Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шын жүректен алғыс айтамын

Материал туралы қысқаша түсінік
Шын жүректен алғыс айтамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шын жүректен алғыс айтамын » – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт

Кіріспе. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Алғыс айту күні – ұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел»  жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.  

Әлем елдерінде    

Ал АҚШ және Канада халықтары  Алғыс айту (Thanksgiving Day) күнін  қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтетін көрінеді. Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.

Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін «Ұлттық мереке» деп жариялаған. Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.

Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын...баршаңызға, РАХМЕТ!!!


І жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар
ІІ - жүргізуші! «Шын жүректен алғыс айтамын» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

Ән- «Мерекем әнімен Сағи Ақжүніс пен Сары Жанайымды қарсы алыңыздар.
І жүргізуші:
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленбек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Назарбаев: "Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - дей келе, "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деп нақтылады.
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Аягөз:

Қара жер жаралғалы қазағымның,
Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?
Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,
Жетті деп тарихымды жазатын күн.
Уақыттың диірмендей тасы айналад…
Ұл туса, бауырыңа бас аймалап.
Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,
Тарихты тұлға ғана жасай алмақ!
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүния кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,
Халықтың арман, тілек, бақытынан.
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлы,
Ұлт үшін аямаған күш - дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ағамызға басымызды иіп алғыс айтамыз.

ІІ жүргізуші:
Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.
І жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.
ІІ жүргізуші:
Мұғалімнен өнеге – білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз

Айкүміс
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.

Ән. Ұстазым әнімен «Қыздар-ай» тобын қарсы алыңыздар
І жүргізуші:
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.
ІІ жүргізуші:
Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың берекелі боп өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Халық мақалында «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Әке – ұрпақ иесі, панасы, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау.

Зада:
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
Жүреміз жалғызсырап дәстүріңді,
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
Жан әке, бүгін той ғой ән салатын,
Шаттыққа толы болсын әр сағатың.
Атыңды асқақ біз ұстаймыз,
Болашақ мерейтойлар салтанатын.
Ән. Әкешім әнімен Бейсенбай Өсер мен Коля Ерқанатты қарсы алыңыздар.
Диана
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.
І жүргізуші:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.

ІІ жүргізуші:
Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата - анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!
І жүргізуші:
Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып аналарымызға да басымызды иіп, рахметімізді айтамыз!
Ән:
Аружан:
Бүгінгі күн — нұрлы күн
Жарық шашқан әлемге
Ескеретін күн бүгін
Ризашылық қой әр елде

Хор «Ризамыз»
І жүргізуші:
Құрметті қонақтар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.

ІІ жүргізуші:
Осымен «
Шын жүректен алғыс айтамын» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2018
1835
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12