Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент
ауылы
И.Әбдікәрімов атындағы №168 орта
мектеп.
Математика пәнінің мұғалімі: Сералиева Райхан
Ерқазықызы
Тақырыбы: Шылым шегудің ағзаға
зияны
Шылымның зияндылығы құрамында
болатын никотиннің орталық нерв системасын жайлы қоздыратынына
байланысты.Никотин-өте улы зат.Алғаш рет шылым шегуге әрекет
еткеннің өзінде-ақ жүрек айну, бас айналу, құсу,жүректің шалыс
соғуы, тамақтың, өңештің және асқазанның түйілуі,тіпті талып қалуға
жететін топастануға айналатын қозушылық секілді әр түрлі ауру
құбылыстары байқалады.Әрбір денені сау адамнан осындай реакция
байқалады. Организм никотинде үйренген жағдайда оның уландыру
қасиеті әлсіреп, адам темекінің жағымды қоздыратын әсерін ғана
түйсінеді.Бұл алдамшы түйсік, өйткені темекі түтініндегі заттар
денсаулық үшін қауіпті.
Темекі түтінінде никотин,иіс
газы,көгерткіш қышқыл, аммиак, формальдегид және т.б. көптеген
зиянды заттар бар.Рак ісігін асқындыратын бензопирен ерекше зиянды
зат. Шылым шегетіндер, шылым шекпейтіндерге қарағанда өкпе рагымен
он есе,көмекей рагымен алты-он есе,өңеш рагымен екі-алты есе жиі
ауырады. Оларға өкпенің созылмалы қабынуы, туберкулез, тыныс
демкпесі аурулары тән.Шылым шегуші өзіне ғана емес, сондай-ақ
айналадағыларға да зиянды.Шылым шегілген бөлмеде 1 сағат болған
адам темекі шеккендей уланады. Шылым шегушілердің туыстары мен
жақындары көп ретте олардың кінәсінен «енжар шылым шегушілер»
жағдайында болады – бір адамның шылым шегуі көп адамды
уландырады.Шылым шегу мектеп оқушыларына жат нәрсе,өйткені
жасөспірімдерге өте зияны көп. Темекі шегу әсіресе мектеп
оқушыларының қалыпты еңбек және демалыс режимін бұзады,ол
никотиннің орталық нерв жүйесіне әсер ететіні ғана емес, сонымен
қатар, сабақ үстін де шылым шегуді ойлап отырады, оқушының зейіні
темекі туралы ойға ауысады. Есте сақтау қабілетін бұзады. ес
дәлдігін. Никотиннің, темекінің улы түтінінің, көміртек (II)
оксидінің (иіс газы) бірлесе әсер етуі басты ауыртады,адам
ашуланшақ болып, жұмыс қабілеті төмендейді.Соның нәтижесінде темекі
шегіп даладан елген оқушы сабаққа шаршанқы күйде келеді.Шылым шегу
әйелдерде де көптеп кездеседі. Халықаралық статистиканың мәліметіне
қарағанда, шылым шегетін әйелдерден туған балалардың арасындағы
өлім шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда 40 процент жоғары.Никотин
қан тамырларының түйілуіне және олардың ішкі қабықшасының өзгеруіне
себепші болад. Мұндайда қан тамырларының саңылауы қан айналымы
қиындайды, дене мүшелерін оттегімен және қоректік заттармен
қамтамасыз ету және олардан зат алмасуының зиянды өнімдерін әкету
нашарлайды.Шылым шегушілер арасында көп тараған ауру – стенокардия,
мұнда жүрек қан-тамырлары кеудені қатты ауыртатын әлсіздік пен өлім
қатерін туғызатындай оқтын-оқтын түйілуі мүмкін. Стенокардия көбіне
жүректің ауыр жарақаты – миокард инфарктіне әкеліп соғады. Шылым
шегушілердің басқа бір әдетті ауруы - эндартериит немесе ұстамалы
ақсақтық.Мұнда адам бірнеше ғана қадам жасап үлгереді, ал содан
кейін бір немесе екі аяқ та ұйып, кенет ауырады.Тоқтаған соң
бірнеше минуттан кейін ауру қояды, бірақ әрі қарай жүруге
ыңғайланғанда қайта пайда болады.Сөйтіп осылайша жалғаса
береді.Мүндай адамдардың аяқ қан тамырлары түйіліп, тек тыныштықта,
оған күш түспеген жағдайда ғана аяқты қанмен қамтамасыз ете
алады.Қозғалу жұмыс істеген бұлшық еттердегі зат алмасуын
күшейтеді, олар оттегіні көп қажет етеді.Бұлшық еттерде оттегінің
жеткіліксіздігі және оларды зат алмасу өнімдерінің жиналуы ауру
сезімін туғызады.Аурудың екінші сатысында түйілу құбылыс.Олар әрбір
жасөспірімнен, жігіттен, ер адамнан
байқалады.