15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Шындық шыңы - ақиқат "
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №10 ЖОББМ Мерзімі:
Мұғалiмі: Калмурзина Д.Ж. Сыныбы: 6
Оқушы: 15 Тақырып: Шындық шыңы – ақиқат № 26
Құндылық: «Ақиқат»
Қасиеттер: Шындық, жақсыдан жаманды ажырата білу, өз-өзіне адал болу.
|
Сабақ мақсаты: Оқушыларға шындық шыңы – ақиқат екендігін айта отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу. 1. Оқушылардың өзара қарым – қатынастағы шындықты қадірлей білуге үйрету. 2. Оқушылардың жақсыдан жаманды ажырата білу қасиеттерін дамыту; 3. Ақиқаттың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыра отырып, өз-өзіне адал болуға тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) ( суреттер, үнтаспа) |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталаймыз. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену». Үй тапсырмасын тексеру. 26- сабақ. Б.Адамбаев. «Сөздің атасы мен анасы». Төмендегі сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру. -Саудагер Қазыбектен нені білгісі келді? 3.Бұл сұраққа өздерің қалай жауап берер едіңдер? 2.Неліктен шындықты сөздің анасы дейміз? |
Сабақ барысын талқылау: |
|
Дәйексөз. «Адам ақиқатты көзiмен көрмейдi, ақыл көзiмен көредi». Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 - 1931) 1.
|
|
|
Мұғалімнің сыйы: Аңыз: «Ұстаздың шәкірттерін сынауы» Баяғы заманда бір данышпан өз шәкірттерін шақырып алып: - Мені кәрілік жеңіп келеді, қауқарым жоқ. Енді сендер мені асырауларың керек,- дейді. Шәкірттері ұстаздарының айтқанымен толық келіседі. Бірақ: - Біз тамақ пен ақшаны қайдан аламыз. Көршілер көмектесе қояр ма екен?! - Мен сендерге «қайыр сұраңдар»деп отырған жоқпын. Рұқсатсыз ала беріңдер,өйткені олардан гөрі ақшаға біз көбірек мұқтажбыз.Сондықтан ол -күнә емес. Сөйтіп,ұстаз шәкірттерін байлардың ақшасын білдірмей алу жолдарын түсіндіреді.Бірақ ол шәкірттеріне ешкімді ренжітпеуді өтінеді. Барлығы жорыққа аттанбақшы болып жатқанда,біреуі үнсіз төмен қарап тұрып қалады. Ұстазы одан: - Не болды? Өз ұстазыңа көмектескін келмей ме? - деп сұрады. - Ғапу етіңіз,Ұстазым! Сіздің айтқаңызды істей алмаймын. Сіз біреудің затын ешкімге білдірмей ұрлап ал деп отырсыз.Ол мүмкін емес,ешкім білмесе де өз ұрлығымды ішім біліп тұрады ғой.Одан да қайыр сұрағаным жақсы. - Мен сендердің жан дүниелеріңнің адал болғанын қалап едім.Адамның қарны ашқаны ештеңе емес,оның жан дүниесі аш болмауы керек.Сондықтан ар-ұждан дауысына құлақ түріп жүріңдер. Әйтеуір біреуің түсіндің-ау! Қалған шәкірттері бұл сөзді естіп,жерге қарайды. 1.Неліктен данышпан өзінің шәкірттерін сынады? 2. Өз-өзіне адал болған шәкірті жақсыдан жаманды қалай ажырата білді? 3. Ар-ұждан дауысы дегеніміз не және оны қай кезде біз ести аламыз? |
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Жағдаяттарды талдау. Оқушыларды үш топқа бөлеміз. Оқулықта 94-бет Оқиғаны өз ойларыңмен аяқтап, сахналап беріңдер. І топ Еркеназ, Алтын, Зере үшеуі бір сыныпта оқиды, әрі бір аулада тұрады. Мектептен келген соң да олар бірге ойнап,бірге серуендейді. Олардың достығын бәрі қызығатын. Соңғы кезде достардың арасында бір келіспеушілік болған сияқты. Бұрынғыдай емес, Еркеназ өзінен-өзі Зереге қырын қарап,бойын одан алшақ ұстай бастады.Оның есесіне Алтын мен Еркеназ екеуі жұмбақтап сөйлейтін әдет шығарады. Бірде Зере Еркеназдан не болғанын сұрады.Еркеназ күмілжіп, онша нанымды жауап айта қойған жоқ.Оның бұл қылығын түсінбеген Зере шындықты айтуды өтінді. ІІ топ Марғұлан кеше анасына өтірік айтып, тарих сабағынан алған екілікті жасырып қалды. Ол тоқсанның аяғына дейін ата-ана жиналысы болмайтындығына сенімді еді. Бірақ сынып жетекшісі ертең ата-аналар жиналысы болатынын хабарлады және осы жолы барлық ата-аналардың қатысуы міндетті екендігін ескертті. Журналдағы екілікті анасының көретінін ойлап, Марғұланның басы қатты. ІІІ топ Әнел әкесіне берген уәдесін ұмытып кетті. Жайлауға келген соң, ойынның қызығымен таңның қалай атып, кештің қалай батқаныны байқамады.Өзімен ала келген кітаптарды жайымен қалды.Жазғы демалыста дайындалып,жас математиктер мектебіне түсем деген мақсатын да естен шығарды.Қалаға келген соң Әнел уақыттың бос өткеніне қатты қынжалды.Әкесіне шынын қалай айтуды білмеді. |
|
|
Топпен ән айту. МЕЙІРІМДІ БОЛАЙЫҚШЫ, АҒАЙЫН Сөзі:С.Қалидікі Әні:Қ.Мақандікі Көктем етіп көркейтсе де маңайын, Көріп жүрміз өкпешілдің талайын. Өшігуді қояйықшы өзгеге, Кешірімді болайықшы, ағайын! Көк нөсерін көл етсе де жауындар, Көк пен жерді сел етсе де дауылдар. Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, Мейірімді болайықшы, бауырлар! Болашаққа қол ұстасып барайық, Ақиқаттың ауылын іздеп табайық. Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз, Кішіпейіл болайықшы, халайық! Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп, Сонда дағы бөлінумен шаршап ек. Өзімізге қалайтұғын нәрсені, Тілейікші өзгеге де, болса деп! |
|
|
Үй тапсырмасы. № 27 сабақтағы,95-беттегі Қ.Толыбаевтың «Ақиқат» мәтінін оқу |
|
|
Соңғы тыныштық сәтi. Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген