"Сыйлықтар"

Тақырып бойынша 26 материал табылды

"Сыйлықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті, қиялды дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Сыйлықтар»
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті, қиялды дамыту.
Міндеттері:
1. Адам қарым  қатынасындағы достық, сыйластық ұғымы туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, ұйымшылдыққа , адалдыққа тәрбиелеу.
4. Жағымды көңіл-күй сыйлау
Қолданылған құрал-жабдықтар: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А4 қағаз беттері, маркер, қалам, Күннің суреті салынған плакат, кәмпит, арнайы дайындалған стикерлер, лента, қорапша, жануарлардың суреттеі, жүрек.
Сабақ құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ ережелерімен таныстыру.
1. Бір-біріне сыйлық беру
2.
 Ұзақ уақыт сөйлемеу.
3.
 Ұйымшыл болу
ІІ. Сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
а) «Танысу» тренингі
б) «Күн шуағы» жаттығуы.
в) «Тәтті сыйлықтар» жаттығуы.
г) «Имитатор» жаттығуы.
д)
«Үндемес» жаттығуы
ІV. Қорытынды бөлім.
а) «Ең тамаша сыйлық» жаттығуы.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/
Дефектолог сөзі: Сәлеметсіздерме ме, құрметті оқушылар! Сыйластық  жалпы адамдар, әрине, әркімнен әр түрлі жағдайда сыйласады. Үлкен , дос немесе құрмет қылуға лайықты адамдар арасында сыйластық әр түрлі болады .Сыйластық жалпылай түсінікте біреуге деген жылы ілтипаты мен ықыласы болу керек
Сыйлық беру- ..........................
1.
 Сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер?
2.
 Сый , құрмет қандай адамдарға көрсетуге болады?
3.
 «Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек» -деген мақалды түсіндіріңдер?
4.
 Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?
ІІ.Сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлау
ІІІ. Сабаққа дайындық.
ІV. Негізгі бөлім.
а) «Танысу» тренингі
Нұсқау: Бір-бірімізге жылы жүрегімізді сыйлай отырып, танысу ( ойыншық жүректі сыйлау)
б) «Күн шуағы» жаттығуы.
Нұсқау: Тақтаға күннің суреті салынған плакат ілінеді. Оқушыларға күннің сәулелрі таратылып беіледі. Әр оқушы өздерінің бойларындағы жақсы қасиеттерін жазып, тақтадағы плакатқа жапсыру арқылы сәулесін шашып тұрған «Күн шуағын» құрастыру керек.
в) «Тәтті сыйлықтар» жаттығуы.
Нұсқау: Қатсушыларға лента таратылады. Әр оқушы өз сыныптастарына деген тілегін сол лентаға жазады, тілектер жазылып болған соң кәмпиттер және арнайы дайындалған стикерле таратылады. Әр оқушы өз кәмпиттерін қалаулары бойынша безендіріп, әшекейлейді. Сыйлықтар дайын болғаннан кейін арнайы қорапшадан сыйлықтарды таңдап алады да, кімнен сыйлық алды және қандай тілек тіленгенін айтады.
г) «Имитаторжаттығуы.
Нұсқау: қатысушыларға белгілі бір эмоциясы бар жануарлардың суреттері беріледі. Қатысаушылар сол жануарды мимика, жест, эмоция арқылы бейнелеуі керек.
д) «Үндемес» жаттығуы.
Нұсқау: Берілген бір параққа әр оқушы «Сыйлықты сыйлау» эпизодын үндемей суреттеу қажет. Салған суреттеріне топ болып сценарий жазып, көрініс көрсету, қорғауға тапсырма беріледі.
ІV. Қорытынды бөлім.
а) «Ең тамаша сыйлық» жаттығуы.
Нұсқау:
Оқушылар өздерінің қиялдарындағы «Ең тамаша сыйлықтың» суретін салады. Жаттығу шарты бойынша бұл сыйлық әлемде жоқ болуы керек.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2020
874
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі