Шылау 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шылау 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге өз септігін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Шылау

Сабақтың мақсаты: а) Шылаулардың толық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен

сөйлемді байланыстырып немесе қосымша мағына үстеп тұратын көмекші

сөздер екенін түсіндіру.

ә) Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы шылауларды шылау

тұлғалас қосымшалардан ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

б) Сабақ барысында еңбекқорлыққа, салт-дәстүрді сыйлауға тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама



Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жаттығуларын тексеру.

5-жаттығу.


  1. Ереже сұрау.


III. Жаңа сабақ.

Кестемен жұмыс.

Кестеде берілген сөздер оқылып, төмендегідей тапсырмалар орындалады.


Мысалдар

Мағынасы жоқ сөздер

1.Марат та, Асқар да, Гүлсім де циркке барды.

2.Атырау облысынан адамзат тарихы үшін бағалы екінші алтын адам табылды.

3.Асан мен Үсен жұртта қалып қойды.

та, да, де.

үшін


мен


1.Сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талдату.

2.Сөйлем мүшелеріне талдату.

3.Сұраққа жауап бермейтін, жеке мағынасы жоқ сөздерді тауып, кестенің екінші бағанына жазу.

4.Бұл сөздер өздері тіркескен сөздерге қосымша мағына үстеп немесе сөз бен сөзді байланыстырып тұрғаны айтылады.

Мысалы: да, де сөздері күшейткіш мән үстеп тұрса, үшін сөзі мақсат мәнін үстеп тұр, ал мен сөзі сөз бен сөзді байланыстырып тұр.


Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

1.Сөйлемдерді көшіріп жазу.

2.Қарамен жазылған сөздерді жеке оқыту. Олардың өз алджына толық мағынасы болмайтынына көңіл аударту.




2-жаттығу.

1.Өлеңді түсініп оқытып, өзіндік мағынасы жоқ сөздерді тапқызу.

2.Өлеңдегі өзіндік мағынасы жоқ сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жазу.


! Тілімізде өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер шылау деп аталады. Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен мөйлемді байланыстырады. Шылаулар: мен (бен, пен), және, да (де), та (те), ма (ме), ба (бе), па (пе), дейін (шейін), қана (ғана), қой (ғой), үшін, туралы, -ақ, -ау.


3-жаттығу.

Өлеңді түсініп оқыту. Шылауларды тапқызу.


  • Өлең не туралы?

  • Өлең арқылы «Босағаң берік болсын!» деген тілекті не үшін айтатынын анықтаңдар.


4-жаттығу.

Төмендегі шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырып жазғызу.


Үшін, бен, -ақ, па, туралы, да.


IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

«Ойланайық, балақай» дидактикалық ойыны.


Шарты: Тақтаға сөйлемдер жазылады. Көп нүктенің орынан тиісті шылауды қойып, сөйлемдерді

көшіріп жазу, сызба бойынша шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырып жазу.


1.Назым ... , Назгүл ... мектепте оқиды. Мектеп алдына бір топ мұғалімдер ... оқушылар ағаш отырғызып жатыр. Сыныпта Ілияс ... жүзе алады. Сен «Алпамыс» жырын оқыдың ... ?

Shape1

2Shape3 Shape4 Shape7 Shape6 Shape5 Shape2 . 1. және .

Shape9 Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 Shape8 2. та, да, де .

Shape18 Shape17 Shape16 Shape15 Shape14 3. қана .

Shape19 Shape21 Shape20 4. ғой.



V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

5-жаттығу. (158-бет)







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.00.2018
1041
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі