Қарағанды облысы,
Шет ауданы
Алтайбаев негізгі орта мектебі
Оспанова Жанна Шүкірқызы
Тақырыбы: «Құлақтан үнің кетпестей,Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
1-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп,
мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп,
алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
1-жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя
мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп
бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы
алыңыздар!
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Алдарыңызда 9 сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Нұртазина Сұлушаш
Көбенқызы..
1-жүргізуші: 2016-2017 оқу жылының аяқталу
құрметіне арналған
«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп
жариялаймыз.
I – жүргізуші: Тарихы
терең қазақ деген көне елде
Ел
белгі де ерлік, өрлік, өнерде,
Жаһандағы ең жауынгер
халықта
Кім сенеді ту болмады
дегенге?!
II - жүргізуші: Мазмұнына
өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, - ҚР
мемлекеттік туы көтерілсін
жүргізуші:
Мектеп қой Еліміздің
қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі
- бәрі.
Бүгінгі мектеппен қоштасу
салтанатында,
Шырқалсын Қазақстан
әнұраны!
1-жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың
қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
2-жүргізуші: Бүгінгі күн ардагер ұстаздарымыз да ортамызда:
1.
2.
3.
1-жүргізуші: Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы
тұста өткелі тұр:
Бұл жыл - Қазақстан Республикасының Рәміздерінің 25 жыл толуымен
ерекшеленеді.
Бұл жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы Бұл жыл – VІІ
қысқы Азиада ойындарының елімізде өткен жылы.
Бұл жыл – Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне -25 жыл.
Бұл жыл – Қазақстанда тарихымызда алғаш рет ЕХРО -2017 көрмесі
өткелі отырған жыл.
2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау
салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Манабаев
Шалкерей Кәрбанұлына беріледі.
1-жүргізуші: Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты
жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:...(аға
ұстаз)
1-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып –деп,
түлектердің алғашқы ұстазы бастауыш сынып
мұғалімі Елеубекова
Нәсіпкүл Тұяқбайқызына сөз
беріледі.
2-жүргізуші: әні: «Ұстазым »
Ор:
1-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,
құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне
беріледі.
1
сынып оқушыларының аға-апаларына тілектері
2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз
атынан...
2-жүргізуші: Жиынымыз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархаббатты, - демекші, мектебіміздің биші
қыздарының орындауындағы «Қазақ биін» қабыл
алыңыздар!
1-жүргізуші: Бүгінгі күн – алтын ұя мектебін бітіріп, қияға
қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір
ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт! Осы сәтті пайдаланып, бітіруші
түлектерімізге мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары Аманбеков Нұралы Ғапизұлы өз лебіздерін жолдайды.
(Музыка әуенімен сыйлықтар, дипломдар табыс
етіледі.)
1-жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық
пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте
шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас
түлек,ендігі сөзді сендерге
береміз.
(9-сыныптардың мерекелік бағдарламасы: Боранқұлова Аяулым мен
Берікбаев Еламанға - құттықтау сөз;
Қоштасу вальсі - түлектер)
II - жүргізуші: Құрметті
білім алушылар! Соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша ту
тапсыру салтанатты рәсімін өткізіді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Аманат ту тапсырушы:
аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпазы мақтанышымыз 9 сынып
оқушысы Берікбаев Еламанға
тапсырылады
I – жүргізуші: Аманат ту
қабылдаушы: мақтанышымыз 8 сынып оқушысы Анидар
Егінбай.
(Мектеп түлектері
қасиетті көк байрақты 8 сынып оқушыларына тапсыру рәсімін
орындайды.)
Аманат ту тапсырушының
сөзі:
Әнге ән, жырға жыр жалғап
Барамыз ұшып ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар 8
сыныптар!
Мейірімінен шуақ
төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған
аманат!
Аулада тұрған талдар мен
Сыныптағы гүлдер аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған
аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған,
Кітабым саған аманат!
Көрінбейтін шимай - шатпақтан Дәптерім саған
аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген
Жарыстар саған аманат!!
Сыр
алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған
аманат!
Қос өрім қылып тағатын Ақ
бантик саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған
аманат!
Үлгілі тәртіп, үздік оқу
- ізбасарым саған аманат!
Желбірейтін биікте - Алтын ұя туы
аманат!
Кір келтірмей атына,
биікке самғау - бізге аманат!
«Қош
бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау -
саламат!
Аманат ту
қабылдаушының сөзі: Біз
8 сынып оқушылары: Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып,
бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға, білім мен тәрбиенің барлық
салаларынан алда болуға, мемлекетімізді гүлдендіруге, дамытуға
негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат
болып шығуға мектебіміздің мәртебелі екенін биіктетіп, жоғары
деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз! (
Аманат туын қабылдаған оқушылар орындарына барып
тұрады)
II – жүргізуші: Еліңді
таң қалдыршы ұлы істермен,
Қатарына қаймықпай құрышты
ерген.
Туды биік көтеріп
қалықтатшы,
Қуанта бер қашанда
жеңістермен
I - жүргізуші: Мойытпасын
қиындықтар сендерді.,
Батылдықпен асыңдар сан
белді,
Біліміңмен қуантсаңдар
мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар
елді енді.
І жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 9-дың алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп,
білімнің алтын кілтін бітіруші түлек, оқу озаты Боранқұлова
Аяулымға тапсырады.
(Музыка әуенімен)
1-жүргізуші: Соңғы қоңырау.
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!
Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20
мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше.
Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір
белесіне асыратын қоңырау.
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты 9 сынып оқушылары ...
тапсырылады.
/Қоңырау соғылады, дүр - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп
тұрады/
1-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.
2-Жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу
үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір
баспалдағына шығарып саламыз.
1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,
Алдағы Мемлекеттік емтихандарыңды табысты тапсыруларыңызға
тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
1-жүргізуші: Осымен 2016-2017 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау
жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп,
келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта
болыңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыңғырла соңғы қоңырау

шағым қалдыра аласыз