жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың ойларын дамыту»
«Приозерск қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Тамыз коучинг семинар
Тақырыбы: «Сыни тұрғыдан ойлау
арқылы оқушылардың ойларын дамыту»
Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсенбаева
Асылгул Мусаевна
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың
ойларын дамыту
Бүгінгі күні біз әлем халқы бір кісідей Жаңа дәуір- Жаңа ғасыр- Жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз. Сондықтан да қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге байланысты мектептегі білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, жұмыстың жоғары сапасын және жоғарға деңгейдегі кәсібилікті талап етеді. Соған орай қазіргі таңдағы оқушылар да өмірде дұрыс жол тауып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білетін тұлға болып жетісулері қажет. Сондықтан да оқушылар алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару керектігі талап етіліп отыр. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруіміз керек. Еліміздің болашағы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, олардың жан-жақты дамуына өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке баулу үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуіміз қажет.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқына жолдауында
«Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай
болып құрылуына тіреледі» - деп атап
көрсетті.
Сондықтан да
бүгінгі жас ұрпаққа жан - жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір
ұстаздың басты міндеті. Білім негізі бастауыш сыныпта қаланатын
болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның жан-жақты
дамып, білім алуы басты мәселе болып отыр. Олай болса, қазіргі
бастауыш сынып мұғалімдер қауымының алдындағы үлкен
мақсат:
Өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс – әрекетіне қабілетті, еркін жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары деңгейдегі педагог болуы қажет. Себебі, әрбір мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашуы тиіс.
Сол себепті болып жатқан білім беру саласындағы өзгерістерге, қоғам сұранысына байланысты жоғары мәдениетті білімді де білікті жеке тұлға қалыптастыру бүгінгі күнде ең өзекті мәселе. Білімнің әлеуметтік және өмірлік рөлінің, адамның танымдық – шығармашылық мүмкіндігінің өзгеруі оқытудың дамыту деңгейінде, үздіксіз білім жүйесінде білім беру ісін жаңаша ұйымдастыруды талап етуде. Басты мәселе білім алушыны айналаны танып білу, одан өзіне қажеттісін таңдай алу, өз бетінше ізденіп білімін, тәжірибесін молайтуды талап етіп отыр. Тек осылайша ұйымдастырылған оқу ғана тұлғаның жекелік деңгейі артып, дамуына жол ашады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің деңгейлік біліктілігін арттыру курс бағдарламасының нәтижелері – жаңа заманға сай, еркін, өзінің ойын еш кедергісіз жеткізе алатын, сыни пікір-көзқарастары жан-жақты дамыған, сандық технологияларды тануға бейім белсенді жеке тұлға қалыптастыруды қамтиды. Бізге ұсынылған курстың негізгі бағдарламасы - әр мұғалім өз пәнінен кәсіби шеберлігі өз алдында,оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жеті модульді практикада тиімді қолдану. Сондықтан да жыл бойы өткізілген сабақтарымда осы жеті модульді тиімді пайдалана отырып, күнделікті сабақ жоспарымды құрдым.
Олар:
1.Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3.Талантты және дарынды балаларды оқыту
4.Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
5.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
6.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технология-ларды пайдалану
7.Оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану
Сондықтан да мұғалім құзіреттілігін арттыратын жеті модуль ішінен «Сыни тұрғыдан ойлау» тәсіліне тоқталмақшымын. Бұл тәсілді таңдаудағы себебім:
- мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдер жөніндегі білімдерге байланысты ақпараттарының аздығы;
- оқу сапасының нәтижесі;
- оқушылардың оқуға деген ынталарының төмендігі.т.б
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы
3 кезеңнен тұрады:
-
Қызығушылығын ояту ( «көпір жасау», ой қозғау)
-
Мағынаны таныту ( мағынаны ажырату)
-
Ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)
Дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса, сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.
СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:
|
СТО сабақтарда |
Дәстүрлі сабақтарда |
|
Оқушылармен жекелей, жұппен, топпен жұмыстары ұйымдастырылады. |
Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді. |
|
Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым болады. |
Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді. |
|
Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әроқушының жауапкершілігі басым. |
Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды. |
Сыни тұрғыдан ойлау әдісін тиімді пайдалану арқылы оқушыларымның пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері және пәнге қабілеттері мен қызығушылықтары артты. Күнделікті сабақта әрбір оқушы жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп отырды. Күнделікті сабақты ұйымдастыру барысында үнемі сыни тұрғыдан ойлау тәсілін қолдандым. Мысалы: әдебиеттік оқудан «Ата бабам тарихы-менің тарихым» бөлімін өткенде Бөгенбай, Ағыбай,Қабанбай батырлар жөнінде шығармашылық тақырыптар көп болды. Онда оқушылар Қабанбай, Бөгенбай аталарымыздың батылдық қасиеттерін топтап жазды. Исатай мен Махамбеттің ерлігін байланыстыра отырып шығарма жазса, ал дүниетану пәні бойынша шығармашылық жұмыстарында«Судың қасиеті»туралы жазды. Бізге су өте қажет. Сусыз өмір сүре алмаймыз.Суды күнделікті өмірде қолданамыз.Сусыз жануалар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Су түссіз, мөлдір,тұнық болады. Оқушылардың қабілетіне байланысты топтық жұмысы берілді. Олар«Дәрілік шөптің қасиеті», «Пияздың пайдасы», «Адыраспан киелі шөп», «Киіз» сияқты тақырыптары бойынша топтық жұмыстарын қорғап шықты. Оқушылар топтық жұмыс барысында бір-бірлерімен пікірлесуді, бірі-бірінің пікірін тыңдауды, сыйлауды, өз ойларын еркін айта білуді үйренді.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. Бастауыш сынып болғандықтан оқушыларымның жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында өзімнің қолданып жүрген сыни тұрғыдан ойлаудың кейбір қағидаларына тоқталайын:
Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тапсырма беріп, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізуді ұсынып отырдым. Бұл қағидада сабақ барысында қолданғанда оқушылардың тілі, қиялы дамыды, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы шағын эссе жазуға үйренді.
Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастыра алды. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысып, қойған сұрағына өзі жауап беруді үйренді, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға өзінің ризащылығын білдіруді үйренді.
Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікірін жазу арқылы оқушылардың сөздік қоры молайып, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысты.Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молайып, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасты, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланды.
Қазіргі уақытта үлкен мәселеге айналып отырған білім алу үдерісінің нәтижелі болуы үшін оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білуіміз керек. Неліктен баланың сабаққа келгісі келмейді? Неге сабаққа деген қызығушылығы жоқ? Сонда осы мәселелерді шешу үшін «Оқытуды қалай ұйымдастыру керек? Оқушылардың оқуға деген ынтасын қалай арттыруға болады?» деген сұрақтардың жауабын жыл бойы өткізілген сабағымда сыни тұрғыдан ойлаудың қағидаларын және жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы таптым.
Қорытындылай келгенде, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- алған білімге сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алады. Бұл технологияның тиімділігі – оқушының құзыреттілігін арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар;
-
Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады;
-
Мұғалім мен оқушының арасында ізгілікті қарым – қатынас орнайды;
-
Оқушы өздігінен жан – жақты білім алады;
-
Алған білімге сын көзбен қарау арқылы өз ойын еркін жеткізе алады;
-
Оқушы өз ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, пікір алмасуға үйренеді;
-
Бір – біріне деген сыйластықтары артады;
-
Мәселенің ең негізгі деген түйінін табуға дағдыланады;
-
Оқушының шығармашылық белсенділіктері артады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Бастауыш мектеп «Алматы» №6 2003ж
Қазақстан Республикас педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру курстарының нұсқаулығы
Екінші (негізгі)деңгей үшінші басылым
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген