Күні: 17.10.2014 Пәні: Қазақ
тілі Сыныбы: 7
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сын
есімнің шырайлары
Сабақтың
мақсаты:
1)
Білімділік: Сын есімнің шырайлары туралы
мағлұмат беру, мәтін мазмұнын ұғындыру.
2)
Дамытушылық: Сын есімнің түрлерін
бір-бірінен ажырата алуға үйрету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін
арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығу-шылықтарын
арттыру.
3)
Тәрбиелік: Мейірімділікке, имандылыққа
тәрбиелеу. Білімді саналы азамат болуға шақыру. Табиғатты аялап,
қорғай білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, плакаттар, тірек
кестелер, семантикалық карта, т.б.
Сабақтың түрлері: Аралас
сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, қызығушылықты
ояту.
Пәнаралық байланыс: Әдебиетпен
байланыс.
Сабақтың барысы: І.
Ұйымдастыру кезеңі:
1.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды
түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, сынып тазалығына көңіл бөлу,
оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын
сұрау:
А) Сұрақ-жауап
(3минут).
1. Сын есім дегеніміз
не?
2. Тұлғасына қарай қандай
түрлерге бөлінеді?
3. Туынды сын есімдер қалай
жасалады?
4. Сын есім жасайтын
жұрнақтарды атаңдар, мысал келтіріп, дәлелдеңдер.
5. Құрамына қарай қандай
түрлері бар?
6. Сын есім негізінен қандай
сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
ІІ ЖАҢА
САБАҚ:
Алдымен тақтаға ай-күнді,
сабақтың тақырыбын жазып қоямын да, сабақтың мақсатымен
таныстырамын. Содан соң көрнекі құралдардың көмегімен (тірек кесте)
жаңа сабақты түсіндіремін.
А) Оқушыларды топтастыру
үшін «Молекула» тренигін ойнатамын.
Екі топқа бөлінген
оқушыларға бірінші топқа « Білім», екінші топқа «Ақыл» деп ат
қоямын.
Ә) Қызығушылығын
ояту.
Слайдта «қызыл» сөзі
беріледі. Осы сөзді оқушылар бірнеше шырайға бөліп жазулары
тиіс.
Б) Деңгейлік
тапсырма
Оқушылық деңгей
Сәйкестендіру
(Сын
есімге зат есімдердің лайықтысын тірке)
Өнерпаз – ой
Түйінді – бала
Басыңқы – суретші
Әуесқой – сөйлем
Таңдаулы – адам
Сөзшең - шопан
В) Алгоритмдік
деңгей.
БІЛІМ
Жақсы атқа бір
қамшы,
Жаман атқа мың
қамшы
АҚЫЛ
Бейнетің қатты
болса,
Татқаның тәтті
болар
Г) Эвристикалық
деңгей.
Ақыл
өнерпаз- зерек...
Ғ) Шығармашылық
деңгей
-
“Табиғат тал бесігің “ тақырыбында екі топқа
бірдей тапсырма беріледі. Тірек сөздерді пайдалана отырып шағын
шығарма жазу.
-
Тірек сөздер: мөп-мөлдір
бұлақ, өте таза ауа, әп-әдемі қайыңдар, жап-жасыл орман, тұп-тұщы
су.
Үйге
тапсырма:
рафт стратегиясы
IІІ. Қорытынды (10
минут).
А)
Семантикалық карта (3 минут). Арнайы жасалған кеспе
қағаздарды таратып беру арқылы сын есімдерді пысықтап, жаңа сабақты
қорыту.
Ә)
Сұрақ-жауап (3 минут) арқылы жаңа сабақты
бекіту.
Б)
Бағалау (2 минут). Сабаққа белсене қатысып
отырған оқушыларды мадақтау, бағалау. Бағаларын журналға,
күнделіктеріне қою.