Сынып ер жігіті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып ер жігіті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ер балаларды сахнаға тәрбиелеу, патриоттық рухын көтеру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 3

Сыныптан тыс іс-шара : «Сынып Ержігіті»

Мақсаты: Балаларды батылдыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа , білімділікке, ізденімпаздыққа, өзін ортада ұстай алуға тәрбтелеу.

Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошаметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды. Бағына бақытты елдің туған ұлан,

Бойына бар асылды жиған ұлан.

Қазақтың қасиетті жігіттері,

Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.

Дария ой, даналардан бата алғандар.

Айнамас алмас қылыш атанғандар.

Қазақтың қасиетті жігіттері,

Халқына қалқан болған қаһармандар- деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туған күн туған»-деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.

«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары болған. Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдылығын тамашалайық.

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарды табайық!- деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.



ЖОСПАРЫ:

1 кезең «Таныстырсам өзімді...» өзін таныстыру

2 кезең «Көркіне ақылы сай» сұрақ-жауап

3 кезең «Ақылына күші сай» қол күресі

4 кезең «Тығырыққа тірелгенде» мақал айту

5 кезең «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы

6 кезең Қорытынды



Құрметті ұстаздар, оқушылар! Байқауымызды ашық деп жариялап, жігіттерімізді ортаға шақырамыз.

Жігіттер келіп жетті танысуға,

Бойында бар дарынды дамытуға,

Жігерленіп келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен табысуға- деп әр жігітке арнаған шумақпен ортаға шақырайық.



1.Жігіттің дара туған ірісіндей

Жүрісі батырлардың жүрісіндей

Келбетті, батыр тұлға, сом білекті

Қажымұқанның інісіндей

Шақырайық ортаға

Тасыбек тегі Нұршатты.



2. Біледі ол жақсы менен жаманды

Өнерменен тамсандырған адамды

Қошаметтеп шақырайық ортаға

Диас атты жігіт болған сабазды-



3. Сүрінбей сыннан өтемін деп,

Мақсатыма жетемін деп- деп келе жатқан Әуелбек.



4. Еңбек сүйгіш, таудай талап бойында,

Барлық істі тыңдау бар ойында.

Ғалымжанұлы Нұрбектей жігітті,

Шақырайық қошаметпен ортаға.



5. Қол соғып қарсы алайық, шапалақтап,

Қуантады білімімен бізді Азамат

Білімің серік болсын талабыңа,

Бүгінгі нұр жаусын басқан қадамыңа.



6. Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі біздің Ереймен

Көрінген көштің басынан.



Әр сайыскер сандар суырып, номерлерін тағады.



1 кезең

Ей, тәкаппар дүние ,

Мағанда бір қарашы

Танимысың сен мені

Мен қазақтың баласы- деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І-ші кезеңі «Таныстырсам өзімді»- деп аталады. Әр қатысушы өзін өзі таныстырып шығады.



2 кезең

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде- деп келесі «Көркіне ақылы сай» сайысымызды тамашадаңыздар. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Оқып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі.



3 кезең

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай.

Күш өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.- дегендей сайысымыздың келесі шарты «Ақылына күші сай» деп аталады.

4 кезең

Мықты болсаң тығырықтан шыға біл

Келді кезек тапқырлықты танытар

Бұр сыннан да өтсең егер сүрінбей

Жүлде сенде, қуана бер күлімде- деп, сайысымыздың келесі бөлімі «Тығырыққа тірелгенде» деп аталады. Жігіттеріміздің бұл тығырықтан қалай шығатынын тамашалайық.



5 кезең

Ал, кәнеки қырандар

Босқа қарап тұрмаңдар.

Бастап жігіт өнерін

Алыстарға самғаңдар- деп жігіттеріміз үйден дайындап келген өнерлерін ортаға салады.



Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар! Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған «ЕРЖІГІТТЕР» сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінініе тірелетін болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылап алқасына сөз береміз.



Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,

Анықтайтын кез келді.



Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

«Сынып Ержігіті» деп жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілікті тілейікші.



1.Сынып Ержігіті- Асан Ереймен

2. Парасатты жігіт- Айтбай Диас

3. Алғыр жігіт-Тоқтар Азамат

4. Шымыр жігіт- Сейілхан Нұлбек

5. Өнерпаз жігіт-Нәлібай Әуелбек

6. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт- Тасыбек Нұршат.

















































«Қ.Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Shape1

СЫНЫП ЕРЖІГІТІ







АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ















В.ОҢҒАРБАЕВА

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2018
628
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі