Материалдар / Сынып жетекшінің әдістемелік бірлестігі отырысының хаттамасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып жетекшінің әдістемелік бірлестігі отырысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшінің әдістемелік бірлестігінің хаттамасы. 5 отырыстың хаттамасы бірге.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2024
1001
24 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысы

Хаттама №1

Күн тәртібінде:

1.«Сынып сағатын дайындау мен өткізу технологиясы» тәжірибелік жұмыс.

2.Өткен оқу жылындағы әдістемелік бірлестік жұмысын сараптау

3.Сыныптың тәрбие жұмысы

4Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы іс-шаралар жоспарымен таныстыру.

5.Қоғамдық ұйымдардың («Жас ұлан», «Қыз жібек», «Жас сарбаз»,) жұмыс жоспарын бекіту.

 

Тыңдалды.

Күн тәртібінің 1 мәселе бойынша директордың тәрбие іс жөніндегі орынбасары «Сынып сағатын дайындау мен өткізу технологиясы» тәжірибелік жұмыс өткізіп, постер арқылы сынып жетекшілердің тәжірибелік жұмыстарын жинақтады.

2 мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқу жылындағы сынып жетекшілердің атқарған жұмыстарын қорытындылады.

3 мәселе бойынша сыныпттың 8 бағыт бойынш 34 сағатқа жоспарланған тәрбие сағаттарының тақырыптары талқыланып, түзетулер енгізілді. 2023-2024 оқу жылындағы аталып өтетін мерейтойлармен таныстырылып, жылдық жоспарға кірістірулері айтылды.

4 мәселе бойынша  Мектепішілік 2023*2024 оқу жылына арналған құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар негізінде алдағы уақытта жұмыстанулары тапсырылды.

Сынып жетекшілердің сынып жиналыстарын , журналда толтырылатыны, сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын бақылау комиссиясы құрылған, бекітілген жұмыс жоспарымен таныстырды. Әр сыныптың тәрбие жағдайы мен оқушылардың  ата-аналарамен, психологпен  жүргізілетін жұмыстар сынып жетекшісіне жүктелетінін айтты.

5 мәселе бойынша қоғамдық ұйымдардың «Жас Ұлан» , «Қыз Жібек» , «Жас Сарбаз» өткен жылдағы жұмыстарының жұмыс барысы айтылып биылғы оқу жылының жылдық жұмыс жоспары бекітілді.



Сөйлеушілер:

Сынып жетекешілер отырысының шешімі жасалып, ұсыныстар берілді.

Шешім:

1.«Сынып сағатын дайындау мен өткізу технологиясы» тәжірибелік жұмыстары жинақталсын..

2.Өткен оқу жылындағы әдістемелік бірлестік жұмысын сараптау, Сыныптың тәрбие жұмысы қорытындылансын.

4.Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы іс-шаралар жоспары бекітілсін.

5.Қоғамдық ұйымдардың («Жас ұлан», «Қыз жібек», «Жас сарбаз»,) жұмыс жоспарын бекітіліп,алдағы уақыттан жылдық жоспар негізден жұмыс жандандырылсын.



































Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысы

Хаттама №2

Күн тәртібінде:

1. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің рөлі (коучинг)

3.Мектеп кітапханашы-ң жұмыс барысы

3.Сыныптарда қыз балалармен жұмыс ұйымдастырып, жандандыру

4. 1 - 4 сыныптарының жағдайын, сынып жетекшінің сыныппен жұмысының есебі

Тыңдалды:


Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сынып жетекшілермен «Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің рөлі» тақырыбында коучинг ұйымдастырды. Сынып жетекшілер өз ойларымен бөлісті.

2 мәселе бойынша мектеп кітапханашысы 2022-2023 оқу жылындағы   жұмысымыздың  бір саласы – әр кезде жарық көрген  жақсы шығармаларды көпшілік арасында кеңінен насихаттау, олардың кейбір ерекшеліктеріне баса назар аударып жаңарту жолдарында жұмыс  жүргізу,  оқырмандармен жұмыс жүргізу, оқырмандардың  кітапханаға деген көзқарастарын қалыптастыру.  

  Білімге ұмтылған оқырманның табылар жері – кітапхана. Кітап оқу жан дүниемізді байытады, жаңа технология заманында да кітап адамның ой – өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала бермек. Қазіргі заманға  сай  оқырмандардың ойын ұшқырлайтын іс –шаралар ұйымдастыру. Оқудан  қол үзбейтін оқырмандарды  көбейтіп, оқу –тәрбие  жұмысына ықпал етуге  еңбек ету.  Оқу жылының басында  оқулықтар таратылып, оның жыртылып бүлінбеуін қадағалап тұру назарға алынды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылармен түрлі іс шаралар ұйымдастырылды.

3 мәселе бойынша қыздар клубының жетекшісі сөз алды. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық,әсемдік, жақсы қарым-қатынас сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. Қыз балалармен жұмыстар өткізіліп,кеңестер беріліп отырады.

4 мәселе бойынша 1-4 сыныптардың тәрбие жұмысы бойынша өткізілген іс-шаралар жөнінде айтып өтті.





Сөйлеушілер:

Күн тәртібіндегі мәселелермен танысып өттік.Жыл басынан бастап өткізіліп жаткан іс-шараларға қатысып көріп жүрміз.

Шешім:

1.Мектеп кітапханашысының жұмысы есепке алынсын

2.Сыныптарда қыз балалармен жұмыс ұйымдастырып, жандандырылсын

3. 1 - 4 сыныптарының жағдайын, сынып жетекшінің сыныппен жұмысының есебі қанағаттандырылсын.



























Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысы

Хаттама №3

2.

Күн тәртібінде:


1. Зорлық –зомбылықтың алдын алу жұмыстану

2. Оқушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесінің жағдайы.

3. Ата-аналар жиналысын дайындау мен өткізу технологиясы (презентация)

4. 5-8 Сынып жетекшілердің мектепте өткізілетін шаралар, байқаулар, акцияларды өткізу бойынша жұмыс есебі.


Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысының күн тәртібіндегі мәселелермен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары таныстырып өтті. Жиналысқа қатысушылар толық қатысты.

Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша мектеп психолог сөз алды.  Балалардың мектепте зорлық-зомбылыққа ұшырау мәселесі өзекті болып табылады. Атап айтқанда, мектепте балаларға қатысты зорлық-зомбылық дәрежесі қандай? Мектепте балалар арасында да, мектеп қызметкерлері тарапынан да зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің қандай түрлері кездеседі? Мектептегі зорлық-зомбылықты жасаушы кім, құрбаны кім? Мектептегі балаларға қандай әсерін тигізеді? Зорлық-зомбылық пен балалар арасындағы суицид арасында қандай байланыс бар? Біздің міндетіміз осыны анықтау және оның алдын-алу болып табылады.Мектептердегі зорлық-зомбылық бойынша мектеп аумағында, мектепке, мектептегі шараға бара жатқан немесе, мектепте өткен шарадан қайтып келе жатқан жолда не сол шара өтіп жатқан кезде орын алатын жасөспірімдердің зорлық-зомбылығы. Мектеп жасындағы балалар мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны, кінәлісі не куәгері болуы мүмкін.Оқушыларға осы орайда түсінік жұмыстарын жүргізіп отырамыз.

2 мәселе бойынша АӘД пәні мұғаліміне сөз берілді.  Бүгінгі  күні  балалардың  патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады. Қазіргі заман талабында азаматтық борыш.Атқарылып отырған жұмыс оқушыларымыздың бойында патриоттық сананы қалыптастыру жөнінде стратегиялық  міндеттерді толықтай орындалуға бағытталуда. Оқушылардың бойында ұлттық нышандарға - Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелерге патриоттық сезімді, оларға құрметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастырып отырады. Жылдық жоспар бойынша іс-шаралар сынып сағаттары, тәрбие сағаттары өткізіліп отырылады.



 

 

 


 3 мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Ата-аналар жиналысын дайындау мен өткізу технологиясы» тақырыбында презентация көрсетті.Сынып жетекшілерге презентация көрсетіліп ойларымен бөлісті.

4 мәселе бойынша 5-8 сыныптың тың сынып жетекшілер өткізіліп жатқан шаралар бойынша ақпарат беріп өтті.


Шешім:


1. Зорлық –зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жандандырылсын.

2. Оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие шаралары өткізілсін

3. 5-8 Сынып жетекшілердің мектепте өткізілетін шаралар, байқаулар, акцияларды өткізу бойынша жұмыс есепке алынсын.


 





Жиналыс төрайымы:


Хатшы:























Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысы

Хаттама №4

ж.

Күн тәртібінде:


1.Сынып жетекшілердің жарты жылдық қорытынды есебін талдау

2.Шығармашылықпен жұмыс жасайтын сынып жетекшілердің іс – тәжірибесімен бөлісуі;

- Девиантты мінез – құлықты оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу –әлеуметтік педагогикалық проблема – дөңгелек үстел, т.б.

3. Балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу шаралары.


Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алды.

Оқу жылының басында   2022-2023 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді. Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірiңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды. Мектебімізде өткізілген ашық тәрбие сағаттарының тақырыбы: «Білім күні» 1-11 сыныптар, «Ұстаздар мерекесі» күніне арналған 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті, сонымен қатар 2-3 сыныптардың қатысуымен мектебіміздің ардагар ұстазы . «Сыр-сұхбат» болып өтті. Оқушылар мен сынып жетекшілер өте белсене қатысты. Сынып жетекшілері жоспар бойынша сынып сағаттарын талапқа сай өткізуде жаңа технологияларды қолданады. Ашық тәрбие сағаттары уақытылы өтіп отырады. орта мектебінде сонымен қатар әртүрлі үйірме жұмыстары өткізіледі. Атап айтар болсақ: Ән, би, қолөнер, әртүрлі спорттық секциялар, тоғызқұмалақ т.б сияқты. Мектебімізде барлығы 11 мұғалім сынып жетекшілік қызметін атқарады.. 2023-2024 оқу жылында 4 отырыс өткізілді. Ата-аналармен байланыста болу мақсатында әр-түрлі жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отырылады. Байланыс дәптерлері, сауалнамалар жүргізіледі.Оқушылар мен ата-аналарды зерттеу мақсатында мектеп психологымен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Мектепішілік іс-шараларға, сайыстарға, қашықтық сайыстарға, жарыстарға үнемі қатысып нәтижесінде: Мұғалімдер жоспар бойынша мектепішілік іс-шаралар өткізеді. «Мұғалімдер күні», «Күзгі бал», «Денсаулық фестивалі», «Жаңа жылдық бал маскарад» «Қарттар күні», жоғарғы деңнейде өтеді.

2 мәселе бойынша сөз берілді. Тәлімгер жас маманға күнделікті жоспарды жазуға көмектесуі керек. Мақсат, міндеттерін анықтау, жоспарланған тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы.Жас мамандарға үш жылдық перспективалық жұмыс жоспарын құрастыру тиіс. Және өзін-өзі жетілдіру тақырыбын таңдау. Тақырып, мақсат, міндеттерін анықтау. Құрастырылған жоспар бойынша жұмыс жүргізу. Өзін-өзі жетілдіру мақсатында жас мамандар курстарға, семинарға, конференцияларға қатысу.. Өзін-өзі жетілдіру папкасына жыл бойы алған жетістіктерін, ашық сабақтың даярламаларын, семинар материаладарын, баспа бетіне шыққан жұмыстарын тсс. жинақтау. Тәрбие – тұлға қасиеттерін қалыптастыру болса, қайта тәрбиелеу қандай да бір қалыптасқан мінез-құлықтарды өзгерту болып табылады. Егер де тәрбиелеуде сөз маңызды құрал болса, қайта тәрбиелеуде іс-қимыл маңызды рөлге ие. Қайта тәрбиелеу үдерісі: – тұлға дамуында ауытқушылықтарды себебін анықтау; – мінез-құлық стереотиптерін өзгертуге арналған жолдар мен құралдарды анықтау; – талап және бақылау жүйесін , мадақтау мен ынталандыру тетіктерін құрастыру. Қайта тәрбиелеу: – тұлғаның қоғам қабылдаған нормалар мен талаптарға қайшы келетін қасиеттерін, әдеттері мен мінез-құлқын түзетуге, тәрбиеленуші тұлғасының дұрыс қалыптаспаған қырларын өзгертуге бағытталған педагогогикалық тәрбиелік ықпалдар жүйес. Әлеуметтік педагогтің девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстағы мақсаты балаларға алдында тұрған қиыншылықты жеңіп, өз өмірлерін өзгертуге көмектесу. – Осы үдеріс барысында тәрбиеленуші өз іс-әрекеттерінің жағымды және жағымсыз жақтарын бағалап, олардың себептерін және болдырмау жолдарын табу іс-әрекеттері өте маңызды. Бұл қайта тәрбиелеудің келесі кезеңі өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады. Қайта тәрбиелеудің барлық кезеңінде тәрбиеші кеңес беруші рөлінде болады

3 мәселе бойынша Тарих пәні мұғаліміне «Діннің тұтастығы-елдің тұтастығы,діни алауыздық- ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады» дегендей, біз бүгін мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар, имандылық, басқа да діни ағымдар туралы, сонымен қатар республикадағы діндер және діни бірлестіктер туралы ой қозғайтын боламыз. Жалпы дін туралы, оның ішінде ислам діні туралы түсінігіміз жеткілікті деп айта аламыз ба? Өкінішке орай, қоғамдағы кейінгі кезеңде көрініс тапқан келеңсіз оқиғалар керісінше жауап беруге мәжбүрлейді. Кейбір зерттеушілердің пікірінше қазақтардың діншілдігі «үстірт,таяз» әсіресе жастар ислам дінінің негізгі қағидаларын білмейді. Шындығында, мешітке барып намазға жығылып немесе үйінде бес уақыт намаз оқып,ораза ұстайтындардың көпшілігі өзінің ислам дінімен байланысын ұлттық дәстүрдің құбылысы ретінде қарайтындығы шындық.Қазіргі кезде исламға «изм,террор және секта» деген жағымсыз сөздер жалғануда. Жалпы экстремизм дегеніміз не және секта дегеніміз не?





Шешім:



  1. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын –алу жұмыстары үнемі жүргізілсін.









Жиналыс төрайымы:


Хатшы:





















































Мектепшілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысы

Хаттама №4


Күн тәртібінде:


1.Сынып жетекшілердің ата-анамен байланыс жүйесін бақылау /ата-аналармен жұмыс дәптерлері/

2. «Жас Ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының жұмысы

3. Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар


Тыңдалды:

1,3 мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз алып айтып өтті.

Жиналыста құқық бұзушылық тың алдын алу және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарымен таныстырып өтті. Әр сыныптың тәрбие жағдайы мен оқушылардың ата-аналарымен, психологпен жүргізілетін жұмыстар сынып жетекшісіне жүктелетінін айтты.

2 мәселе бойынша Аға тәлімгер жылдық жоспар бойынша өткізіліп жаткан іс шаралармен таныстырып өтті.


Сөйлеушілер:


Жиналысқа қатысқан мұғалімдер күн тәртібіндегі мәселелермен танысқандарын, мектепте өткізіліп жатқан іс шараларға оқушылардың белсене қатысатынын айта кетті. Ұсыныс,пікірлерімен ой бөлісті.


Шешім:

1.Сынып жетекшілердің ата-анамен байланыс жүйесін бақылау /ата-аналармен жұмыс дәптерлері жиі байланыс жасалып отырылсын.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!