Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Сылақтың жағылуы және тегістелуі
ОҚО, Түркістан қаласы, №21 колледждің өндірістік оқыту шебері Ергашов Исмайил Джумадиллаевич
Сабақтың тақырыбы: «Сылақтың жағылуы және тегістелуі»
Сабақтың мақсаты:
-
Сабақта таңдаулы мамандыққа қалыптастырып мотивациялау, өңдеу жұмыстарының озық технологияларын білу.
-
Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке және еңбек тәртібіне баулу.
-
Өздік кәсібилік қабылетпен бірге ой-өрістерін жетілдіру
Сабақ түрі: Құрастыру сабағы және білім мен дағдыларды жетілдіру.
Оқыту әдісі: ауызша (әңгімелесу, түсіндіру, техникалық құжатпен жұмыс істеу); көрнекілікті қолдану (шебердің әдіс-тәсілімен қоса өзінің жұмыс тәжірибиелін көрсету, оқұ-көрнекі құралдары, слайдтар); практикалық әдістер (кешенді оқу-өндірістік жұмыстары).
Оқыту құралдары:
-
Құрылыс материалдары (құм, саз);
-
Құрылыс құралдары (сылақ қалақшасы, сылау щеткасы, шелек, ерітіндігі арналған сыйымдылық,түзеткіш, деңгейлегіш, жартылайтегістегіш).
-
Дидактикалық материалдар (жұмыс дәптері, нұсқаулы-техникалық картасы, үлестірмелі-тапсырмалар, тест, презентация).
-
Жабдықтар: (стенд, мультимедиялық проектор).
Ішкі пән байланысы:
-
Материалтану;
-
Еңбек қорғау;
-
Ірге беттерін сылақтау технологиясы.
Сабақ өткізілетің орыны:өндеушілілер цехі.
Уақыт: 6 сағат
Ақпарат көзі/:
-
Матвиенко Н.В. «Материаловедение для мастеров отделочных и
строительных работ».
-
А.М. Шепелев «Сылақ жұмыстары».
-
Н.Жаданов, Н.Құдайбергенов «Еңбек қорғау».
-
Интернет: http://www.youtube.com/watch?v=ZmSbHjjRqbM
Тақырыпты өтіп, студенттер білу керек:
білуі керек:
Ерітіндіні даярлау кезіндегі
жұмыс орнын ұйымдастыру. Түрлі сылақ жұмыстарын дайындаудағы құрамы
және амалдары. Түрлі қалыпта ерітінді лақтыру амалдары. Сылақ
жұмыстарын орындаудағы техникалық жүйелілік. Жартылай тегіштеуішпен
тегістеу амалдары. Сүрту амалдары.
істей алуы
тиіс:
Ерітіндіні дайындау араластыру, мөлшерлеу. Ерітінді қозғалысын
айқындау. Түрлі қалыпта қол сайманмен ерітіндіні лақтыру.
Құрал-сайманды пайдалану. Ерітіндіні
тегістеу.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру бөлемі (5-7 минут):
1. Студенттермен амандасу.
2. Студенттердің сабаққа келуін тексеру.
3. Жұмысқа көніл аудару.
Ө/о шеберінің сөзі: Бүгін сіздер топқа бөлінім жұмыс істейсіндер.Әр топқа бақылау парақшасы беріледі. Алған бағаларын критерия арқылы бағаланады. Сабақтын аяғында қорытынды шығарылады.
4. Кұнделіктердің болуын тексеру.
5. Арнайы киімдерін тексеру (қауіпсідік техникасына қойылған талаптарына сәйкес болуы).
II. Нұсқаулар енгізу (50-60 минут):
А) Ө/о сабақтарында және арнайы технология пәндер бойынша оқылған материалдардың студенттердің білімін тексеру.
Б) Сабақтың тақырыбын хабарлау және сабақтың мақсатын.
В) Жаңа сабақтын тақырыбымен танысу.
Г) Сабақтын тақырыбын меңгеру.
А) Ө/о сабақтарында және арнайы технология пәндер бойынша оқылған материалдардың студенттердің білімін тексеру.
«ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА» тапсырма ретінде өз тандауын жасап, қойылған сұрақтарға жауап беру. Слайд.
