Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. «Ой өзгермей, адам өзгермейді»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. «Ой өзгермей, адам өзгермейді»

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг мұғалімдермен бірге өтілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Н.Садыкова


Сабақ тақырыбы

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. «Ой өзгермей, адам өзгермейді»

Жалпы мақсат

Мұғалімдер сын тұрғысынан ойлаудық стратегияларымен таныса отырып, оны өз сабақтарында пайдалана білуге үйренеді.

Сілтеме

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық . 41 -50 бет.

  2. Үлестірмелі нұсқаулық

Оқу нәтижесі

  • Сын тұрғысынан ойлауға үйрету стратегиясымен және әдістер-мен танысу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа көзқарастардың қалыптасуы;

  • Блум таксономиясын – сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының иерархиялық моделін кеңінен пайдалануы;

  • Өз тәжірибесінде рефлексия үшін сын тұрғысынан ойлауға үйрету стратегияларын қолдануы;

  • Жаңа әдісті тәжірибесінде пайдалануы.

Түйінді идеялар

1. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін.

2. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.

3. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалауға түсіндіру, метатану кіреді.

4. Блум таксономиясы ең төменгі үдерістен жоғарыға қарай кезең- кезеңмен алты кезеңді (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) қамтитын иерархиялық модель.

Сабақта қолданылатын материалдар

А – 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флиппчарт, маркер, қалам

Оқыту әдістері

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету:

ақылдың алты қалпағы, дананың кілттері, сананың әдеттері, ББТЗО кестесі,ойлау карталары, тікелей назар аударуға арналған ойлау құралы, басқарушы қол.

Дерек көздері

Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары

Тапсырмалар

Ақылдың алты қалпағы, дананың кілттері, сананың әдеттері, ББТЗО кестесі, ойлау карталары, тікелей назар аударуға арналған ойлау құралы, басқарушы қол.

Оқуға арналған тапсырма

Мұғалімге арналған нұсқаулық . 41 -50 бет


Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті


Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

2 мин

«Шаттық шеңбері» арқылы көңіл-күй көтеру. Адам аттарына байланысты жылы лебіз сөздерін айту

Мұғалімдер шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіз сөздер айтады

Топқа бөлу

3 мин

«Шашу» дәстүрі бойынша шағын топқа бөлу.


Сабақ басындағы көңіл күйді смайликпен белгілеу , партаның астына жабыстыру

Конфет түрлері бойынша шағын төрт топқа бөлінеді

Психологиялық ахуалды реттеу ( сыни ойлауға арналған сұрақтар)

7 мин

  • Үйде бір қыз отыр, егер қыз тұрып кеткен жағдайда, сіз оның орнына отыра алмайсыз. Қыз қай жерде отыр?

  • Кенгуру жолбарыстан неге қорықпайды?

  • Сөмкенің ішінде 5 алма бар. 5 бала алмаларды тең бөліп алды. Бірақ сөмкеде бір алма қалды. Не үшін?

  • Ең кішкентай доп спорт ойындарының қай түрінде кездеседі?


Берілген сұрақтарға ойланып жауап береді.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы өз ойын еркін айта білуге, нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау.

20 мин

«Ақ орамал» әңгімесін жартысына дейін тыңдатамын. Жалғасын өздері жазады.

«Ақ орамал» тыңдайды, жалғасын өздері жазады.

Логикалық тапсрыма арқылы сыни ойлауға үйрету

7 мин

«Сіздің ойыңыз ...»

Клиникaлық aурухaнaның бac дәрiгeрi ciздeрдeн aқыл cұрaca,ciз нe aйтaр eдiңiз? Oның aлдындa бiрнeшe жүрeгiн aуыcтырaтын төмeндeгi aуру aдaмдaрдың өмiрi тұр,aл aуыcтырып caлaтын caу жүрeк бiрeу ғaнa. Ciз кiмгe көмeк бeрeр eдiңiз? Нe ceбeптi?Өз oйыңызды aйтыңыз?

1.Бес жacaр қыз бaлa,

2.48 жacтaғы әйeл aдaм,

3.Он бaлaның aнacы,жaқcы құрылыcшы,бiрaқ Қaзaқcтaн aзaмaты eмec

4.Отбacы жoқ,бiрaқ eлiмiздeгi жeтiмдeр үйiнiң дeмeушici

5.Он бес жacтaғы вундeркинд-бaлa.

Ciздeр дәрiгeргe қaндaй көмeк бeрeтiн eдiңiздeр? Кiмгe caу жүрeктi caлуғa кeңec бeрeciз-дeр?

Мұғалімдер ойланып,өз ойларын айтады.

Блум таксаномиясы туралы түсінік беру

Сыни тұрғыдан ойлаудың тиімді моделі — Блум таксономиясы

(5 мин)


Слайд көрсету арқылы түсіндіру





Блум таксономиясы туралы мағлұмат алады. Блум таксономиясындағы аталған барлық деңгейлер сын тұрғысынан ойлау үшін қажет екенін ұғынады

Логикалық тапсырмалар

(5 мин)

«Қасқыр, ешкі, шөп, адам» Адам өзеннің келесі жағына қалай алып өтеді, бір-бірден алып өтуі керек.

Топ мүшелері бірлесе отырып, логикалық тапсырмаларды шешеді.

Қорытындылау

7 мин

Топтық тапсырма «Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз не?» сұрағы арқылы түсініктерін флипчартқа жазуды тапсыру.

Топқа бірлесе отырып, «Сыни тұрғысынан ойлау» тақырыбы бойынша түсінгендерін флип-чартқа жазады және қорғайды.

Рефлексия

3 мин

Стикерлерге өз көңіл- күйлерін смайлик арқылы салып, сабақ басында көңіл-күйін белгілен-ген смайликпен салыстыру

Стикерге өз көңіл-күйлерін бейнелейді және сабақтан алған әсері туралы пікірін ақ параққа жазады.









Орындаған : Ж.Е.Әлжанова


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2018
696
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі