Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта қолдану жолдары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Баяндама
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта қолдану жолдары
Қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесінің алатын орны ерекше. Ұрпақ тәрбиесі-ел алдындағы маңызы зор міндет. Мұғалімдер алдында тұрған аса маңызды міндет-талабы таудай жеке тұлғаны іздеп тауып,оны баулып шығару.
Бастауыш сынып-өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы.Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты еліміздің көркейіп өркендеуіне ,ел талап –тілектерінің бетбұрысына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да өзгерістерге ұшырап,оны неғұрлым өмір талабына сай өрістету міндеттері қойылды.Жас ұрпақты жаңаша ойлауына ,олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына ,әлеуметтік деңгейде білім алуы –бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Сондықтан оқыту мен үйрету процесінің негізін белсенді іс-әрекеттер құрауы керек. Оқушы тарапынан тек белсенді түрде меңгерілген білім ғана маңызды ,әрі тиімді болмақ.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан өзгеріс бастауыш сынып мұғалімдері үшін үлкен іскерлікті, шығармашылықты талап етеді. Себебі білікті мамандар ,ең алдымен ,бастауыш сынып мұғалімдерінің алдынан өтеді. Сондықтан мұғалім өз мамандығын жетік,шебер меңгеруі тиіс.
Мектептегі басты тұлға –мұғалім, ал оқу процесінің негізі-сабақ. Демек мұғалім әр сабақтың тиімді, әрі қолайлы әдіс-тәсілдерін таба біліп, әр сабақтың білімділік,тәрбиелік мәнін жете түсініп, әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастыруға міндетті. Алдыңа келген кішкене бүлдіршіннің ертеңгі азамат болып қалыптасуы – үлкен жауапкершілікті талап етеді.Қай пәнді болса да оқушыларға түсінікті ,қызықты және тартымды , күнделікті өмірмен байланыстыра өткізу – әдістеменің басты талабы.Білім беру саласының басты мақсаты- тәрбиелі де білімді, өз-өзіне сенімді ,жаңашыл, тәуелсіз ойлай алатын , өзіндік шешім қабылдай білетін, жауапкершілігі мол тұлға қалыптастыру.
Осы мақсатты жүзеге асыру – баланың білім игеру кезінде өзіндік іс-әрекеттері мен ізденуін арттырып , шығармашылық қабілетін дамыту арқылы шешілмек. Орыс педагогы Д.Ушинский: «кімде-кім оқушының тіл қабілетін дамытуға тиіс.Сөздің қасиеті ойды дұрыс беру арқылы бағаланады, ойдың дұрыс айтылуы сөз ішінен шығады» ,-деген екен. Шынында да, баланың айтайын дегені, ең бірінші оның ойында пайда болады , тек содан кейін ол ойлар ауызша айтылады. Өз ойын дәлелдеп айта білуге үйретуде баланың ой тізбегі дұрыс, логикалық жолмен құрылуын қадағалау, сабақ үстінде белсенді ақыл-ой жұмысын ұйымдастырып , тапқырлығына жол ашып отыру қажет.
Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып ,әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алып отырмыз. Жаңа технологияны қолдану дегеніміз – келешек ұрпақтың еркін дамуына , жан-жақты білім алуына белсенді шығармашыл болуына жағдай жасау. Қазіргі кезде ортамызда орын алып жатқан жаңашыл жобалар осындай негізде басшылыққа алынған. Олардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту жобасы.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға ,саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету үшін сын тұрғысынан
ойлау –адам өмірінің бір саласы екенін түсініп, соны оқушыларға үйретуіміз керек. Сын тұрғысынан ойлау –оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы.Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге ,пікір таластыруға ,бір-бірінің ойын тыңдауға ,құрметтеуге ,өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтарДж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады.Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.
• Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген
көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
• Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға
үйренеді;
• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану
кезеңінде/;
• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
• Өздеріне белгілі пайдалана алады;
• Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе
біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны ашу;
- ой толғаныс.
Бірінші кезең
«Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің
мақсаттары:
- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
-
оқушының белсенділігін ояту;
Үйрену процесі –бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды ,түсініктерді ,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі. Сондықтан да ,сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану» , «Жұпта талқылау» , «Болжау» , «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.
Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу).
Кезеңнің
мақсаты:
- жаңа ақпаратпен танысу;
- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас
белгілеу.
Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.Оның өз бетімен жұмыс жасап , белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі – INSERT.
Ол бойынша оқушыға оқу , тақырыппен танысу барысында V-«білемін»,- «мен үшін түсініксіз»,
+ - «мен үшін жаңа ақпарат», ?- «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
INSERT – оқығанын түсінуге , өз ойына басшылық етуге , ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.
Бір әңгіменің соңына тез эету, құбылысты есте сақтау , табиғи құбылысты жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да , оқушылар арасында оқуға жеңіл –желпі қарау салдарынан түсіне алмау , өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден -бір кеп–лі. Үйретушілер білетіндерін анықтап , білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға , яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
Бұл кезеңде жаңа
ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино
көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе - эксперимент жасау,
мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп
түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой
толғау»
Кезеңнің мақсаты:
- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
- оқылған материалды талдау және қорытындылау.
- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын
анықтау.
Күнделікті оқыту процесінде
оқушының толғанысын ұйымдастыру , өзіне басқаға сын көзбен қарап ,
баға беруге үйретеді.Оқушылар өз ойларын , өздері байқаған
ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар
бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру , ой түйістіру , өз үйрену
жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін
біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы- ойды қайта түйіп , жаңа
өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен
ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн
диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі»
сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне , ауыр –жеңілдігіне
қарай лайықтала қолданылады.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда ойлау» технологиясында жазудың орны ерекше. Оқушыларды жазуға қызықтырудың бірден-бір жолы қойын дәптер болып табылады. Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалай алуда меңгеруі ,өзін-өзі құрметтеудің жоғары деңгейі , «мен» бейнесінің айқын қалыптасуына сыни ойлаудың болуы көмектеседі. Сыншылдыққа өзін-өзі сезінудің қалыптасуының, жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуының , ғылыми дүниетанымы орнығуының негізі болатын дұрыс ойлау заңдылықтарын пайымдауы дәйектеп – дәлелдеудің әдістері мен тәсілдерін танып-білу арқылы үйретуге болады.Жазу-көрікті ойлардың көрінісі.Жазу процесі күрделі процесс.Кез келген шығармашылық дүниені жазу , оны жарыққа шығару үшін әр адамда және балада жазу дағдысының болуы қажет.
1.Оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп , өз өміріне жарата алатын тәсілдерді үйренуі керек.Соның бір тәсілі –дәптерге үзбей әрі үнемі жазу.Үнемі үзбей жазудың арқасында оқушылардың дәптерлерінен жақсы ой түйіндерді кездестіруге болады. Жалпы оқушылардың дәптерлеріндегі жазуды бақылау барысында байқағаным, олардың көпшілігі тілек, нақыл сөздер және өздеріне ұнаған ақындардың өлеңдерінен үзінді жазғанын көруге болады.
2.Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызады.Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту , тәрбиелеу,өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады, өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.
Жалпы сабақта балалардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені сол арқылы балалардың іс-әрекетінің дербестігі артады,бала білімді болады.Балалардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап,істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар балалардың өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады.
Қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай ,кезекті түрде ,белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі керек, қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру , біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды. Оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор. Шығармашылық өте күрделі психологиялық үдеріс. Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін көтеру баланың танымдық қабілетіне орай дағдыларын жан-жақты қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.
Сын тұрғысынан ойлау өз алдына сұрақтарға жауап іздеп , жан-жақты пікірлесіп , талдау жасап отыру, бала сапасын сол тақырыпқа байланыстыояту, ой шақыру ,ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу ,топтасу.Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып , белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Рефлекция. «Ойды жалғастыр»
Бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек»
Сабақтың жалпы құрылымы осындай болу керек.
Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет.Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге , ізденімпаздыққа баулиды, еркін,терең,жан-жақты ойлауына ,үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.
Мұғалім ең алдымен бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Оқытуға деген ынта, өзіндегі барды асқан мейірімділікпен жеткізе білу ұстаз шеберлігінің бір қыры. Өз ісіне берілген, жаңашыл жаңалықты жатсынбай қабылдайтын , ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.