Б) Сабақтың тақырыбын мен мақсаты хабарлау. Слайд
В) Жаңа сабақтын тақырыбымен танысу (Өндірістік күнделіне тақырыпты жазу ). Слайд
Сылақ жұмысын орындау кезінде алдымен жұмыс орнын дайындап алып, керекті құрал – саймандарды түгендеп, сылақтау ерітіндісін дайындап, содан кейін жұмысты бастау керек. Сылақшы өзіне ыңғайлы жағдайда тұрып, яғни оң аяғын алға, сол аяғын артқы жаққа епті етіп қойып, денені бос ұстап еркін түрде жұмысты бастау керек.Жұмыс кезінде сылақшының бүкіл денесі емес, тек қана білек жұмыс жасайды. Сол арқылы сылақшының әдемі түрде жұмысының орындалуы және өзін еркін сезінуі байқалады.
Тұтқасы астына орнатылған cылақ қалақшамен ерітіндіні былайша тастайды. Жұмыс істеу үшін ерітіндіні жәшігі, сылақ қалағы және сокол қажет. Жәшікті мүмкіңдігінше сыланатын қабырғаға таяу қояды.
Ерітіндіні жәшіктен сылақ қалағымен соколға салады. Бұл үшін сылақшы сол қолына соколды, ал оң қолына сылақ қалағын алады, жәшікке таянып, оң аяғын жәшік жанына, ал сол аяғын сәл артқа қойып тұрады. Соколдың бір жағын жәшіктің қырына қойып екінші жағын шамамен 10 сантиметрдей көтеріңкі ұстайды.
Сылау процесінде ерітіндіні әр түрлі бағытта: оңнан солға және солдан оңға қарай жағуға тура келеді, бұл ерітіндінің қай жерге жағылатындығына байланысты. Ең ыңғайлысы – ерітіндіні солдан оңға қарай жағу.
Үй төбесін сылағанда ерітіндіні артыңа қарай, өз тұрға жеріңнің үстіне, алға қарай тастай жағуға тура келеді. Алға қарай жаққанда, қалақ және тастам ерітіндіні сылақшының алдына қарай бағытталады. Өз тұрған жеріңнін үстіне қарай лақтырғанда, ерітіндіні дәл төбе тұсыңа жағылып жатады, бірақ қалақ дәл оңға қарай сілтенуі тиіс. Егер ерітіндіні тастамдары сылақшының желке тұсына түсіп жатады.Ерітіндіні тастау кезінде оның шашырандылары қасында жұмыс істеп тұрған сылақшыға қарай шашырамайтындай болуы керек.
Ерітіндіні қалақпен негізден торланған қабырға бетіне жағады. Торға алдымен қара сылақ жүргізеледі, ол ілініскен соң, тор солқылдамайтын болады. Жағуға содан кейін ғана кіріседі.
Жартылайтүзеткішпен былайша жұмыс істейді. Аңдаманы ерітінді жағылған қабырға бетіне тақайды, жоғары қарай, ал үй төбесімен жүргізгенде өзіне қарай жылжытады. Ерітіндінің мол түскен жерлері ысырылып, аңдама бетіне жиналады. Кемдеу түскен жеріне жаңағы жиналған ерітінді жағылады. Кей жерлерде ерітіндіні қосымша жағуға тура келеді.
Түзеткішпен қабырға бетінің түзулігін әрі тексереді, әрі қосымша тегістеп шығады. Түзеткіш сылақ бетіне барлық бағыт бойынша қойып, көріп, тегіс емес жерлерді сол сәтінде түзетіп отырады. Ой-шұқыр жерлерге ерітінді жағылып тесгістеледі де, төбешіктер қырналып тасталады. Сылақты түзетіп болған соң жұмыс сапасындеңгейлегішпен тексеру керек.
Слайд
НҰСҚАУЛЫ-ТЕХНОЛОГИЯ КАРТАСЫ бойынша түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап беру.
Қөздерінді демалту үшін, сендерге бейнеролик ұсынамын.
Тақырып бойынша комментарий жасап, әдістерді көрсету және студентті шақырып, көрсетілген тәсілдерді қайталату.
Г) Сабақтын тақырыбын меңгеру.(нұсқаулы-технологиялық картасын қолданып)
1. Сұраққа жауап беру (үлестірмелі парақшасы):
1. Сылақты жартылыйтегістегіш қалақпен сылау бағыттардың тәсілдері? Вертикаль және горизонталь бағытта.
2.Жартылайтегістегіш құралы не үшін қолданады?
Қабырға бетін түзулігін тексереді, әрі қосымша тегістейді.
3.Сылақтаудың жұмыс сапасын қандай құралмен тексереді?
Денгейлегіш
Слайд
2. Тест
Слайд
3. БЕЙНЕМАТЕРИАЛ көрсету
Жұмыс орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасын еске түсіріп, ережелерін қайталау. Слайд
Өндірістік тәжірибиелік жұмыстардың әдіс-тәсілдерін қөлдана отырып, өткен тақырып бойынша тапсырмаларды орындап алған білімдерін бекіту. Жұмыс орындағы ҚТ-ның нұсқау жұрналына қол танбасын қою.
III. Өткен нұсқаулар
Бірінші қарау:
-
Жұмыс орынын тексеру, құрал-жабдықтармен дұрыс пайдалануды тексеру мақсатымен жүріп қарау.
-
Пайдалану амалдарын дұрыстығын, ҚТ ережесін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыруды назар аудару.
Екінші қарау:
-
Тапсырманы игере алмаған студенттерге бақылау көрсету.
-
Студенттердің өз гигиенасын қарау және жұмыстын сапасына назар аудару.
Үшінші қарау:
-
Жұмысты қабылдау.
Жұмыс қорытындысын бағалайтын көрсеткіштерімен және бағалау парақша бойынша қорытынды бағаларын шығарып өндірісті күнделіктеріне қою. Слайд
IV. Қорытынды нұсқау
-
Сабақ қорытындысын жасау.
-
Сұраққа жауап берген студенттерге және тәжірибе тапсырмаларғабаға қою.
-
Жақсы жұмыс істеген студенттерге белгілеу және нашар студенттке көмек көрсету.
-
Жұмыс орнындарын және құралдардықабылдау.
-
Үй тапсырмасы: өткен тақырыптарды арнайы технология пәнінен қайталау.
-
Жұмыс орнын жинау.
Үй тапсырмасы: Арнайы пәнден өткен тақырыпты қайталау.
НҰСҚАУЛЫ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Тақырып «Сылақ қабаттарын лақтыру, жағу және тегістеу»
Құралдар |
Нұсқау көрсеткіші және түсініктемесі |
Көрсету амалдардың үлгілері |
|
Ерітіндіні лақтыра тастау |
|||
Ерітінді жәшігі ерітіндісімен Сокол Сылақ күрекше |
1.Тұтқасы астына орнатылған сылақ қалақшамен ерітіндіні былайша тастайды. Жұмыс істеу үшін ерітіндіні жәшігі, сылақ қалағы және сокол қажет. Жәшікті мүмкіңдігінше сыланатын қабырғаға таяу қояды. Ерітіндіні жәшіктен сылақ қалағымен соколға салады. Бұл үшін сылақшы сол қолына соколды, ал оң қолына сылақ қалағын алады, жәшікке таянып, оң аяғын жәшік жанына, ал сол аяғын сәл артқа қойып тұрады. Соколдың бір жағын жәшіктің қырына қойып екінші жағын шамамен 10 сантиметрдей көтеріңкі ұстайды.
2.Сылау процесінде ерітіндіні әр түрлі бағытта: оңнан солға және солдан оңға қарай жағуға тура келеді, бұл ерітіндінің қай жерге жағылатындығына байланысты. Ең ыңғайлысы – ерітіндіні солдан оңға қарай жағу.
3.Үй төбесін сылағанда ерітіндіні артыңа қарай, өз тұрға жеріңнің үстіне, алға қарай тастай жағуға тура келеді. Алға қарай жаққанда, қалақ және тастам ерітіндіні сылақшының алдына қарай бағытталады. Өз тұрған жеріңнін үстіне қарай лақтырғанда, ерітіндіні дәл төбе тұсыңа жағылып жатады, бірақ қалақ дәл оңға қарай сілтенуі тиіс. Егер ерітіндіні тастамдары сылақшының желке тұсына түсіп жатады.Ерітіндіні тастау кезінде оның шашырандылары қасында жұмыс істеп тұрған сылақшыға қарай шашырамайтындай болуы керек. |
|
|
Ерітіндіні жағу |
|||
|
|||
|
1. Ерітіндіні соколмен былайша жағады. Оң қолға қалақты, сол қолға ерітінді салған соколды алады. Соколды сылақ жүргізілетін қабырға бетіне оның бір жағы қабырғадан 50-100 мм жерде тұрарлықтай етіп, екінші жағын жағылатын сылақ қалыңдығына сай етіп ұстайды.
2. Ерітіндіні қалақпен негізден торланған қабырға бетіне жағады. Торға алдымен қара сылақ жүргізеледі, ол ілініскен соң, тор солқылдамайтын болады. Жағуға содан кейін ғана кіріседі. Сокол ожауға немесе соколға талшықты заттар қосылған ерітіндіні салады, оны салынатын қабырға бетіне қалақтың сырт жағымен жағады. Егерде ерітінді қабырға таяп ұстайды, шаң-шаң қимылмен бір тастам ерітіндіні соколдан қалақтың сырт жағымен ысырады да, оны қабырға бетіне жұқалап жағады. Ерітіндіні вертикаль немесе горизонталь жағады. Үй төбесіне де ерітіндіні қабырғаға жүргізілентіндей етіп жағады. |
|
|
Тегістеу Ерітіндіні жартылайтегістегішпен тегістеу |
|||
|
Жартылайтегістегішпен былайша жұмыс істейді. Аңдаманы ерітінді жағылған қабырға бетіне тақайды, жоғары қарай, ал үй төбесімен жүргізгенде өзіне қарай жылжытады. Ерітіндінің мол түскен жерлері ысырылып, аңдама бетіне жиналады. Кемдеу түскен жеріне жаңағы жиналған ерітінді жағылады. Кей жерлерде ерітіндіні қосымша жағуға тура келеді. Түзеткішпен қабырға бетінің түзулігін әрі тексереді, әрі қосымша тегістеп шығады. Түзеткіш сылақ бетіне барлық бағыт бойынша қойып, көріп, тегіс емес жерлерді сол сәтінде түзетіп отырады. Ой-шұқыр жерлерге ерітінді жағылып тесгістеледі де, төбешіктер қырналып тасталады. Жұмыс сапасындеңгейлегішпентексеру.
|
|
ҮЛЕСТІРМЕЛІ ПАРАҚША-СҰРАҚ
1. Сылақты жартылыйтегістегіш қалақпен сылау бағыттардың тәсілдері?
2.Жартылайтегістегіш құралы не үшін қолданады?
3.Сылақтаудың жұмыс сапасын қандай құралмен тексереді?
Тест
1. Қара сылақ неше қабаттан тұрады?
А) 2
Б) 4
В) 3
2. Жақсартылған сылақ қабаты.
А) 3
Б) 4
В) 2
3. Сылақтын жұмыс сапасын тексеру құралдарын ата.
А) денгейлегіш, түзеткіш
Б) жартылайтегістегіш, сылақ қалағы
В) түзеткіш, тегістегіш
4. Ылғал жұтқыш материалдарды ата?
А) ағаш
Б) каучук
В) битум
5. Әрлеу сылақтын қалыңдығы қандай?
А) 2 мм
Б) 3 мм
В) 2,5 мм
ЖАУАБЫ: А
БАҒАЛЫҚ КРИТЕРИЯЛАРЫ
«5» баға |
Жұмыс орнының тазалығы, құрал-саймандардың бөгетсіздігі. Ерітінді ыдысы іргеден 70-80 см арақашықтықта орналасуы. Арнайы киім толық мөлшерде. Құрал-сайман дұрыс. Жұмыс кезінде студент тапсырманы тыныш және сабырлы орындау. Оқу-өндірістік тапсырма толық мөлшерде орындалды. Сылақталған ірге бетімен түзеткіштін 1-2 аралық саңылауы 2 мм дейін. |
«4» баға |
Аяқ астында аз мөлшерде ерітінді шашраған, ерітінді ыдысы іргеге жақын тұр. Арнайы киімнің кейбір элементері толық емес. Тәртіпті аздап бұзу. Оқу-тәжірибиелік жұмысы 80% орындалған. Сылақталған ірге бетімен түзеткіштін 2-3 аралық саңылауы 2 мм дейін. |
«3» баға |
Жұмысқа кедергі тұдырушы ол аяқ астындағы шашыраған ерітінді және жолындағы тұрған шелектегі судың бөгет жасауы. Арнайы киім өндірістік оқытуға сәйкес емес. Тапсырма орындаушы шулап басқаларға бөгет жасауы, оқу-өндірістік жұмыстың орындалуы 50%. Сылақталған ірге бетімен түзеткіштін арасында ойықпен томпақтар 5 мм-ден жоғары. |
«2» баға |
Арнайы киімі мүлдем жоқ. Өндірістік-тәжірибиелік тапсырма орындалмаған. Жұмыс кезінде еңбек қорғау ережелерін бұзу. |
БАҒАЛАУ ПАРАҚШАСЫ
Аты-жөні |
Жұмыс орнын ұйымдастыру |
ҚТ және еңбек қорғау ережелерін сақтау |
Жұмысты орындау |
Сылақтаудың жұмыс сапасы |
Қорытынды баға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|

