сыңғырла соңғы қоңырау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сыңғырла соңғы қоңырау

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директоры Ж.Ж.Умирбекова



Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Өтетін күні: 25 мамыр 2018 жыл
Өтетін уақыты: Сағат 9.00
Өтетін орны: Мектеп алаңы
Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі - түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру.
Музыка орындалады.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар және қонақтар!
- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
2-жүргізуші Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.
1-жүргізуші Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді құрметпенен қол соғып қарсы алайық.
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Қарсы алыңыздар 9 сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Турысбаева Жанар Сыдыққызы Сыныпта 6 оқушы.
Олар: 
1. Айтбаев Арман мектептің әншісі, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысушы.
2. Ибраим Қайсар - аудандық грек рим күресінің жеңімпазы
3. Қабышева Жансая - аудандық пән олимпиада жүлдегері
4. Нургайдар Шұғыла - аудандық пән олимпиада жүлдегері
5. Салим Дильназ қылқалам шебері
6. Санақ Балғат мектептің бетке ұстар әншісі

1-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар
1. ________________________________________________________

2._________________________________________________________

3._________________________________________________________

4.__________________________________________________________

5._________________________________________________________

2-жүргізуші: Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы енгізілсін.
1-жүргізуші. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын.

2-жүргізуші: «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз

1-жүргізуші:. «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынның алғашқы сөзін мектебіміздің директоры Жумабике Жапарқызына береміз.

2-жүргізуші:Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл - сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз.

2-жүргізуші:

Ән_________________________________________


1-жүргізуші: Сөз Аудандық ____________________________________

Келесі құттықтау сөз кезегі Айдарлы округінің________________________________________________

2-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімінді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып деп
Түлектердің алғашқы ұстазы Мейрехман Сағатбекқызын және сынып жетекшісі Жанар Сыдыққызын ортаға шақырамыз
1-жүргізуші: Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп
Ата - аналар атынан тілек сөз Утепова Анархан Әділқызына сөз беріледі

Ән:

1-жүргізуші
Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз – ғалым, толастамас мәнгі сын
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттерін алғысын
/ 9 сыныптардың әдеби - әуендік монтажы, көгершіндер /

2-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды
/ 1 сыныптың құттықтаулары
1-жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 9 - дың алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
Білімнің алтын кілтін 9 сынып оқушысы Нургайдар Шұғыла 8 сынып оқушысы Нурлан Сараға тапсырады
2-жүргізуші:: Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 9 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
1-жүргізуші: Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі - шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 сыныптың үздік оқушысы Қабышова Жаннұр және 9 сынып оқушысы Айтбаев Арманға беріледі.
2-жүргізуші: Құрметті түлектер!
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін

Бітіруші түлектердің қоштасу вальсі
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы өз тұғырына қондырылсын.
1-жүргізуші: Құрметті жас түлектер!
Сәт - сапар сіздерге. жоғарғы оқу орнына түсулеріңізге тілектеспіз. Келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау - саламатта болыңыздар. «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.08.2018
1685
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі