «Заманауый биі»,
«Жаңбыр биі».
Музыка залы мерекеге сай
безендірілген. Балалар музыка әуеніме залға
кіреді. Көкеністердің кимін киген балалар залда отырады,
«Бағбан ата» музыка әуенімен кіріп, балаларды тұрғызып
билейді.
Милена
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге
күз келді.
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді.
Нариман
С
Жомарт көңіл, жарқын
күз,
Сары алтынға
малынған.
Жетті міне алтын
күз.
Көптен күтіп
сағынған.
Айзухра
Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын
күз,
Қалада да, далада
да,
Жанның бәрі жарқын
күз.
Зере
Жапырақ ұшты, Суықта түсті
Сонда да бізге Қызық көп күзде.
Іңкар
Тоңазып
атырап,
Көп жеміс
піседі.
Сарғайып
жапырақ
Саудырап
түседі.
Еркебұлан
Күн шуаққа
маужырап,
Жатыр еді
атырап.
Ағаштардан
жамырап,
Ұшты кенет
жапырақ.
Альтайр
Жемісі мол
теретін
Күз дос екен
бізбенен
Бәрін тауып
беретін
Жомарт екен күз
деген.
Жанасат
Аспанды сұрғылт
бұлт,
Жан-жақтан
жабады.
Күн бірте
суытып,
Жауын көп
жауады.
Бағбан:
Келді міне алтын
күз,
Сары шашты жарқын
жүз.
Мол өнімді
ісімен,
Таңдандырып халқын
күз.
Бағбан:
Ал, балалар ,
балалар,
Енді бері
қараңдар.
Бізге қонақ
келмекші.
Сендерді бір
көрмекші.
Әуелі жұмбақ
жасырам,
Қулығымды
асырам.
Таба алсаңдар
шешімін,
Қонағымды дәл ортаға
шақырам.
Жұмбақ:
Мақұлық бар екен дауысы
зор,
Адамға ұқсап бойында аяқ пен
қол,
Мекені тас бұлақтың
төңірегінде,
Мынаны тапқан жанның ақылы
мол. (Аю)
Сахнаға Аю
шығады.
Аю: мына жер қандай
көңілді!Сәлеметсіңдерме балақайлар! Аюды күтпеген
боларсыңдар?
Бағбан: Сәлеметсің бе, Аю
қандай тосын сәт? Кел, бізбен бірге күз мерекесінде көңіл
көтер.
Аю: Рахмет. Бірақ, мен сендерді
күзгі орманға серуендеп баруға шақырамын.
Бағбан: Балалар, бірге орманға барайық
па?
Балалар
: Ия!
Аю: олай болса , кәне
кеттік:
Аяқты қатты соғамыз,
(тарсылдатады)
Судан, тастан
өтеміз
Секіреміз, жүреміз (алға
жылжи отырып секіру)
Шаршамаймыз, күлеміз. (жай
жүру)
Шаршамасақ
егерде,
Жүрейік бірлесе!
(бір-бірінің артынан жүгіру)
Бағбан: Міне, біз орманға келдік,
Қараңдар, мында қаншама жапырақтар!
Бақдаулет:
Ағаштардан
жамырап,
Ұшты кенет
жапырақ.
Ой, алақай,
тамаша,
Шашу шашты
жапырақ!
Алуа
Сау-сау етіп
жапырақ
Сабағынан
үзілді.
Қоңыр тартып
атырып
Көкке құстар
тізілді.
Айзухра
Күздің қазан
айында,
Алма, алмұрт
піседі.
Жапырақтар
сарғайып,
Сыбдыр, сыбдыр
түседі.
Алижан
Сап сары
маңай
Сап сары
тоғай
Соңғы әнін
айтып
Құс кетті
қайтып
Жаңбыр мен желдің дауысы
шығады.
Бағбан
: Балалар жаңбыр жауайын деп
тұр, кәнекей үйге тығылайық.
Ақжол:
Жаңбыр, жаңбыр жауа
бер,
Қорқпаймыз біз
сенен.
Қолымызда қол
шатыр,
Кел, билеші
бізбенен.
Ән мен би: Дождик. (танец с
зонтиками)
Алихан
Келістіріп бар
сәнін,
Берген өзің
табиғат.
Алтын күзді ал
кәне,
Қарсы алайық
жамағат!
Нариман
М
Жемісі мол
теретін,
Күз дос екен
бізбенен.
Бәрін тауып
беретін,
Жомарт екен күз
деген.
Құралай
Күз айы
тамаша,
Ән айттық
жаңаша.
Би билеп
бәріміз,
Қуанайық
балаша.
(Аяулым, Мади, Алуа,
Еркебұлан, Құралай, Ақжол, Ангелена, Алихана,
Іңкар)
Шыршаның астынан тиін
шығады.
Тиін
(Айзухра): Мен тиінмін,
тиінмін,
Қысқа жылы
киіндім.
Қоймам толы
жаңғаққа,
Іші толы
үйімнің.
Кірпі
(Айжан) орман ішінен фрр-фрр деген
дыбыс шығарып, бір нәрсе іздеп жүреді.
Кірпі: Мен ашулы кірпімін
Көрінгенге түрпімін
Үстім толы ине
Есің болса тиме
Келсе егер түлкі
Түйреп алам түрпі.
Қоян
(Алихан) біреуден қашқан кейіпте
жүгіріп келеді.
Тиін: Кірпі сен не жоғалтып
алдың?
Кірпі
:Мен жазда осы жерден
саңырауқұлақ теруші едім.
Тиін:Қоян сен неге көңілсізсің?
Әлде сені біреу ренжітті ме? Мерекеде біздің ұлдармен бірге би
билеп жібер.
Би: «Заманауи би» ұлдардың
орындауында.
Бағбан:
-Жарайсыңдар, балалар. Енді
бәріміз тұрып «Жаңбыр» саусақ
ойынын ойнайық.
Ағаштар мен шатырға
Жаңбыр жауды аспаннан
(саусақтар «адымдайды»)
Басып қатты
шөптерді,
(аяқты топ - топ басады)
Жапырақты ұшырды
(алақан
соғады)
Кап - кап -
кап,
(сол алақанды жұдырықтап соғады)
Тук - тук -
тук,
(оң алақанды жұдырықтап соғады)
Жауды жаңбыр
көбірек
(алақанды басқа көтеріп соғады)
Ангелина:
Осень наступила, Начались дожди. До чего уныло Выглядят
сады.
Мади
В окне подруга Осень
Листвою шелестит,
Она меня без спроса
Печалью угостит.
Карина
Күзім-ау, күзім-ау, Мінезің
бұзық-ау. Жаңбырын сіркіреп, келгенің қызық
–ау.
Қыздар биі
«Жаңбыр»
Ән «Алтын күз» (Нариман С,
Айзухра, Бақдаулет, Милена, Ақжол, Карина, Альтайыр, Айжан, Нариман
М, Зере)
«Кішкене бағбан» М.
Төрежанов әңгімесінен көрініс.
Бағбан: Жылы жаққа қайтты
құс,
Ән етті бұл жайтты
біз.
Түнгі қара
суықпен
Елге сәлем айтты
құс.
Құрметті
қонақтар «Сыйлығы мол Алтын
күз» атты ертеңгілігіміз өз
мәресіне жетті.