400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып жетекшілерінің лауазымдық нұсқаулығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерінің лауазымдық нұсқаулығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекшілерінің лауазымдық нұсқаулығы

                                                                                                                     

Педагогикалық кеңестің
№ 1 хаттамасымен бекітемін
 «№
65 Ә.Мұзрапов атындағы
жалпы орта мектебі»

директоры: ______ А.Баратов



«№ 65 Ә.Мұзрапов атындағы жалпы орта мектебі»

Сынып жетекшілерінің лауазымдық нұсқаулығы


1. Жалпы ережесі

1. Бұл лауазымдық нұсқау ҚР нормативті заңы мен мектеп жарғысының негізінде өңделген.

2. Білім беру ұйымының сынып жетекшілері Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» заңдарын, Бала құқықтары туралы Конвенция, Адам құқықтары туралы Декларация және оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу жұмысына қатысы бар барлық басқару ұйымдарының жарлықтарын, техника қауіпсіздігі, өрт ережелерін және мектепішілік еңбек тәртібін, барлық басқару ұйымдарының жарлықтарын басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады.

3. Білім беру ұйымының қызметкерін сынып жетекшілік қызметке білім беру ұйымының басшысы тағайындайды және босатады.

4. Білім беру ұйымының сынып жетекшісі білім беру ұйымының басшысына және оның орынбасарларына бағынады.

2. Қызметі

2.1. Сынып жетекшінің қызметін ұйымдастыру

2.2. Бәсекеге қабілетті дарынды оқушылардың құзіреттілігін қалыптастырушы, шығармашылық әулеттерін дамытушы орта құру.

2.3. Сынып ұжымының оқу ісін,сыныптан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру.

2.4. Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну, әлеуметтік тұрғыдан қорғау.

2.5. Ата-аналар мен жұмысты ұйымдастыру

3. Лауазымдық міндеттері

3.1. І аусымдағы жоғары сынып жетекшілері оқушыларды таңертеңгі сағат 7:55 да, бастауыш сынып жетекшілері оқушыларды 8:30 да келуін ұйымдастыру.

3.2. ІІ аусым сынып жетекшілері оқушыларды түскі сағат 12.55 да келуін ұйымдастыру.

3.3. Оқушылардың мектеп формасында келуін қадағалау.

3.4. Оқу құралдарын тексеру жұмыстарын ұйымдастыру

3.5. Оқушылардың ата-анасымен тығыз байланыс орнату.

3.6. Ата-аналарымен байланыс дәптер арқылы хабарласу

3.7. Мектепке оқушылардың телефон, смартфон, түрлі гаджеттер әкелмеуін қадағалау.

3.8. Оқушылардың асханаға баруын қадағалау.

3.9. Сыныптан тыс іс шараларды ұйымдастыру және оқышыларлың толық қатысуын ұйымдастыру.

3.10. Сынып бөлмесін көгалдандыру және әдістемелік оқулық, әдебиеттерімен жабдықтау.

3.11. Сынып бөлмесіндегі мектеп мүлкін сақтау, сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

3.12. Сынып жетекшілер онлайн сынып журналын күн соңында тексеру өткізу.

3.13. Пән мұгаліміне онлайн сынып журналын толтыруын ескертілсін.

3.14. Қабілетті және нашар оқушылармен жұмыс жоспары бекітіп, жүзеге
асыру.

3.15.Сабақ уақытында бөгде адамдармен ата-ана, мұғалім сұқбаттасуды тоқтату

3.16. Оқушылардың қоңырау кезіндегі тәртібі жүріс –тұрысы, өзін-өзі
ұстауы, асханадағы тәртібі туралы ережелермен таныстырып, қадағалау.

3.17.Сыныпқа байланысты барлық құжаттар оқушылардың жеке іс-құжаты, журнал, табель, уақытылы тексеріп, оқу ісінің орынбасарына өткізілсін.

3.18.Оқушылардың ақыл-ой қызметін ұйымдастыру үшін, психологпен бірлісіп жұмыс атқару

3.19. Оқушылардың сабақтан соң үйге қайтуын ұймдастыру.

3.20. Келесі аусындағы мұғалімге сынып бөлмесін тапсыру.

4.Сынып жетекші білуге тиіс:

        «Білім туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», «Бала құқықтары туралы» Конвенция, «Адам құқықтары туралы» Декларация, педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамаларын, еңбек қорғау нормасы мен ережесін, әдістемелік – бағдарламалық құжаттарды, оқыту әдістемесін, мектеп гигиенасын, физиологиялық, әлеуметтану негіздерін, техника қауіпсізігі және өртке қарсы қорғаныс ережесін, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін білуге тиіс.




___________ -сынып жетекшісі: _______________________


Тарбие ІЖДО: Н.Азамхаснов

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
501
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі