Сынып сағаттары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаттары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаттарының жоспарлары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

« Қарты бар үйдің қазынасы бар »

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап,құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу.


Құндылықтарды дарыту

Оқушы бойына қайырымдылық қасиеттерді сіңіру

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы



Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)



















Тұсаукесер

(10мин.)


1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

2. Тренинг арқылы 3 топқа бөліп алу. Ол үшін оқушылар стикерге жазылған қайырымдылық,қамқорлық,жақсылық тақырыптарын таңдап алады.

І топ. «Қайырымдылық»

ІІ топ. «Жақсылық»

ІІІ топ. «Қамқорлық»

3.Ынтымақтастық атмосферасы.

Үлкенге де “сіз”

Кішіге де “сіз”

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз


Сабақтағы жақсы көңіл күй. Әдемі тілектер айту. 3 топқа парақтар таратылады, олар бір-біріне арнап тілектер айтады..


.Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

1) – Қазына деген не?

2) Отбасымыздағы үлкен,қадірлі адамдар кімдер?

3)Ал,сіздердің үйлеріңізде ата-әжелеріңіз бар ма?

4)«Қарты бар үйдің,қазынасы бар»дегенді қалай түсінесіңдер?

-Жақсы балалар, міне біздің асыл қазыналарымыз,байлығымыз - үйдегі бізге ақыл,кеңес беріп отыратын үлкен ата-әже,ата-аналарымыз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, Адамға жақсылық жасау,қайырымдылық ,құрмет көрсету, олардан өнеге алу біздің ата бабамыздан келе жатқан тәрбиеміз,салт-дәстүріміз. «Қарты бар үйдің,қазынасы бар» деген керемет қанатты сөз бар халқымызда. Ендеше бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Қарттарым – асыл қазынам» деп аталады.Бәріміз білеміз 1 қазан қариялар күні.Қазан айы - қайырымдылық айы. Сонымен бірге қайырымдылыққа байланысты

тағы бір үлкен мереке- «Құрбан айт» мерекесі. Сабағымыздың мақсаты: Үлкенді сыйлап,құрметтеу,қайырымды болу деген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру.

Сабақ барысы айтылады.

- Балалар, қазір назарларыңа шағын слайд ұсынамыз.

Міне,өздеріңіз көргендей сәби кезімізден бағып-қағып өсірген ата-анамызды үлкейіп,қартайған кезде бізде оларды бағып,киіндіріп,ренжітпей ,еркелетіп,бар мүмкіндігін жасау керек екенбіз.


Мұғаліммен амандасады.


Стикерлерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.












Оқушылар бір-біріне тілек тілеп,орындарына отырады.


Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.





Презентация тамашалап, қойылған сұрақтарға жауап берулері қажет.

Оқушылар сабақтың мақсатын төмендегіше анықтайды.




Негізгі бөлім

(15мин)



І тур. Жағдаят(ситуация)

Әр топқа шағын слайд көрсетіледі.Сол бойынша жағдаятты баяндау


1. Қайырымдылық тамшысы (Автобустағы жағдай(Суреттер)Қазіргі уақытта қоғамдық көліктерде жастар үлкенге орын бермей өздері отырып алады.Неге олай ойлайсыңдар?


2.Үлкенге құрмет (Немересінің ата-әжесімен сөйлесуі.Видеоролик)Мінекей өздерің көргендей кейбір балалар ата-анасын немесе немерелері ата-әжелерін жақтырмай қарсы сөйлейтіндер де жоқ емес.Неге?


3.«Атаңа не істесең,алдыңа сол келер»Не үшін ата-анасын қарттар үйіне тапсырады?(Қарттар үйіндегі жағдай.Видеоролик)Қазір ата-анасын қарттар үйіне тапсыру да көбейіп бара жатыр,не үшін?


ІІ тур. Н.Тілендиев «Қара шал» термесін тыңдату.

«Тәрбие тал бесіктен» Әр топ қайырымдылық,сыйластық,сыпайылық туралы мақал,нақыл сөздер,әңгіме айтады.(Қағазды суыру арқылы тақырып таңдайды.)


Әр топ біріге отырып,берілген тапсырманы өзара талқылап, топ алдында баяндайды(диалог немесе көрініс көрсетуге болады.)





Топта өзара талқылап,ауызша баяндайды.




Қорытынды

(15мин.)




Қорытындылау.

«Ата-ана ақысы»фильмнен үзінді көрсету.(киноны көру арқылы сыни ойлап,постер жазады)

ІІІ тур.Постер құрау.

1 топ. «Қайырымдылық »

2 топ. «Қайырымды істер»

3 топ. «Менің қайырымдылыққа қосар үлесім» тақырыптарына әр топ постер жазады.



Рефлексия.Оқушылар матаға жазылған тілектерін «Тілек ағашына» оқып іледі.Оқушыларды мадақтап,жазған арман тілектерін орындалуын тілейміз.

Балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Ендігі сөз кезегі бүгінгі тәрбие сағатының қонағы ардагер ұстаздарымызға беріледі.


Сау болыңыздар!


Әр топ постерді қорғайды.



Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.










Сынып оқушыларының үйден дайындап келген «Асыл әжем» әні орындалады және Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңі оқылады.









.

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Отбасы- тәрбиенің алтын бесігі »

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға тәрбие бесіктен бастау алатынын,яғни қазақ халқының салт-дәстүрлерімен әдеп-ғұрыпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру


Құндылықтарды дарыту

Оқушы бойындағы ізденгіштік,тапқырлық және танымдық қаблеттерін дамыту.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Бала – ұлт болашағы. Олай болса бала тәрбиесіне қырандай қарау керек. Ешкімде де ұлттық салт – санадан тыс өмір сүре алмайды. Ата – ана парызы – баланы ұлт тірегі мен талабына сай тәрбиелеу.

Халқымызда тәрбиеге қатысты көптеген дана пікірлер бар. Соның бірі: “Ұлыңа беске дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыдай сана, он бес жастан асқан соң досыңдай бағала.” Мұндай, баланың жасына сай рухани қарым  - қатынаста болудың өсиеті қандай тамаша айтылған.

Отбасымызда өсіп, ержетіп келе жатқан балаға адамгершілікке негізделген жағдайда өмір сүруге мүмкіндік жасалуы керек. “Ойсыз думан жас адамды қор етер”, “Өскің келсе, өзімшіл болма” деген сөздер әрбір жастың жадында болуы шарт.

Бала тәрбиесіне тек мектеп мұғалімдері емес, ең алдымен мемлекетіміздің болашағына бей-жай қарай алмайтын әрбір ата – ана жауапты.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер























Сабақ басы (13 мин)












Ата – ана үшін айтарым:

Әр баланың мінез –құлқы, іс - әрекеті, болмыс парасаты әр түрлі,сондықтан бала тәрбиесінде қателіктер жібермес үшін мына қағидаларды еске сақтаңыздар.

Егер бала меншіл болса – жек көруді үйренеді;

Егер бала алакөз ортада өссе – жауығуды үйренеді;

Егербаланы мадақтай берсе – тұйық болып өседі;

Егер баланы жазғыра берсе – жасқаншақ болып өседі;

Егер бала кешірімшіл ортада өссе - өзгелерді түсінуді үйренеді;

Егер баланы орайы келгенде көтермелей қойса - өз күшіне сеніп өседі;

Егер бала адал ортада өссе - әділетті болуды үйренеді;

Қазақ елінің болашағы, қазақтың өз төл таланттарының өсіп жетілуіне байланысты. Сондықтан ата – аналар ешкімге есесін бермейтін жаңа толқын тәрбиелеуге қажет.





Ата-аналарға қағидалар айтылады










слайд

 











Ортасы (20 мин)


1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата - анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Сен не істейсің?
3. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің?
4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?


1. атаның баласы болма,....................... ( халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда соны ілерсің)
3. Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу мазар)
4. ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген тон пішер)
5. Ананың сүті – бал,..............................( баланың тілі – бал)
6. Туған үйдің түтіні жылы,...................( туған ананың күтімі жылы)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,........................( артыңа ауыр жүк артпа)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл)



слайд

Соңы






- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.



Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.

слайд









































Тәрбие сағаты

«Сен жол ережелерін білесің бе? »

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Жол ережесін ұста жас жеткіншек!»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер
















Сабақ басы (13 мин)








Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.




Бір біріне жол ережесі туралы сұрақ қояды






слайд







Ортасы (20 мин)


Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.






Бейнежазбадан түсінгендерін айтады



Жол белгілері

Соңы






Жол ережесін қаншалықты білесіз?


Оқушылар шығарма жазады


слайд































Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні:


Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

25 қазан – Республика күні

Сабақтың мақсаты:

1.ҚР мемлекеттік мерекелері туралы мәлімет беру;

2.Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру;

3.Отаншылдық құрмет құндылығын дарыту;

 

Құндылықтарды дарыту

Білім алушылардың бойына туған еліне деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дарыту

Ресімдеу

тапсырмалар жасырылған суреттер

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Суреттер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

 

Сабақтың барысы

 

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

 

Сәлеметсіздерме, оқушылар!
Біз ел дамуының жаңа басымдықтарын белгілеп алуымыз керек! Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтруды ұсынамын.
(
ҚР Президенті Қ.Тоқаев)
Бойыма рух, жігер берген,
Әнұраным айтар әнім...

Кез келген ел азаттыққа қол жеткізген күнін ардақ тұтады басқа мерекелерден айрықша қастерлейді. Қазақстан биыл алғаш рет
«25 қазанды ұлттық мереке» ретінде атап өтпек.  Ол мейрам «Республика күні» деп аталады. Қазақстан бұл мерекеден 2009  жылы бас тартқан болатын. Міне, 13  жылдан соң, президент Республика күнін қайтарып, оған жаңа маңыз бен мазмұн берді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары 
бойынша   
орындарына отырады.

 

 

 

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ басы (13 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.
Қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні яғни 16 желтоқсан – мемлекеттік мерекеге айналды.

 

 

 

 

 

 

Ортасы (20 мин)

 

Сұрақ жауап:
1. Әнұранның сөзі мен өленінің авторларын ата?
(сөзі: Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов., Н.Ә.Назарбаев; композитор: Ш.Қалдаяқов  2006 ж)
2. Республика күні қай жылы қабылданды?
( 1990 жылы 25 қазанда)

 


Анаграмма ойыны:
а қ с а н т қ з а - қазақстан

к т і ә д у з е і л с - тәуелсіздік

а р к е с и л п б у - республика

б к і е л й і б ш і т- бейбітшілік

н о а т - отан

н ә н ұ а р - әнұран

у т-  ту

а е б л ң т а - елтаңба

т п н р е д з и е - президент

қ х ы а л - халық

р т е у ж н а ғ – туған жер


 

Оқушылар сұрақтарға жауап білдіреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

Соңы

 

 

 

 

 

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
 

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
 

 

Нұрына шомылдырып алтын күннің,
Республикам ертеңге талпындырдың.
Өзінен шабыт алып ақын қиял,
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.

 

Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.

 

Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!

 

 

 

 

 

 

 

 

презентация











Тәрбие сағаты

«Бәрі де ана бір өзіңнен басталады »

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Ана тіршілік бастауы» ананы құрметтеуге баулу

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру.балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу,ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. 

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер











Сабақ басы (13 мин)









Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.



Оқушылардың алдын ала түсірілген аналарына деген видеоқұттықтауын тамашалау




бейнежазба

 









Ортасы (20 мин)


Әйелдер мерекесінің шығу тарихы


8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліс пен байланысты. Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан болатын. Олардың қойған талаптары: 10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмысуақытын 10-сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың көптеген мекемелерінде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейін әйелдер қауымыныңда кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның бірінші мүшелері болып әйелдер тіркелді. Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер көтеріліске шықты.



Оқушылар презентациямен түсіндіреді





«Анашым» хор



бейнежазба

Соңы






«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. « Қарттар үйі» көріністі тамашалаңыздар .



Оқушылардың көрініс қояды








көрініс




Тәрбие сағаты

1 мамыр- Қазақстан Халқының бірлігі күні

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»

Сабақтың мақсаты:

Достық, ынтымақтастық туралы түсініктері бар.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымаққа тәрбиелеу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


«20 сөз» әдісі арқылы суреттер бойынша сөйлем құраңдар. Жұптық жұмыс









ұлт өкілі, тату-тәтті, бірлік, ынтымақ, құшақ жая қарсы алу, бауырына басу, өмір сүру, Қазақстан Республикасы, туысқандық, бауыр, мекендеген, бір атаның балалары.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер
















Сабақ басы (13 мин)








- ҚР қанша ұлт өкілдері тұрады?

- Олар қандай ұлттар?

- Қазақстан қандай мекен?

- Қазақ халқы кімдерді құшақ жая қарсы алды?

- Оларға қандай жағдай жасады?

- Қазақстан бүгінгі күні ненің ордасына айналды?


«Ұшақ» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру







А4 формат қағаз

Ортасы (20 мин)


Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін,


- деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім.

.





Әр ұлттың ұлттық тағамын,ұлттық өнерін көрсетеді



Әр ұлттың ұлттық тағамдары

Соңы






Мамыр айы табиғаттың жайма-шуақ берекелі кезеңі. Айналаның бәрі жасыл желең жамылып ерекше бір реңге енеді. Табиғаттың бұл әсем жыл мезгіліндегі мамыр айының халықтар бірлігі күні ретінде алынуы тегіннен-тегін болуы мүмкін емес. Бұл керемет мамыражай май айын ақындар да жырлап өткен.


Бейнежазба көріп болған соң әр ұлттың тарихы туралы оқушылар дайындап келген буклеттерін қорғайды









«Атамекен» әні
















Тәрбие сағаты

Денсаулық мәдениеті «Дұрыс тамақтану»

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)


Сабақтың мақсаты:

Дұрыс тамақтану ережесімен танысады. Тамақтану пирамидаларын құра алады. Пайдалы және зиянды тағамдар туралы біледі.

Құндылықтарды дарыту


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. «Менің көңіл-күйім» тренингі. Оқушылар өздерінің көңіл-күйлерімен бөліседі.


Оқушылар жеміс-жидек суреттері арқылы 3 топқа бөлінеді. (жеміс-жидектердің түсі арқылы емес, саны бойынша)



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







слайд










Сабақ басы (13 мин)




«Суреттер сыры».


Суреттен түсінгендерін айтады.

Тамақтану уақыты, дұрыс тамақтану, зиянды тағамдар туралы.

Компьютер

 








Ортасы (20 мин)


, Дұрыс тамақтану қағидасы. Еліктеуіш сөздер.


1-тапсырма. Мәтінді оқы

1-топ: Мәтіннен тірек сөздерді табу.

2-топ: Мәтінді баяндап, ас, тағамға байланысты 5 мақал-мәтел жазу.

3-топ: Мәтіннен негізгі фактілерді табу.

Ұзақ өмір сүруге және денсаулықты нығайтуға өмір бойы ұмтылу керек. Қазіргі таңда, майлы тамақты аз пайдаланып, көкөніс пен бидайдың төменгі сұрыптарын пайдаланған маңызды. Яғни, талшықты өнімдер пайдалы деген сөз. Жоғарғы сұрыпты ұннан жасалған нанды, қантты өте аз пайдалану қажет. Адамдар «майлы тамақ семіздікке әкеп соғады», - деп санайды. Жоқ, тек олар ғана емес. Қанттың көмірсулары мен құрамында қанты бар сұйықтықтарды аз пайдалану керек. Мысалы, кока-кола, пепси-кола мен чипси, фаст-фуд өте қауіпті. Қуырылған тамақтар жүрек-қан тамырлары ауруына, тіпті қатерлі ісік дертіне әкеп соқтырады. Қазір адамдар холестерині бар тамақтарды жеуден қорқады. Негізі олардың өздері қауіпті емес. Оларды қауіпті ететін транс-майлы қышқылдар. Бұл қышқылдар етіп піскен сиырдың сүтінде болады.


1-топ: өмір, денсаулық, тағам, қауіп, жеміс, көкөніс.


2-топ:

Тамақтардың пайдалы және зиянды түрлері туралы айтылады. Майлы тағамдар мен газды сусындардың адам ағзасына зиян екені, күнделікті тұрмыста қандай жеміс-жидектер мен көкөніс жеу керектігі айтылған. Тағам құрамы жөнінде де мәлімет берілген.

Ас – адамның арқауы.

Ет- етке, сорпа-бетке.

Таңғы асты тастама,

Кешкі асқа қарама.

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Ауру-астан








Компьютер

Соңы






«Тамақтану пирамидасы». Әр топ өз қалауларыңыз бойынша рет-ретімен тағамдарды орналастырып, тамақтану пирамидасын құрастырыңдар.

Әр топ өз қалаулары бойынша тамақтану птрамидасын құрастырады.





















Тәрбие сағаты

««Әкеге – құрмет, анаға – ізет» («Еңбегі адал жас өрен» жобасы) »

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру.

Сабақтың мақсаты:

Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.

Құндылықтарды дарыту

Ата – аналардың бала тәрбиесіндегі ролі және негізгі психологиялық себептері туралы түсініктерін кеңейту.


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар. Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін таусылмайтын қазына. Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы. - Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту. Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,- демекші баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі

ана, ол шешеге қарап өсіп бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер























Сабақ басы (13 мин)







«Бала тәрбиесі» (Бейне ролик қарау, ой түю) Күн келген бейбіт көгінде, Ғажайып байтақ елімде. "Балалы үй - базар" тегінде Бақытың - бала - сенің де. Бақыты - бала - оның да, Бақытым - балам менің де.

Ой қозғау. «БАЛА КІМ? Осы сұраққа өз ойларыңыздан бірнеше жауаптар қайтару керек.

Жауап: (болашағым, бауыр етім, асыраушым, ізбасарым, қуанышым т.б.).



Компьютер

 

Ортасы (20 мин)


«Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, тақтада ілінген жүрекшеге жабыстырып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.


Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Қағаз

жіп









Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні:


Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Күнделікті өмірдегі адалдық

Құндылықтарды дарыту

Мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету

Мақсаты

оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.


Бағалау критерийлері:



Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?

Оқушылардың ойын әрмен қарай өзім толықтырамын.

Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол».Ақылды,мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты адам.Арымыз таза болса,тарихымыз да таза.

Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық,ол өмірде қымбат асыл қасиет,асыл мінез,ашық,шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы.

Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады.Олар-жалқаулық,өзімшілдік,күншілдік,сараңдық,қорқақтық,менмендік,қатыгездік ашу,ызақорлық

Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп отырады.Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады?

Ол қандай қасиеттер?

1-топқа неден жирену керек?(Өсек,өтірік мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ)

2-топқа Неге үйрену керек?(Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым)

Келесі тапсырма «Өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?»

Жарқын күн көлбейленіп тұр,күнді біз мейірбан,жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек,біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік,ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.

Бірінші бұлт.Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі.

Екінші бұлт.рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік.Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?

1.Отанға деге,ата-анаға деген сүйіспеншілік,досқа деген,туған жерге деген сүйіспеншілік.

Үшінші бұлт.Жағдаяттық сұрақтар.

1.Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді.Ал сен не істер едің?

2.Сенің жан досың «Киноға барайық»деген болатын,ал сенің уақытың болмай жатыр.Не істер едің?

4.Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге келер едің?

Төртінші бұлт.1.Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің?

Тамақ ішіп болған соң «рахмет»айт.

Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса»дегенді ұмытпа.

Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз»деу керек.

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек». (Абай)

Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,сонан қашпақ керек»деп үйретеді. «Әуелі надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық.Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны,талапсыздық,ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады.Залымдық-адам баласының дұшпаны.

Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық.

1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.

2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер.

3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,жұбатқаныңда күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.

4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.

5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.

7-түсі.Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі»деген сөз жаныңда жүрсін.



Қоры

тынды

10 мин


Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық,артынан жадырап кемпірқосақ керілді,міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік.Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын,бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын,үнемі қайырымды,мейірімді,адал,ақкөңіл,еңбекқор,әділ,ақылды парасатты болыңыздар!

Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды,сау болыңыздар!



































































Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Қазақ даласының ұлы тұлғалары

Құндылықты дарыту

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақ мақсаты

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

 Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз « Ұлы қазақ ақыны,ағартушы-Абай Құнанбайұлы»  шығармашылығына арналады.   Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар. Абай философ ,заңгер ,ақын, аудмашы,сазгер,дара ойшыл ,кемеңгер ,Абай жазба әдебиетінің негізін салушы ,гуманист , қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз. Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің  шығармаларын қазақшаға   аударды.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.

Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.

Мені мен, менікінің айырылғанын,

Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

Ал енді белсенді тақтаға назар аударайық Абай Құнанбаевтің өмірбаяны туралы видиосюжетті тамашалайық.

Абай – Ибраһим.
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. 

Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті. 
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды.
Осы 4 жылдық медреседегі және 3айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, оөық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.
Абай – ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.


- «Қыс»
- «Жазғытұры»
- «Жаз»
- «Күз»
- «Ғылым таппай мақтанба»
- Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
Абай – сазгер.

Балалар өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.




.











Соңы

  1. Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
    Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
    Бар жазғаны даналық боп саналған,
    Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
    Мыңмен жалғыз алысқан,
    Арыстандай ер еді.
    Әр ақынды кезеді
    Абайдың өлең-өзені.

  2. Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды,назарларыңызға рахмет.

Бір-біріне өз ойларын білдіру.








































Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Мақал сөздің азығы жұмақ ойдың қазығы

Құндылықты дарыту

Мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру

Мақсаттары

Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру. Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау,. Тіл – қай ұлтта қай елде болса да құдіретті, қастерлі. Ана тілімізді дамытып, орыс тілін қолданып, ағылшын тілін үйренеміз деген мақсатпен оқушылардың қызығушылықтарын арттыру


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Тіл – жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Тіл адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт болу үшін бірінші шарт тіл болмақ.
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім.
Таза терең өткір, күшті, кең тілім.
Таралған балаларын бауырына
Ақ қолыңмен тараларсың сен тілім.
«Мақал – сөздің мәйегі», «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді», - деген қанатты сөздермен «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Тәрбие сағатымыз ойын түрінде


Оқушылар бір біріне мақал жасырады


Алдыңғы арба қайда жүрсе,... (соңғы арба сонда жүреді.)
2. Сын түзелмей, (мін түзелмес).
3. Кісінің кісілігі, (Киімінде емес, білімінде).
4. Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің сөзі ортақ).
5. Байлықтың кілті – (ғылым…).


1. Әдепті бала – арлы бала,( Әдепсіз бала сорлы бала ).
2. Білгенің бір тоғыз,...(білмегенің тоқсан тоғыз).
3. Ғылым теңіз... (Отбасы - шуақ)
4. Ұланы бар елдің... (ұраны бар) 5. Еңбек ердің көркі ……. (ер елдің көркі)
«Болашақ» тобына:
1. Көз - қорқақ (қол – батыр).
2. Батыр туса - ел ырысы... (Жаңбыр жауса – жер ырысы). 3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол


презентация

Сабақтың ортасы


жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек.
Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз - frost)
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
Бір кісі бар дүниеде,
Шемішке шағып тұрады.
Бұл кісіден әр уақыт,
Әркім мезгіл сұрайды.(сағат - часы - watch)
Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай - луна - moon, жұлдыздар - звезды - stars)

Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка - ruler)

Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц - rabbit



бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Әр оқушыларға тұрақты сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын толық айтуларың керек.

1. Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
4. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. (кеш, жәй)
5. Тілдің ұшында тұр. (ұмыту, жеткізе алмау)

Көзге түртсе көргісіз. (қараңғы)
Бетінен оты шықты. ( ұялды)
Араларынан қыл өтпейді. (достық)
Күлін көкке ұшыру. ( құрту)
Жүрек жалғап алды. (тамақтанды)
Көз шырымын алу. ( ұйықтады)
Көзді ашып - жұмғанша ( тез, лезде)

Беті бүлк етпеді. ( ұялмады)
Ит терісін басына қаптады. (ұрысты)
Ат ізін бір салмады. (іздеп келмеді)
Су тегін. ( арзан)
Тісіңнен шығармау. (айтпау,)
Ешкімнен ештемесін аямайды. (жомарт, мырза)
Ала жіпті аттама. (ұрлама


Интербелсенді тақта/ компьютер





Ата - салтым, асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім,
Өткенімді бүгініммен жалғадым – дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін біздер, сондықтанда құнды мұраларымызды насихаттап жүрейік




















Тәрбие сағаты

«Мейірімділік керуені» сынып сағаты

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке, мейірімді болуға тәрбиелеу

Құндылықтарды дарыту

Достарын сыйлауға баулу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Бүгінгі тақырыбымыз да ерекше, яғни «Мейірімділік керуені» деп аталады.
Тақырыпқа сай ой — қозғауға оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

1. Мейірімділік деген не?
2. Адамның асыл қасиеттерін атаңыз.



Компьютер





Сабақ басы (13 мин)






Адамның иманды болуы – оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілері — өзі үшін емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, уәдеде тұру, жақыныңа қол ұшын созу, барлық уақыт жақсылық жасау, ата — анаңа көмектесу, әрбір істе жауапты болу. 

Оқушылар

Мейірімді

сөзіне постер құрайды




бейнежазба




маркер

А4 қағаз


Ортасы (20 мин)


Ұлы Абайдың «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың» деген сөзі бар. «Досыңа достық қарыз іс, досыңа адал бол». Ақылды, мейірімді адам, өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы Адам — ардақты адам. Арымыз таза болса, өткеніміз де таза. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы.

Ой — қозғау.
— Оқушылар сендер қандай кезде жақсы сөзді қолданасыңдар?
— Бір — біріңе қандай жақсы сөз айтасыңдар?
— Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Оқушылар жауап береді.


презентация

Соңы






Адамда асыл қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Адамның әртүрлі әрекеттеріне байланысты жазылған сөздерді оқушылар «адамның асыл қасиеттері» және «адамның жағымсыз қасиеттері» деп тақтаға топтастырады. Олар имандылық, адалдық, әділдік, әдептілік, ізеттілік, жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, менмендік, қатыгездік, ашу, ызақорлық, инабаттылық, қарапайымдылық, сыпайылық, жауапкершілік.

Оқушыларға түрлі гүлдің, жүрекшенің, көбелектің суреті таратылып беріледі. Олар оның екінші бетіне қатар отырған досына қуантатын сөз жазып, жария етеді және сыйға тартады. Ойын соңында балалар өз көңіл-күйлерін жеткізеді.


Журекшелер

Гулдер

көбелектер































Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні: 01.09.2023


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Мектебім мейірім мекенім»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар


Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі

       Оқушылар дөңгелене отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.


Тыныштық сәті 

Балалар көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.  Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, қайырымдылық пен  ізгілікке толы  әлемге саяхат жасаймыз.

       Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісі аңқыған көгінде күн күлімдеп, әлемге жылы шуағымен, мейірімділік шашуда. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда  достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Себебі , бұл жердегі тіршілік атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударады.   Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге  қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтыруда.  Ал енді балалар осындай жылы сезімді жүрегімізге орнатып, мәңгі есімізге сақтаған қалпымызбен, терең дем аламыз, көзімізді ашамыз.  Адамдар осы әлемдегідей бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қайырымдылық жасап жатса, қандай жақсы болар еді.

         

Ой шақыру:

Балалар, осы көрініс арқылы жан-дүниемізде қандай өзгерістерді сезіндік?

Бұл сиқырлы әлемнен  біз қандай нұрды алып келдік?

Мейірімділік деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

«Қайырымдылық», «жанашырлық» деген сөздерді қалай түсінесіңдер? 

Мұғалім сөзі:

Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.

Қазіргі заманда байыған адамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. 

   Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы  бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы   іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.

       Қайырымды, мейірімді  адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық  жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. 



« Мейірімділік  нұры» жаттығуы.

Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.





Ойын   «Күн көзін  бұлттан  ашу»

 1-ші  бұлттың  тапсырмасы:  Мәтінмен жұмыс

«Қайырымды бала » мәтінін оқып, талдау.

     Мирас мектептен үйіне келіп   әкесіне сабағын тыңдатты.Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып   балмұздақ сатып алуға ақша берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге жүгіре жөнелді. Жолдан автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып, жылап тұрған баланы көрді. Оның жылағаннан екі беті албырап, беті –қолы тоңып кеткенін байқады. Қолындағы ақшасын балаға беріп, үйіне тез қайтып кетуін айтты. Бала қуанып автобусқа мініп кетті. Айдос бұрылып үйіне қайтты..

 

1. Мәтін мазмұнына байланысты оқушылардың пікірін тыңдау. 

Сұрақтарға жауап беру.

Баланың қайырымдылығы неде ? 

Өзің   Айдостың орнында болсаң не істер едің? деген сұраққа жауап алу.

 

2-ші  бұлттың  тапсырмасы : 

Дәйексөз

  Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек.


3-ші  бұлттың  тапсырмасы

Видео роликті көріп, өз ойларын айтып, әңгімелеу.

 

4-ші  бұлттың  тапсырмасы.

Топтық жұмыс

1-топ  Қайрымдылыққа кластер құру

2-топ  Ең мейірімді жан  кім деп ойлайсың?- өз ойын жеткізіп айту.

3-топ  Мен  қоршаған ортаға қандай қайырымдылық жасай аламын?

 

      Мінеки, балалар, сендердің қайырымдылық көмек көрсетулеріңнің арқасында күніміз жарқырап шыға келді.

     Күн көзі бүкіл әлемді өзінің жылы   шуағымен аялап, ғасырдан –ғасырға жеткізуде адам баласы бір-бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе, жерімізде бақытты жандар көп өмір    сүрері анық. Бір - бірімзді қадірлей білуіміз керек. 

Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болды.

  Жүректен - жүрекке

    Күн 

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы   мейірім,

Мен үшін жоқ   уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Жер шарының ұл-қызын

Жылытуға жетер қызуым    

Бәріміз нұрлы күн секілді қоршаған ортамызға , достарымызға, барша әлемге жақсы тілегімізді арнайық.




















































Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен оқыған бір ертегі

Құндылықты дарыту

Шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту

Сабақ мақсаты

Кітап заманымыздың өмірі. Рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып, үлгі- өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына- кітап әлеміне шолу жасау. Кітап әлемі- адамды арман биігіне самғатып, ақыл- ой сұлулық әлемін шарлатып, білім- ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін ұғындыру. 

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!


Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Адамзат қоғамы тарихында жазу-сызу басталғалы кітап бейне кәусар бұлақтай адамдардың рухани сусынын қандырып, жанын жадыратып келе жатқан рухани құндылық есептеледі. Сонымен бірге, кітап ــ қоғамды дамытатын қуатты құрал ғана емес, кейінгі ұрпаққа өшпес із болып қалар құнды белгі. Адамзат тарихында әр қоғам өзінің құндылықтарын әр кез соңына кітап арқылы қалдырып отырған. Шындығына келер болсақ, кітап таусылмас рухани қазынаның ең негізі, бастау алар бұлақ көзі есептеледі. Енді бір қырынан кітап оқу деңгейінің азайып бара жатқандығын адамдардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларынан, не базар экономикасының өзіндік кінараттарынан қарастыратын жағдайлар да бар. Бұл орынды көзқарас емес. Өйткені халқымыздың әл-ауқаты төмен делінген жылдардың өзінде де, олардың кітапқа құштарлығы онан ары арта түспесе кеміген жоқ болатын Компьютер керемет, интернет тамаша екені рас. Бірақ, біз кітап оқуды, көркем әдебиетке қызығушылығымызды компьютер әлеміне жұтқызып қоймауымыз керек.

Кітаптың құндылығы жәйында дана халқымыз «Білімнің бастауы кітап»,-десе, данышпан Абай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,-дейді. Ал ұлы драматург Шекспир «Кітап маған тақтан да қымбат»,-деп кітаптың қүдіретін, оның мәртебесін онан ары асқақ көтеріп көрсеткен болатын. «Кітап заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбатты қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» Жансызды жандандыратын, жандыны жаңғыртатын –кітап екенін білуге, бұл кітаптар қайдан шығатынын онда қаншама кемеңгер адамдардың ойлары, зерттеулері, пікірлері ,қол жетпес мұралары жазылатыны туралы бүгінгі сабағымызда ой бөліссек.

Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз. Кітап өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,оқу,тәрбие құралы.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.




.











Соңы

Қорытынды:
«Мен жастарға сенемін»,-деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, ұлтымыздың болашағы бүгінгі жастардың қолында. Сол жастарымыз рухани сауаттылығы мықты болса, ұлтымыздың ұлағаттылығы мәңгі сақтала бермек.

Халқының көңілінен шығатын, елінің үмітін ақтайтын,өткен ұрпақтың есесін түгендеп,келешек ұрпақтың мерейін үстем ететін Тәуелсіз еліміздің азаматтары рухани сауаттылықпен білім көгіне самғай беріңдер демекпін.

Балалар бір біріне деген тілектерін білдіреді.





















Күні


Сынып


Тақырыбы

Мың алғыс

Мақсаты

Оқушыларға алғыс, ризашылық, жақсы тілек туралы түсінік беру, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достықты бағалау,

Күтілетін нәтижелер

- Оқушылардың алғыс, ризашылық, жақсы тілек туралы түсініктері кеңейеді.

- Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достықты бағалауды үйренеді.

- Рухани бай, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиеленеді.

Құндылықты дарытиу

Рухани бай, адамгершілігі мол ұрпақты тәрбиелеу

Қолданылатын ресурстар

Слайдтар,

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушылардың іс - әрекеті

Ой қозғау

- Алғыс айту, ризашылық білдіру, жақсы тілек тілеу дегенді қалай түсінесіздер?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Кіріспе

  • 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан

Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде.

«Алғыс айту күні» - Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы - еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.  


Негізгі бөлім


  • Алғыс айту күні - елімізде тыныштық пен

үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Тұңғыш Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

  • Алғыс айту күні - күрделі заманды иық тіресе

бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. «Алғыс айту күні» - қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл - репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.

  • Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев «Алғыс

айту күні» туралы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн - 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн  - мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», - деген болатын.

  • «Алғыс айтамын» тақырыбында

шығармашылық жұмыстар.

  • Ата-аналардың алғыстарын тыңдау.

  • Суреттерден сөздер, сөйлемдер құрастыру.

Оқушылар

слайдтармен жұмыс жасайды.




























Ән «Алғыс».

Оқушылар шығармашылық жұмыстар орындайды.

Ата-аналардың алғыстарын тыңдайды.

Суреттерден сөздер, сөйлемдер құрастырады.

Рефлексия


  • «Мен үшін.....» -

- Мен үшін ең құнды -

- Мен үшін ең қымбатты -

- Мен үшін ең қасиетті -

Кері байланыс жасайды.

Қорытынды


  • Адамдар алғыс пен ризашылықты, жақсы

тілекті естіген сайын жақсылық жасағысы келеді.

Бір-біріне рахмет, жақсы тілек айту, қамқорлық жасау, сыйластық көрсету, көмек беру арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды.






Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні:


Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Отбасы ең бастысы

Құндылықтарды дарыту


Мақсаты

Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді дұрыс, анық айтуға жаттықтыру.

Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.


Бағалау критерийлері:



Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


Балалар, көңіл – күйіміз қалай? Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберін құрайық.

- Балалар, күн анамыз бізге күн нұрын шашып тұр қане, бәріміз күн сәулесінен қуат алып, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өту үшін жақсы тілектер айтайық.

Аспанымыз ашық болсын!

Ата – анамыз аман болсын!

Бақытты болайық!

Барлықтарымыз қуанып жүрейік!

Балалар кеудемізге сыймай тұрған жылуымыздан қонақтарымызға сыйлайық (бұрылып қолдарын үрлейді)

- Біз неге шеңберге тұрып, тәрбие сағатын бастадық?

Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.Шеңбердің үшкір қырлары жоқ,сол себепті шеңберге тұрдық.

І. Кіріспе бөлім.

Әңгімелесу. «Ертегіні еске түсірейік» (тақтаға «Шалқан» ертегісінің суреті ілінеді)

- Ертегідегі кейіпкерлерді атайықшы? Ата, әже, қыз.

- Олар қайда тұрады? –Үйде.

- Шалқанды кім отырғызды? Ол қандай боп өседі? Ертегі қалай аталады?

- Үлкен шалқанды қалай жұлды? «Кім кімге көмектесті?

Ата, әже және немерені бір сөзбен қалай атайды?



Қоры

тынды

10 мин


Шаттық шеңбері: « Шаңырақ» Ал балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Шаңырақты көтеріп, Керегені құрайық Уық болып иіліп, Бір отбасы болайық.

-Балалар біздер бүгін кімдермен таныстық? - Отбасы мүшелерімен. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен? - Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады. Біз қандай отбасымыз? - Біз бақытты отбасымыз. Біз қай елде тұрамыз? - Тәуелсіз Қазақстан елінде. Өте жақсы, балалар отбасы туралы танысып, білдік. Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәтті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен тату болыңдар.

































Тәрбие сағаты

«Патриотизм және оның мәні»

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы».

Сабақтың мақсаты:

Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін нығайту, толықтыру;

оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру;

Құндылықтарды дарыту

оқушыларды отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу.


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Мемлекеттік рәміздерге байланысты суреттер, мақал-мәтелдер кітапшалары, презентация

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


«Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге» арналады.Мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі.

Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Мәңгі бақи шырқалады

Республикамның әнұраны.


«Ой қозғау» кезеңі.

-Балалар «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?


-Ал рәміздер деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар. Ал енді назарларыңды интербелсенді тақтаға аударыңыздар.

«Рәміздерім – мақтанышым» атты бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаян аяқталған соң, арнайы дайындалған оқушылардың мәліметін тыңдаймыз.

«Білімдінің көзі ашық» . Ортаға үш оқушы шығып дайындаған мәліметтерін интербелсенді тақтадағы «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты презентация арқылы таныстырады.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.




(Әнұран шырқалады)



- Туып өскен жеріміз. Мемлекетіміз, мемлекеттік тіліміз.

--Ол мемлекеттің егемендігін, бейбітшілігін білдіреді.


Компьютер























Сабақ басы (13 мин)












«Кім жылдам?»

1.ҚР Тәуелсіздік күнін қашан атап өтеміз? (16 желтоқсан)

2.Мемлекеттік тіл? (қазақ тілі)

3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 жыл)

4.Әнұранның авторлары кімдер? (Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев)

5.Қазақстанның ұлттық валютасы? (теңге)

6.ҚР мемлекеттік туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)

7.Елтаңба авторлары кімдер? (Ж.Мәлібеков,Шотаман Уәлиханов)

8.Әнұранның әнін кім жазған? (Ш.Қалдаяқов)

9.ҚР туында не бейнеленген? (шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата)

10.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады (Әнұран)

11.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген? (Елтаңба)

12.Біздің қаламыздың қай жерлерінде ілулі тұрған туды көрдіңіздер?




Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.












Презентация

 











Ортасы (20 мин)


«Мақал сөздің – мәйегі»

1. Отан отбасынан..... (басталады)

2. Отансыз адам…....(ормансыз бұлбұл)

3. Ел іші - (алтын бесік)

4. Туған жердей жер болмас….(Туған елдей ел болмас).

5. Отан үшін отқа түс.... (күймейсің)

6. Ел қадірін көрген біледі…..(Жер қадірін жүрген біледі)

7. Отан үшін еңбек етсең.....(халқыңның сүйген ұлы боласың)

8.Егілмеген жер жетім...(Елінен айырылған ер жетім)

9. Отанын сүйген.....(отқа жанбайды, суға батпайды)

10.Отан оттан да.... (ыстық)


«Топтық жұмыс» Оқушыларды 3-топқа бөлу: Ту, Елтаңба, Әнұран. Әр топ атауына сәйкес рәміздерге шағын презентация жасауы қажет, ол тірек сызба, сурет, кесте немесе т.б түрде болуы мүмкін. Ол үшін оқушылар алдына А-4 қағаздары, түрлі түсті қаламдар, қарандаштар мен фламастерлер таратылады.

.


Мақал – мәтелдерді жалғастырулары сұралады.



















Бұл тапсырма арқылы оқушылардың тәрбие сағаты барысында алған білімдерін пысықтап, қорытындылаймыз

Слайдпен көрсетіледі

Соңы






Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!




«Көк тудың желбірегені»





Музыка қосылады
























Тәрбие сағаты

"Спорттық ойындар күні",

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Дені сау ұрпақ болашағымыз

Сабақтың мақсаты:

Жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру.

Құндылықтарды дарыту

Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


«Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы ж/е жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек. Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтаға арналады.

Әдісі : ойын түрінде
Топтарды таныстыру:
1 - топ – «Шымыр» тобы

2 - топ – «Сымбат» тобы


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер












Сабақ басы (13 мин)













Мәңгі бақи есте қалар, қызықты бір ойын болсын,
Білімдірек шәкірт озар, сұрақтары қиын болсын.
1. Бәйге сайысы.
1. Пайдалы тағамдар /айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз/.
2. Пайдасыз тағамдар /фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока – кола/.
3. Зиянды әдеттерді атаңдар?/темекі шегу, қолды аузына салу/.
4. Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама неше алтын, неше күміс, неше қола жеңіп алды? /7 + 1 +5/
5. Қазақстанның әуесқой боксшысы, Лондон Олимпиядасының чемпионы, алтын жүлдегер кім?/Серік Сапиев/
6. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық кім?
7. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? /көкпар, қыз – қуу, асық ату, аударыспақ/.
8. Қазақтың ұлттық тағамы (бесбармақ)




Оқушылар топпен жауап береді










слайд

 











Ортасы (20 мин)


, «Кім жылдам» ойыны. / қарындашпен астын сызу/
«Шымыр» тобы Денсаулыққа пайдалы факторлар.
«Сымбат» тобы – Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.
Еңбек, еріншек, күн, жалқаулық, су, ауа, арақ, жеміс – жидек, насыбай, дұрыс дем алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналыспау, көп ұйықтау, ластық, дұрыс тамақтану, тамақты асығып жеу, қолды сабындап жу, дастарқан басында қисаймай түзу отыр, тамақтанып отырғанда сөйлеу, қасықты оң қолыңмен ұстау, күн тәртібін сақтамау, тамақтанып отырып сөйлемеу, ащы мен тұщы тағамдарды көп жеу. нан екі қолмен үзіп жеу, тамақтан соң аузыңды шәю, жеміс – жидектерді жумау, асқа бата беру.


Жарнама. «Денсаулық – зор байлық».

«Шымыр» тобы: Мынау айран. Бұл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып алып ішкен тиімді. Әрі арзан, әрі дәмді.
«Сымбат» тобы: Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Орбит алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
«Шымыр» тобы: Мынау алма, кәмпит басқа да тәттілерді жегенше жеміс – жидектерді же.
«Сымбат» тобы: бұл сабын. Бұл сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды. Бетті, қолды күнде жуып отыру керек.
«Шымыр» тобы - Денсаулықтың тағы бір дауасы – таза ауа. Табиғат ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы көп. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан ауаның ластанбауына өз үлесімізді қосайық.
«Сымбат» тобы -
Денсаулық мықты болуы үшін ми демалысы – ұйқының орны ерекше. Адамға су, ауа, ас қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет. Дені сау бала тәулігіне10 сағат ұйықтауы керек. Бала күн сайын белгілі бір мезгілде ұйықтап, бір, бір мезгілде тұруы керек.



слайд

Соңы






Тақырыпты қорғау.

І топ «Шымыр тобы. Ағзаға пайдалы тағамдар

ІІ топ «Сымбат» тобы Ағзаға зиянды тағамдар






Оқушылар өздеріне берілген тақырыпты қорғайды






слайд

















Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні:


Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Табиғат ғажайыптары»

(«Еңбегі адал жас өрен» жобасы)

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны қорғауға,аялауға тәрбиелеу.

Мақсаты

Табиғатта болатын өзгерістер туралы түсінік беру,адамныңтабиғатқа сіңірген еңбегі жайлы білімін толықтыру. Табиғат туралы дүениетанымын кенейту,қызығушылынарттыру,шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу,табиғатқа дегенсүйіспеншілігін арттыру,

Бағалау критерийлері:


Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


Тәрбиеші:Адам адам болып жаралғаннан бері оның алдында тұрған маңызды мәселе-адамның өмірін ұзарту.

Әуелгі байлық-денсаулық,

Екінші байлық-еркіндік,

Үшінші байлық-тіл байлық,

Төртінші байлық-қайрат-күш,

Бесінші байлық-ақ жаулық,

Алтыншы байлық-балаңыз,

Жетінші байлық-жүз саулық,-деп А.Естенов ағамыз жырлаған.

Басты байлығымыз,яғыни денсаулықтың досынан дұшпаны көп.Денсаулықтың жалғыз досы-табиғаттың өз заңы.Ал оның қорғаушысы да,қолдаушысы да-Адам.

Оқушылар:Егер денім сау болсын десен,

Егер көңілім жай болсын десең,

Онда табиғатқа табын,Адам!

Табиғатқа тоғыз емші бар.

Алғашқы сөз жер бетіндегі тіршілік атаулыға нәр беріп тұрған,ең құдіретті,ең ұлы емші туралы.Жұмбақ жасырайын:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

(күн)

Керегіңе әр қайсың

Семіресің қанбайсың.

Онсыз жерде он минут

Өмір сүре алмайсын.

Ол не?

(Ауа)

Жылт-жылт еткен

Жырадан өткен.

(Су)

Тәрбиеші: Төртінші емші-табиғи адам.

Бесінші емші-дене жаттығулары.

Алтыншы емші-ашығу.

Жетінші емші-демалыс.

Сегізінші емші-Бойды тік ұстау.

Тоғызыншы емші-ақыл-ой.

Су: Сусыны әрі дәм

Су-емші бәрінен.

Суынан берді жер,

Жуынсаң сергітер.

Су өмір жүрегі,

Денсаулық тірегі.

Бойды тік ұстау:

Сапқа тұр сен енді.

Жанға сеп шынығу,

Жаттығып тынығу.

Сымбатты болу да

Өзіңнің қолында.

Дене жаттығулары:

Спорттық ойын да

Күш берер бойыңа.

Спортта ем болар,

Жаттықсан ем қонар.

Ашығу: Ас же,іш сіміріп,

Асқазан сіңіріп,

Жақсартып қаныңды,

Жақсартып жаныңды.

Асқазан жұмысын

Аяла сол үшін.

Ас ішсең аптықпа.

Кейде көп аштыққа

Талға да бір сәтте

Тазала құрсақты.

Ас ішсең толасың,

Аман-сау боласың.

Табиғи тағам:

Жеміспен көкөніс,

Нан,сүт,берер күш.

Витамин-тағам,нәр,

Оны жұрт бағалар.

Ас-адам арқауы,

Аспен күш арттады.

Тағам іш ағымды

Тазартар жаныңды.

Дертіңді қуатты

Денеден қуады.

Демалыс:

Еңбекпен шынықтың,

Енді сен тынықтың.

Серіге біл құр жатпа,

Сейіл де гүл-бақта.

Ұйқыны қойа тұр,

Көр кино, театыр.

Жаназық әмаңда

Күш берер адамға.

Ақыл-ой: Ой салып ақылға

Оң істі мақұлда.

Табиғат сыйлаған

Емдерін пайдалан.

Талпынсын құрыспай

Денсаулық құрыштай.

Боласың көңілді

Қуантып еліңді.

Ие боп жақсы атқа

Жетесің мақсатқа.



Қоры

тынды

10 мин


- Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?

- Ауырып қалсақ не істейміз?

Мадақтау


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2024
137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі