Сыни ойлау арқылы рефлексия жасаудың тиімділігі
№20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Г.П.Кусаинова
Даналықты үш тәсілмен үйренуге болады:
Біріншісі рефлексия-ең ізгісі;
Екіншісі еліктеу- ең жеңілі;
Үшіншісі тәжірибе –бұл ең ащысы.
(Конфуций)
Әр мұғалім өз сабағы бойынша рефлексия жасап, тәжірибесінің мықты және түзетуге тұрарлық жақтарын өзі айқындап, сабақ беру әдістемесін жақсартуы керек. Ол үшін мұғалім әр сабақ соңында өзіне мынандай сұрақтар қойып, оларға жауап іздегені дұрыс:
1. Сабақта кім көп
сөйледі: мен бе, оқушылар ма? 20:80% пропорциясын сақтадым. ба?
2. Оқушылар оқулықты қайталады ма, әлде оның ауқымынан тыс шығып,
материалды тереңдетті ме? Оқулық мақсат болды ма, әлде құрал болды
ма?
3. Мен оқушыларға дайын мәлімет бердім бе, әлде оларды нәтижеге
жетелеп, бағыттадым. ба?
4. Мен оқушылармен ақылдастым ба, әлде ақыл айттым
ба?
5. Осы сабақты қайтадан өткізетін болсам, оған
қандай өзгерістер енгізер едім?
6. Сабағым үш "Қ" қағидасына ("Қызық. Қиын. Құнды") сәйкес болды
ма?
7. Сабағымның 3 ең құнды жері қандай болды?
8. Сабағымның 3 ең қызық жері қандай болды?
9. Мен үлгермей отырған оқушыларға қалайша көмектестім?
10. Сабақтан кейін оқушылардың көңіл-күй қандай болды?
Неліктен?
11. Мен сабақта неше оқушыны мақтап, үйренуге
ынталандырдым?
12. Сабақта менің оқушылармен және оқушылардың бір бірімен ұстанған қарым-қатынас үш «С» қағидасына («Сыйлау. Сенім. Сүйіспеншілік») сай болды ма?
13. Дарынды балалармен жұмыс істеуде қандай әдіс-тәсілдерді қолдандым?
14. Оқушылардың жұмыстарын қаншалықты объективті бағаладым? Қойылған бағаларға оқушыларға қаншалықты түсінікті толық комментарий берілді? Баға оқушылардың көңіл-күйіне, сабақ барысына қалай әсер етті?
29 қараша күні қалалық семинарға дүниетану пәнінен «Қала мен ауыл» тақырыбында ашық сабақ жүргіздім. Оқушылардың сабақ туралы пікірлерін кестеге түсіріп алдым да, олардың жауаптарын өздерімен біріге отырып талдадым.
|
№ |
Тапсырмалар |
ұнады |
Онша ұнаған жоқ |
Ұнаған жоқ |
|
1 |
Суреттер арқылы бөліну |
22 |
1 |
1 |
|
2 |
«Ауыл өмірінен» бейнекөрінісі |
24 |
- |
- |
|
3 |
Жылдармен жұмыс |
9 |
10 |
5 |
|
4 |
Оқу |
6 |
16 |
2 |
|
5 |
Сөздік жұмысы |
14 |
8 |
2 |
|
6 |
Сергіту сәті |
24 |
- |
- |
|
7 |
Топтық жұмыстар |
24 |
- |
- |
|
8 |
Өнімдер туралы әңгіме |
24 |
- |
- |
|
9 |
Қала туралы әңгімелеу |
24 |
- |
- |
Сабақтағы көңіл-күйдің жақсы болғаны, балалардың таныс емес нәрселерді қызықтауының жоғарылығы, таныс нәрселерінің таныс емес қырларын ашу ұнағаны, өзара әңгімелесу ойдағыдай өткені байқалады. Оларға жылдармен жұмыстың ұнамау себебі, түсінбегендіктен болды. Оқушылар онша түсінбеген жұмыстарын орындауға құлшына қоймаған. Ерекше ұнаған жұмыс түрлерін қою түспен белгілеп қойдым. Болашақта осыған ұқсас тапсырмаларды көбейтуге назар аударатын боламын.
Сонымен қатар рефлексияны өзім ұйымдастырған барлық жұмысқа да жасауды әдетке айналдырдым. Ең алғашқы рефлексияларым қарапайым 4-5 сұрақтан ғана тұрған болатын. Кейін білімімді жетілдірген сайын мән беруге тиісті маңызды жұмыс түрлері көбейе түсті. Рефлексия жасауда ірі, не ұсақ мәселелер болмайды деп санаймын.
Мен тәжірибелі мұғалім ретінде өз сабағыма ғана емес, әріптестерімнің сабағына да қатысып, ұсыныстарымды осы шеңберде жеткізіп отырамын. Олармен кері байланыс жүргізгеннен кейін берген әдістемелік көмегіме де рефлексия жасаймын:
Мен оларға не үйрете алдым?
Олардан мен не үйрендім?
Менің ұсыныстарымды олар қандай көңіл-күйде қабылдады?
Сабақтың жұлдызды сәттерін жіберіп алған жоқпын ба?
Мен осы сабақты өзім өткізер болсам, не қосар едім? Неге?
Рефлексия сыни ойлау арқылы жүзеге асырылады, өйткені мұнда дайын жауап жоқ. Оны іздеу керек, іздену керек, жобалау мен жоспарлау қажет. Рефлексия күмәндану мен терең ойлануды қажет етеді. Өзіңе өзің толассыз сұрақтар қойып, оларға жауап табуға ұмтылу. Яғни, адам өзінің жасаған әрекеттерін есіне түсіріп, қиындықтарды, оларды шешудің жолдарын, түрлерін, т.б. нақты айқындағанда ғана іске асырылады. Рефлексия арқылы проблема шешіледі, адам осындай тұжырымдау арқылы үйренеді. Үйрену – рефлексияның нәтижесі.
Рефлексия артқа қарау, өткенді еске түсіру, сол туралы ойлану, өткенге жүгіну. Әр ұстаз ойлансыншы, өзінің күнделікті іс –әрекетінде оқушыны дамытып отырғанын. Өз өзіңді дамыту арқылы біз баланы дамытамыз деп ойлаймын.
Рефлексифті ойлаушы ұстаз болуға асығайық, әріптестер!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Сыни ойлау арқылы рефлексия жасаудың тиімділігі"

шағым қалдыра аласыз