Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
сынып жетекшілер бірлестігі жоспары, анықтама, хаттама 1 - 2 тоқсан бойынша толық
Бекітемін
Мектеп директоры: М.Рахымбаев
"Қ.Қайсенов атындағы орта мектебі" КММ
2024-2025 оқу жылына арналған сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігі отырысының жылдық жоспары
Жұмыс мазмұны |
Аяқтау нысаны |
Жауапты |
Орындалу мерзімі |
Ұйымдастыру жұмыстары |
|||
1. Біртұтас тәрбие бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі 2. Өзара тәжірибе алмасу бағытында сынып сағаттарына қатысу. Құжаттардың бірыңғай талаптарға сәйкестігін назарда ұстау; 3.Сынып сағатының мазмұнына және тәрбиелеу мен оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуге қойылатын талаптарды қамтамасыз ету 4. Сынып жетекшілерінің сынып сағаттарында көрнекі құралдарды тиімді пайдалануын қадағалау 5. Психолог кеңесі (пікірін таңдау) 6. Жас сынып жетекшілерінің сабақтарына қатысып, көмек көрсету 7. Озық тәжірибелі, жаңашыл жетекшілердің іс-тәжірибесін оқып-үйрену 8. Бірлестік отырысында сынып жетекшілерінің есебін, тәжірибесін тарату, шығармашылығының есебін тыңдау, бағалау, насихаттау. Арнайы бет, буклет, плакаттар шығару. 9. Сынып жетекшілерінің білімін жетілдіру мен көтеруде курстар мен семинарларға қатысу |
анықтама |
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Сынып жетекші Тәлімгер Әлеуметтік педагог Мектеп психологы |
Тамыз Қыркүйек Қазан желтоқсан қаңтар ақпан
наурыз
сәуір
мамыр |
Қыркүйек Тақырыбы: «Біртұтаас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру» |
|||
1. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оларды іске асыру жоспары 2.Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің 2024-2025 жаңа оқу жылының жоспарымен таныстыру 3.Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу 4.Тәрбие сағаттарының өткізу кестесі |
хаттама |
ДТІЖО |
тамыз |
Қараша Тақырыбы: «Оқушыларды жақсы тәлім-тәрбие мен инабаттылыққа тәрбиелеу» |
|||
1. Сынып жетекшілерінің жұмысы және лауазымдық нұсқаулықтары 2. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жұмыстарын тексеру 3. Сынып жетекшілердің өзара сабаққа қатысу дәптерлерін тексеру |
хаттама |
|
қараша |
Қаңтар Тақырыбы: «Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу» |
|||
1. Зорлық –зомбылықтың алдын алу жұмыстану 2. Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар бойынша өткізіліп жатқан жұмыстар 3. 5-8 сыныптардың атқарылған жұмыстар жөнінде есебі |
хаттама |
|
|
Наурыз Тақырыбы: «Бала тұлғасының дамуы және оның тәрбиесі» |
|||
1.Сынып жетекшілердің ата-анамен байланыс жүйесін бақылау /ата-аналармен жұмыс дәптерлері/ 2. 9 – 11 сыныптарының жағдайын, сынып жетекшінің сыныппен жұмысын бақылау 3. Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар |
хаттама |
|
наурыз |
Сәуір Тақырыбы: «Тәрбие үрдісін жүйелі талдау оны оңтайландырудың шарты ретінде» |
|||
1. Сынып жетекшілерінің өз білімін көтеру бағытында әдістемелік басылымдарға жазылуын ұйымдастыру. 2. Сынып жетекшілерінің жыл бойғы жұмысына талдау жасау. |
анықтама |
|
сәуір |
Мамыр Тақырыбы: «Оқушылардың жазғы еңбек қызметі мен жазғы демалысын ұйымдастыру» |
|||
1. Соңғы қоңырау мен Мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынбалар. 2.Біртұтас тәрбие бағдарламасы қорытындысы 3.Мониторинг нәтижесі 4. Жазғы демалысты ұйымдастыру, бала еңбегінің нашар түріне жол бермеу |
Хаттама |
|
мамыр |
Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі: Б.Мусилимов
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ»
Міржақып Дулатұлы "Оқудағы мақсат - жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру" деп, тәрбиенің тұлға дамуында маңызының зор екенін атап көрсетеді.
Осы орайда мектебімізде бағдарлама аясында мектебімізде «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ» тақырыбындағы ақпараттық-танымдық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны, құндылықтар жүйесі, тәрбие үштағанының идеологиясы, түйінді идеясы, іске асыру механизмдері мен әдіснамалық негіздері туралы ақпарат берілді.
Қатысушылар бағдарламаның жүйелілігі мен ерекшелігіне назар аудара отырып, өз пікірлерін мен ұсыныстарын ортаға салды.
Күн тәртібінде:
"Біртұтас тәрбие
бағдарламасы,ұлттық құндылықтар аясында тәрбие жұмысының жоспарын,
оның құрылымы мен мазмұнын тиімді
ұйымдастыру."
"Ата –аналарды педагогикалық
қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру, мақсат міндетін
түсіндіру»
"Ата аналар жиналысын
ұйымдастырудың
10 құпиясы мен тиімді жолдары" т.б ағымдағы
мәселелер төңірегінде пікір алмасу, тәжірибе бөлісу жұмыстары жүргізіліп, алға қойған мақсаттар мен міндеттер айқындалды.
Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары "Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас" және "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы жұмысын нығайта түсетін құндылықтарға негізделген жобаларды жандандыру мәселелері және ата-аналарды педагогикалық қолдау дәрістеріне қатыстыруға ықпал ету мәселерін қозғады.
Оқушы өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстарын алдыңғы орынға қоятын мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің жұмыстарына мектеп директоры шығармашылық табыстар тілеп, жиналысты қорытындылады.
Өзара тәжірибе алмасу бағытында сынып сағаттарына қатысу. Құжаттардың бірыңғай талаптарға сәйкестігін назарда ұстау
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы негізінде тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқатән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін: - ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін; - халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін; - әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері: 1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді. 2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенгеқұрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны, құндылықтар жүйесі, тәрбие үштағанының идеологиясы, түйінді идеясы, іске асыру механизмдері мен әдіснамалық негіздері туралы ақпарат берілді.
Сынып сағатының мазмұнына және тәрбиелеу мен оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуге қойылатын талаптарды қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізіндегітәрбие жұмысының мақсат, міндеттері, мазмұны:
Бағдарламаның мақсаты:
-
қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарлама мазмұны:
Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамытуда білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.
күнделікті:
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.
«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.
«Үнемді тұтыну» – жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар арқылы суды, тамақты, энергияны және табиғи ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға (су, энергия және т.б.) ұқыпты қарауды қалыптастыру.
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде арнайы күй тыңдату.
апта сайын:
«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
Аптаның дәйексөздері – бүкіл ұйымның сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық даналығы, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, тақталарда және т.б. орналастырылады.
«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру, әңгіме өткізу.
Апта сайын сынып сағаттарын өткізу шеңберінде білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылады. Сынып сағаттарының мазмұнына келесі алдын алу шаралары біріктіріледі:
Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам;
Буллингтен қорған!
Ойынға салауатты көзқарас;
Өмірге салауатты қадам;
Қоғамдық мүлікті қорға!
Қауіпсіз қоғам.
Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысы
Хаттама №1
Күн тәртібінде:
1. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оларды іске асыру жоспары;
2. Сынып жетекшінің оқушылардың ата-аналармен қарым – қатынас әдістемесі;
3.Ағымдағы мәселелер;
Тыңдалды.
Күн тәртібінің 1 мәселе бойынша директордың тәрбие іс жөніндегі орынбасары Б.Мусилимов Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы негізінде тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқатән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін: - ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін; - халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін; - әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.
2 мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Омарова: Құрметті сынып жетешілері, оқушылардың сабаққа қатысымы мектептегі негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Әрбір сынып жетекші өзі басқарып отырған сыныптағы оқушылардың барлығы туралы күнделікті толық мәліметке ие болуы керек. Ол үшін сынып жетекші ата-аналармен тығыз байланыста болу керек. Күнделікті оқушылардың сабаққа қатысымы туралы мектеп әкімшілігіне міндетті түрде хабарлану керек. Соңғы 2-3 жыл көлемінде оқушылардың сабаққа қатысмы өте жоғары көрсеткіштерге ие болып отырмыз. Сол көрсеткішті бір қалыпта сақтап қалуымыз керек. Ата-анамен байланысты күнделікті жасап отырыңыздар, қазір барлық ата-ана ватсап желісінде, байланыс жасау оңай. Отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту үшін баланы оқыту мен тәрбиелеу үдерісін жүзеге асыруға, тәрбиелік іс- шараларды бірлесе атқаруда ата-аналарды толық тарту қажет. Ата-аналар жиналыстарын дәстүрлі емес форматта өткізу, яғни «Пән мұғалімдерімен баспасөз конференция», «Психологиялық тренинг», шеберлік сыныбы, балалардың ата-аналармен бірлескен сабағы, «Отбасыларды, олардың дәстүрлерін, шеберліктерін, қарым-қатынастарын, көзқарастарын таныстыру мақсатында тәжірибе алмасу» сияқты жүргізу жалғасын таба береді. Биылғы жылы ай сайын ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында балаларының жас ерекшеліктеріне сәйкес жақсы жұмыстар жүргізілуде, ата-аналардың да қатысым жақсы, ол қалыпты ұстап қалуымыз қажет. Сол орталыққтың жұмыстарын жүргізуге белсенді ата-аналарды тартуымызға болады. Ата-ана мейілінше мектеппен тығыз байланыста болып, бірлесе жұмыс жасаған кезде бала тәртібіде жақсара түспек.
Сөйлеушілер: Сынып жетекешілер отырысының шешімі жасалып, ұсыныстар берілді.
Шешім:
1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы негізінде тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылсын;
2. Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, тәрбиелік іс- шараларды бірлесе атқаруда ата-аналарды толық тартылсын;
Жиналыс төрағасы: М.Рахымбаев
Жиналыс хатшысы: Б.Мусилимов
Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысы
Хаттама №2
Күн тәртібінде:
1. Сынып жетекшілерінің жұмысы және лауазымдық нұсқаулықтары
2. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жұмыстарын тексеру
3. Сынып жетекшілердің өзара сабаққа қатысу дәптерлерін тексеру
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сынып жетекшілермен «Сынып жетекшілерінің жұмысы және лауазымдық нұсқаулықтары» тақырыбында коучинг ұйымдастырды. Сынып жетекшілер өз ойларымен бөлісті.
2 мәселе бойынша Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жұмыстарын тексеру. Дене шынықтыру, үйірме сабақтары бойынша техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жұмыстарын тексеру керек екендігі жайлы сөз қозғады. Бейнет аяқ асты болып қалмау үшін атап өткен сабақтарда, үйірмелерде көңіл бөлінуі керек
3 мәселе бойынша өзара сабаққа қатысу туралы сөз қозғалды. Яғни, мектеп ошағында, білім саласында блалармен жұмыс жасап, қарым қатынаста болғандықтан ұстазға үздіксіз тәжірибе жинақтау ауадай қажет. Бұл процесс әр оқу жылында қайталанып отырады. Оның берер пайдасы баршылық. Саған біреу ,сен біреуге жоғын таптырғандай сезінуде боласың.С/ж жұманың бір күнін осындай ізденіс жұмысына арнауы керек.Сондықтан да осы мәселеге жауапкершілік танытуымыз керек. Сөйлеушілер: Күн тәртібіндегі мәселелермен танысып өттік.Жыл басынан бастап өткізіліп жаткан іс-шараларға қатысып көріп жүрміз.
Шешім:
1. «Сынып жетекшілерінің жұмысы және лауазымдық нұсқаулықтары орындалсын.
2. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жұмыстарын тексеріліп, дене шынықтыру, үйірме сабақтары бойынша техника қауіпсіздігі ережелерін сақталсын.
3. Өзара сабаққа қатысу жылдағыдай жалғасын тапсын. Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысы
Жиналыс төрағасы: М.Рахымбаев
Жиналыс хатшысы: Б.Мусилимов
Сынып жетекшілерінің сынып сағаттарында көрнекі құралдарды тиімді пайдалануын қадағалау
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы негізінде тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқатән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін: - ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін; - халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін; - әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінсіз толық мәнді сабақ өткізіп, берік білім беру қиын. Сондықтан оқушыларға білімді сапалы меңгертуде көрнекілік әдісін пайдаланудың мақызы зор.