400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жас мамандарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

    «Сыни ойлау» — бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба, оның тұтас құрылымы болғандықтан технологияға деген негіз бар.Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау — бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.

     Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс — әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін — өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлай қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін технологияны тиімді қолдана білу. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы.Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:

1. Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.

2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.

3. Проблеманы шеше білу.

4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.

Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:

1. Әдіс түрлері.

2. Белсенді практикалық іс — әрекетте болуы

3. Басқалармен қарым — қатынас жасай білу, қорғай білу.

4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.

5. Топтық тұжырымға келе білу.

6. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу.

       Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа модулінің бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер.Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. Олар не ойлау керектігін өздері шешетін болады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану сабақта көп нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мынандай қағидаларды есте үнемі ұстап отыру керек.1.Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай оны үнемі алға жылжуға деген талап тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

2. Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасау.

3. Өзін-өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру. Мен өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының бірнеше стратегияларын қолданамын.

Жалпы әр сабақ психологиялық дайындықтан басталады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, өздерін сабаққа дайындап алады.

Сабақтың құрылымы:

1. Қызығушылықты ояту;

2. Мағынаны тану;

3. Ой толғаныс.

І. Қызығушылықты ояту – жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету процесі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Бұл процесс бойынша оқушы нені біледі, не айта алады, осы кезеңде «топтау», «миға шабуыл», «болжау» тәсілдерін пайдаланамын. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты — үйренушінің белсенділігін, ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.

ІІ. Мағынаны тану – бұл кезеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, әр түрлі тапсырмалар орындайды. Стратегиялар: INSERT, кубизм. 

ІІІ. Ой толғаныс кезеңінде Венн диаграмма, еркін жазу, бес жолды өлең, эссе т.б. стратегиялар а қолданылады. Олар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол ашылады.

Әдебиеттік оқу пәнінен 4 сыныпта «Күзгі қарбалас» (Б.Тәжімбетов) тақырыбы бойынша сабақ өткен езіңізде. Сын тұрғысынан ойлау бағыты бойынша сабақты үш кезеңде қолдануға болады. Ең бірінші әрекет сыныптағы оқушыларды 3 топқа біріктіру. Әр топта 6 баладан отырғызу.

  1. Қызығушылығын ояту. 1-кезеңінде жаңа тақырыпты ашу үшін жұмбақ жасырып, (күз туралы), содан соң сұрақ қоюға болады: — Күз, күздің мезгілі дегенде қандай ой, ассоциация келеді? Яғни мұнда мен оқушылардың қызығушылықтарын оятуды қарастырамын. Олар өз ойларын дәптерлерге жазып шығады. ( Топтастыру стратегиясы). Жауаптары әр түрлі болуы мүмкін. — күз деген өте тамаша жыл мезгілі, күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді, күн салқындайды, жиі жаңбыр жауады, балалар мектепке барады, күзде адамдар қысқа дайындалады, т.б.

  2. Екінші кезеңіндегі ( Мағынаны тану) мақсат оқушының белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену-енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет. Оқулықтағы өлеңді мәнерлеп, түсініп оқып алды. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясынан кластер арқылы оқушылар миға шабуыл жасап, өз топтарында оқыған өлең туралы ой қозғап, пікірлесіп, талқылап, ойларын флипчартқа салды. Осы жерде оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасып отырды. Топтың атынан бір көшбасшы(спикер) шығып түсіндірді.

Тақырыптың мағынасын ашу үшін үш топқа тапсырма беру. Бірінші топқа оқулықтан «Күз » деген өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беру. Екінші топқа «Бес жолды өлең» құрастыру. Үшінші топқа тапсырма: «Күз» тақырыбына сурет салу. Топтар берілген тапсырмаларды орындайды. Содан соң өлеңге қатысты 9 сұрағын 3 топқа бөліп беремін. Әр топ ойларын қағазға түсірді. Спикерлер ортаға шығып, өз жауаптарын қорғады. Ой толғаныс кезеңінде сабақты қорытындылау үшін күз туралы эссе жаздыруға болады. Бірнеше оқушы жазған шағын шығармаларын оқып берді.Рефлексия: — Бүгінгі сабақ кызықты болды ма? — Не ұнады? — Неліктен? — Кімнің жауабы ұнады? Бұл сабақта жақсы оқитын және орта оқушылар жұмыс істейді. Үлгерімі төмен оқушыларды мақтау арқылы ынталандырып келесі сабақта белсенділіктерін арттыруға кеңес беремін. Осы балаларға кеспе кестелер арқылы жеке тапсырма беруге болады.






















Пайдаланылған әдебиеттер:1. С.Мирсеитова, Ә. Іргебаева «Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері».

2. Бастауыш сынып. 2004 ж № 3 (27 бет)

3.Бастауыш сынып. 2003 ж № 12 (22 бет)









































Сабақ :

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Көне түркі жазба ескертшіштері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.1.1.1 - Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау 8.1.4.1 - Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Мәтінді мәнерлеп оқуға, сұрақтар арқылы монолог құрастыра білуге, 
мазмұнын ауызша айта білуге, етістіктің өткен шақ түрін ажырата 
білуге үйренеді. 

Оқушылардың көпшілігі

Көне түркі ескерткіштері арқылы оқушыларға қазақ халқының тарихын 
білуге және қадірлеуге дағдыланады

Оқушылардың кейбірі

Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындауды игереді

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, алшығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих пен әдебиет

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Жетістік критерии

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдау-кө у мате

баяндалатын оқиғаларды

түсінеді, қарапайым сөйлеу үлгілері а қылы айтады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ

жазбаша, ауызша жұмыстарды

орындайды, мәтін ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында жаңа сөздерді сөйлем ішінде

қолдана алады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Одағайлардың сөйлемде жазылу ережесін біліп, қолдануын дағдыға айналдырады.

Пән лексикасы және терминология:

өмір - ғұмыр 
ірі - зор 
ескерткіш - құлпытас 
көне - ескі 
аймақ - өлке 
салт – дәстүр ,

Жаңа сөздер мен терминология.

Алақай! Бәрекелді! Әттеген-ай! Қап! Пай-пай! Жә! Тәйт! Ойпырай! Шөре-шөре! Құрау-құрау!

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Келесі көріністе сіздер ………………………….. тамашалайсыздар.

Назарларыңызға ұсынылған қойылымда ………………… куәгері боласыздар.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбында сөздік қорын дамытып, тыңдалым дағдыларын дамытты. Мүмкін, шығар көмекші етістіктерінің қолданылу ережесін дағдыға айналдырады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

10мин


Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, өлең жолдарын оқиды:

Бәрі жақсы баланың,

Тілін алған ананың.

Бәрі жақсы баланың,

«Беске» оқыған сабағын

Мұғалім оқушыларға өлең жолдарын қайталатады.(Топқа бөледі)

Алдыңғы сабақтармен байланыстыра отырып үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.

Дидактикалық материал 1,

Слайд 1-5





Сабақ ортасы

10 мин





10 мин







5 мин

  1. Қазақ тіліндені -ып көсемшелі өткен шақ тұлғасын ретроспективті қарастырылу оның даму жолының мына мына тұрғыда өткендігін көрсетеді. Функциялық және семантикалық жағынан -мыш еді формасымен ұқсас бұл тұлға өнімді қолданылу сипатына ие болып, келе-келе қыпшақ, қарлұқ тобындағы тілдердің ерекшелігіне айналып кеткен. Көне түркі тілі – қазіргі түркі халықтарының түп негізі саналатын халықтар тілі. Көне түркі тілінің кейбір материалдары топонимика мен ономастика тарихында, көршілес елдердің жылнама жазбаларында кездеседі. Басты мәліметтер көне түркі жазба ескерткіштері (V-VIII ғ.) мен көне ұйғыр жазба ескерткіштерінде (V–XIII ғ.) сақталып қалған. Олар жеке тайпалық тілдер негізінде жасалған. Қазіргі түркі тілдерінің жетілу барысындағы белгілі бір кезеңді танытатын тарихи нұсқа Көне түркі тілінің грамматикалық құрылысы, фонетикалық жүйесі және оның негізгі сөздік қоры осы күнгі түркі тілдерінде түгелдей сақталған. Кейбір өзгешеліктері мынадай: 1) Грамматикалық ерекшеліктер: К. т. т. типол. жағынан жалғамалы топқа жатады, оның морфол. құрылысының негізі – аффиксация: түбір – жұрнақ жалғау. Түбір көбінесе бір буынды, кейде екі буынды болып келеді, аффикстік көрсеткіштер де осы іспеттес. Көне түркі тілінде тек (род) категориясы болмаған. Атау тұлғада тұрған сөздің көптеген мағынасы болған. жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктері – этимол. жағынан өзара төркіндес. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, К. т. т-нде мынадай айырмашылықтар кездеседі: табыс септігінің -ғ/-г; -ығ/-іг жалғауы: сөз-сөздігі (сөзді), баш-башығ (басты); -ғару/-геру (ға-ру, ге-ру) табғачғару (табғачқа), -ңару/-ңеру, -ңару/-ңеру, -ңар/-ңер: аңар (оған), -йа/йе: курйа (кері, кері қарай); құралдық септіктің -ын/-ін, -ун/үн жалғауы: көлік-көлгүн (көлікпен). Қазіргі қазақ тіліндегі көрі, ілгері, сыртқары, шеткері, жазын, қысын, күзін сияқты сөздер К.т.т-нің кезінде қалыптасып кеткен реликті формаларда қолданылады. Өткен шақ, жекеше 2-жақ -тығ/-тіг: бардығ (бардық); ауыспалы келер шақ -тачы/-течі, -дачы/-дечі: болтачы (болады),өлтүртечі (өлтіреді), өткен шақ -тұқ/-түк, -дұқ/дүк: өтүндүк (өтінген), бардуқ (барған), есімше 1–2-жақ есімдіктерімен тіркесіп айтылады: болтачы сөн (боласың); көсемшенің өткен шағы -бан/-пан, -бен/-пен арқылы берілген: келібен (келіп), алыбан (алып); шартты рай -сар/-сер: келсер (келсе), бұйрық рай -ың/ің, уң/-үң (2-жақ көпше сыпайы түрде), -ғыл/-гіл (2-жақ көпше анайы түрі): барың (барыңыздар), барғыл (барыңдар), т.б. Ондық сан есімдердің жасалу жолдары ерекше түзілген: әуелі бірлік сандар, сонан соң ондық сандар айтылады: беш иігірмі (бес жиырма). 2) Синтаксистік ерекшеліктер, негізгі көрсеткіштері: матасудың 1-түрі (екі сыңарының да жалғаусыз келуі) өте жиі жұмсалады: түрк будун (түрік халқы), 2-түрі (бір сыңары жалғаулы болуы) біршама жиі (қаған інісі – ханның інісі), ал 3-түрі (екі сыңары да жалғаулы болып келуі) өте сирек ұшырасады, бұл нұсқа қазіргі қазақ тілінде жиі қолданылады. 3) Фонетикалық ерекшеліктер: жуан және жіңішке болып айтылатын 8 дауысты дыбыс қолданылған: а-е, о-ө, у-ү, ы-і, (и), 18 дауыссыз дыбыс болған. б, д, ж, з, г, ғ, к, қ, й, л, м, н, п, р, с, т, ч, ш,. Сөйлемнің 1-жартысында 8, қалған жартысында 6 не 7 дауыссыз дыбыстар қолданылған (сөз соңында о, ө дыбыстары кездеспеген, у, ү, өте сирек). Сөз басында 7 дауыссыз фонема (б, т, қ, ч, м, с, й), басқа позицияларда 18 дауыссыз дыбыс қолданылған. Кейбір ұяң дауыссыздардың (ғ, г, б, д) сөз соңында келуі әдеттегі құбылыс: сарығ (сары), кічіг (кіші), еб (үй), өд (уақыт). Сөздің басқа позициясында екі дауыссыз дыбыс қатар келмейді, бірақ басқа орындарда (түбір мен қосымшаның қосылған жерінде) кездесе береді, сөз соңында лт, рт, нт тіркестері жиі ұшырасады: алты (алды), олурты (отырды), анта (онда). Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда ғ, г дыбыстарының ұ, й дыбыстарымен алмасуы не болмаса айтылмай түсіп қалуы, сол сияқты д/т/й заңдылығы жиі байқалады: оғры (ұры), оғул (ул/ұл), өгрет(үйрет), тағ (тау), адақ, айақ (аяқ), т.б. К. т. т-нде кейбір дыбыстар өзара алмасып отыратын болған: с/ш: сад/шад (атақ, дәреже), м/б: мен/бен (мен), т/д: тегрі/дегрі (де, дейін), ч/ш: кічі/кіші (кісі), е/и: ел/ил (ел), н/й: анығ/айығ (сұм, зұлым), ң/й: коң/қой (қой), т.б. Жергілікті тайпа тілдерінің әсерінен пайда болған мұндай фонет. құбылыстар сөздің қай позициясында болса да ұшыраса береді. Қазақ тілінің говорларында кездесетін осы іспеттес дыбыстардың өзара алмасып келуі К. т. т-нен қалған тарихи іздер болуы ықтимал.

Мәтінмен жұмыс:Торптық жұмыс

Мәтінді аудармасыз оқу. Негізгі айтылмақ ойды  анықтау. Әр абзацтағы түйіндеуіш басты ойды білдіретін сөйлемдерді тауып оқу.

 

  1. Грамматикалық талдау: етіс формасындағы етістіктерді тауып оқу; етістіктің шақтарын анықтау.

а)Тапсрымалар: етістіктерді бұрыңғы өткен шақ түрінде жазу;

ә) Төмендегі етістіктерді өткен шақ түрлеріне қарай үш бағанаға теріп жазу.

3. Лексикалық талдау жұмыстарын жүргізу, ескерткіш сөзіне синоним табу. Берілген сөздердің синонимін тауып, сөйлемдер құрастыру.

Көне сөзіне түбірлес (көнерген, көнелеу, көнетоз) сөздер жазу, сөйлем құрастыру; көне дәстүр- ескі салт дәстүр, байырғы әдет-ғұрып деген тіркестердің қолданылуын түсіндіру. Ірі сөзіне синоним әрі антоним табу.


. Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамытып «Тірек сөздер» стратегиясын пайдаланып, 4-тапсырмадағы тірек сөздерден диалог құратады.

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс «Сөз жұмбақ» ойынын ұйымдастырады.

Оқушылар сөз жұмбақта жасырынып тұрған дене мүшелерін табу керек

Көне түркі жазба ескерткіштері неше топқа бөлінеді? 
Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері қай жерде табылған? 
Көне түркі ескерткіштерінде не туралы жазылған? 
Руника жазуын түркі халықтары неше жыл қолданған? 
Көне түркі жазулары қайда жазылған? 
Ең ірі ескерткіш? 
Күлтегін ескерткіштері қай жерде табылған? 

Дескриптор

  • Сабақтың тақырыбын аша білді

  • Көне түркі жазба ескертшіштері нің маңызын анықтады

  • Көне түркі жазба ескертшіштері туралы ақпарат алып, талдады.

Мәтін жазылған үлестірме қағаз;

Дидактикалық материал 2,

Таймер


Сабақ соңы

10мин


Рефлекция
«ББҮ» кестесі


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




Оқушылар өздеріне қиық қағазға жазылып үлестірілген одағайды қиып, үш топқа бөліп, тиісті қорапшаларға салады.

Шағын 3 қорапша

Дидактикалық материал 4


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.


Оқушылар бір-бірін дискрипторларарқылы бағалайды.Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPointтаныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютерқолданылады.

Ойлану




Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?



Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі