жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сын есімді оқытуға арналған танымдық жаттығулар жүйесі
Бекітемін
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары:_________Қ.Пралиев
«____» 2026 жыл
|
Модуль/пән атауы |
Қазақ тілі |
|
Курс |
1 курс |
|
Тобы |
|
|
Сабақтың өткізілген күні |
|
|
Пән мұғалімі: |
Қамбар Нұржамал |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Адамзат жаңалығының елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына септігі |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары: |
9.1.3. Адамзат жаңалығының елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына септігі. |
|
Сабақтың мақсаты: |
Адамзат жаңалықтарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін түсіндіру, олардың қоғам өміріндегі маңызын талдау. |
|
Оқыту нәжижесі |
Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру |
|
Бағалау критерийлері |
Білім алушы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп толықтырады, қажетті ақпараттарды орынды қолданады. |
|
Құндылықтар: |
Еңбекқорлық, жауапкершілік, шығармашылық, білімге ұмтылу, технологияны тиімді пайдалану. |
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі |
Педагогтің әрекеттері |
Оқушылардың әрекеттері |
Бағалау |
Ресурстар |
|
1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) |
Мұғалім оқушылармен амандасып, сабаққа қатысушыларды түгендейді. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады. «Адамзат жаңалығының елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына септігі» тақырыбы бойынша қысқаша түсінік береді. |
Білім алушылар мұғаліммен амандасады, сабаққа дайындалады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. Мұғалімді мұқият тыңдап, сабаққа белсенді қатысуға дайын болады. |
ҚБ: мұғалім бақылау арқылы кері байланыс береді (ұпайсыз) |
интерактивті тақта, презентация, |
|
2. Жаңа білімді меңгеру (15 мин) |
Мұғалім видеоролик арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреді. Презентацияны қолдана отырып әлеуметтік инновация ұғымына анықтама беріп, оның қоғам мен экономикаға әсерін түсіндіреді. Жұмыспен қамтуды арттыру, өнімділікті жоғарылату, инвестиция тарту туралы мәліметтермен таныстырады. Әлеуметтік инновациялардың негізгі формалары мен дамуындағы кедергілерді түсіндіреді. Цифрландыру мен технологиялардың маңызын атап өтеді. Білім, денсаулық және инфрақұрылымға инвестицияның ұзақ мерзімді әсері туралы түсінік береді. Оқушыларға сұрақтар қойып, талқылау ұйымдастырады. |
Білім алушылар видеоролик түсіндірмесін тыңдайды. Презентациядағы мәліметтермен танысады. Әлеуметтік инновациялардың қоғам мен экономикаға әсерін талдайды. Берілген ақпараттарды дәптерге түртіп жазады. Сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдіреді. Талқылауға қатысып, қажетті ақпараттарды қолданады. |
ауызша мадақтау, сұрақ-жауап, кері байланыс, дескриптор арқылы бағалау. |
презентация, интернет ресурстары, видеоролик |
|
Тапсырма 1 |
1-тапсырма. «Қорапты таңда» ойыны Берілгені: 1.Интернеттің ел экономикасына қосқан
басты үлесі қандай? 2.Электр қуатының ашылуы өнеркәсіп пен
қоғамға қалай әсер етті? 3.Бу қозғалтқышы қандай ірі
тарихи-экономикалық оқиғаға түрткі болды? 4.Медицинадағы бұл жаңалықтың
әлеуметтік-экономикалық маңызы неде? 5.Телефон байланысы бизнес процестері үшін
неліктен маңызды болды? 6.Теміржол көлігі ел экономикасын қалай
өзгертті? 7.Компьютерлердің пайда болуы қандай
әлеуметтік-экономикалық өзгеріс әкелді? 8.Жасанды суық жасау (тоңазытқыш)
экономикаға қандай пайда әкелді? 9.Ежелгі заманда дөңгелектің ойлап табылуы
неге әкелді? |
Мұғалім білім алушыларға «Қорапты таңда» ойынының ережесін түсіндіреді. Оқушыларға қораптарды таңдап, берілген сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Дұрыс жауаптарды тексеріп, кері байланыс береді. Оқушылардың белсенді қатысуын қадағалап, ұпайларын бағалайды. |
Дескриптор: қорапты таңдап, сұраққа жауап береді; адамзат жаңалықтарының маңызын анықтайды; берілген ақпаратты дұрыс қолданады; өз ойын нақты жеткізеді. |
|
|
Тапсырма 2 |
2-тапсырма: Берілген сөйлемдерді мұқият оқып, төмендегі жауап нұсқаларының ішінен сәйкес сөз тіркесін таңдаңыз. Әр сөйлемді аяқтағаннан кейін «Тексеру» батырмасын басыңыз. Жүйе жауаптың дұрыс немесе қате екенін көрсетеді. Ойын соңында жалпы нәтиже шығады.
|
Білім алушыларға тапсырманың орындалу тәртібін түсіндіреді. Ойын ережесімен таныстырады. Оқушылардың жауап беру барысын бақылайды. Қажет жағдайда бағыт-бағдар береді. Нәтижелерді талдап, кері байланыс ұсынады. |
Дескриптор: Сөйлемдерді мұқият оқиды. Дұрыс жауапты таңдайды. «Тексеру» батырмасын басады. Қате болса, дұрыс жауаппен танысады. Нәтижесін қорытындылайды. |
https://sparkling-pegasus-48d230.netlify.app/ 2-тапсырма |
|
Рефлексия (3 мин) |
|
Не үйрендім? , Не қиын болды? , Келесіде не істеймін? сұрақтарына 1-2 сөйлеммен жазады. Қысқа түрде өзінің негізгі жетістігін және түзету жоспарын жазады. |
ҚБ: мұғалім бақылау арқылы кері байланыс береді (ұпайсыз) |
Рефлексия |
|
Үй тапсырмасы |
Үйге тапсырма нұсқауын береді: 250-300 сөздік эссе. Бағалау критерийлерін еске салады және тапсырма мерзімін айтады. |
Берілген деректер мен сабақтағы дәлелдерді пайдаланып 250-300 сөздік эссе жазады: тақырып Адамзат жаңалығының елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпалы . Эссеге енгізу: кіріспе, үш негізгі ой, қорытынды және нақты ұсыныс. |
ҚБ: мұғалім бақылау арқылы кері байланыс береді (ұпайсыз) |
Үй тапсырмасы нұсқаулығы: 1) Эссе талаптары және бағалау критерийлері 2) Форматтық талаптар |
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген