"Сыйынар ем Ана деген тәңірге" ашық тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сыйынар ем Ана деген тәңірге" ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сыйынар ем Ана деген тәңірге" атты ашық тәрбие сағаты. Тәрбие сағаты жас мамандарға көмекші құрал ретінде керек болар деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге»

Мақсаты: оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-

анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге

үйрету.
Көрнекілігі: шарлар, ананың суреті, нақыл сөздер, гүлдер, интербелсенді тақта



Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.



Ана Сен бақыттысың, Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана, Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…



Жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, ата-аналар, арулар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, асыға

күткен 8 наурыз халықаралық әйелдер күні де келді. Осынау

көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны,

аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан

сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының

алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі

тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен

бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік

кешімізді аналарға деген бір құрметпен басталғанымыз абзал!

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Аман болсын әрқашан да аналар! – деп ақ сүт беріп өсірген

аналарымызға бір қошемет көрсетейік!



« Әке -ана » әнімен Қуанышбек Шапағатты ортаға шақырайық



Жүргізуші: Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

 -Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

 Сонда пайғамбар:

 -Анаң бар ма? -деп сұрайды.

  -Бар,-дейді әлгі адам.

  -Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің

аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық



Мирас: Ана деген тіршіліктің иесін
Сыйлайтынын адал бала білесің
Өмір балын тамызарда ерніңе
Шымырлатып еріткен бар жүйесін
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма
Борышты оған небір дархан дана да
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге
Одан берік, одан нәзік жан бар ма?

Есмырза:Көз алдыңа қыз десең гүл келеді,
Гүлсіз дала әлбетте сұр келеді,

Табиғаттың оларсыз еш сәні жоқ,
Гүлмен ғана дала әсем түрге енеді.
Көз алдыңа қыз десең, гүл келеді,
Жайқалады жер үсті, күллі әлемі
Соларменен қызықты мынау өмір
Лықсып - лықсып жүрекке жыр келеді.

Бейбіт: Қылығы да, қызығы да – бәрі арман,
Тағдыр дейтін түк бермейтін сараңнан
Сұлулықты тартып алған тәкаппар
Сендерсіңдер, сүю үшін жаралған!
Ән әуені көгімізде самғайды
Көңілдерді қуанышқа жалғайды
Балалары шын жүректен тебіреніп
Әсем әнін аналарға арнайды








Жүргізуші: Құрметтейік, о адамдар , аналарды

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі ана деген асыл жан ғой

Ойлауменен жасалық әр қадамды отырып , келесі кезекті көрініске берейік

Көрініс

Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,

 Аласы бар адамның анасы бар.

 Мерекесін құттықтап аналардың,

 Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

 Ана табады, аялайды, бағады.

  Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

 Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті  «Ақ бұлақ» әнімен Жұмабай Құрманғазыға береміз

Жүргізуші: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде.

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!

Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз!

Келесі кезекті әнге береміз. Мәліков Құрыметтің орындауында «Асыл ана» әні

Жүргізуші: Ұстазым – екінші аннам аялаған

Біздерден бар білімін аямаған

Оқысын, білім алсын, үйренсін деп

Таңертең күнде құшақ жаяды арман – дей отырып, 5-сынып оқушыларының ұстаздарына

дайындаған ашық хаттарын тапсыруға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

 Бишілер билеп кетті тербетіле.

 Аққудай қалықтаған теңіздегі,

  Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған биші қыздарыңызды қарсы алыңыздар

Би: флешмоб

Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

  Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

  Қош болып тұрыңыздар көріскенше

  Осымен концертіміз аяқталды.

- Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! Сау болыңыздар!



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1000
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі