Ақмола
облысы
Целиноград
ауданы
Қажымұқан
ауылы
№4 негізгі
мектеп

(интеллектуалды
сайыс)
5«а», 5«ә»
сыныбы
Өткізген:
5«а» сынып
жетекшісі
Сатыпалды Ақнұр
Мұратқызы
2018-2019 оқу
жылы
«СЫНЫП ДАРАБОЗДАРЫ»
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық
деңгейі жоғары, интеллектуалды озық ойлы дарынын ашу, зеректік
қабілетін дамыту. Өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге
дағдыландыру;
Интеллектуалды ойынның
бөлімдері:
1-бөлім: Бәйге
2-бөлім: Тіл
өнер
3-бөлім: Шешендік
өнер
4-бөлім: Сөз
құрастыру
Көрнекілік: Нақыл сөздер: 1. «Ақыл,
қайрат жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек» Абай;
2. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса…,білім де сондай керек»
А.Байтұрсынов.
Ойынға қатысушыларға
қойылатын талап:
-
Ойынға 5-сынып оқушылары қатысады.
Ойын 4
турдан тұрады. Әр сыныптан
7
оқушы іріктеліп алынады;
-
Ойын шарты әр бөлім сайын түсіндіріліп отырылады.
Әр топ сұрақтарға нақты, дұрыс жауап беру
керек.
-
Әділ қазылар әр бөлімді қорытындылап, ұпай
сандарын шығарып отырады.
Ойын
барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, қонақтар, Білім
үздігінің үміткерлері!
Бүгінгі сайысымызды Ахмет Байтұрсыновтың мына бір
өлеңімен бастағалы тұрмын.
Балалар, бұл жол басы
даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық
та.
Бұл
жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық
па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес –
байлық,
Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та! – деп
бүгінігі бастауыш сыныптар аралығында өзкізейін деп отырған
интеллектуалды білім сайысын ашық деп
жариялаймыз.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,
оқушылар! Бұл сайыс 5«а» және
5«ә» сыныптар арасында сынып дарабоздарын
анықтаудағы озық ойлы, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды
дарындылығын, зерек қабілетін, тез, дәл жауап беру қабілетін
анықтау мақсатымен осы интеллектуалды ойын сайысын ұйымдастырып
отырмыз.
1-жүргізуші: Уа, халайық,
халайық!
Мұнда назар
салайық!
Кім білімді, кім
дарынды
Талантты іздеп
табайық!
Ойланып енді
қарайық,
Қазылардың
алқасын,
Ортадан сайлап
алайық!
2-жүргізуші: Сайысымызды бастамас
бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып
өтейік.
Мектеп директоры
– Абдикалыкова
Т.С.
Оқу ісінің меңгерушісі –
Достанбаева К.М.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі – Бейлхан А.
1-жүргізуші: Ғылымның сырын
ұғына,
Шығыңдар білім
шыңына.
Ұқыптылық пен
зеректік
Жеткізер сіздей
өренді,
Ғылымның биік шыңына –
деп ортаға озық ойлы интеллектулды оқушыларымызды ортаға
шақырайық.
2
– жүргізуші: Ойынның жалпы ережесімен
таныстыруға рұқсат
етіңіздер.
І.
Бәйге. Бұл кезеңде оқушылардың
әрқайсысына 10 сұрақ қойылады. Әр берілген сұраққа оқушы тез және
нақты жауап беру керек. Тез және дұрыс жауап берген оқушы 1 ұпай
алады. Барлық сұрақтар саны – 20, жалпы – 20
ұпай.
ІІ.
Тіл өнері. Ойында бәйгеден алған
ұпай санына ұпайлары қосылады. Бұл кезең «Тілін білмеген – түбін
білмейді, – деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, адамның адам болып
тұлғалануына сөздің, тілдің рөлі баға жеткізсіз». Ендеше осы турда
Сөз мәйегі – мақал-мәтелде жасырылған сөзді тауып, оны орыс,
ағылшын тілдеріне аударады.
ІІІ.
Шешендік өнер. Шешендік өнер кезеңінде
оқушылар «Қазақ тілім-дана тілім» тақырыбында бір шумақ өлең
жолдарын құрастыру. (Өлеңнің ұйқастығы, мағынасы
ескеріледі).
ІV. Сөз
құрастыру. Бұл кезеңде алдағы ұпай
сандарына алынған ұпай сандары
қосылады. «ҚАЗАҚСТАН» сөзінің әріптерін қолдану
арқылы бірнеше сөз жазу.
1-жүргізуші: Ал енді бәйгемізді
бастаймыз. Әр оқушыға сөз беріледі, өзі туралы айту
керек.
І
тур – «Бәйге».
-
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Ойнап босқа күлуге…. өлеңінің авторы
кім? (Абай)
-
«Әке мен бала» әңгімесінің авторы кім? (Ы.
Алтынсарин)
-
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай ….
(Махамбет)
4.
Абайдың шын аты
(Ибраһим)
-
Торғай даласында алғаш қоңырау соққан ұлы
ағартушы кім? (Ы.Алтынсарин)
-
Үш
бәйтеректі ата (Сакен, Бейімбет, Ілияс)
-
Қазақтың ұлттық аспабы?
(домбыра)
-
Желмая мініп, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен
кім? (Асан қайғы)
-
Күй
атасы кім? (Қорқыт)
-
Әбу
Нәсір әл Фараби қай қалада дүниеге келген? (Отырар
Фараб)
-
Қазақтың тұңғыш ғалымы.
(Шоқан)
-
«Менің атым Қожа» повестінің авторы кім?
(Бердібек Соқпақбаев)
-
«Көксерек» әңгімесінің авторы кім?
(М.Әуезов)
-
«Ертарғын» ертегідегі басты қаһарманның әкесінің
аты кім? (Ерназар)
-
46
сөзден тұратын Абайдың нақыл сөздері не деп аталады? (қара
сөз)
-
Қазақтың «тұңғыш» палуаны күрескер (Қажымұқан
Мұңайтпасов)
-
Париж халқын өз дауысымен таң қалдырған қазақ
кім? (Әмре Қашаубаев)
-
Абайдың туған жері (Шығыс Қазақстан
Семей)
-
Шоқанның шын аты (Мухаммед
Ханафия)
-
Мен
оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау гүлін сүйем. – өлеңінің
авторы кім? (М. Мақатаев)
1-жүргізуші: «Өнер алды – қызыл тіл
»
Ана
тілі – ұраным,
Ана
тілім болмаса,
Болмас еді жыр әнім – деп енді келесі турға
көшеміз.
ІІ-тур – «Тіл
өнері». Ойында бәйгеден алған
ұпай санына ұпайлары қосылады. Бұл кезең «Тілін білмеген – түбін
білмейді, – деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, адамның адам болып
тұлғалануына сөздің, тілдің рөлі баға жеткізсіз». Ендеше осы турда
Сөз мәйегі – мақал-мәтелге жасырылған сөзді тауып, оны орыс тіліне
аударады. Сөз тіркесінен алынған сөздердің мәнін түсіндіреді. Әр
сайыскерге 3 сұрақ
беріледі.
-
Қыз
өссе елдің көркі,
Не?
(гүл – цветок) өссе жердің көркі.
-
Батыр туса ел – ырысы,
(Жаңбыр – дождь) – жауса – жер
ырысы.
-
Атаның баласы болма,
(Адамның – человек) баласы
бол.
-
Оқу
– білім бұлағы,
Білім – (өмір – жизнь)
шырағы.
-
Жаман аттан аяғым артық,
Жаман (достан – друг) таяғым
артық.
-
Адамның бір қызығы (бала – ребенок)
деген.
Тіл өнер кезеңін
қорытындылау. Әділ қазылардан
сұрау
ІІІ-тур – «Шешендік
өнер». Шешендік
өнері кезеңінде оқушылар «Қазақ тілім-дана
тілім» тақырыбында бір шумақ өлең жолдарын құрастыру. (Өлеңнің
ұйқастығы, мағынасы ескеріледі).
ІV-тур – «Сөз
құрастыру». «ҚАЗАҚСТАН»
сөзінің әріптерін қолдану
арқылы бірнеше сөз
жазу.
1-Жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен
байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен
байқадым.
Әрқашанда осы шоқты
өшірмей,
Жалындап шарықтаңдар
әрдайым.
2-Жүргізуші: Бүгін біздер балалардың білімдерін сынап,
өнерлерін тамашаладық. Оқушылардың бәрі де білімдерін көрсете
білді. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боларсың
елден ерек» деп Абай атамыз айтқандай оқушыларымыз міне, қайрат
жігерімен дараланып алға озып
шықты.
1-Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз
білейікші,
Дарабоздар, білімді мектептің
жүрейікші.
Әділ қазы алқасына
әділдікті,
Ал,
балаларға сәттілікті тілейікші, – деп келесі сөзді әділ
қазылар алқасына береміз.