Материалдар / "Сынып дарабозы" сыныптан тыс іс-шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сынып дарабозы" сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сыныптан тыс іс-шара бастауыш сыныптарына арналған тәрбие сағаты. Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған және 4 сыныпқа арналған тәрбие сағаты. Бұл сыныптан тыс іс-шара бастауыш сыныптарына арналған тәрбие сағаты. Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған және 4 сыныпқа арналған тәрбие сағаты. Бұл сыныптан тыс іс-шара бастауыш сыныптарына арналған тәрбие сағаты. Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған және 4 сыныпқа арналған тәрбие сағаты. Бұл сыныптан тыс іс-шара бастауыш сыныптарына арналған тәрбие сағаты. Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған және 4 сыныпқа арналған тәрбие сағаты. Бұл сыныптан тыс іс-шара 4 сынып оқушыларына арналған зияткерлік сайыс.Бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
6385
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Сынып дарабозы»
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды озық ойлы дарынын ашу, зеректік қабілетін дамыту. Өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру;


Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал - мәтелдер жазылған карташалар, сызба, сандар.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Айша 1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, қонақтар, Білім үздігінің үміткерлері!

Бүгінгі сайысымызды Ахмет Байтұрсыновтың мына бір өлеңімен бастағалы тұрмын.

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық – өшпес жарық, кетпес – байлық,

Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та! – деп  бүгінгі 4 а сынып үздіктері аралығында өзкізгелі отырған интеллектуалды білім сайысын ашық деп жариялаймыз.

Нариман.2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар біздің бұл сайысымыз жалғасуда. Бұл сайыс 4 а сыныбының   сынып дарабоздарын анықтаудағы озық ойлы, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды дарындылығын, зерек қабілетін, тез, дәл жауап беру қабілетін анықтау мақсатымен осы интеллектуалды ойын сайысын ұйымдастырып отырмыз.

 

Айша 1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық!

Кім білімді, кім дарынды

Талантты іздеп табайық!

Ойланып енді қарайық,

Қазылардың алқасын,

Ортадан сайлап алайық!

Нариман.2-жүргізуші: Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

Олар: Тәрбие ісінің меңгерушісі: Смагулова Бахыт Серікқызы

Бастауыш сынып мұғалімі:


Айша 1-жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді,

Ғылымның биік шыңына  – деп  озық ойлы интеллектуалды оқушыларымызды ортаға шақырайық.

Музыка қойылады.

- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 4 - ші сынып үздік оқушыларының арасында «Сынып дарабоздары» атты интеллектуалды ойынын бастаймыз.

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1 «Жігер» тобы
2 «Болашақ» тобы
І-топ. Топтың аты – «
Жігер»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.


- Бүгінгі интеллектуалды ойын 6 бөлімнен тұрады:
Нариман.2-жүргізуші: 
1.“Қас – қағым сәтте”
2.“Тұлғаны тани біл”
3.“Сандар сыры ”
4.“ Айшықты сөздер ”
5.“Көкпар”
6.«Дарабозым, озып көр!»

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.
Айша 1-жүргізуші: 
І - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.

1 - тобы:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
3. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)
4. Көкжиектің неше тұсы бар?(4)
5. Ы. Алтынсарин кім?(қазақ мектебін ашқан)

2 - тобы:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5
. Кез - келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)
Нариман.2-жүргізуші: 

Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.

ІІ.“Тұлғаны тани біл”

Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп “Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар. Әр топқа 4 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Қабанбай батыр, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Шәкен Ниязбеков, Абылай хан, Әлия Молдағұлова, т. б.
Айша 1-жүргізуші: 
ІІІ – кезең «Сандар сыры»
Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

15, 16, 1, 22, 7, 8, 9, 30

Айша .2-жүргізуші: 
IV - кезең. «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен әдебиеттік оқу пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 4 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
4. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

1. Бетінен оты шықты (ұялу)
2. Ит өлген жер (алыс)
3. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
4. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)

Айша 1-жүргізуші: 

V бөлім – «Көкпар»
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.
Берілген «қанағаттанарлық» сөзінен көп сөз жасау. Әр сөзге 1 ұпай беріледі.

Айша .2-жүргізуші: 

VІ кезең – «Дарабозым, озып көр!»
Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4
. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

1. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
2. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
3
. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
4. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
Нариман.2-жүргізуші: 
Соңында 2 оқушы «Біз Қазақстанның болашағымыз» тақырыбында өз ойларын ортаға салады.

Айша 1-Жүргізуші:

Бойларыңда  от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындап шарықтаңдар әрдайым.

 Нариман.2-Жүргізуші: Бүгін біздер балалардың білімдерін сынап, өнерлерін тамашаладық. Оқушылардың бәрі де білімдерін көрсете білді. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боларсың елден ерек» деп Абай атамыз айтқандай оқушыларымыз міне, қайрат жігерімен дараланып алға озып шықты.

Айша 1-Жүргізуші:

Әділқазылар алқасы әділ баға бергенше қыздардың орындауындағы « Дарабоз » әнін қабыл алыңыздар.

Айша 1-Жүргізуші:

Кімдер жүйрік,  өнерпаз білейікші,

Дарабозы, сыныптың білейікші.

Әділ қазы алқасына әділдікті,

Ал, балаларға сәттілікті тілейікші, – деп келесі сөзді  әділ қазылар алқасына береміз.


Жеңімпаз топты анықтау, дипломдар табыс ету.















































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!