|
Мерзімі : |
17 .02 .2018 ж |
|
Тренер: |
Молдабекова Мақпал Шохановна |
|
Мектебі: |
№ 25 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі |
|
Сабақтың тақырыбы |
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету – оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытатын фактор |
|
Сілтеме |
«Білім берудегі сыни тұрғыдан ойлау» таныстырылымы, «Көктемнің 17 сәті» кинофильмінен үзінді, «Түстер терапиясы» таныстырылымы. |
|
Жалпы мақсаты |
Коуч пен коучингке қатысушылар арасында диалогтік қарым-қатынас орнату арқылы сын тұрғысынан ойлауға бейімдеу. |
|
Міндеттері |
|
|
Оқыту нәтижесі |
Коучинг – сессиядан кейін мұғалімдер:
|
|
Түйінді идеялар |
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді. |
|
Топқа бөлу |
Әр түрлі түстер арқылы 4 топқа бөлемін. |
|
Психологиялық ахуал орнату |
Коучингке қатысушыларды коучинг үдерісіне тарту және жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында «Әуенді 14 тілек» таныстырылымын ұсынамын. |
|
Сыни ойлауға бағыттайтын «құпия» тапсырма |
Эдуард де Бононың 6 қалпағының көк түстісін таңдап, соның ішіне айна жасырып, коучингке қатысушыларға «Осы қалпақтың ішінде коучингтің сәтті өтуіне әсер етуші негізгі фактор жасырылған. Коучинг барысында ойланып отырып, коучинг соңында осы факторды анықтауларыңыз тиіс» деген «құпия» тапсырма беремін. |
|
Кіріспе тапсырма |
|
|
1 тапсырма |
Әр топқа пазлдар таратып, соны құрастыруды ұсынамын. Мақсатым: топ мүшелерінің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері: қадағалау, талдау, түсіндіру, қорытынды жасау, метантану дағдыларын іске қосу және сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау. Пазлдарды құрастырып болған соң топтарға коуч ретінде мынадай сұрақ қоямын:
|
|
«Білім берудегі сыни тұрғыдан ойлау» таныстырылымын көрсету |
Таныстырылымды көрсете отырып, коучингке қатысушы әріптестеріме 7 модуль аясында «Сын тұрғысынан ойлау» модулінің ерекше орын алатыны және аталған модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейтіні туралы мағлұмат беремін. |
|
2 тапсырма |
«Көктемнің 17 сәті» кинофильмінен үзінді көрсетемін. Содан соң мұғалімдерге мынадай тапсырма ұсынамын:
Топ мүшелерінің өзх қалаулары бойынша ойларын ортаға салуды ұсынамын. Осы тапсырмадан соң топтар арасында өзара бағалау жүргізу мақсатында стикерге бағалау жаздыртып, «Рефлексия» бұрышына ілуді ұсынамын. |
|
Сергіту сәті |
Мақсаты: «Түстер терапиясы» таныстырылым арқылы коучингке қатысушалрды сертігіп алу және келесі тапсырмаға ауысу. |
|
3 тапсырма |
Коучингке қатысушы әріптестеріме түрлі елдердің түрлі тарихи кезеңдеріндегі білім беру үрдісінен хабар беретін түрлі-түсті фотосуреттер таратып, мынадай тапсырма ұсынамын: 1.Осы суреттерді белгілі бір реттілікпен орналастырып, постер жасаңыздар. 2.Постерді қорғаңыздар, неліктен осындай реттілікті таңдағандарыңызды түсіндіріп, басқа топтардың сұрағына жауап беріңіздер. Осыдан соң «Рефлексия» бұрышына бағалау стикерлерін ілуді ұсынамын. |
|
3 тапсырма |
Осы тапсырманы орындап болған соң әріптестеріме жүзеге асырған әрекеттері барысында көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау дағдыларын іске қосуға ықпал еткендігін, сонымен қатар осы іспеттес тапсырмаларды сабақтарында оқушыларға ұсыну арқылы айғақтарды зерттеу және ойларды талқылау кезіндегі оқушы ойының барысын анықтай алатынын ұғындырып өтемін. |
|
4 тапсырма |
Коучингке қатысушыларға «Эйнштейннің жұмбағын» шешіп көруге ұсыныс тастаймын. Мақсатым: сыни тұрғыдан ойлау тек қарапайым тапсырмалардың ғана емес, сонымен қатар тұлғаның танымдық үрдісінің барлық тетіктерінің іске қосылуын талап ететін күрделі тапсырмалардың шешімін табуға ұмтылысы мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруды көздейтінін іс жүзінде көрсету. |
|
«Құпия» тапсырманың шешуі |
«Осы қалпақтың ішінде коучингтің сәтті өтуіне әсер етуші негізгі фактор жасырылған. Ол әрине - Сіздер» деп, көк қалпақ ішінде жасырылған айна бетіндегі коучингке қатысушылардың бейнесін көрсетемін. «Құпия» тапсырманы берудегі мақсатым: сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын жетілдіре түсу. |
|
Ой түйін немесе «Бүгінгі коучинг маған .......» |
Топ мүшелеріне өздерінің коучинг барысында меңгерген жаңа білімдері мен дағдылары туралы «Бүгінгі коучинг маған .....» тіркесімен басталатын ой түйін немесе қорытынды жасауды ұсынамын. |
|
Рефлексия |
«Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім» эссе жаздыру Басқа нұсқалары да болады: (сауалнама, қалаулы/қолжетімді, түсінгенім/түсінбегенім) |
Астана қаласы №25орта мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:
Молдабекова Мақпал Шохановна
Үздік сабақ жоспары
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету – оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытатын фактор

шағым қалдыра аласыз