"Сымбат. Дене шынықтыру, таңертеңгі және сергіту жаттығулары не үшін керек?"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сымбат. Дене шынықтыру, таңертеңгі және сергіту жаттығулары не үшін керек?"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық »

Білім көздері: Өмір қауіпсіздік негіздері, валеология.

Тақырыбы: Сымбат. Дене шынықтыру, таңертеңгі және сергіту жаттығулары не үшін керек?

Мақсаты: Балаларға денсаулықтың басты кепілі – дене бітімі туралы түсінік беру. «Сымбат», «сколиоз», «дене тәрбиесі», «сергіту сәті» туралы түсініктерін кеңейту.

  • Салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулықты сақтау мен күтінуге құлшылықтарын арттыру.

  • Өзінің және өзгенің денсаулығына құндылық тұрғысынан қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: емдік жаттығулар, сымбат, сколиоз, жалпақтабан, омыртқа, каңқа.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: көрнекілік суреттер, жұмыс дәптері

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың

іс - әрекеті

Ұйымдастырушылық – оятушылық

Қуан, шаттан! Алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін де күн!

Балалар бір-біріне қарап күлімдеп, қай баланың көңіл күйі жоқ болса, көтеруге тырысады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік

Әңгімелесу.

Дене шынықтыру, таңертеңгі жаттығу бала денсаулығының жақсаруына, нығаюына, денесінің дұрыс өсуіне бағытталады. Үнемі жасалған жаттығу жігерлікке, табандылыққа, тәртіптілікке, қажырлыққа тәрбиелейді.

Балалар сендерде күнделікті жаттығу жасауды әдетке айналдырыңдар, уақыт өте келе пайдалы әдет спортпен айналысуға көмегін тигізеді.

Д/О «Үнді елінде қалай жүреді?»

(Педагогикалық сырсандықты қара)

Балаларға өз еріктерімен топ ішінде айналып жүруді ұсыну.

Бір топ балалар бастарына кітап қойып жүреді.

Бақылаудан қорытынды шығарады. Бойы биік, дене бітімі сымбатты, жүрісі әсемі ер бала өте керемет, сол секілді жүрісі жеңіл, арқасы, иықтары тік, ал жүзінде күлкі ойнап келе жатқан қыз балаға қызыға қарайсың.

-Басына сөмке қойып жүру.

- Кітапты басыңнан түсіріп алмай

айналып кел

-Түзу сызық бойымен су құйылған пластик стаканды басыңа қойып жүріп өт.


Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер? Адамдар не үшін таңертеңгілік жаттығуды жасайды? Дене тәрбиесі негізінен қозғалыс үстінде өтеді.

Емдік дене шынықтыру жаттығулары - белгілі бір мезгілде аурудың алдын алу мақсатында жүргізіледі. Оның құрамына жаттығулар, жалпы дамытушылық шаралар және дамытушылық жаттығулар жатады.

Сөздік жұмыс

Сымбат- көрікті, сұлу

Омыртқа - дененің бар салмағын ұстап тұратын қаңқа сүйегі.

Сколиоз- омыртқаның қисаюы.

Жалпақтабан - табан пішінінің бұзылуы.

Қаңқа - денедегі жалпы сүйек

Омыртқаның негізгі көмекшісі табан.

(алдын ала балаларға өз табанын қағаз бетіне бояумен бастырып келуді тапсырады.)

Балаларға табанға арналған жаттығуларды орындауды ұсыну.

  • Аяқ саусақтарымен қарындаштарды жина.

  • Аяқ саусақтарымен сүлгіні ал.

  • Домалақ шарларды аяқпен қозға.

Дәптермен жұмыс

1. Дене бітімі дұрыс балаларды көрсет, сол суретті көк түспен қорша, сколиозы бар балаларды тауып, қызыл түспен қорша.

2. Сен қандай сергіту жаттығуын білесің?

Балалар біз күнделікті қолданатын сергіту жаттығуын көрсетелік.


Сергіту сәті

Домала, доп, домала,

Балшыққа тек жолама.

Жек көремін оныңды,

Бүлдіресің қолымды


Секіріп өт ордан да,

Секіріп өт жолдан да,

Қуса, күшік жетпесін,

Машина басып кетпесін.

Өтепберген Ақыпбеков.


Е. Өтетілеуовтың «Сымбат» өлеңін оқып беру.

Сымбат –мүсін дененің –

Бітім көркі дегенің.

Сымбат жүру әдемі,

Дене қалпын тік ұстап,

Көтеріп сәл денені,

Иық жазып дұрыстап.

Болу үшін сымбатты

Талапта жоқ тым қатты.

Түзу отыр, қисаймай,

Бүкіреймей жантаймай,

Күш сап бас пен арқаға,

Жатып алма партаға.

Отырмасаң ал дұрыс,

Әсер етер ол бұрыс.

Омыртқаның жотасы,

Қисаяды, көлбейді,

Сколиоз дейді оны.

Балалар тәрбиешінің әңгімесін қызыға тыңдайды.


Балалар дене шынықтыру жаттығуларын жасап үйреніп, спорт әлеміне алғашқы қадам жасайды.

Балалар ойынды ойнайды.

Балалар өз достарының жүрісі мен дене бітіміне назар аударады.





Балалар жаттығу жасау барысындағы сезімдерін ортаға сала талқылайды.

Балалар шынығу түрлерін айтады.



Балалар көрнекі суреттерді көреді





Балалар жаңа сөздерді қайталап, есте сақтауға тырысады.


Табанның суреттері талқыланады.
















Балалар аяққа арналған жаттығуларды орындайды.

Балалар дәптермен жұмыс жасайды.

Дене бітімі дұрыс балаларды көрсет, сол суретті көк түспен қорша, сколиозы бар балаларды тауып, қызыл түспен қоршап сызады.


Балалар өлең жолдарын айтып, сәйкес қимыл- қозғалыстар жасайды



Балалар өлең жолдарын тыңдайды.




Қорытынды

Өзін – өзі бағалау

Балалардан қандай сәттердің ерекше ұнағанын айтып берулерін сұрайды.

Балаларды мадақтайды, бірлесе атқарған жұмыстары үшін алғыс айтады

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Не білуі керек: «сымбат», «сколиоз», «дене тәрбиесі», «сергіту сәті» туралы түсініктерін.

Нені игереді: денсаулық пен дұрыс дене сымбатын сақтау үшін шынығу жаттығуларын үздіксіз жасаудың және ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып тұрудың маңызды екендігін.

Нені біледі: сколиоз бен жалпақтабандылықтың алдын алуға, шаршау мен ширығуды басуға арналған қарапайым дене жаттығуларын өздіктерінен орындауды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Изенова Н.О.














































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
1378
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі