- Бүгін-«мектебім,ұстазым» деп көңілім қимастық кешкен
күн.
- Бүгін- атам ақ жол тілеп, ақ
бата берсем деген күн.
- Бүгін- әжем ерке қызының бойжеткенін көрсем деген
күн.
-Бүгін- әкем қызым бой жетті деп мақтанған
күн
-Бүгін –анам ұлым ер жетті деп шаттанған
күн.
- Бүгін- арман қуып алысқа аттанған күн.
- Дамир: достар, сендер білесіңдер бе біз өте
бақыттымыз!
- Сымбат: Бақытты екенімізді
білеміз, оны неге айтып тұрсың?
- Дамир: Неге
айтпаймын,Сымбат, біздің мектепті аяқтауымыз биыл елдегі айтулы
тарихи оқиғалармен тұспа- тұс кеп тұр ғой.
- Сымбат: оның рас кешегі Ұлы
Жеңістің -70 жылдығы.
-Дамир: Қазақ хандығының 550
жылдығы.
- Сымбат: Президент Са
йлауы.
- Дамир: Қазақстан
халықтарының Ассамблеясына 20 жыл.
- Сымбат: Мектебіміз
аттестациядан жақсы өтті, ОЖСБ –дан жақсы ұпай
алдық.
- Дамир: Енді Мемлекеттік
емтиханды ойдағыдай тапсырсақ, тамаша болар
еді.
Сымбат: Ия, достар : Бүгін
ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы
күн...
Саягүл: Толқимыз, толқып
тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болған шығар
баршаңызда.
Қош айтысам балаң шақ
өткеніне
Қош айтысам сүйікті
мектебіммен.
Дамир: Бүгін мектеп атты
кеменің ескегін есіп көрген кез-келген пендені бей-жай қалдырмайтын
ұлы мерке..
Айсара : Бүгін алтын ұя
мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы
отырған,
Батырбек: жүректері лүпіл
қағып ,қимастық пен қуаныш,
Алтынай: аңсау мен арман
сезімдері араласқан біз үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір
ұмытылмас күн...
Саида: Өзіңің уақытын аямай,
өзгенің уақытын аялай білетін, өз шәкірттерін білім нәрімен
сусындатудан талмайтын аяулы ұстаздарымызбен
қоштасамыз.
Саягүл: Кеше ғана әр қоңырау
соғылған сайын сыныптан жүгіріп шығып, жүретін оқушылар едік. Енді
бүгін біз үшін туған мектебімізде қоңырау соңғы рет соғылғалы
тұр.
Қызыыыық! Достар, естеріңде
ме?
Мектебің
мынау,классың
Осында он жыл
тұрасың.
Тарыдай болып
кіресің
Таудай болып
шығасың...
Осы бір тақпақты жаттамаған
оқушы жоқ болар, сірә!
Сымбат: Білім нәрін сепкен
алтын ұя мектебімді, еркеліктерімізді көтере білген ардақты
ұстаздарыңызды, тай-құлындай тебісіп өскен құрдастарымызды,қайта
оралмас балалық шағымызды жадымыздан мәңгі
өшірмейміз!
Сымбат: Арнау-
жыр
Ән «Жас түлек»
.Айсара,Дамир,Батырбек.
Саида: Ұстаз! Осы сөзде
қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын –жазушыда,
көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз
алдында иіліп тағзым ететіні рас.
Алтынай:Білімді шәкірттерін
аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам.
-
Осынау мәңгілік борышты
ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық
қамқорлығым деп түсінген ұстаздар !
-
Жақсысын асырып, жаманын
жасырған, сүрінсек демеу болған, қатал болса да, шәкірт үшін,
жүрегі жылы ұстаздарымызға мың да бір
алғыс!
Ән
«Ұстазым». Сымбат, Саида,
Батырбек.
Саягүл: Біздің мұғалімдер ең
жоғары марапатқа лайықты, дегенмен шын жүректен шыққан өлең
жолдарын және естелік медальдарын қабыл алыңыздар. (
Музыкамен
Ұстаздарға арнау , открытка
сыйлау.және медальдармен
марапаттау.
Сымбат: Мектебімдің жандануына
үлкен үлес қосып жүрген біздің тәтейлер мен ағайлар да
бар.
Көрініс: «Төле бидің
жұмбағы».Үш би шығады.
Төле би: Уа, халқым сөз
қадірін білесің, сөз танығыш жастарға 9 түрлі жұмбағым
бар.
Әйтеке би: Айтсам жұмбағым
мынау: 1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Дауыс: Осындай жұмбақ бола ма
екен?
Қазыбек би: Ұлы аға, бұл
жұмбақты мен шешейін, рұқсат
етіңіз.
Төле би: Рұқсат, қаз дауысты
Қазыбегім.
Қазыбек би: Бір дегенің-
алғашқы рет әліппені ұстағаным.
Екі дегенің - қазақ тілің
алғаным.
Үш дегенің - Көбейту кестесін
жаттағаным.
Төрт дегенің- бастауышпен
қоштасқаным.
Бес дегенің- алғашқы рет хелу
май нейм ис дегенім
Алты дегенің- Микроскопты
алғаш көргенім.
Жеті дегенің- Ньютонды
білгенім.
Сегіз дегенің- химия қиын,
ашиды миын-дегенім.
Тоғыз дегенің- негізгі білімің
қаланып, үлкен өмірге жолдама
алғаным.
Төле би: Рахмет, дәл тауып
шештің, ойы да тілі де жүйрік, тұлпарым
менің.
-
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Алтынай
Анам менің мәпелеген
жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол
бірге,
Мен қиналсам табылады
қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә
анадан,
Бар жақсылық аналардан
таралған.
-
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Саида
Жүрегіммен мәңгі бірге
боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың,
биіксің,
Сен дарқансың, сен жомартсың,
данасың.
Ән
«Мама» Дамир, Батырбек, Сымбат,
Саягуль.( Ұлдар мамаларын биге
шақырады.)
-
Ия, достар, ата-ананың ойы
балада, баланың ойы қияда,- деген екен атам
қазақ.
-
Ал, адам болатын бала алысқа
қарайды.
-
Арман адамға қанат
бітіреді.
-
Әр кеудеде бір
қиял.
-
Қыран жүйрік пе, қиял жүйрік
пе?
-
Сендер, не бәрің мақалдап
кеттіңдер?
-
Тұз астың дәмін
келтірер,
Мақал сөздің дәмін келтірер, -
деген екен атам қазақ.
-
Сенің атаңда айтады екен-ау,
одан да 9- дан кейін қайда оқитынымыз туралы
ойлайықшы.
«Дело было вечером, делать
было нечего» .
Дело было вечером,
Делать было нечего,
Собрались ребята вместе,
Стали думать и гадать,
Где продолжить обученье,
И куда им поступать…
Выпускники 9 классов:
Ученик 1. Где б найти такое место,
Ученик 2. Чтоб учиться интересно…
Ученик 3. И экзамен не сдавать…
Ученик 4. И отличниками стать!
Ученик 1. Все газеты перебрал –
Ничего не отыскал.
Ученик 2. Всю деревню обошел-
Ничего я не нашел.
Ученик 3. Целый год я не гуляю –
Только справочник листаю!
Ученик 4. Ищем мы уже давно,
А найти не суждено…
Ученик 1. Мы давно уже не дети,
Как нам жить на этом свете?
Ученик 2. В детство купим мы билет!
Все (хором). Но билетов в кассе нет!
-
Достар, Балалық шағы -
патшаның тағы ,- деп қалай тауып айтқан атам
қазақ.
-
Ой, Дамир , Саягүл мақалын
көбейтпей тұрғанда әнімізді
айтайықшы.
Ән «Балалық
шақ». Айсара, Алтынай
,Сымбат.
Мектеп өмірінен шағын
көріністер:
-
Абылай хан ат қорасында. Аттың
тісін санап тұрады.
- «Хан ием, не істеп
тұрсыз?»
- «Атымның тісін санап тұрмын,
ұрпағыма ЕНТ-да керек болады».
Кіріспе
-
-Балам, оқу жылы басталып
кетті, күніге ойнағанша, бір уақыт сабағыңа қарасаңшы! Қаңғисың да
жүресің!
-Ой, әке! Қайтейін енді, қай кітаптің алғашқы
бетін ашып қалсам, "Кіріспе" деп тұрады, сосын кіріспей
жүрмін!
Бермеймін
-
Мұғалім сабақтан қайтып
келе жатса, алдынан тонаушы тап
береді.
-Сағатыңды
әкел!
- Бермеймін, өзім де жарты ставкада
жүрмін.
Орыс тілі
сабағында
-
- Сәрсен, сен неге
шиколад деп
жазғансың?
- Жи, ши пишется через и деп үйреткен өзіңіз
ғой.
Би
«Попурри».
Саида: Достар, біздің сынып
дружный болдық қой, келісесіңдер ғой. Біз осы уақытты өте тамаша
өткіздік деп ойлаймын және бір- бірімізді ешқашан
ұмытпаймыз.
Батырбек: Ертең осылай
кездесуім азырақ болады, бірақ кездесуге уақыт таба білеміз деп
ойлаймын.
Саягуль: Достар, мен сендерге
алда тұрған үлкен сынақты жақсы тапсырып, өмірлік жолымызды дұрыс
таба білейік деп тілеймін. «Жаңа достың қадірі ескі досқа
жетпейді»,
«Досы жоқ адам- тұзы жоқ
тағам».
Айсара: «Жаман адам
мақалшыл»,- демей ме?! «Көңілдің ажары-ән », деген одан да әнге
кезек берейік.
Алтынай : Айсара «Сынықтан
өзге жұғады »- байқа өзінде мақалдап барасың
ғой.
Ән
«Достарым». Саягуль,Саида,Дамир.
Аманат ту тапсырушының
сөзі:
Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар сыныптар!
Мейірімінен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!
Көрінбейтін шимай-шатпақтан Дәптерім саған аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!!
Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған аманат !
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп , үздік оқу-ізбасарым саған аманат!
Желбірейтін биікте-Алтын ұя туы аманат!
Кір келтірмей атына , биікке самғау-бізге аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге
сау-саламат
Рэп «Соңғы
қоңырау».
Саягул:
Алдымыздан арман жолы
ашылады.
Біздерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 9- сыныптың «Білім» кілтін
Із басар сыныпқа біз тапсырамыз.
Сымбат:
Білімді құйып санаңа
Шәкірт болыңдар білікті.
Орнымызды нық басар деп,
Тапсырамыз «Білім кілтті»
Нургалым:
Аяқтап бүгін мектепті
Гүлдерге толды қолдарың.
Шаттықтан тіпті ес кетті ,
Сәт-сапар болсын жолдарың.
Дамир: Мектебім, балалығым қия
алмаймын,
Қия алмай, көп нәрсені қиялдаймын.
Өмір заңы, алайда, өзіңде мен,
Мәңгілік бала болып жүре алмаймын
Ән «Қош бол,
мектебім!»
Қоштасу
вальсі.