«Шындық шыңы -ақиқат»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Шындық шыңы -ақиқат»

Материал туралы қысқаша түсінік
адами қарым-қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру; -оқушылардың шындықты жасырмай айта алу, өтірікпен шындықтың ара-жігін дұрыс ажырата білуін дамытуға ықпал ету; - оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:А.С.Пушкин атындағы орта мектеп. Мерзiм: 8.04.2018Мұғалiм: Махаметкулова А.Ж Сынып 6 «А» Оқушылар саны:15 27 Тақырып: «Шындық шыңы -ақиқат» Құндылық Ақиқат Қасиеттер: Шыншылдық, шынайылық, адалдық,  .

Сабақ мақсаты:  Оқушылардың шындық туралы ұғымдарын кеңейтіп, ақиқаттың құндылығының  мәнін түсіндіру



Міндеттері: -адами қарым-қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру;

-оқушылардың шындықты жасырмай айта алу, өтірікпен шындықтың ара-жігін дұрыс ажырата білуін  дамытуға ықпал ету;

-  оқушыларды  шыншылдыққа, адалдыққа,  жақсы мен жаманды  ажырата білуге  тәрбиелеу


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа түгел қатысуын қадағалау. 5 «Т» ережесін еске түсіру (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық)

Жағымды көңіл күйге келу.

Мұғалім: АРҚАҢЫЗДЫ ТІК ҰСТАП ОТЫРЫҢЫЗ. Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Қ. Толыбаев «Ақиқат» әңгімесін оқып келу Шәкірттер не тулары пікір таластырып қалды? Олар неге бір тоқтамға келе алмады? Ғұлама ақиқатты қалай түсіндірді? Ақиқатқа жетудің қандай жолдары бар деп ойлайсыңдар? Ақиқат деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

Ақиқаттың ең сенімді белгісі-қарапайымдылық пен ашықтық.

(Л.Н.Толстой)

Дәйексөздең мағынасын қалай түсіндіңдер?



  1. Әңгiмелеу  (мұғалім  сыйы). Екі қасқыр (аңыз)

          Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:

-Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады ...

Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:

-Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?

Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:

-Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.

  1. *Бұл аңыздан не түсіндіңдер?

  2.  *Атасы немересіне аңыз арқылы не түсіндіргісі келді?

  3.  *Баланың сұрағына сендер қалай жауап берер едіңдер?

  4. *Тақырыбымызды  неге екі қасқыр деп атады қалай ойлайсыздар?



  1. Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс.

Оқушыларды 3 топқа бөлу (санау арқылы 1,2,3)

1. І-топ  «Шындық шыңы –ақиқат» постер құрау

2.ІІ –топ Шындық, ақиқат туралы бір шумақ өлең шығару

3. ІІІ- топ Жағдаятты талдау (сахналау арқылы)

Әнел әкесіне берген уәдесін ұмытып кетті. Жайлауға келген соң, ойының қызығымен таңның қалай атып, кештің қалай батқанын байқамады. Жазғы демалыста дайындалып, жас математиктер мектебіне түсем деген мақсатын да естен шығарды. Жаз да өте шықты. Қалаға келген соң Әнел уақыттың бос өткенінеқатты қынжылды. Әкесіне шынын қалай айтуды білмеді.

       1. Әнел шындықты қалай түсіндіреді деп ойлайсыздар?

2.  Әнелге қандай ақыл қосуға болады?



  1. Музыка және топпен ән айту.

«Өмір-өзен»   («Заман» тобы)

  1. Асып-тасып, төгілетін,
    Алқынып ұшатын көңіл-ай,
    Өзгерместейк өрінетін,
    Баянсыз бес күндік өмір-ай.
    Тасқын болып, тасып тұрған
    Жастық шақ алмай алаңдатпай.
    Әлденеге  асықтырған
    Желігі басылмас жалған-ай.
    Қайырмасы:
    Өмір-өзен ағады, әттең,
    Өкініштің  алауы
    Жанымды жеп барады.
    Өмір-өзена ғады, әттең,
    Менің жаным жаралы.
    Қай жағада қалады?



Дүниеге алданады
Қомағай көзіміз тоймаған.
Бірақ соның бар ма мәні,
Тек оңаша үнсіз ойланам.
Өткізермін өмірімді
Шабытты оздырып сағатқа,
Жүректегі сенімімді
Сөндіре көрмеші, Жаратқан.


  1. Үй тапсырмасы.

99 бет «Қасиет» мәтінін оқу

«Менің түсінігімдегі ақиқат» атты шағын шығарма жазу.



  1. Сабақтың қорытынды сәтi.

Бүгін біз ақиқат туралы жақсы түсініктер алдық деп ойлаймын. Бізді ақиқатқа жетелейтін шындық жолы ащы болса да қиын, дегенменде біздің әрқайсымыздың адамгершілік парызымыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді  жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.00.2018
1222
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі