Материалдар / Сыни тұрғыдан ойлау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыни тұрғыдан ойлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқаша түсінік қалыптастыру жолдары мен оны жүзеге асыруда жүргізген зерттеу жұмыстары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2018
4493
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. 

Сын тұрғысынан ойлауды үйретудің өзіндік қажет ұстанымдары бар.




  1. «Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамытатын СТО стратегиялары.

Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу барысында СТО стратегияларын тиімді қолдана білу. Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты. Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына, тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады.

       Оқушылардың ауызша тілін дамытатын төмендегідей стратегиялар қолдануға болады:

«Инсерт» стратегиясы – ұтымды құрал. Әңгімені түсініп оқуын тексеруге, әңгімені мазмұндау, мәтінді түсініп оқу үшін керек. Бұрынғы білім мен жаңаны ұштастырып, жаңа түсінік тудыратын көпір жасатады.

V

+

?

Білемін, біліміме сәйкес

Мен үшін жаңалық

Білімге сәйкес емес, менің ойым басқа, мен басқаша ойлаймын

Әрі қарай білгім келеді

 

«Галереяда ой шарлау» стратегиясы. Мысалы, қуаныш, махаббат т.с. сөздерді суреттеу, яғни балалар қағаз бетіне осы сөздерді қалай түсінетінін салады. Орындап болған соң 1 оқушы (спикер) шығып қорғайды.

«Әлемді шарлау» стратегиясы. Бір тақырып бойынша жобасын құру. Әр топтың президенті өз жобасын қорғайды. Қалғандары шеңбер бойымен басқа топтардың жобаларын тыңдайды, бағалайды.

«Пікір талас. Дәлелденген эссе» стратегиясы.   Бұл стартегияны оқушылардың жазбаша тілін дамыту барысында да қолдануға өте тиімді.

Мысалы: таныс емес адамды қондыртуға бола ма?

Иә                                              Жоқ

Әрбір дәлелге қарама-қарсы дәлел жазу.

Белгілі бір тақырып бойынша екі оқушы шығып, пікірталас өткізеді. Бірі сол берілген тақырып бойынша теріс пікір айтса, ал екінші тура пікірде болады. Бұл оқушылар тоқтамастан, өз ойларын білдіріп, қарсыласына жауап қайтарып отыру керек. Ал сынып оқушылары болса, осы екі жақтың өзіне қайсысы ұнаса, сол топқа аусады. Себепті дәлелдер айтылған сайын оқушы да өз ойынан тайып, екінші топқа өтуі мүмкін. Оқушылар бөлініп, айтылған деректерді пайдалана отырып эссе жаздыру.

«Шығу парағы» стратегиясы

  1. Біз бүгінгі сабақта нені үйрендік?

  2. Қандай сұрақ бар?

  3. Пікіріңіз…

«Оқырмандар семинары» стратегиясы.

Кітап туралы сөйлеу.

«Авторға сұрақ қою» стратегиясы

Мәтінді төрт бөлікке бөлу. Автор және оқырмандарға бөлу. Осы мәтіннен қандай мағлұмат алғаны туралы айтады.

«Араласып кеткен оқиға» стратегиясы. Шашыранды түрде араласып кеткен мәтін беріледі. Сол бөлшектерден мәтін құрастыру.

«Терминдер арқылы болжау» стратегиясы.

Суреттер беріледі (сөздер), сол арқылы ертегі не мәтін құрастыру. Әрбір топтан көрші оқушының ертегісін оқиды. Мұғалім мәтінді бөлікке бөліп оқиды, әрі қарай не болуы мүмкін деп сұрайды. Содан толық мәтін оқылады.

Кубизм” стратегиясы

  1. Суреттеу – түрі, түсі, формасы, көлемі, портреті.

  2. Салыстыру – ұқсастығы, ерекшелігі, немен айналысуға болатындығы.

  3. Талдау – қалай істелінген, неден жасалған, ненің нәтижесінде, зертте, не болуы мүмкін.

  4. Таңдау – не туралы ойлануға жетелейді, талқылау немесе қарсы пікір айту.

  5. Қолдану – бұдан не істеуге болады, қолданысы, қалай, қайда қолдануға болады.

  6. Бағалау – оймен байланыстыру, жақсы-жаман жағы, мүмкін болатын жағдайлары, бірнеше себептері, келісу не қарсы шығу

«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы. Мәтін бойынша қорытынды шығару, негізгі идеясын ашу. (Мысалы: әйел қамқоршы ма әлде жоқ па? (мәтіннің сыртына шығу)

Жигсо- II” стратегиясы.

  1. Оқушыларды үй топтарына 4 адамнан бөлеміз. (Оқушы санына байланысты). Жаңа тақырып жайында не білетіндерін ортаға салады, жазады.

  2. Оларға 1-4 дейін нөмір бөлеміз.

  3. Сол нөмірлері арқылы 4 жұмыс тобын құрамыз.

  4. Мәтін немесе тапсырма тұтас бәріне таратылады, жеке оқытылады.

  5. Әр жұмыс тобына эксперт парақтары таратылады.

  6. Эксперт парақтары бойынша жауаптары дәптеріне жазады.

  7. Қайта үй тобына оралады.

  8. Алдымен 1 эксперт парағынан бастап жауаптарын тобына түсіндіреді.

  9. Әр үй тобында эксперт парағы бойынша сұрақтар талданып болған соң, алғашқы жазғандарына басқа түспен толықтырулар енгізіледі.

  10. Ортадан 1 спикер қорғайды.

  1. Оқушылардың жазбаша тілін дамытатын стратегиялар:

«Биопоэма» стратегиясы

Аты-жөніңіз.

Өзіңізді сипаттайтын 2-3 сын есім.

Басыңыздан өткен өте маңызды 2-3 оқиға.

Өте жақсы көретін нәрсе, зат. Құбылыс.

Бәрінен не нәрседен қорқасыз?

Сіздің басты арманыңыз? (Жеке басына байланысты, мамандығына байланысты, жұмысқа байланысты)

Өзіңізді немен бейнелейсіз? (Қандай жан-жануарға ұқсайсыз, құсқа қандай табиғаттың бір бөлігіне ұқсайсыз?) Неге өзіңізді соған ұқсатасыз?

Неге бүгін осы жерде отырсыз? Қандай мақсатпен келдіңіз?

«Еркін жазу стратегиясы» Эссе жазу-5 минут. Мұғалім оқушылардың ойына не келеді екенін жазып алуын ұсынады.

Эссе-адам өзін толғандырған ішіндегі ойын, сезімін қысқа ғана, шағын шығарма ретінде жазу.

«РАФТ» стратегиясы.

Р-кім боласың (кім жазады)

А-кімге жазасың

Ф-қай түрде жазасың (форма: хат, шығарма, ресми қағаз, баяндама, құттықтау, сенім хат, қолхат, арыз, түсініктеме т.б.)

Т-қандай тақырыпта.

«Жолаушының қойын дәптері» стратегиясы. Басында болған оқиға туралы жазу.

«Елес, жекелеу» стратегиясы. Кездестірген адам туралы жазу. (мысалы, таңертең кездескем адам туралы жазу)

«Екі түсіндірмелі күнделік» стратегиясы. Оқушылардың дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады.

Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б).

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.

     Әсер еткен жері.                       Неге әсет етті? Себебі.

«Қарсы-қарсы элементтер» стратегиясы. Мәтіннің ішінен мінездеме беру.

Иә

Жоқ

Әйел

Бала

Кәрі

Жас

Ірі денелі

Ұсақ денелі т.с.с.

 

«Еркін жазу» стратегиясы.

Мұғалім сабақ бойы қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенің, нені әлі де біле түсу керек екенің т.б жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

   «Венн диаграммасы» стратегиясы.

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қағазға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы

Үш адамнан топ құралады.

А-интервью алушы

В-интервью беруші

С-хатшы

А В-ға сұрақ қояды, С жазып отырады.

В С –ға сұрақ қояды, А жазып отырады.

С А-ға сұрақ қояды, В жазып отырады.

«Ұқсастық пен даралық» стратегиясы.

-Топтағы әр оқушы бір қағаздың, плакаттың төрт бұрышына жеке-жеке жаңа тақырып бойынша өз білімдерін жазады.

-Бір-біріне оқып ортаға ортақ жауаптарын жазады.

     «Бес жолды өлең» стратегиясы. Алған мағлұматтарды өзіндік қорытындылайтын және тақырыптық толық мазмұнын аз сөзбен сипаттайтын, қысқа да нұсқа түрде тірек сөздермен жазылатын өлең жолдары.

1 жол – тақырыпты сипаттайтын зат есім;

2 жол – мәтіннің мағынасын ашатын, негізгі мәселені сипаттайтын екі сын есім;

3 жол – мәтіндегі тақырып бойынша іс-әрекетті көрсететін үш етістік;

4 жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден құралған сөйлем;

5 жол – тақырыпты айқындайтын бірінші сөзге синоним соз.

«Ой қозғау» стратегиясы.

Берілген тақырып бойынша оқушының өздері білетін мәліметтерін 1 параққа тізбектеп жаздырту;

Серіктесімен ой бөлісу;

Өздері білетіндерін ортаға салу.

«ББҮ» стратегиясы. Оқушылар бір тақырып бойынша білгендерін, білгілері келетіні және не үйренгендерін кестеге толтырылады.

«Сауаттылық хат үлгісі» стратегиясы. Оқушылар бір-біріне хат жазады.

Бұл стратегияларды сабақта қолдану оқушылар дәлелдеме, болжам жасауға үйренеді, яғни тілі дамиды, сонымен қоса сауатты жазу дағдылары қалыптасады. Белгілі бір нәтижеге жету үшін сабақ жоспарын құру барысында балалардың ауызша және жазбаша тілін дамытатын стратегияларды таңдап алып, тиімді қолданамын. Жүйелі, толық жауап алу үшін оқушыларға нақты уақыт беріп, өз ойларын ашық, еркін беруді талап етемін.

Қорытынды.

Еліміздің болашағы- ұрпақ тәрбиесінде. Жас ұрпақтың әлеуметтік ортадағы  сан салалы  қарым -қатынасы мен  іс – әрекетін  ұйымдастыру барысында  халықтық тәжірибе мен  ізгі қасиеттерді  оның бойына дарыту  қашаннан игі мақсат  болып келеді.  Осыған байланысты, бүгінгі таңда  оқушыларға жан жақты  тәрбие беру мектепте  ұйымдастырылатын  сыныптан тыс жұмыстар арқылы  жүзеге асатынын көрсетеді.

«Елімізге, бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.»

Қолданылған әдебиеттер :

  1. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы. – Алматы: РБК, 1999.

  2. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б

  3. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы, 2009

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту»


Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы” RWCT стратегиялары

14.07.2015




Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір – түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.

Бірнеше жылдан бері ағарту саласында жұмыс істеп келемін. Сонда байқағаным, олар өз ойларын толық жеткізуде қиналатындықтары. Мен енді тіл дамыту жұмысына көп көңіл бөле бастадым. Осы жерде маған көмекке сын тұрғысынан ойлау (СТО) жобасы келді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады [24].

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

«Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;

6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:

сенімділікпен жұмыс жасау;

бар ынтасымен оқуға берілу;

пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Сыни ойлау деген не?

Сыни ойлау- өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез – келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа деген де көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды.

Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:

I.Қызығушылығын ояту( «көпір жасау», ой қозғау) – Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта – жігері артады. Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі.

  1. Мағынаны таныту ( мағынаны ажырату) – Реализация– оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
    . Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.

III. Ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)- Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.

Құрылым былай болуы да мүмкін: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше, дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;

оқушы мұғалім білім

сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.

мұғалім оқушы білім

СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:

СТО сабақтарда

Дәстүрлі сабақтарда

Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.

Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.

Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым.

Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.

Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым.

Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

СТО – дамыту сабақтарының мақсаты біреу нақты сабаққа байланысты. Міндеттері үш түрлі болады. Олар: мазмұнға байланысты, СТО -ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады. Сабақ кезеңдері байланысты қолданылатын стратегияларға тоқталып өтейік:

Cабақ кезеңдері

Қолданылатын стратегиялар

1

Қызығушылығын ояту

Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Т кестесі, Бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру

2

Мағынаны тану кезеңі

Т кестесі, Пікір – талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру

3

Ой толғаныс кезеңі

Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат,

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз – философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:

РАФТ Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.

Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.

Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:

Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды.

Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады).

Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы.

Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.

ДЖИК СО стратегиясы – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 – бөлігін екілер, 3 – бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін – бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады.

INSERT немесе түртіп алу стратегиясы – түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» – білмеймін, «-» – мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды – деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.

Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 – сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі – түсті түрде пайдалануға болады.

  • Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады.

Кім?- Ана
Қандай? -Мейірімді, ақылды
Не істеді? -Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.
Түйін -Ағайын – алтау, ана –біреу.
Синоним- Адам

RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с

Геометриялық фигуралар стратегиясы – бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады.

Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да, жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау – өте күрделі маңызды құбылыс.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!