Материалдар / Сыни тұрғыдан оилау

Сыни тұрғыдан оилау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының дамыту.оилау қабылдауын жақсарту.ои өрісін дамыту. Шығармашылық ізденімпаз баулу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2021
556
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік унивреситеті











РЕФЕРАТ







Орындаған:Курамбаева Инобат Бабахановна

Топ:ПМНО18\3

Пән: Мұғалімнің кәсіби бағдары

Тексерген:Зауырбекова Айгул Мырзабаевна























Жоспар:


1.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

2.Сын тұрғысынан ойлау.

3.Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.


Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.

Ойлау үрдістерін өз бетімен ұйымдастыру ең алдымен бірлескен оқу әрекетінде пайда болады. Оқушы әрекеттің мақсаттары, құралдары мен шарттарының арасындағы қатынасты біртіндеп түсіне бастайды. Қазіргі кезде балада ойлаудың ерекшеліктерін жоғары қарқынмен мақсатты қалыптастыру мүмкін екені дәлелденіп отыр. Ойлау – бұл оқуға, жазу іскерлігіне, сөйлеу мен тыңдауға ұқсас үрдіс.

Сыни ойлау және оқыту мұғалімдер идея мен тәжірибенің әртүрлілігін түсінгенде және қолданғанда пайда болады. Сыни ойлауға оқыту – жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ. Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттары бар екенін естен шығармау керек.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.

Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді.

Бұл педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай қағидаларды ұстанады:оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу, тұлға дамуының сыртқы әсермен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы.

Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары:

  • балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

  • оқу мен тәрбиенің бірлігі;

  • баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;

  • баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

  • әр оқушының, оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;

  • барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» .

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек.

Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұны, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап , оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрен жолына қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн көрсетілімі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы»т. б осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

1.Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

2.Автор оқырманды қалай қызықтырды?

3.Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз?

Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпараттарды өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтанады. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:

  • 1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.

  • 2.Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

  • 3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

  • 4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдау.

  • 5.Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

  • 6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал, оқушыларға байланысты:

- сенімділікпен жұмыс жасау;

- бар ынтасымен оқуға берілу;

- пікірлерді таңдау, құрметтеу;

- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

- мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

- осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?

- маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты –оқытуды оқушыға бағыттау. Осы орайда ең бастысы оқыту философиясы түбегейлі өзгереді. Оқыту үрдісінде алдымен оқыту мақсаты, оқыту мазмұны және сабақ құрылымы мен формалары өзгереді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде оқушыны-басты тұлға деп алып:

- оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастырамын;

- оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қоямын, нәтижеге жетемін;

- жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуы;

- мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты қолдаймын;

- кәсіби деңгейім дамып, жаңашыл мұғалімнен зерттеуші ұстазға айналдым;

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай болды:

- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады;

- ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады;

- бұрынғы білімдеріне білім қосады;

- микроклимат өзгереді;

- оқушылардың жауапкершілігі артты;

- күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес тәсілдер қолдандым;

- мен күтпеген өзгерістер болды;

- проблемалық ситуациялар туғыздым;

- оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады;

- өзім де өзгердім, көп оқимын, балалардан үйренемін, бірге жауап іздеймін, бірге оқимыз, бірге дамимыз.


Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:

- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;

- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;

- Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;

- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;

- Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;

- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;

- Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау — бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.

Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс — әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:

1.Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.

2.Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.

3.Проблеманы шеше білу.

4.Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.

Әдіс түрлері.

1.Белсенді практикалық іс — әрекетте болуы

2.Басқалармен қарым — қатынас жасай білу, қорғай білу.

3.Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.

4.Топтық тұжырымға келе білу.

5.Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу.

Сын тұрғысынан ойлау мен оқыту бағдарламасы үш негізгі құрылымнан тұрады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда қолдана отырып сабақ жоғары деңгейде өтетініне көз жеткізуе болады. Ол үшін Сын тұрғысынан ойлау технологисының стратегияларын тиімді қолдану қажет. Сын тұрғысынан ойлау технолгиясының стратегияларын сабақтарда қолдану дегеніміз оқушының тереңінен әрі жан –жақты ойлауына, шығармашылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеп, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.

Сын тұрғысынан ойлау технолгиясы дегеніміз – бұл ең алдымен оқушының өз ойы. Яғни оқушыларға өз беттерімен ойлап, әртүрлі сұрақтарға шешім қабылдауға уақыт беру. Екіншіден Сын тұрғысынан ойлау технолгиясы оқушыларды сыни ойлануға жол ашады. Үшіншіден Сын тұрғысынан ойлау технолгиясы қандайда бір мәселені шешуге бағытталады. Төртіншіден оқушылар оқи отырып, пікірталаса отырып, өз ойларын анық жеткізуге нақты балалардың келешек өміріне қажет қимыл әрекеттері яғни жан- жақты ойлау арқылы дұрыс шешім қабылдай алуға үйретеді.

Ойындағы сұрақтарға жауап іздейді. Бұл бөлімде мынадай іс-әрекеттер оқушы бойынан табылады:

  • *өздерінде бар білімдеріне сүйену

  • *жаңа білім алуға деген қызығушылық

  • *оқыту үшін оқушымен бірлесе отырып сабаққа мақсат құру.

Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы басқа деген аттары бар әдістер (стратегиялар). Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. өйткені үйрену –оқушының бойынан белсенділікті талап ететін іс-әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны алдыңғы білімімен ұштастырады.

«Мағынаны ашу» Оқушы жаңадан алған білімін алдынғы білімімен ұштастыра отырып ойын одан ары қарай дамытады. Бұл кезеңді жүзеге асыру үшін мұғалім мынадай әдіс- тәсілдерді: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білу, өзара оқытуды пайдаланады. Осы кезеңде оқушының өздігінен білім алу, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс-әрекетінің дамуы яғни еңбекқорлыққа жетелейді. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігі артады.

Мұғалім сабақта қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле алмағанын яғни, оқушының өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