сынып жиналыс хаттамалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сынып жиналыс хаттамалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздармен әдіс-тәсіл алмасу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы



2018 – 2019 оқу жылында жүргізілетін сынып жиналыстары





Күні

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер


Жауапты

07.09.2018ж

1.Оқушылар міндеттері.

2. «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»

3. Оқулық,оқу формасы.

4. «Өзенде, көлде өзімізді қалай ұстаймыз?

5.Сынып белсенділерін сайлау.

Сынып жетекшісі

14.09.18ж

1.Мектеп ережесімен танысу.

2.Жалпы тазалық, жеке бас гигиенасы.


Сынып жетекшісі

12.10.18ж

«Ұялы телефонның пайдасы мен зияны»

Сынып жетекшісі

26.10.18ж

1.І-оқу тоқсанының қорытындысы

2.Оқушылардың демалыс күндеріндегі қауіпсіздік ережелері.


Сынып жетекшісі

16.11.18ж

1.Тәртіпсіздік қайдан шығады?

2.Сыныпта сабақ үстінде тәртіпті сақтау.


Сынып жетекшісі

25.12.18ж

1.Қысқы демалысты қалай қызықты өткізуге болады?

2.II-оқу тоқсанының қорытындысы.

Сынып жетекшісі

18.01.19ж

1.«Компьютердің пайдасы мен зияны»

2.Қауіпсіздік ережелері


Сынып жетекшісі

15.02.19ж

1.«Аурудың алдын алу»

2.Тымаудан сақ бол!



Сынып жетекшісі

15.03.19ж

1.Үлкендерге құрмет, кішіге қамқорлық көрсетеміз бе?

2.«Әдептілік – арың бұл...»


Сынып жетекшісі

12.04.19ж

1.«Мен өскенде кім боламын?»

2.Біз өнерлі баламыз.

Сынып жетекшісі

23.05.18ж

1.ІV тоқсан қорытынды есебі.

2. «Өмір – сен маған қымбатсың»


Сынып жетекшісі















Х А Т Т А М А № 1

« 07» қыркүйек 2018 жыл

277 орта мектептің 1 «Е» сыныбында

сынып жиналысы жүргізілді

Барлығы - 20 оқушы

Қатысқаны - 20 оқушы



КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1.Оқушылар міндеттері.

2. «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»

3. Оқулық,оқу формасы.

4. «Өзенде, көлде өзімізді қалай ұстаймыз? .

5.Сынып белсенділерін сайлау.



Тыңдалды:

1 «Е» сыныбында 2018-2019 оқу жылындағы бірінші жиналысы

7- қыркүйек күні жүргізілді. Мен,сынып жетекші Борикулова Акнур күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өттім.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша оқушылар міндеттерімен таныстырып, талқыладық.

Екінші мәселе бойынша оқушыларға «Жол тәртібін білейік, аман - есен жұрейік» тақырыбында түсіндіріп өттім. Оқушылар бағдаршам және жол белгілері туралы білетіндерін ортаға салды. Және балалар өз алтын ұя-мектептерін сағынғандарын айтып, ой бөлісті.

Үшінші мәселе оқулық туралы болды.Барлық оқушы толық оқулықпен қамтылды.Кітапты күтіп-ұстау ережелері қайта еске түсірілді.Оқулықты нашар ұстайтын оқушыларға ескерту жасалды.Оқу формасы – қыздар ақ кофта,қара юбка,ал ұлдар ақ жейде,қара шалбар.Форманы таза,өтектеулі болатынын ескерттім.

4-ші мәселе бойынша «Өзенде, көлде өзімізді қалай ұстаймыз? жөнінде инструктаж жүргіздім. Онда судағы адам өмірі қауіпсіздігі туралы түсін-дірдім. Оқушыларға айтылған ережелермен танысқандығын растайтын оқушылар қолы дәптеріне және хаттамаға қол қойдырдым.

5-ші мәселе-сынып белсенділерін сайлау. Сынып белсенділерін 1 «Е» сынып ұжымымен ойласа отырып,тағайындадық:

Сынып әкімі - Жетенов Максат•Сынып белсенділерімен жұмысты ұйымдастырады және сыныпты барлық істерге бастайды;

Уақытша ауырып қалған мүшенің қызметін атқарады;

Сынып намысын, беделін қорғап жүреді;

Жоспарланған жұмыстарды іске асыруға шабыттандырады;

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сараптайды және сынып сағаттарында баяндайды.


Тәртіп секторы – Набатов Расул

Сабаққа келмегендерді белгілеп отырады;

Сыныптағы тәртіп мәселесіне қарап отырады;

Сынып және мектеп ережесін , тәртібін бұзушылармен сынып жиналыстарында әңгімелеседі.


Оқу секторы—Айдарбек0ызы Сабина

Сынып жетекшісіне оқу процесінде көмек көрсетеді;

Сабақ кестесіндегі өзгерістерді оқушыларға хабарлайды;

Сынып жетекшісі, пән мұғалімімен келісіп, сыныпта білім сайыстарын өткізеді;

Сынып жетекшісіне тоқсан, жыл аяғында табель толтыруға, күнделік соңына оқушы бағасын қоюға көмектеседі;

Үлгірмеуші сыныптастарына көмек ұйымдастырады.


Мәдениет секторы Мауленова Айзере

Сынып жетекшісіне сыныптағы іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі;

Мектептің тәрбие жоспарымен танысады, соларды өз жұмыс жоспарына енгізеді;

Сыныптың мектепішілік іс-шараларға қаысуына атсалысады;

Сыныптастарды, мұғалімдерді құттықтау мерекелерін ұйымдастырады;

Қызықты кештер, диспуттар, мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастырады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сынып сағаттарында хабарлайды.


Спорт секторы-Маратулы Темирлан

Мектепішілік жарыстарға қатысатын команда құрайды;

Дене-шынықтыру пәні мұғалімімен байланыста болады;

Жарыстарға қатысу үшін іс-қағаздарды толтырады;

Сынып жетекшісімен бірігіп, сынып ішінде кіші спартакиада өткізеді;

Өткізген жұмыстары жөнінде сынып жиналысында баяндайды.


Сынып жиналысын қорытындылай келе қаулы етеді:

1. Жол тәртібін сақтау сынып оқушыларына міндеттелсін.

2.Өзен, көлдерде қауіпсіздік ережелерін сақтау оқушыларға тапсырылсын.

3.Сынып белсенділері қызметін атқару сынып белсенділеріне міндеттелсін.

4.Оқулықты ұқыпты ұстау,жеке бас гигиенасын сақтау сынып оқушыларына міндеттелсін.


Сынып жетекшісі, хатшы: _____________Борикулова А.А.















Х А Т Т А М А № 2

«14» қыркүйек 2018 жыл

277 орта мектептің 1 «Е» сыныбында

сынып жиналысы жүргізілді

Барлығы -20 оқушы

Қатысқаны-20 оқушы

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1.Мектеп ережесімен танысу.

2.Жалпы тазалық, жеке бас гигиенасы.




Тыңдалды:


1 «Е» сыныбында 2018-2019 оқу жылындағы екінші жиналысы 14- қыркүйек күні жүргізілді. Мен,сынып жетекші Борикулова Акнур күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өттім.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша оқушыларға мектеп ережесімен таныстырып өттім. Жалпы тәртіп сақтау ережелерімен, яғни мектеп ішінде, сыныпта, үзілісте, асханада, сабақ үстінде оқушы өзін қалай ұстау керектігін айтып өттім.

Екінші мәселе бойынша жалпы тазалық, жеке бас гигиенасына тоқталдым.Аптасына 2 рет бас жуу,аптасына 1 рет тырнақтарды алу,әжетханаға кірер алдында және шығар кезде қолды жуу туралы айтып өттім.

Сынып жиналысын қорытындылай келе қаулы етеді:

1. Мектеп ережесін сақтау әрбір оқушыға тапсырылсын.

2.Сыныптағы тәртіпті,тазалықты,ұйымшылдықты сақтау сынып белсенділеріне міндеттелсін.


Сынып жетекшісі, хатшы: _____________Борикулова А.А.



















Х А Т Т А М А № 3

« 12» қазан 2018 жыл

277 орта мектептің 1 «Е» сыныбында

сынып жиналысы жүргізілді


Барлығы -20 оқушы

Қатысқаны-20 оқушы



КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

«Ұялы телефонның пайдасы мен зияны»


Тыңдалды:

1 «Е» сыныбында 2018-2019 оқу жылындағы үшінші жиналысы 12-қазан күні жүргізілді. Бұл сынып жиналысының негізгі мақсаты – оқушыларды ұялы телефонның пайдасы мен зиянына тоқталу,балалармен пікір алмасу.Әр оқушының ойын тыңдау.

«Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыбында оқушыларды екі топқа бөліп сұрақ-жауап түрінде өткіздім.Оқушылар бұл сұрақ-жауапқа белсене қатысып, «ұялы телефонсыз өмір жоқ» дегенде пікірлер айтылды. Кейбір оқушылар ұялы телефон болмағанда жақсы болар еді деп те айтып жатты.Бірақ мен оқушыларымның пікірлерін тыңдай келе,ұялы телефонның әуелі пайдасына,сосын зиянына тоқталдым.Ғаламтордан осы ұялы телефоннан қаза тауып жатқан және т.б. мәліметтермен таныстырдым.

Оқушылар осы тақырып жөнінде өз ойларын ортаға салды.Қызу пікірталас болды.

Оқушылар жан-жақты ойын айтты.Соңында ортақ бір шешімге келді.

Себебі,біз ХХІ-ғасырда өмір сүреміз.Біздің заманымыз ұялы телефон,ғаламтормен тығыз байланысты.Сонда да ұялы телефонды көп қолданбай,керекті жерде ғана қолдану керек екенін және осы ұялы телефоннан түрлі аурулар пайда болып жатқанын ғалымдар дәлелдеп жатқанын айттым.Оқушыларыма телефонды сыныпқа әкелген жағдайда,оны сөндіріп,арнайы жәшікке салу керектігі ескертілді.


Сынып жетекшісі,хатшы: ___Борикулова А.А.















Х А Т Т А М А № 4

« 26» қазан 2018 жыл

277 орта мектептің 1 «Е» сыныбында

сынып жиналысы жүргізілді



Барлығы -20 оқушы

Қатысқаны-20 оқушы


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. І оқу тоқсанының қорытындысы

  2. Оқушылардың демалыс күндеріндегі қауіпсіздік ережелері.


Тыңдалды:

1 «Е» сыныбында 2018-2019 оқу жылындағы төртінші жиналысы 26-қазан күні жүргізілді. Бұл сынып жиналысының негізгі мақсаты – оқушыларды

І-оқу тоқсан қорытындысымен таныстыру.Әр оқушының ойын тыңдау.

І-оқу тоқсанының қорытындысы бойынша жақсы нәтежие көрсеткен оқушылар: Жетенов Мақсат,Набатов Расул,Жалғасбек Эльдар,Жалғасбаев Нурислам,Жолдас Ибрахим,Дүйсен Санжар,Айдарбекқызы Сабина,Мауленова Айзере,Тлеубаева Каусар,Алибек Аяулымға мұғалім тарапынан мақтау-мадақтаулар айтылды.Кейбір оқушыларға сабақ үлгерімдеріне байланысты ескертулер жасалды.

Оқушылардың демалыс күндеріндегі қауіпсіздік ережелері

Оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып,сақ болуын ескерте отырып сөзімді аяқтадым.


Сынып жетекшісі,хатшы: ____________Борикулова А.А.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.00.2019
31135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі